Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
25.02.2020

Біз-Қазақстан Республикасының мақтанышымыз !» атты әскери спорттық жарысты өткізуге арналған әзірлемесі

Курманов Болат Анарбекович
педагог -организатор
Отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған әскери-спорттық жарыс әзірлемесі. Бұл материал Егемен Қазақстан жағдайында жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуіне бағытталған. Негізгі мақсат – алғашқы әскери дайындық пәні аясында әскери-спорттық жарыстарды жүйелі түрде өткізу арқылы жастардың білім деңгейін көтеру және отансүйгіштік рухын нығайту. Әзірлеме оқушылардың бойына ұлтжандылық қасиеттерді сіңіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын саналы азаматтарды тәрбиелеуге көмектеседі. Материал ОБЖ сабақтарына, сыныптан тыс іс-шараларға және әскери-патриоттық клубтардың жұмысына арналған.

Содержимое разработки

«№ _____ жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өтілетін Ауған республикасынан кеңес әскерлерінің алып шығарылуының _____ жыл толуына байланысты «Біз-Қазақстан Республикасының мақтанышымыз ! » атты әскери – спорттық жарысты өткізуге арналған әзірлемесі

І жүргізуші :

Құрметті қонақтар , жарысқа қатысушы оқушылар , ұстаздар және көрермен қауым !

Бүгін №__ жалпы орта мектебінде , үлкен мереке . Өткізілгелі отырған іс шарамыз

Ауған Республикасынан кеңес әскерлерінің алып шығарылуының ____ жыл толуына байланысты «Біз-Қазақстан Республикасының мақтанышымыз ! » атты әскери – спорттық салтанатты жарысымыз мектепішілік болып отыр , бізге 10а– 10 әсыныптарынан жасақталған « Жасұлан » командасы , 11а сыныбының « Барыс» командасы , 11ә сыныбының « Қырын » командалары қатысқалы отыр . Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып , жарысқа қатысушыларды алаңға шақырамыз .

Баяндау :

Жарысқа қатысушылар , түзел , тік тұр !

Взвод командирлері жарысқа дайындығы жөнінде баяндаңыздар !

Жарысқа қатысушылар , түзел , тік тұр , назар орта - ға !

АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушы

Мектеп директорына жарыстың дайындығы жөнінде баяндау .

Ән ұран :

Қазақстан ! Туымен тұғырлы ,

Елтаңбасымен еңселі ,

Әнұранымен айбатты .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын !

І жүргізуші :

« Пейілі кең шалқыған ел екенбіз ,

Ырысы , бағы тасыған берекеміз .

Құтты болсын ұлы той мерекеміз!» , дей келе құттықтау сөз мектебіміздің директоры______________________________ беріледі .

ІІ жүргізуші :

Жарыстың бағдарламасымен таныстыру АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушы _________________________________________ беріледі.

Жарысқа қатысушылардың құрметіне

__________________________ орындауындағы ән «_________________ » қабыл алыңыздар .

І жүргізуші :

« Аталы сөзге , арсыз жауап қайырар , ақ пен қараны әділ қазылар айырар » , - демекші , сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырайық .

1 . Мейірімділігімен , адамгершілігімен әйгілі директоры_______________________

2. Әділдігімен танымал , №___ жалпы орта мектебінің АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушы__________________________________ .

3 . Әскери – спорттық сайыстың әділ бағасын берер ________________________ ________________________________ағайымыз (апайымыз)

ІІ жүргізуші :

1 – кезең .

Сап түзер алшаң басып ұландарым ,

Қарашы біз жеңеміз деп тұрғандарын .

Саптық дайындығын көрсетсін деп ,

Шақырайық ортаға мектеп жасақтарын , деп салтанатты шеруімізді бастаймыз .

Осы 1 – ші кезең салтанатты шерудің әділ бағаларын берсеңіздер ?

І жүргізуші

2 – кезең

Бойды үйретіп сарбаздар жас шағыңнан ,

Алға қарай әр қадам басқаныңнан .

Рух берер әрдайым сарбаздарға ,

Асқақтата айтылған « Саптағы ән » , бұл кезеңде әрбір взвод сапта жүріп әскери – патриоттық әндер айтудан сайысқа түседі .

