Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.04.2014

Power Point презентация элементтері

Кабдулов Мирас Мутиголлиевич
преподаватель информатики
Узнайте, как вставить рисунок в PowerPoint через коллекцию клипов. Пошаговая инструкция: установка курсора, выбор команды «Вставка — Рисунок — Картинки», навигация по разделам графики и выбор подходящего изображения. Как управлять графикой: перемещение с помощью четырехнаправленной стрелки, выделение через маркеры размера и удаление клавишей Delete. Освойте базовые приемы работы с визуальным контентом для создания эффектных презентаций.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Power Point презентация элементтері

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Студенттердің білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Power Point бағдарламасын қолдана білу. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік:Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.

Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

Пәнішілік байланыс: «Microsoft Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік».

Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Сабақтың әдісі: жұмыс, сұрақ -жауап, тапсырмалар, ақпараттық технологияны қолдану;

Сабақтың жабдықталуы: слайдтар, мини плакаттар,компьютер, интербелсенді тақта;

Сабақтың уақыты:45 мин;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті – 2-3 мин;

1.Студенттермен сәлемдесу, аудитория тазалығына назар аудару, студенттердің сыртқы көрінісіне назар аудару, студенттерді түгелдеу;

2.Үй тапсырмасын тексеру, студенттердің білім деңгейлерін бақылау: Үйге берілетін тақырыпты жалпылама сұрап, студенттердің білім деңгейлерін сұрақ-жауап, тест, электронды оқулықтағы тапсырмалар.

Бақылау сұрақтары:

1. Слайд дегеніміз не?

Жауап: Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді.

3. Power Point-ті іске қалай қосамыз?

Жауап: Пуск-Программы– Microsoft Office-Microsoft Power Point

4. Microsoft Power Point терезе элементтерін ата.

Жауап: Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі.

5. Меню жолы элементтерін ата?

Жауап: Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

6. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап: Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз.

7. Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді.

8. Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

9. Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар)

Жаңа сабақ жоспары:

1.Презентация құру, түстер сұлбасын қолдану, объектілерді кірістіру;

2.Мәтін, кесте, өзкескіндер, диаграммаларды жасау;

3.Слайдтарды бағыттау, дыбыс және суреттер кірістіру;

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Power Point көмегімен презентациялау». Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латыншаpraesento тапсырамын немесе ағылшынша - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. Презентация дегеніміз - тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Слайд

дегеніміз - көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Қазіргі заманғы презентациялық бағдарламаларының көбісі анимациялық, дыбыспен, бейнемен жұмыс істеуді, мультимедианың басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады.

Презентация құрудың үш қадамы бар:

1.Презентацияны дайындау.

2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.

3.Өздік мазмұн шеберінде бос слайд командасын таңдау.

Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:

Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау;

Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу;

Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу;

Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу;

Слайдты безендіруде түстерді таңдау;

Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою;

Слайд қойғанан кейін оған Түстер сұлбасын қою керек. Түстер сұлбасын қою үшін Пішімдеу мәзірінен Түстер сұлбасы әмірін орындаймыз:

Шыққан түстер сұлбасы терезесінде ашылатын тізім ішінен басқа түсті немесе Құю тәсілін таңдауға болады. Біз Құю тәсілін таңдаймыз. Ол үшін Құю мүмкіндіктері әмірін таңдаймыз.

Бұл терезе төрт бөлімнен тұрады:

1.Градиент – бір түстен екінші түске баяу өту.

2.Текстура – материалдардар беттерінің макеті.

3.Узор – компьютерлік орнаменттер.

4.Рисунок – дайын суретті қою немесе фотобейне.

1. Градиенттік – бір немесе екі түсті таңдау 2. Текстура – бұл материалдардың

3 .Узор – компьютерде жасалған өрнек 4.Сурет – фото немесе дайын сурет

Түстер сұлбасын таңдағаннан кейін түстер сұлбасы терезесінде қолдану батырмасын басу керек, егер түстер сұлбасы ағымдағы слайдқа ғана қойылмайтын болса, барлық слайдқа қолдану батырмасын басамыз.

Жаңа слайд құру үшін Кірістіру мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында слайд дайындау әмірін таңдаймыз.

Объектілерді қою үшін Кірістіру – Объект, ал жаңа слайд қосу үшін Кірістіру – Слайд дайындау мәзірін орындау керек.

Слайдқа мәтін енгізу үшін Сурет салу құралдар тақтасында батырмасын басамыз. Мәтін тұратын жерге курсорды қойып мәтінді пернетақтадан тереміз.

Кесте қою үшін Кірістіру мәзірінен Кесте әмірін таңдап, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу қажет.

Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп жанама мәзірде мәтін жазу әмірін таңдаймыз.

Клиптермен дыбыстарды қою үшін:

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.

Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы: МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:

Кірістіру – Фильм және дыбыс – Файлдан дыбыс пунктін тандаңыз.

Дыбысты кірістіру терезесінде сіздердің компьютерлеріңізде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.

Сурет қою үшін:

Кірістіру мәзірінен Сурет әмірін таңдап, суретті файлдан, сканер немесе камерадан және дайын суреттерді қоюға болады.

Слайдтарды демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:

Слайдтарды көрсету – Анимация баптаулары командасын орындау.

Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с. анықтау керек.

Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.

Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:

Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің тандалуы Слайдтарды көрсету – Слайдтардың ауысуы командасының көмегімен орындалады. Презентацияның әрбір слайдты экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады(Слайдтарды көрсету –Уақыт баптаулары командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтылығы көрсетіледі.

4.Сабақты пысықтау: Элетрондық оқулықтан 5,6,7,8,9,10 және Power Point – тың мүмкіншіліктерін жазу тапсырмаларын орындау және ребус шешу;

5.Студенттердің білімін бағалау:

6.Үй тапсырмасы: Power Point көмегімен презентациялау тақырыбына дайындалу және төмендегі тапсырмаларды орындау;

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/42119-power-point-prezentacija-jelementteri

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки