- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Жомарт Күз
Тақырыбы:Жомарт Күз(Күзгі бал кеші) Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар. Би: күзгі вальс Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші:Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар бар. . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар. Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Ән: «Алтын күз» Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар. 1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз) 2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша ) Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
1-Айзере: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды.
2-Ақбота: (Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай.
3-Айжан: (Қараша) Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып. Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, Бұршақ, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты. Балалар (хормен):
Айсана: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?
Нұрдәулет: (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде.
Алим: (Орамжапырақ) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана.
Абзал: (Қияр) Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне!
Арман: (Шалқан) Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды.
Рамазан: (Сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де!
Али: (Асқабақ) Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі болмай қауымға.
Бағлан: (Қызанақ) Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырын ішпеген?
Ермұрат: (Пияз) Боламын мен дәмдеуші Барлық-барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға.
Нұрәлі: (Картоп) Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар.
Дәукеен: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін Баптап мені күткен соң, Талды бойлап өріппін.
Асылан: (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
Тәрбиеші: Бос айтысты қояйық, Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы көріңдер
Ән: «Күз келгенде»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды. Ойын: «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз. Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
2-тапсырма: 1.Жазда інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні. Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім, Домаланып өсемін Қабат-қабат тоным бар Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)
4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап»
Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты-(шабдалы)
Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені)
Би: Көкеністермен жемістер
Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Ән: «Жау,жау жаңбыр»
Тәрбиеші: Бидай, арпа, тары бар, Сұлы, күріш бәрі бар. Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.) 20-бала:
Балауса:(Бидай)
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын..
Анель: (Тары)
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарызын.
Тамирис: (Күріш)
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет!
Би: Қолшатыр .
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы.Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде Балаларға силықтарын беріп әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады
Бекітемін:
«Нұрсәт» балабақшасының
меңгерушісі:
______ Филатова.С.П.
Тақырыбы:Жомарт Күз
Топ:«Ертөстік» ортанғы тобы
Тәрбиеші:Юсупова Б. С.
2017-2018ж
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/357570-zhomart-kz
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация образовательного процесса для обучающихся с нарушениями опорно-двигательного аппарата: особенности разработки и реализации АООП по ФГОС»
- «Содержание и методы преподавания общеобразовательной дисциплины «Литература» по ФГОС СПО»
- «Обучение музыке в условиях реализации ФГОС НОО»
- «Методика и технологии обучения учащихся с ОВЗ в условиях реализации ФГОС»
- «Олигофренопедагогика: теория и технологии работы с обучающимися с ОВЗ»
- «Содержание и технологии психолого-педагогического сопровождения семей, воспитывающих детей с ОВЗ»
- Обучение детей с ограниченными возможностями здоровья в общеобразовательной организации
- Оказание социально-психологической помощи: психологическое консультирование и психологическое сопровождение населения
- Методист образовательной организации: основы педагогической и методической деятельности
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания информатики
- Физика и астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания изобразительного искусства

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.