______________________ орындауындағы ән _________________қабыл алыңыздар!

Әнмен жүріп өту байқауының бағаларын берулеріңізді сұранамыз ?

ІІ жүргізуші :

3 – кезең .

Қыз жігіттердің білегі ,

Отанымның тірегі .

Шынықсаң шымыр боларсың ,

Шынықпасаң сылбыр боларсың . – демекші келесі кезең « Күштілер сайысы » деп аталады . Әр командадан 2 ер бала қатысады . таныстыру ......

« Күштілер сайысы » кезеңінің бағаларын берсеңіздер ?

І жүргізуші :

4 – кезең .

« Кім жылдам » , Автоматты , оқжатарды уақытқа бөлшектеу және жинақтау .

Әр командадан 1 ұл , 1 қыз қатысады .

« Автоматта кім жылдам »автоматты бөлшектеу және жинақтаубайқауының әділ бағаларын берсеңіздер?

« Оқжатарда кім жылдам »оқжатарды жарақтау байқауына бағаларын берсеңіздер ?

ІІ жүргізуші

5 – кезең .

Мақтанатын елім де бар , жерім де бар ,

Қайтпас қайсар , жау жүректі ұланым бар .

Қызғалдақтай қылықты қыздарым бар ,

Осы сайыста жеңетін қане қайсың бар » , дей келе , келесі кезеңіміз « Қол күресі ».

Әр командадан 1 ұл, 1 қыз қатысады ,

Таныстыру.......

« Қол күресі » байқауының бағаларын берсеңіздер ?

І жүргізуші

6 – кезең . « Арқан тартыс »

« Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

төртеу түгел болса төбедегі келеді » дегендей көптің күштерін сынайық. Топтық арқан тартысу жарысы , әр командадан 5 бала қатысады .

таныстыру ....

Топтық арқан тартыстың бағаларын берулеріңізді сұранамыз ?

ІІ жүргізуші

7 – кезең . « Әскери – спорттық » көрініс .

Ақ жүрек боп жолдасың , адалдық сені қолдасын ,

Жақсылық үшін тірессең , жаныңды арың қорғасын .

Арынды болсын шабысың , алымды болсын табысың ,

Найзадай болсын намысың , - дей келе кезеңіміз оқушылардың өздері дайындаған әскери – спорттық көріністерін тамашалаймыз .

Шешуші кезеңіміз әскери – спорттық көріністің бағаларын берулеріңізді сұраймыз ?

________________орындауындағы ән « » қабыл алыңыздар!

І жүргізуші :

Арнайы шақырылған қонақтарымызға осы жарыстан алған әсерлеріңіз бен ой- пікірлеріңіз жөнінде қысқаша айтып берсеңіздер ?

І жүргізуші : Құрметті қонақтар , жарысқа қатысушы оқушылар ,ұстаздар мен көрермен қауым !

Егемен ел жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу , олардың елін , жерін сүйетін , ана тілін ардақтайтын , ұлтын пір тұтатын азаматтар болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады .

ІІ жүргізуші :

Біздіңше , патриотизм – ол өзінің туған жеріне ,ана тіліне , мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі , сол мемлекеттің , Отанының дамуына , өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосу , қызмет ету.

Бұл мақсатта қол жеткізудің кілті – білім алу . Сондықтан да , Алғашқы әскери дайындық пәні ретінде осындай әскери – спорттық жарыстарды берік қолға алып , уыстан шығармай ары қарай жастар бойында патриоттық сезім қалыптастыруымыз қажет . Сол кезде ғана елім, жерім , халқым деген азаматтар көбейіп , еліміздің өркендеуіне ат салысатын жастардың өсіп шығатыны рас .

Жеке нәтиже және топтық нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі

І жүргізуші :

Қорыта келе бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен мақсат тілегі ол-бейбітшілік. Әрқашанда елімізде тыныштық , ынтымақ достығымыз артып әлемде арқашан бейбітшілік қолдасын ! Бүгінгі жарысымызды жабық деп жариялаймыз .

4

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/398440-biz-azastan-respublikasyny-matanyshymyza

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки