- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Особенности логопедической работы с детьми с СДВГ»
- «Психологическое сопровождение детей и подростков с СДВГ»
- «Дошкольник с СДВГ: особенности работы с гиперактивными детьми»
- «Специфика обучения и воспитания школьников с СДВГ»
- «Дети и подростки с СДВГ: особенности обучения, воспитания и психологической поддержки»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Конспект урока «Зат есім»
Зат есім туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы
№ 9 жалпы білім беру гимназия мектебі
З.Ғ. Әубәкірова
Сабақтың тықырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Зат есім жайында жалпы мәлімет беріп, алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және оны күн- делікті өмірде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, граммати- калық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту.Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі:дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі:көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтарға жауап алу.
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
Негізгі сын есім дегеніміз не?
Туынды сын есім дегеніміз не?
Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дара сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есім дегеніміз не?
Мағынасына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
Тақтадағы кестелер бойынша жұмыс.
Түрлері | Мысалдар | |||
І. Тұлғасына қарай | Негізгі | Бір, екі, үш, елу, жүз, мың | ||
Туынды | Тоғызыншы, ондай, мыңдаған | |||
ІІ. Құрамына қарай | Дара | Үш, бес, сексен, мың | ||
Күрделі | Жиырма бес, оннан бес, алпыс алты | |||
Мағынасына қарай | ||||
Есептік | Бір, екі, үш, елу, жүз, мың | |||
Реттік | Бірінші, сегізінші, жиырм бесінші | |||
Жинақтық | Біреу, екеу, үшеу, төртеу, алтау, жетеу | |||
Топтау | Бір бірден, оннан, елу елуден | |||
Болжалдық | Бірер,ондаған, жүздеген, мыңдай | |||
Бөлшектік | Бестен бір, оннан үш, он бүтін жүзден он | |||
ІІІ. Мағынаны тану.
-Балалар,заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады? /Зат есім/ - Жаңа тақырыбымыз: Зат есім.Оқушылар, зат есіммен бастауыш сыныптан бері таныссыңдар. Мектеп , оқушы, Асхат, өзен, жел сөздерге сұрақ қойыңдаршы? Дұрыс. Естеріңе түсті ме ? Сонымен зат есім дегеніміз не ? Зат есім дегеніміз …(оқушылар ережені жазады)
Зат есімнің ережесімен танысу.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануар- лардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. 1. Тұлғасына қарай: негізгі зат есім және туынды зат есім болып бөлінеді. а) Негізгі зат есім – сөздің түбірі. Мысалы: қала, ауыл, бор. ә) Туынды зат есім – сөздің түбіріне жұрнақ жалғанады. Мысалы:білім,әнші. 2. Құрамына қарай: дара зат есім және күрделі зат есім болып бөлінеді. а) Дара зат есім бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: ел, жер, от, үй, су. ә) Күрделі зат есім екі сөзден тұрады. Мысалы:ата-ана,ҚазМУ,шекара. 3. Мағынасына қарай: деректі зат есім және дерексіз зат есім болып бөлінеді. а) Деректі зат есім– көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстың атауы. Мысалы:тақта, гүл, жер. ә) Дерексіз зат есім – оймен, ақылмен сезіп білетінұғымдардың, құбылыстардың атауы. Мысалы:арман, қуаныш, сезім. 4. Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:жалпы есім және жалқы есім болып бөлінеді. а) Жалпы зат есім – заттардың жалпы атауы.Мысалы: бала, адам, мектеп ә) Жалқы зат есім - заттардың жекелеген атауы. Мысалы:Азат, Алматы, Есіл.
Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
Жалғаулар қандай заңға жүгінеді?
Кестені толтыр, мысалдар келтір (интерактивті тақтаны қолдану).
Мысалы: оқушы+лар (көптік жалғау)
оқушы+м (тәуелдік жалғау)
оқушы+ның (септік жалғау І.с)
оқушы+мын (жіктік жалғауы)
Тапсырма №1. Туынды зат есімді жасау.
оқу......... сурет........... бай............. дос..........
ойын......... өнер.......... жылқы......... таза.........
Тапсырма №2. Күрделі зат есімдерді теріп жазыңыз.
Мемлекет, жер, су,ата-ана, бала-шаға, от, қала, ҚР, АҚШ, пединститут,бала,тарақ, белбеу, Ақсу, орынбасар, ауыл, үстел.
Тапсырма № 3. Суреттегі заттың атын атап, оған сұрақ қою, қандай зат есім екенін айту.
Адам, кітап, Павлодар, оқушы, жиһаз, балалар, Арман, торғай, қаламдар.
Тапсырма № 4.Берілген сөздерден жалпы және жалқы есімдерді екі бағанға бөліп жазу.
Қазақстан, ел, таулар, Тараз, өзен, Мәди, сынып, Ертіс, спортшылар, Екібас- тұз, Жандос, халық.
Тапсырма № 5. Деректі/ Дерексіз зат есімдерге 10 мысал келтіру.
ІҮ. Сергіту кезеңі: - Бойымызды сергітіп жаттығу жасайык.
Алақанды ұрайық,
Білегімізді бұрайық.
Сілкіп, сілкіп алайық,
Оң қолымызды созайық.
Сол қолымызды созайық,
Екеуін бірге қосып ап,
Алақанды ұрайық.
VІ. Ой толғаныс. Зат есім дегеніміз не? Кәне, осы зат есімге топтастыру әдісі арқылы тапсырманы орындайық.
Жалқы Жалпы Ережесі Деректі Дерексіз
Дара Күрделі ЗатесімКөпше Жекеше
СұрақтарыНегізгі Туынды
ҮІІІ.Қорытынды
- Сабағымызды қорытындылайық. сұрақтарға жауап берейік. 1. Зат есім дегеніміз не? 2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді? 4. Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді? 5. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді? 6. Зат есім жалпылай немесе жекелей атауына қарай қалай бөлінеді?
VII. Үйге тапсырма: І деңгей: 1/Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз: торғай, шеше, ұл, сабақ, сәбіз, биші, есік, туыс. 2/ Зат есімдерге сұрақ қой: мектеп, қызыл, Зәуре, теледидар, суық, әкелді, жаңбыр.
ІІ деңгей: 1/Сөздердің түбірін ажырат: Дәрігер,оқушы, орталық, өнерпаз, қыздар, асхана, тәрбиеші. 2/Сөздерге көптік жалғауын жалға: мысық- үй- қаз- есік-
ІІІ деңгей:1/Түбір сөзге жұрнақ жалғап туыды зат есім жаса: Ән- орман- дос- жазу- сату- 2/ Деректі есімдерді ажырат: Сезім, өзен, әуен, Алдияр, Ертіс, жел, Павлодар, ақыл .
VIII. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалау.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/48300-konspekt-uroka-zat-esim
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Современные подходы к преподаванию иностранного языка (немецкого языка) в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Трудности школьников на разных возрастных этапах»
- «Эстетическое воспитание в образовательной организации: содержание и методы работы со школьниками»
- «Основы психологии семьи и семейного консультирования»
- «Центр «Точка роста»: реализация образовательной программы по предмету «Биология»
- «Организация образовательного процесса в соответствии с ФГОС СОО: преподавание математики»
- Педагогика и методика преподавания мировой художественной культуры
- Содержание и организация методической работы в дошкольной образовательной организации
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Секретарь учебной части. Делопроизводство в образовательной организации
- Теория и методика преподавания музыки в образовательных учреждениях
- Содержание профессиональной деятельности старшего вожатого образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.