Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
29.04.2014

Қосмекенділердің көптүрлілігі.Құйрықты (тритон,саламандра) және құйрықсыз (көлбақа,құрбақа,шұбар бақа) қосмекенділер.Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Қосмекенділерді қорғау

Қосмекенділер – бұл алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар. Материал құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (көлбақа, құрбақа, шұбар бақа) түрлерімен таныстырады. Қосмекенділердің дене мүшелерінің құрылысын, олардың балықтармен ұқсастығы мен айырмашылығын зерттейсіз. Сондай-ақ, қосмекенділердің табиғаттағы рөлін, адам өміріндегі маңызын және оларды қорғау жолдарын білесіз. Бұл тақырып биологияны тереңірек түсінуге және жануарлар әлемінің даму эволюциясын бағалауға көмектеседі.

Содержимое разработки

Күні: 25.02.2014ж

Класс : 7 «а»

Тақырыбы: §53 Қосмекенділердің көптүрлілігі.Құйрықты (тритон,саламандра)және құйрықсыз (көлбақа,құрбақа,шұбар бақа) қосмекенділер.Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Қосмекенділерді қорғау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алғаш құрлыққа шыққан омырқалы

жануарлар жөнінде түсінік беру.Қосмекенділердің

түрлерімен таныстыру, балықтарға ұқсастығын,

айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын

көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз

бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік : Биология пәнін оқыта отырып табиғатты сүюге,

аялауға,қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі Түсіндірмелі, сұрақ жауап

Көрнекілігі : слайд кеспе қағаз

Сабақтың барысы

I кезең Ұйымдастыру

А) Амандасу

Б) Түгелдеу

II кезеңҮй тапсырмасын сұрау

1 Семантикалық кесте

Карточка

1 Класс неліктен қосмекенділер деп аталады?

2 Қосмекенділердің сыртқы құрылысы?

3 Қосмекенділер қалай көбейіп дамиды?

4 Қосмекенділердің қаңқасы?

IIIкезең Жаңа сабақ

Тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі.Құйрықты (тритон,саламандра)және құйрықсыз (көлбақа,құрбақа,шұбар бақа) қосмекенділер.Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Қосмекенділерді қорғау.

Қосмекенділер өмірін суда бастайды,кейіннен құрлыққа шығып,сонда мекен етеді.Қосмекенділер-жерде мекен ететін алғашқы омыртқалы жануарлар.Қосмекенділер құрылысына,тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді.Олар; аяқсыз.құйрықты,құйрықсыз қосмекенділер.

Аяқсыз қосмекенділердің170-тей түрі Африкада,Америкада,Үндістанда,Цейлон жерінде тіршілік етеді.Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан,сақиналы құртпошым деп аталады.Бұлар аяқтары жойылғандықтан,аяқсыз қосмекенділер деп аталады.Олар-жер астында ің қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы.Терісінде бездері өте мол.Аяқсыз қосмекенділерде көз де,дабыл жарғағы да болмайды.Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі-іштей ұрықтанады,20-30 жұмыртқа салады.Қорегі-топырақ омыртқасыздары және олардың дернәсілдері.Ең ірі құртша- Колумбияда мекендейді.

Құйрықты қосмекенділер400-дей түрі бар.Оған тритондар мен саламандралар жатады.Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі-жетісулық бақатіс.Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды.Дене тұрқы 20-25 см.Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді.Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары болады.Басы-жалпақ,тұмсығы-доғал.Алдыңғы аяқтарында-төрт,артқы аяқтарында 5 саусағы болады.Түнде белсенді тіршілік етеді.Сырттай ұрықтанады.Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып,келесі жылы ересек түріне айналады.Қазақстанда мекендейтін бақатіс өте сирек кездеседі.Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі.Жетісулық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан,Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.Құйрықты қосмекенділер дыбыс шығара алмайды және көбіне қоңыржай климатта өмір сүреді.Олардың аяқтары жемтігін аулауға немесе жерде жорғалап жүруге икемді.

Саламандраның денесі кесірткеге ұқсайды.Тіршілігі сумен онша байланысты емес.Солтүстік Америкада тіршілік ететін саламандрада өкпе болмайды.Олар терісі және ауыз қуысының сілекей қабаты арқылы тыныс алады. Қорегі –масалардың дернәсілдері,майда шаянтәрізділер,құрттар,насекомдар.Солтүстік Американы мекендейтін амфиумдар тұқымдасы-ең ірі қосмекенділердің бірі.Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Желбезектер және өкпесі арқылы тыныс алады.Қорегі-моллюскалар,құрттар,насекомдар,сирек балықтар.Сирендердің артқы аяқтары болмайды,алдыңғы аяқтары нашар дамыған.Денелері жыланбалыққа ұқсайды.Сырттай ұрықтанады.

Құйрықсыз қосмекенділер.Бұлардың 4000-дай түрі бар.Олардың ересектерінде құйрық болмайды.Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған.Секендеп қозғалады.Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі.Өзімізге таныс көл бақа,тоған бақасы,құрбақалар осы отрядқа жатады.Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа,кәдімгі құрбақа даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді.Жасыл құрбақа кенінең таралған.Құрбақалардың түсі қоңырқай,тері бұдырлары айқын байқалады.Олар құрғақ далалы,кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі.Көбіне ертеңгілік,кешкілік уақыттарда,түнде белсенді тіршілік етеді.Зиянды бунақденелілермен қоректеніп,ауыл шаруашылығына көп пайдасын келтіреді.Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.Ол Зайсан,Балқаш,Алакөл өнірінде таралған,бірақ саны барлық жерде аз.

Жаңа сабаққа қатысты оқушыларға берілген шығармашылық жұмыстар.

IV кезең Жаңа сабақты бекіту

1 Биологиялық диктант

1 Алдыңғы аяқтарында-….,артқы аяқтарында……саусағы болады.Түнде белсенді ........ етеді.Сырттай ............ Дернәсілі кезеңінде қыстап .......,келесі жылы ............ айналады.Бақалар тұқымдасының өкілдері ........... .......... кеңінен таралған.Қазақстанда бұл тұқымдастың ...... түрі мекендейді.

2

Қорытынды

-Қосмекенділерді қорғау шаралары қандай?

-Қосмекенділердің қандай маңызы бар?

Үйге тапсырма §53

Бағалау

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/47259-osmekendilerdi-kptrliligijryty-tritons

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки