- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
План урока по русскому языку: Виды глагола
Тәрбие сағат
Тақырыбы:
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Сабақтың мақсаты: тілдің қасиетін сезінуге, ұлттық тілдің өркендеуіне, ана тілімізді сүана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру;
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі туралы ғұлама ойшылдардың пікірін меңгере отырып, өмірде ана тілінің атқаратын рөлі маңызды екенін үйрету;
Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, өз ой-пікірлерін ашық, әрі еркін жеткізе білуге баулу.
Қолданылатын көрнекіліктер:Қазақстан Республикасының рәміздері, тіл туралы нақыл сөздер.
«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
(А.Байтұрсынов)
«Ақыл көркі – көңіл, тілдің көркі – сөз»
(мақал)
«Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмытпау – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмытпау»
(Б.Момышұлы)
Тіл – әр халықтың ұрақтан ұпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз.
Х.Досмұхаммедұлы: «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт», - деп керемет айтқан. Тіл жолындағы күрес – киелі күрес. Тілді қару еткен адамның ары да, жаны да таза болар еді. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау өте күрделі процес.
Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа қалдыру, оның қасиетін білу мақсатында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» 1989 жылы 22 қыркүйекте, Жоғарғы Кеңестің сессиясында қабылданған болатын. 1990 жылы 20 қыркүйекте «Қазақ тілі қоғамы» құрылды. Оның мақсаты қасиетті тілімізді қастерлеу, дамыту, басқа ұлт өкілдеріне үйрету еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
Қазақ тілі өзінің далсындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің баязы мақалы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі – шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөзінде, келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатыр. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ – құлақ түбінде мөлдір шыныдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да, сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің!
Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
Ойын : «Ойлы болсаң – озып көр»
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын тап:
Намысын жырту – қанағат ету, көп ойлану, арын қорғау, не істерін білмеу;
Құлағын бұрау – ашуландыру, әдемі сөйлеу, үгіттеу, алдап-арбау.
Тісін қайрау – өтірік айту, қуану, артық сөйлеу, ыза болу.
Бесаспап – өнерлі, тәртіпсіз, әдемі, білімді.
Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру - мақтау, алдау, көмектесу, ұрысу .
Жүзіктің көзінен өткендей – көңілді, сұлу, ерке, ер мінезді.
Ақ саусақ – білімді, өнерлі, еңбекқор, жалқау.
Көнерген сөздің мағынасын ашып, түсіндіру:
Қағұт
Өнеркәсіпке байланысты
Егіншілікке байланысты
Асқа байланысты
Қолөнерге байланысты
Қағұт- тарыдан істелінетін тағамның түрі.
Саба – өнер білімге қатысты
Ыдысқа қатысты
Саба – қымыз құятын ыдыс.
Тарамыс
Қолөнерге байланысты
Мінезге байланысты
Әнге байланысты
Өсімдікке байланысты
Тарамыс – етік тігуге арналған жіп.
Патсайы
Матаға байланысты
Әдет-ғұрыпқа байланысты
Мінезге байланысты
Өнерге байланысты
Ұрын бару
Аңшылыққа байланысты
Кәсіпке байланысты
Салт-дәстүрге байланысты
Заң бұзушылыққа байланысты
Ұрын бару – атастырылып қойған қызға жігіттің барып танысуы.
Сынып сағатын қортындылау.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің, -
деп, С.Торайғыров жырлаған ақынның жүрек сөзінен шыққан ана тіліміздің шексіз бай, өте көркем, мәңгілік екені көрінеді.
Жасай бер бостандық, махаббат пен достық тілі – қазақ тілі.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/345629-plan-uroka-po-russkomu-jazykuvidy-glagola
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Реализация требований ФГОС НОО от 2021 года в работе учителя начальных классов»
- «Содержание и методы преподавания общеобразовательной дисциплины «История» по ФГОС СПО»
- «Основы физического развития и воспитания школьников»
- «Преподавание изобразительного искусства в начальных классах в соответствии с ФГОС НОО от 2021 года»
- «Управление кризисными ситуациями в деятельности педагога-психолога образовательной организации»
- «Преподавание литературного чтения в соответствии с требованиями ФГОС НОО»
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Профессиональная деятельность музыкального руководителя дошкольной образовательной организации
- Физика и астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Тифлопедагогика: обучение и воспитание детей с нарушениями зрения
- Реализация физического воспитания. Особенности организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Организация и содержание деятельности младшего воспитателя в дошкольном образовательном учреждении

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.