- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ашық сабақ "Дарын": дайын конспект және әдістемелік әзірлемелер
Тақырыбы:Дайын өнімнің есебі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға «Дайын өнімнің есебі» жөнінде толық мәлімет бере отырып, алған білімдерін меңгерту, жетілдіру, тиянақтау.
Дамытушылық:оқушылардың экономикалық білімін, танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмысын жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:еркін сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, өзгелердің пікірін тыңдауға, тапқырлыққа ізденіп, шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау, ойлау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, схемалар, бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Пән аралық байланыс: Басқару есебі, кәсіпорын экономикасы
Тақырып аралық байланыс: Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен тақырыпты қайталау
Тауарлы-материалдық қорларға нелерді жатқызамыз?
Тауарлы-материалдық қорлар қандай шоттар бойынша жүргізіледі?
Қандай әдістер бойынша есепке алынады?
Құжаттың рәсімделуі қалай жүргізіледі?
Қандай негізгі шоттар корреспонденциясы қолданылады
Тауарларды айырбастау операциялары қалай жүргізіледі?
1
2
3
4
7
5
6
Жаңа сабақты игеру:
Дайын өнімнің түсінігі, түрлері, бағалануы
Дайын өнім бойынша шоттар корреспонденциясы
Дайын өнім есебін құжаттандыру
1.Дайын өнімнің түсінігі, түрлері, бағалануы
Дайын өнім болып технологиялық процестің барлық кезеңдерінен өтіп, бақылаушымен қабылданып және қоймаға тапсырылған өнім саналады.
Дайын өнімнің синтетикалық есебі №1320 «Дайын өнім» шоты пайдалынады.
1320 экономикалық сипаттамасы шот активті, негізгі, инвентарлық.
Дебет бойынша дайын өнімнің алынуы, ал кредит бойынша дайын өнімнің есептен шығару көрсетіледі.
Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығар босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік, бағас бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдалануы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономикасын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономикасы(үнемделгені) – қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны-әдәттегі(дағдылы)-жазумен жазылады.
Кепілділікті берілген мерзімінің ішінде немесе жарамдылық мерзімінде, ал олар жоқ болған жағдайда тауардың сапасына қарап келісім – шарт негізінде белгілеуіне болады. Сондықтан келісім – шарта айтылған немесе алдын ала белгіленген жағдайда тұтынушы талап ете алады:
сатып алу бағасын азайтуды;
тауардың кемістігін тегін орнына келтіруді (гарантиялы жөндеуді);
кемістігін орнына келтіруге жасаған шығысын өтеуді;
тиісті сапасы бар тауарға айырбастауды;
зиянды өтегеннен кейін келісім – шартты бұзуға құқығы бар.
Кепілдік мерзімі нормативтік құжаттарында белгіленеді және ол сатылған күнінен бастап есептеліне бастайды. Егер де бұндай нормативтік құжаттары болмаса, онда ол келісім – шарттың негізінде анықталады. егер де тұтынушы тауарды пайдаланудан бас тартса, бірақ жөнделгеннен кейін алатын болып ниет білдірсе, онда тауардың кемістігіне кепілдік мерзім беруші кәсіпорынның есебінен тауарды жөндеу жұмыстары жасалынады. Кепілдік мерзім негізі бұйыммен қатар олардың қарастырушы бұйымдарына да қатысты болады.
Дайын өнімнің бухгалтерлік есепте төмендегідей бағаланады:
1. Дайын өнімнің нақты өзіндік құнына дайын өнімді өндірудегі барлық шығындар кіреді.
2. Дайын өнімнің жалпы өзіндік құнына өндірілгендегі өзіндік құн мен коммерциялық шығындар кіреді.
3. Дайын өнімінің қосымша құны кәсіпорын бекіткен келісім-шарт бойынша көрсетілген құн.
Есеп беру кезеңінің соңында дайын өнім бойынша кіріс және шығыс шоттарын жабу 5610 шот арқылы жүргізіледі. шоттың жабылуы нәтижесінде қаржылық нәтижені көруге болады.
