- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ашық сабақ
Қостанай гуманитарлық колледжі
«Ертегі және антоним»
тақырыбындағы ашық сабақтың
ж о с п а р ы
Пән:кәсіби қазақ тілі
Сабақ өткізілетін топ: 2МДТ-3
Өтетін уақыты: 19.10.2012. сағат: 15.25
Өтетін орны: №9 кабинет
Тақырыбы:ертегі және антоним
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға ертегі және оның тәрбиелік мәні жайлы білімдерін кеңейту, антоним жайлы толық мағлұмат беру, өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін тексеру.
Дамытушылық:топпен жұмыс істей білу, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту.сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу, мамандықтары бойынша әдістемелік нұсқау көрсету, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік:ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге, істің оң-терісін анықтай білуге, дұрыс шешім қабылдап, бала жанын түсіне білуге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тілдік талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық көрме (ертегі кітаптар, бума, , ертегі макеттері)
Техникалық көрнекілік: мультимедиялық тақта, компьютер, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Тақырыпаралық байланыс: сөз өнері(әңгіме, мақал-мәтел, сөзжұмбақ, жұмбақ)
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Аудитория тазалығына көңіл бөлу.
Амандасу.Сәлеметсіздер ме,балалар, отырыңыздар?!
Оқушыларды түгендеу. Кім кезекші, балалар, сабақта түгелміз бе? Рахмет отырыңыз.
Қазылар алқасымен таныстыру. Қымбатты оқушылар, бүгін өздеріңіз байқап отырғандай біздің сабағымызға құрметті қонақтар қатысқалы отыр. Сабағымызды бастамас бұрын сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша өткелі отырған сайыс сабағымызды саралап, әр оқушымыздың бойындағы қабілеттерін даралап әділ баға беретін ағай, апайлармен таныс болайық.
Әділқазы төрайымы___________________________________________________________________________________________________________________________
Әділқазы мүшелері________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үй тапсырмасын сұрау
(2-кезеңнен тұрады)
1-кезең
«Мамандығым-мақтанышым»
Екі топ өзерін таныстырып өтсін. Топтың аты, ұраны, фотоальбомы болуы қажет. Еркін жүйеде таныстыруға болады. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі. Кезең 5-20 ұпайға дейін бағаланады.
2-кезең
«Қайталау- білім негізі»
Бұл кезеңде үйге берілген тапсырма және өткен тақырыптар бойынша әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Жылдам, нақты жауап берулеріңіз талап етіледі. Сұрақа жауап бере алмаған жағдайда қарсы топ шертпені басып барып қана жауап беруге тиіс.
Сұрақтар
1-топқа
Иткөйлек дегеніміз не? (Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегі.)
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? (Сөздің бастапқы мағынасы тура мағына, сөздің бастапқы мағынасының тұспалды, байлаулы мағынада жұмсалуы ауыспалы мағына деп аталады. Мысалы: Өткір қайшы-өткір мінез, су төкті-тер төкті т.б)
Көп мағыналы сөздер термин бойынша қалай аталады? (Полисемия)
Дауысты дыбыстар жүйесі қалай аталады? (Вокализм)
Ерін мен ерін дауыссыздарын ата? (м,б, п,у)
Буын дегеніміз не? (Сөзді айтқандағы дауыс толқыны)
2-топқа
Қалжа дегеніміз не? (Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ. Жақын адамдары қалжа әкеледі)
Көп мағыналы сөз дегеніміз не? ( бір сздің бірнеше сөзбен тіркесіп бірнеше мағынаға ие болуы. Мысалы: адамның басы, көлдің басы, әңгіменің басы, істің басы, даудың басы, таудың басы )
Бір мағыналы сөздер қалай аталады? (Моносемия)
Дауыссыз дыбыстар жүйесі қалай аталады? (Консанантизм)
Тіс пен ерін дауыссызын ата? (ф,в)
Тасымал дегеніміз не? (Сөздің жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру)
Жаңа сабақ
Есік қағылып, ішке ақсақал кіреді. Жөн сұрасқаннан соң ақсақал өзін былайша таныстырады да, қолындағы хатты береді:
Аманбысың, балалар!
Амабысың ұстаз, ұлы даналар
Хат әкелдім, нұрлы білім елінен,
Еңбек еткен білім жолын бағалар.
Тапсырайын ұстазыңның қолына,
Сауболыңдар, тапсырманы қабыл ал!
Ал, құрметті оқушылар. бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерге білім елінің жолдаған хатын ашайық. Хатты ашпас бұрын сыртындағы жазуды оқиық. Сыртында жұмбақты шешкен соң ғана хатты аш делінген екен. Ендеше жұмбақты шешейік:
Дөп-дөңгелек пішіні,
Көшкенде бірге жүреді.
Баспанасы жайлаудың,
Шешімін кім біледі?
Дұрыс айтасыздар шешімі «Киіз үй екен». Ендеше, есігін ашайық, ол үшін сыртындағы сөзжұмбақты шешейік. Жоғалған әріптерді орналастырыңыз немесе ребуты шешіңіз.
і | г | е | т | р | е |
«Ертегі» деген сөз шығады. Ендеше, балалар, бүгінгі күнді жазып, ертегі деп тақырып қоямыз. Ертегі – ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Халық прозасының дамыған, көркемделген түрі. Ертегі –тыңдаушыға ғибрат ұсынумен қатар, тәрбиенің бірнеше бағытын бала бойына сіңіреді. Ертегі 3 топқа бөлінеді: Қиял-ғажайып ертегі, хайуанаттар ертегісі, шыншыл ертегі. Ал, енді, балалар, мына бір ертегіні тыңдай отырып, грамматикалық тақырыбымызды ашып алайық.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде жүгірген аң, ұшқан құсы жетерлік, алма ағашы көктеген, өзенінен аққу- құсы кетпеген өлкеде Қырсық деген бала өмір сүріпті. Оның аты неге Қырсық болғанын тауып көрейік.
Сонымен бүгінгі граматикалық тақырыбымыз «Антонимдер». Антонимдер- мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: үлкен үй-кішкентай үй, түзу сызық-қисық сызық, күн-түн, ұл-қыз, аз-көп, қосу-алу. Жұрнақтардың қызметіне орай түбірлес сөздер антоним бола алады. Мысалы: әлді-әлсіз, ұтыс-ұтылыс, жеңіс-жеңіліс. Бірақ бұл топқа етістіктің болымды және болымсыз түрін қатыстыруға болмайды. Мысалы: келді-келмеді, барды-бармады, сенді – сенген жоқ, айтты – айтқан емес. Антонимдер жасалады.
Зат есім | Сын есім | Есімдік | Етістік | Үстеу |
Өмір-өлім Жаз-қыс Күн-түн Ұл-қыз | Жас-кәрі Аш-тоқ Кең-тар Ащы-тұщы | Анау-мынау Әне-міне Осы-сол | Ашу-жабу Ұшу-қону Жылау-күлу | Әрі-бері Ерте-кеш Жоғары-төмен Ақырын-тез |
Ой қозғау
Абай мен Әбіштің әңгімесінен үзінді келтіре отырып оқушы ойландыру, жауап алу, дәлелін бақылау
Ұлы ақын Абай мен ұлы Әбіш арасындағы мына бір әңгімеге назар аударалық: «Абай мен Әбіш әңгімелесіп отырса керек, кенет ұлының ойын білгісі келген Абай баласынан өмірде қара түс пен ақ түстің бір-бірінен айырмашылығы және пайдалысы қайсы деген сауалды алдына тартады. Әбіш ақ түс деп бірден жауап береді. Абай қара түс жақсы екенін дәлелдей бастайды. Адамның көзінің ағы емес, қарасы көреді, шаштың ағарғаны емес, қара тұрғаны жақсы, ақ қағаздан пайда жоқ, бетіне қара сия жағылмаса дейді. Әбіш сонда да ақ түстің жақсы деп алған бетінен қайтпайды. Сонда Әбіш әкесіне «Өз ойын қалай дәлелдеп шығады?» Сонда Әбіш себебі осының бәрін ойлап тұрған біздің миымыз, сондықтан ақ түс жақсы деп жауап береді.
Контекстік антоним - контексте ғана қарсы мағынада қолданылатын сөздер. Мысалы: Бұл әрекет адамдық емес, хайуандық қой. Мен ашу да, сен ақыл баршамызға нұр шашқан.
Бүгінгі сабағымыз түсінікті болса, енді тапсырмаларды орындайық.
3-кезең
«Алма бағына саяхат»
Ертегіміздегі әлгі бала енді алма бағына саяхатқа барады. Қырсық балаға бәріміз көмектесіп алма терісейік. Ауызша тапсырма. Сөздердің антонимдерін тауып, мақал айтамыз қатыстырып. Сөздің қарсы мағынасын тауып, мақал айту арқылы алма жинайсыздар. Бір топ сары алма, екінші топ қызыл алма жинайды. Жинаған алмаға байланысты ұпай саны есептелінеді. 1. Жақсы бала - қызық, жаман бала - күйік. 2. Алыстанарбалағанша,жақыннан дорбала. 3. Күн-түн . 4. Ақылды іс тындырады, ақымақ тіс сындырады.5. Дос жылатып айтады, дұшпанкүлдіріп айтады. 6. Өмір бар жерде, өлім бар.
4-кезең
«Балық аулауға саяхат»
Балық аулау арқылы берілген антонимдердің қай сөз табынан жасалғандығын анықтау қажет. Берілген үлестірме қағазына белгілейсіздер. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
Мысалдар | Зат есім | Сын есім | Есімдік | Етістік | Үстеу |
Жоғары-төмен | * | ||||
Аз-көп | * | ||||
Күн-түн | * | ||||
Қуану-ренжу | * | ||||
Анау-мынау | * | ||||
Ақ-қара | * |
5-кезең
«Тауға саяхат»
Енді қырсық баламен бірге тауға саяхат жасайсыздар. Ол үшін берілген мақалды дәптерге жазып, жалғасын табасыздар. Ал, енді осы мақалдарға байланысты ертегі айтқан топ өзіне ұпай жинайды. Кезең ертегінің тақырыпқа сай келуіне байланысты 5-20 ұпайға дейін бағаланады. Мақалдар: 1. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Қыста арбаңды сайла, жазда шанаңды сайла
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
Сергіту сәті
Алдымыздан жел еседі,
Көкте бұлттар көшеді.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
6-кезең
«Тақтада топ басшы»
Кезеңде үнтаспадан ертегі тыңдатылады. Тыңдап болған соң мәтін бойынша антонимдерді тауып, қай түріне жататынын анықтайды. Ол үшін төмендегі кестені тақтада толтырады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?!
Жиренше есейгенде оның шешендігіне қызыққан хан шақырып алып, өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайында тұрақтамай, өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. Өз үйіне келгенде ол мың жасап, бой жазып қалады екен.Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп: «Қайран менің өз елім, кең сарайым боз үйім»,-деп керілгенде Жиреншенің екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жатады екен. Бір күні хан нөкерлерін ертіп серуенге аттаныпты. Еріккен ханға ермек керек. Хан Жиреншені шақырып алып, ертіп шығыпты. Хан сымпылдап әңгімені соғып келе жатады. Күн желтендеу болса керек. Бір адырдан аса бергенде ханның алдынан жел қуған бір топ қаңбақ домалап, ұшып бара жатады.
Уа,Жиренше, анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен сұрап келші,-дейді хан. Жиренше шауып ала жүгіреді. Жетіп барып қаңбақты қамшысымен ұрып тоқтатып, біраз бөгеледі де аздан кейін қоя беріп ханға қайтып келеді. Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе, домалай жөнеледі.
Уа,Жиренше, сөйлестін бе, не айтты қаңбақ, қайдан келеді екен, қайда барады екен делегейленіп,-дейді хан.
Сөйлестім, Тақсыр, сөгіп салды өзімді,-деп жауап береді Жиренше.
Ал, айт қаңбақтың не дегенін?
Тақсыр, соны сұрап не қыласыз, желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам, желге ұшам, сайға қонам,оның несін сұрайсын. Білмеушіме едіңдерұшарымды жел біледі, Қонарымдысай біледі, осыны сұрата жібереген хан ақымақ па, сұрап келген сен ақымақ па – деді де қаңбақ ұша жөнелді. Хан ұялғаннан ешнәрсе айта алмай қалады.
№ | Контекстік антоним | Антоним |
1 | Ханды-елді | Желдің өті-желдің ығы |
Алтынданған сарай-кішкене күрке | Ұшу-қону | |
Желге ұшам-сайға қонам | Ұшарымды-қонарымды |
Сабақты бекіту
Сын есімнен жасалған антонимге мысал келтір?
Етістіктен жасалған антонимге мысал келтір?
Антоним дегеніміз не?
Контекстік антоним дегеніміз не? Ал, енді балалар, бүгінгі сабағымызды аяқтайық, содан әлгі қырсық деген бала бір білімді мұғалімді ұятқа қалдырғысы кеп, оны жаңылыстыратын сұрақ ойлап табады. Қоылна көбелек ұстап, өлі ме, тірі ме екенін сұрайды. Сонда сіздің ойыңызша мұғалім қалай жауап береді? Мұғалім өзіңе байланысты, сен жақсы болсаң тірі, сен жауыз болсаң өлі дейді. Ұялған бала көбелекті ұшырып жібере салады.
Үйге тапсырма беру:
Антоним сөздерді қатыстырып балаларға арналған ертегі құрау.
Оқушыларды бағалау.
Сауболыңыздар.
Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?!
Жиренше есейгенде оның шешендігіне қызыққан хан шақырып алып, өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханды жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ол ханның алтындаған сарайында тұрақтамай, өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен. Өз үйіне келгенде ол мың жасап, бой жазып қалады екен.Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп: «Қайран менің өз елім, кең сарайым боз үйім»,-деп керілгенде Жиреншенің екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жатады екен. Бір күні хан нөкерлерін ертіп серуенге аттаныпты. Еріккен ханға ермек керек. Хан Жиреншені шақырып алып, ертіп шығыпты. Хан сымпылдап әңгімені соғып келе жатады. Күн желтендеу болса керек. Бір адырдан аса бергенде ханның алдынан жел қуған бір топ қаңбақ домалап, ұшып бара жатады.
Уа,Жиренше, анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен сұрап келші,-дейді хан. Жиренше шауып ала жүгіреді. Жетіп барып қаңбақты қамшысымен ұрып тоқтатып, біраз бөгеледі де аздан кейін қоя беріп ханға қайтып келеді. Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе, домалай жөнеледі.
Уа,Жиренше, сөйлестін бе, не айтты қаңбақ, қайдан келеді екен, қайда барады екен делегейленіп,-дейді хан.
Сөйлестім, Тақсыр, сөгіп салды өзімді,-деп жауап береді Жиренше.
Ал, айт қаңбақтың не дегенін?
Тақсыр, соны сұрап не қыласыз, желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам, желгеұшам, сайға қонам,оның несін сұрайсын. Білмеушіме едіңдерұшарымды жел біледі, Қонарымдысай біледі, осыны сұрата жібереген хан ақымақ па, сұрап келген сен ақымақ па – деді де қаңбақ ұша жөнелді. Хан ұялғаннан ешнәрсе айта алмай қалады.
№ | Контекстік антоним | Антоним |
1 | ||
2 | ||
3 |

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/46972-ashy-saba
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Делопроизводство в образовательной организации»
- «Педагог-наставник в дополнительном образовании детей: содержание и организация деятельности»
- «Принципы планирования и организации лагерной смены»
- «Содержание деятельности помощника воспитателя ДОУ в соответствии с ФГОС ДО»
- «ИКТ-компетентность современного педагога в условиях реализации ФГОС»
- «Современные подходы к преподаванию русского языка в условиях реализации ФГОС ООО»
- Профессиональная деятельность методиста дошкольной образовательной организации
- Организация инклюзивного образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья
- Основы духовно-нравственной культуры народов России: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Наставничество и организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогических работников
- Теория и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности
- Педагогика и методика дошкольного образования

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.