- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Особенности логопедической работы с детьми с СДВГ»
- «Психологическое сопровождение детей и подростков с СДВГ»
- «Дошкольник с СДВГ: особенности работы с гиперактивными детьми»
- «Специфика обучения и воспитания школьников с СДВГ»
- «Дети и подростки с СДВГ: особенности обучения, воспитания и психологической поддержки»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы
Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы
Мақсаты:Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагог әдістемесіндегі білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдасуын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданудың маңызы мен тиімділігін түсіндіру.
«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек... Мектеп оқулығынан бастап әр бір ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдің идеясына қызмет етуге тиіс ...» , - дейді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев . [ 1; 15].
Иә, рухани тәуелсіздік пен елдік идеяға қызмет ету мектепте, кәсіптік және жоғары оқу орындарында үздіксіз іске асып жатады. Өйткені еліміз егемендік алғаннан бері қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатыр . Бұл өзгерістерді тек оңтайлы жағынан ғана көруге болады. Мәселен, Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміз ішкі нарығында да әлемдік деңгейге көтерілді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Білім беру жүйесін жандандыру мен білім сапасын жақсарту мәселесі қолға алынды. «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жас ұрпаққа ғылым саласына терең білім берумен қатар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық игі іс - әрекетте белсенділік көрсете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу басты назарда тұр.
Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістерге сай оқу процесінде тәрбие тәсілдерін ұлттық психологияға биімдеу, кәсіби бағдар беру оқушының қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, барлық пәндерді теориялық әрі практикалық жағынан терендетіп оқыту көзделіп отыр .
Оның дәлелі – «Қазақстан республикасынын 2015 жылға дейінгі білім беру Тұжырымдамасы». Бұл құжат еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттігінен туындайтын басты бағыт бағдарды айқындайды .
Себебі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік бәсекеге қабілетті озық елдер қатарына қосылуына, болашақта барыс еліне айналуына бел буып, үлес қосып, ел ертеңін айқындайтын өскелең жас ұрпақты адамгершілік қасиетке азаматтық тұрғыда тәрбиелеп, білім беру болып табылады .
Осыған орай білім беру жүйесіндегі үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнақтыру жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. Әрине, бұл біздер үшін қуанарлық жайт. Осылайша заман талабына сай, мазмұнды, сапалы білім беру арқылы мұғалім зияткерлік деңгейі жоғары, әлеуметтік сауатты, өзіндік ой тұжырымы мен көзқарасы, дүниетанымы бар жеке тұлғаны қалыптастырады .
Мұғалім ең алдымен берілетін білімнің білім беру мазмұнына сәйкестігін, сабақ мақсаттарының дұрыс қойылуын, білім беру, оқыту, тәрбиелеу үрдістерін педагогика ғылымының ұғымы ретінде білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдастығы неде екенін байқап, міндетті түрде қадағалап отыру керек. Ендеше «білім мазмұны мен тәрбие үрдісі ықпалдастығын қалай түсінуге болады?»- деген сұраққа жауап іздеп көрелік. «Білім мазмұны – бұл оқушылардың жан жақты дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі», - дейді Н.В.Савин .[ 2; 151 ].
Сондай–ақ «Білім мазмұны - ғылыми білімдер, іскерлік, дағдылар, оқытудан тыс кезде оқушылар алған танымдық тәжірибиені ой елігінен өткізу және оқушылардың танымдық қабілетін, шығармашылық күшін дамыту»,-деп түсіндіреді И.Т. Огородников .[ 2; 151 ]
Бұдан біз білім мазмұнының ғылымилық, жүйелілік принциптері білім берудің негізі екенін байқаймыз. Сондықтанда жалпы орта мектептерде, лицейлерде, гимназия, колледждерде білім мазмұны оқу бағдарламасына сай қолданылады .
Осы білім мазмұны білім беру үрдісі арқылы жүзеге асырылады. Білім беру дегеніміз – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және олардың кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудын үздіксіз процесі .
Әрине, қоғамның дамуын білімсіз, ғылымсыз елестету қиын. «Білім туралы» заңда « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықта, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажеттті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. [ 3; 8]
Білім мазмұны бала ойында дұрыс қалыптасуы үшін ең бірінші адамға тәрбие берілу керек. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп Әл Фараби бабамыз өте дұрыс айтып кеткен. [4; 115]. Бұл мәселе жайында түрлі шығармалардан байқауға болады. Мәселен, Мұхтар Шахановтың «Арман» атты поэмасындағы Дойыл мен Әбуді оқушыларға салыстыра отырып оқытудан анық көруге болады.
Әр сабақ және сабақтан тыс уақыттағы іс шарада білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдасуы қамтамасыз ету педагог әдістемесіндегі басты шеберліктердің бірі. Ендеше, әр тақырыпта білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдасуының қолайлылығы педагог үшін де, оқушы үшінде жетістік. Ол үшін білім мазмұнына ғана емес, «тәрбие дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздеген дұрыс.
«Тәрбие дегеніміз - Коменскийдің пікіренше адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс». [ 4. 114 ].
Иә , шынында да тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана–сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар–ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойына жақсы қасиеттерді жинақтаған адамды тәрбиелеу болса керек .
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбиелеуде ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдер мен білім сапасының қажетті деңгейіне жету жолдары қарастырылуда. Мұндай әрекеттер оқу орындарындағы оқу пәндерін инновациялық әдіс-тәсілдер негізінде өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Білім мазмұны мен тәрбиенің өзара бір–біріне ықпалдасуы әр пәннің, әр тақырыптың өзіндік мақсаты мен міндетін айқындап, толыға түсуін қамтиды. Әр тақырыпты менгерту білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсат қою арқылы жүргізіледі. Сөзіміз дәлелдірек болуы үшін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарындағы білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдасуын байқап көрелік.
Білім мазмұны мен тәрбие үрдісін ықпалдастыруда ең алдымен пәнаралық және тақырыпаралық байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін атқаруға баса назар аударылады. Өйткені білім мен тәрбиенің ықпалдасуы оқушының танымдық, тәрбиелік және шығармашылық қабілетін шыңдайды .
Қазақ тілін оқытуда басты міндет тілді, тілдің грамматикалық қызметтерін меңгерту болса, тәрбие – тілден, тілді білу – ана тіліңді жетік меңгеріп, құрметтеуден басталады. Ана тілі адамның ғұмыр бойғы серігі, мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.
Сол үшін бөбегіңді бесік жырымен тербетіп, ертегі, аңыз-әңгімелер айтып, естеліктер үйретіп, ата-бабаларымыздың тарихымен таныстыру арқылы тәрбие беруде тіліміздің алатын орны ерекше.
Дәрежеге емес, дәстүрге бағынған халқымыз ана тілімізді қадірлеу арқылы салтымызды санасында сақтап, жадында жаттайды. Мысалы: тұсау кесу, сыңсу, беташар, жар-жар, жоқтау өлеңдері т.б. салт-дәстүр жырлары біздің тілімізде ғана айтылған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деп қазақ болашақ қамын ойластырған.
Данышпан халқымыз: Кендірменен байлама,
Жыңғылменен айдама,
Кендірменен байласаң,
Жыңғылменен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама,- деп [5; 28 ].
төрт түліктің қастерлі қасиеттерін айта отырып, оларды құрметтеуге үйретеді. Әрине, мұндай өлең жолдарын балаға жеткізе білу үшін де ең алдымен тілді білу керек.
Тәрбие беруде балалардың өмірінде ұлттық ойындардың айрықша орын алатынын айтпасқа болмайды. Себебі, бала бар жерде ойын бар, ойын бар жерде ойлау бар, ойлау бар жерде міндетті түрде тіл болады. «Қуырмаш», «Кім керек», «Ұшты-ұшты», «Жасырынбақ» ойын өлеңдерін айтқызып,олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата-ананың борышы. Ойын өлеңдері тек тәрбие беріп қана қоймайды, бүлдіршіндердің ой-өрісіне де әсер етеді. Сондықтан, балабақшалар мен бастауыш сыныптарда ұлттық ойындар ұйымдастырылып өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық ойындардың балалар үшін ғана емес, ересектер өміріндеде маңызы бар.
Міне, осындай ұлттық ойындар, ойын өлеңдері, төрт түлікке, жәндіктерге, ауа райы құбылыстары мен табиғатқа т.б. байланысты балалар жырлары, салт-дәстүр түрлері баланы тәрбиелеп қана қоймайды, ойлау қабілетін шыңдап, білімдерін кеңейтіп, тілдерін дамытады.
Отбасында, мектепте балаға тәрбие батыр бабалардың елін, жерін, қорғаудағы ерліктері, лиро эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен мөлдір сезім, айтыс өнеріндегі ой тереңдігі, суырыпсалмалық, тапқырлық, ақындықтан көрінетін даналық, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, санамақ өлеңдері т.б. ауыз әдебиетінің түрлері арқылы да беріледі. Ауыз әдебиеті қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жалғасып келген көркем ойын, рухани өмірінің байлығын, сөз маржанын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Рухани адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әділдік және шыдамдылыққа жетелейтін құндылықтарды оқып үйрету арқылы оқушыларға ділін дүниетанымын, мәдениетін танитындай етіп тәлім береді.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін бір сөзбен «Қазақ әдебиеті» деуге болады. «Қазақ әдебиеті» пәні – адамзаттың асыл арманы, халқымыздың тарихи ізі, болмыс-бітімі, тұрмыс –тіршілігі, кескінделген көркем шежіре. Әдебиетті «өмір оқулығы» деуге болады. Қазақ әдебиетінің пәндік мақсаты – көркем әдебиетте көрініс тапқан халқымыздың тіршілік-тынысын, өмір тарихын, салт-дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін, ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін және әдеби көркем туындыда кескінделген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған жеке тұлғаны қалыптастыру болса, аталған мақсатты рухани адамгершілік бағыттағы тәрбие ретінде жүзеге асыру үшін оқушылардың бойында ұлттық қасиет дарытып, олардың көркемдік-талғамдық танымын байыту көзделеді. Әдебиетті оқу арқылы еліміздің зиялы қауымын танып, тарихты біліп, поэзия арқылы сезімге беріліп, драммалық кейіпкерлерше сөйлеп, ойлап, ана тілімізді меңгеріп, өнерді бағалай аламыз. Міне, осындай бағыттардың бәрін біріктіретін сабақтар Қостанай гуманитарлық колледжінде жиі өтіп тұрады. Мәселен, қазақ жырларының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевқа арналған «Өміршең өнер тарланы», ел жанашыры, тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа арналған «Махаббат жырын маздатхан Мұхтар ақын» тақырыбындағы әдеби-сазды кештерді атап айтуға болады. Кеш өткізу барысында оқушылардың ақындар жайлы білімі ғана кеңеймей, оларға нағыз патрииоттық тәрбие берілді. Оқушылар өздерінің бойындағы таланттарын көрсете білді.
Қазақ әдебиетіндегі білім мазмұнындағы тәрбие Абай атамыздың нақылға толы ақыл ойынан, Шоқанның сан қырлы ілімінен, Ыбырайдың шұғылалы сәуле шашқан білімінен, Мұхтардың даналыққа толы қанатты сөздерінен, Мұқағали, Қасым, Жұбан т.б. ақындардың шабытты жырларынан бастау алып, бойымызға сіңіп келеді. Әдеби тұрғыдан келгенде ақын-жазушы шығармаларының сұлулығы, айшықты оралымдары әрқашан адам бойына қайрат пен жігер, пейіл мен ықылас, инабаттылық пен имандылық сияқты ізгі, құндыдылығы жоғары қасиеттерді бағалап, нағыз ел азаматы болуға баулиды. Мысалы, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі арқылы білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдасуын қарастырып көрейік. Өлеңде бес жақсыға жақын, бес дұшпаннан алыс жүруге үндейді. Адам бойындағы талапты, еңбекті, терең ойды, рақымшылық пен қанағатшылдық сияқты асыл қасиеттерді бағалап, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді жағымсыз қылықтардан жирендіреді. Оқырманын ғылым үйреніп, білім қууға шақырады. Сондай-ақ, Ш. Құдайбердіұлының шығармашылығына келер болсақ мұғалім ақынның өмірі мен шығармаларын оқыта отырып, тақырыптарының идеясын ашқызып, әдебиеттің тәрбиелік мәнін оқушыға түсіндіре түседі. Ақынның «Адамдық борышың» олеңінің мазмұнын ашып көрейік. Бұл өлеңде жастарды ар-ожданын биік санап, елін щексіз сүйетін, атаның емес, халықтың баласы болуға шақырады. Оны өлеңнің мына жолдарынан көруге болады:
«Адамдық –борышың,
Халқыңа еңбек қыл». [5; 55 ].
Қазақ әдебиетінің мұғалімдері білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдасуын аталған ақындардан ғана емес, өмірде жақсы боп аты қалған, ғалым боп хаты қалған барлық барлық ақын-жазушылар еңбектерінен көрсете алады. Әрине, ол үшін әр педагог педагогикалық диагностиканы дұрыс қолдана білуі керек.
«Диагностика» дегеніміз қазіргі кезде талдау, өзіндік талдау, жеке тұлғаны зерттеу дегенді білдіреді. Өйткені педагог тек қана оқытушы, білім беруші ғана емес, тәрбиелеуші, жантанушы. Жалпы мұғалімнің еңбегі қиын көпөлшемді жазықтық арқылы көрсетіледі:
мұғалімнің жеке тұлғасы;
педагогикалық іс-әрекет;
педагогикалық қарым-қатынас.
Осы өзара байланысатын үш жазықтықты байланыстыра алған мұғалім ғана шәкіртіне қайырылмас қанат, талмас талап сыйлай алады.
Түйіндей келсек, қай пәнді алсақ та, білім мазмұнын берілетін тақырыпқа сай ашып, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, танымдық табиғатын саралай түсіп, тәрбие үрдісімен ықпалдаса алады.
Білім мазмұны мен тәрбие үрдісін ықпалдастыра отырып сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса түсуіне, олардың пәнге қызығушылығының деңгейі артуына тынымсыз еңбек етіп, жана-жақты ізденесің,
Ендеше, құрметті әріптестер, оқушыларға берген біліміміздің мазмұны тәрбие үрдісімен ықпалдаса отырып шәкіртімізге ой саласын
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/46985-bilim-mazmnyny-trbie-rdisimen-ypaldasty
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности патриотического воспитания дошкольников в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Здоровьесберегающие технологии в работе с детьми дошкольного возраста»
- «Психологические и социально-педагогические основы социальной работы»
- «Формирование доступной среды для инвалидов в сфере социального обслуживания населения»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя биологии»
- «ОГЭ по химии: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- Методика организации учебно-производственного процесса
- Проведение процедуры медиации и управление конфликтами
- Педагогика и методика преподавания истории и обществознания
- Социальное обслуживание населения: основы и базовые технологии социальной работы
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания истории в образовательных организациях

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.