- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Особенности логопедической работы с детьми с СДВГ»
- «Психологическое сопровождение детей и подростков с СДВГ»
- «Дошкольник с СДВГ: особенности работы с гиперактивными детьми»
- «Специфика обучения и воспитания школьников с СДВГ»
- «Дети и подростки с СДВГ: особенности обучения, воспитания и психологической поддержки»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Сыңғырла, соңғы қоңырау «Салтанатты лездемесінің сценарийі»
Соңғы қоңырау салтанаты -2014 жыл
БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ескалиева З.М
/Әскери жетекші сапқа тұрғызып, команда береді. Музыка жіберіліп, 1,4 класс бүлдіршіндері гүл, шар, жалау ұстап жүгіріп шығады, сапқа тұрады/
Думанды дүбір, ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып кейін тастады
Ұстаздардың -жаны нұр
Шаттық күйін бөліскен
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
Жайнаса бал-бұл бүлдіршін
Бір сынып тағы өрлеген
Түлектер тұйық, кім білсін
Сезім бе қимас кернеген
Салтанатты түрде мектеп бітіруші 11 класс түлектерін ортаға шақырамыз.
/11 класс оқушыларының ізін ала 9 класс оқушылары ортаға шығады/
Ортаға негізгі мектеп бітіруші 9 класс түлектерін шақырамыз.
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз үшін ерекше, аса салтанатты да кішкене көңілсіздеу күн. Бұл күнді біз 11 жыл күттік, бүгін біз үлкен өмірге 23 жас қыз бен жігітті аттандырамыз. Мектебіміздің қағылмақ соңғы қоңырауына арналған салтанатты лездемемізді ашық деп жариялаймыз.
ҚР-ның туын көтеру құрметі 11 класс оқушылары Маноли Роман мен Нурина Заринаға тапсырылады.
Әнұран орындалады.
Бұл жиында осы жылдар бойы әрқашан бізбен бірге болған асқақ жандар бар. Олар біздің қадірлі де, ақылды дана ұстаздарымыз, ата-аналарымыз, ____________________________________________________________________________________________________________________
Ауыл әкімі Машекенов Марат Ахметбекұлы
Музыкалық сәлемдеме: Орал қаласында өткен аймақ аралық спорттық билер сайысының бірнеше дүркін жүлдегерлері алдарыңызда, Амангельдиева Әсел мен Абуғалиев Жұмагелді
Сан жылдар бойы асыр сап
Бауырың басқан ұяны
Кезеңде мынау-ақтық сәт
Көңілің қалай қияды
Орынды көңіл толқыны
Түлектер бәрін ұғамын
Өзіңмен бірге толқулы
Сөз алсын асыл мұғалім
Құттықтау сөз мектеп директоры З.А.Ишмухамбетоваға беріледі
Келесі құттықтау сөз Ақсуат ауылдық аймағының әкімі М.А. Машекеновке беріледі
Музыкалық сәлемдеме:
11 класс оқушысы Шайдуллин Алтынбек пен Рамазанова Әсел Саматқызының орындауында,ән:Ұстазым.
Бүгінгі жақсы тілек, жылы лебіздердің барлығы да мектеп бітіруші түлектер сіздерге арналады. Бүгін біздің мектебімізде қонақта ауданнан келген өкіл_______________________________________________________________________________________________________________
Музыкалық сәлемдеме. ән: Аубакирова И.К
Шәкіртім, жаны, ойы бай,
Тілерім – түзу, адал жол
Қиындықтарға мойымай
Қандай сәтте де адам бол!
Дей келе, мектеп оқу ісінің меңгерушілері Утумова М.К мен Есенгазиева М.С-на сөз беріледі.
Музыкалық сәлемдеме: Би
«Өнерлі жүзер өнерлі»
Дейді біздің дана ел
Осындайдан, кемелді
Өнегеңді ала бер
Шешуші сәтте осындай
Өсиет әндер жаттар шын
Қуанышқа қосылмай
Ата-ана қалай шет қалсын
Көпшілік қауым сүйетін
Сөз алып сыйлы ата-ана
Жастарға айтып ниетін
Ұйытсын елді батаға
11 класс бітіруші түлектердің ата-аналарына сөз береміз.
----------------------------------------------------------------------------- -----------------------------------------------------------------------------
Музыкалық сәлемдеме. Ән: Сисенгалиева Самал
Мерейлі топтан алқалы
Сыр тартып бір көрейік
Сөз кезегін ал, қане,
Балдырғанға берейік
Осы оқу жылында өздерің жетелеп кіргізген 1 класс бүлдіршіндері сіздерге арналған құттықтауларын жолдайды.
1.Өлең жолдары
2.Ән: Мектебім
/11 класс оқушылары естелік сыйлықтарын табыс етеді/
Балдырғандар, жарадың
Тілек айтқан жүректен
Байқап көңіл ауанын
Сыр тартайық түлектен
Келесі сөз бүгінгі салтанатты лездеменің айыпкерлері 11 класс оқушыларына сөз береміз.
Құттықта сөз сөйлейді. Ақжан,Салауат,Роман,Мариям
Хор:Қош бол, алтын ұям.
Ән: Учительская улыбка /мұғалімдерге гүл ұсынылады/
Мектеп вальсі
Күз қалып артта, қыс, көктем
Зулап бір жатқан өмір-ау
Асыға күткен біз көптен
Соғылмақ соңғы қоңырау
Сіздер үшін міне құрметті мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үні соғылмақшы.
Қоңырау соғу рәсімі 11 класс оқушысы Шайдуллин Алтынбек пен 1 класс оқушысы Дуйсекова Айшабибіге ұсынылады.
Шәкірттер тынық, шындал да
Жарқын жаз күтіп тұр алда
Түлектер, ақтық сындарда
Жар болсын саған бір Алла
Ұстаздар, сізге мың алғыс
Арайлы болсын ертеңің
Көңілге құйып қуаныш
Өркендей берсін өркенің
Қоңырау соңғы қағайын
Әніне оның әнің қос
Аман бол, барша ағайын
Күзге шейін қайыр, қош.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түсірілсін.
Соңғы қоңырау салтанатына арналған лездемені жабық деп жариялаймыз.
/Лездемеден алдымен кету құқы 11 класс оқушыларына беріледі/
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/49926-syyrla-soy-oyrau-saltanatty-lezdemesini
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Требования ФОП НОО и ФАООП УО: организация обучения и воспитания младших школьников в соответствии с ФГОС»
- «Организация образовательного процесса в соответствии с ФГОС СОО: преподавание иностранного языка (английского языка)»
- «Основные аспекты волонтерской деятельности»
- «Теоретические представления о процессе чтения»
- «Современные методы обучения»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя музыки»
- Тьюторское сопровождение в образовательной организации
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Педагогика и методика преподавания русского языка и литературы
- Психологическое консультирование и оказание психологической помощи
- Педагогическое образование: Теория и методика начального образования
- Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.