Материалдар мен дайын өнімдерді бағалау үш әдіс бойынша жүргізіледі:
1.Орташа құн
2. ФИФО
3. ЛИФО
ер Көрсеткіштер | Дана | Бағасы | Сомасы |
1. Ай басындағы қалдық | 1200 | 20 | 24000 |
2. Сатып алынды: 12 қараша 15 қараша 20 қараша 24 қараша | 200 4000 100 600 | 22 21 24 20 | 4400 8400 2400 12000 |
Барлығы | 1300 | - | 27200 |
Қолданысқа жіберілді | 1700 | - | - |
Қоймадағы қалдық | 800 | - | - |
2. Дайын өнім бойынша шоттар корреспонденциясы
Операциялар | Дт | Кт |
Жабдықтаушылардан дайын өнім сатып алынды ҚҚС Дайын өнім жеке тұлғалардан сатып алынды Дайын өнім еншілес ұйымдардан сатып алынды Дайын өнім субсидия түрінде ақысыз келіп түсті Түгендей кезінде дайын өнім артықшылығы анықталды Дайын өнім негізгі өндіріске жіберілді Дайын өнім көмекші өндіріске жіберілді Үстеме шығындар қажеттіліктеріне материалдар есептен шығарылды Әкімшілік шығындарыныңғ қажеттіліктеріне материалдар есептен шығарылды Крммерциялық шығындардың қажеттіліктеріне дайын өнім есептен шығарылды Өнімді дайын өнімді, тауарларды өткізу кезінде: Келісім шарттың құнына ҚҚС Өзіндік құнынан | 1320 1420 1320 1320 1320 1320 1330 8110 8310 8114 7210 7110 1210 1210 7010 | 3310 3310 3390 3320 6230 6280 1310,1330 1310,1330 1310,1330 1310,1330 1310,1330 6010 3130 1310,1330 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Дайын өнім мен тауарлар | ||||
1 | Негізгі және көмекші цехтардан шыққан дайын өнімдерді нақты құнмен кіріске енгізу | Техникалық бақылау бөлімінің қабылдау актісі | 1320 | 8110,8310 |
2 | Мекеменің өз қажеттігі үшін дайын өнімді, материалдар құрамына аудару | Мекеме басшысының өкімі, жүк құжаттар | 1310-1315,1317 | 1320 |
3 | Дайын өнімді зауыт қажетіне босату: Жалпы өндірістік мақсат үшін Жалпы шаруашылық мақсат үшін | Мекеме басшысының өкімі, жүк құжаттар | 8418 7210 | 1320 1320 |
4 | Сатып алушылардың есептік құжаттарын ұсынуы бойынша тиелген немесе өткізілген дайын өнімнің нақты құны | Сатылған, өткізілген дайын өнім туралы акті | 7010 | 1320 |
5 | Дайын өнімдердің кемдерін есептен шығару | Түгендеу акті | 7210 | 1320 |
6 | Сатып алушылар қайтарған дайын өнімді өзіндік құнмен қайтып қабылдау (сторно) | Ақау анықтау акті, келісім шартты қайта қарау | 7010 | 1320 |
7 | Алынған дайын өнім жеткізушілердің шоттарын акцептілеу | Келісім шарттар, шот-фактуралар | 1320 | 3310 |
8 | Дайын өнім алудағы, жеткізудегі көлік-дайындау және басқа шығыстар | Келісім, шот-фактуралар | 1320 | 3390 |
3.Дайын өнім есебін құжаттандыру
Кәсіпорындар дайын өнімді әр түрлі жерлерге қабылдауы мүмкін, жеткізіп берушілердің қоймасында, темір жол станциясында, кәсіпорын өз қоймасында.
Жеткізіп берушінің қоймасынан дайын өнімді сатып алушы кәсіпорынның материалды жауапты тұлғасы қабылдап алады. Материалды жауапты тұлғаға тауарларды алу үшін сенімхатберіледі. Сенімхат материалдық-жауапкершілік жасаған тұлғаға беріледі. Сенімхатты кәсіпорын басшысы және бас бухгалтері бекітеді. Сенімхаттың теріс жағында қабылдауға тиісті тауарлардың тізімдемесі жазылады. Сенімхаттың қолдану мерзімі аяқталған соң материалдырды жауапты тұлға сенімхаттың пайдалануы туралы есеп беру тиіс. Егер есеп берілмесе, жаңа сенімхат берілмейді. Жеткізіп беруші өз қоймасынан дайын өнімді жібергенде үстеме қағаз 3 дана толтырылады.
Бірінші данасы: дайын өнімді қабылдаушыға беріледі.
Екінші данасы: сенімхатқа бекітіледі.
Үшінші данасы: жіберуші кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Сатып алушының қоймасына дайын өнімді жеткізіп берушінің автокөлігімен жеткізілсе,дайын өнімді сатып алушы кәсіпорынның материалды жауапты тұлғамен қабылданады және ол дайын өнімнің санын тауарлы көліктік накладнойдың берілгендерімен салыстырады. Егер ешқандай айырмашылық болмаса, материалдық жауапты тұлға тауарлардың қабылдануын өз қолымен бекітеді. ТКН екі дана толтырылады.
Бір данасы: дайын өнімді қабылдаушының қолында қалады.
Екінші данасы: дайын өнімді жеткізіпберуші тұлғаға қайтарылады. Егер дайын өнімде көрсетілген сандармен нақтылы сандармен айырмашылық болса, онда материалдарды қабылдау туралы акт жасалынады.
Дайын өнімді есепке алуға негіз болатын құжаттар:
Шот-фактура – бұл құжатта оның тәртіп нөмері және толтыру күні. Дайын өнімді жеткізіп берушінің және сатып алушының атауы, мекен-жайы және салық төлеушінің тіркеунөмері, жеткізіп берген дайын өнімдердің сипаттамасы және саны. Дайын өнімнің құны, ҚҚС-ның жалпы құны және сомасы көрсетіледі.
Тауарлы көлік үстеме қағазы
Үстеме қағаз және тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның құжаттары, мысалы:кіріс ордер. Жабдықтаушылардан немесе өңделгеннен кейін кәсіпорынға келіп түскен дайын өнімдерді есепке алуға қолданылады. Құндылықтар қоймаға келіп түскен бір дана етіп толтырылады.
Дайын өнімді (жұмысты, қызметтерді) өткізуді есепке алуды ұйымдастыру сызба-нұсқасы
Актілер
Тауарлы-көліктік үстеме қағаздар
Шот-фактуралар
Төлем – талап тапсырмалары
Банк көшірмелері
Кассалық ордерлер
Сатып алушылар және тапсырысшылармен есеп айырысуды есепке алу бойынша ведомость
1320,1330,1200,2100,6000 бөлімшілер шоттарының кредиті бойынша №11 журнал-ордер
1010,1200,2100,1030,1280,2180,3300,3500,4400,5400,5500,5600,6000,7000,7200,7400,8000 бөлімшілерінің шоттарына бір айға талдамалық мәліметтер
Бас кітап
Қаржылық есеп беру
Сабақты бекіту:
1.Дайын өнімнің есебі қандай шот бойынша жүргізіледі
А) 1310
В) 1420
С) 1320
Д) 1110
2. Бухгалтерияда дайын өнімнің есебі қандай құжатпен жүргізіледі?
А) жинақ тізімдемесінде
В) қойма есебінің карточкаларында
С) №11 журнал-ордерде
Д) бас кітапта
3. Дайын өнімнің қоймадағы есебі қандай құжатта жүргізіледі?
А) жинақ тізімдемесінде
В) қойма есебінің карточкаларында
С) №11 журнал-ордерде
Д) бас кітапта
4. Қолма-қол ақшаға сатылған дайын өніммен алынған табыс қандай құжат негізінде анықталады:
А) сатылған өнімнің нақты құнының есебі
В) шот-фактура
С) төлем тапсырма
Д) кіріс касса ордері
5. Қоймадағы дайын өнімнің есебін кім жүргізеді?
А) кассир
В) экономист
С) қоймашы
Д) бухгалтер
6. Дайын өнім дегеніміз не?
А) өндіоіс процесінің бер сатысынан өтіп, екінші сатысын қажет ететін өнім түрі
В) өндіріс процесінің барлық сатысынан өтіп пайдалануға жарайтын өнім түрі
С) көмекші өндірістің бір түрі
Д) қоғамның қолданысында пайдаланылмайтын өнім түрі
7. 1320 шотқа есептік-экономикалық анықтама беріңіз?
А) активті, негізгі, есеп айырылысу
В) активті, негізгі, ақшалай
С) активті, негізгі, инвентарлық
Д) пассивті, негізгі, ақшалай
8. Дайын өнім қандай өндірістің нәтижесінде пайда болады?
А) қосымша және негізгі
В) негізгі және көмекші
С) жеке-дара
Д) тікелей және жанама
9. Есеп айырысу шотына сатылған дайын өнім үшін сатып алушылардан ақша келіп түсті
А) Дт 3310 Кт1030
В) Дт 1210 Кт1030
С) Дт 1030 Кт1210
Д) Дт 1210 Кт6010
10. Өз жұмысшыларына сатылған дайын өнімнің құны есеп айырысу шотына келіп түсті
А) Дт 1030 Кт3310
В) Дт 1030 Кт1210
С) Дт 1030 Кт6010
Д) Дт 1010 Кт6010
11. Жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті
А) Дт 1320 Кт3310
В) Дт 1330 Кт8110
С) Дт 3310 Кт1320
Д) Дт 1320 Кт8310
12. Негізгі өндірістен нақты өзіндік құны бойынша дайын өнім қоймаға қабылданды
А) Дт 8110 Кт1310
В) Дт 1320 Кт8110
С) Дт 1350 Кт8110
Д) Дт 1310 Кт8110
Үй тапсырмасы:
1. Дайын өнім есебін оқып келу
2. Берілген шоттар корреспонденциясын жаттау
3. Қажетті құжаттарды толтыру
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/46982-ashy-saba
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Разработка адаптированных основных образовательных программ для обучающихся с ОВЗ в школе»
- «Руководитель ДОО: принципы и подходы к управлению дошкольной образовательной организацией»
- «Преподавание хореографии в дополнительном образовании детей: содержание, методы и технологии»
- «Основные аспекты профессиональной деятельности няни (работника по присмотру и уходу за детьми)»
- «Содержание и организация деятельности воспитателя группы продленного дня в условиях реализации ФГОС НОО»
- «Адаптированные образовательные программы: разработка и реализация в соответствии с ФГОС СПО»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания истории в образовательных организациях
- Проведение процедуры медиации и управление конфликтами
- Менеджмент в образовании
- Управление процессом реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Теория и методика преподавания русского языка и литературы в образовательных организациях
- История и кубановедение: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.