Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
26.11.2020

Күз байлығымыз «Атты ертеңгілік»

«Күз - байлығымыз» атты балабақша балаларына арналған ертеңгілік. Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, өнерге баулу. Күз байлығы туралы білімдерін толықтыру. Балалардың көңіл - күйлерін көтеру. Балаларға тақпақ жолдарын, әндерін жаттату. Әр балаға би қимылдарын үйрету.

Содержимое разработки

«Күз – байлығымыз!» атты ертеңгілік

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Зал іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтар, әуен.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.

Тәрбиеші: Балдай тәтті бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің «Болашақ» мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған «Күз – байлығымыз!»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз!

Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоооқ.

Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Алтын күз»

Әділжан:Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Ернұр: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Алинур: Кап – кап, тук – тук – тук,

По стеклу раздался звук

Это дождик по утру,

Разбудил всю детвору.

Таңсамал: Құс керуені жүр көкте,

Қайда барып тоқтайды.

Ағаш біткен дірілдеп,

Жапырағын жоқтайды.

Мөлдір:Жеміс – жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау – баққа.

Жапырақтар ұшып жатыр,

Түсіп жатыр жан – жаққа.

Расул: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған Алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап – қап қауын алдық біз.

Раяна: Көкеністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оны жақсы көріңдер.

Қымбат:Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым.

Түйнектерін көргендей,

Аса қатты қуандым.

Аңсаған: Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма.

Шолып едім бақшаны Қауын біткен сап – сары.

Жеңісбек: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі тамсана.

Ән: Осень

Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)

Тақпақ:

Алтынай: Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек – шелек балымыз,

Ағыл – тегіл ағымыз.

Жансая:Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам,

Дариядай шалқып жүр.

Алиша: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Жасады той халқымыз,

Жаса, жаса Алтын күз.

Сария: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Нұржақыт:Алтын күз, алтын күз,

Күтеміз сені біз.

Төріміз сіздікі,

Келіңіз, келіңіз.

Алида: Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті, Алтын күз,

Шақырады халқымыз.

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар мен қыздар жшашылған жапырақтарды жинайды. Кім көп жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Мөлдір

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім. Сария

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін. Аңсаған

Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдайда калар бар дәмім. Раяна

Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

Би: «Жапырақтар»

Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

«Күз – байлығымыз!»атты ертеңгілік

Құрастырған: Карим Саида Канатовна

Өткізген: Карим Саида Канатовна

Бозанбай ауылы 2020 оқу жылы

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/430460-kzbajlyymyz-atty-ertegilik

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки