Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
28.05.2014

Үш бәйтерек

Хилибаева Эльонора Армановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Внеклассное мероприятие «Үш бәйтерек» посвящено творчеству классиков казахской детской литературы. Цель — популяризация их наследия, развитие кругозора и речи школьников, воспитание любви к родному языку. В программе: биографии поэтов, конкурсы на разгадывание загадок, выразительное чтение стихов и исполнение песен. Используются портреты, цитаты, журнал «Балдырған» и сборники произведений.

Содержимое разработки

«Үш бәйтерек»

Мақсаты:балалар әдебиеті алыптарының есімдерін ардақтау, шығармашылығын насихаттау, балалар басылымдарына қызығушылығынарттыру

балалардың ой- өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөздік қорларын молайту

ана тілін сүюге,құрметтеуге,ізденуге,тапқырлыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу,ата аналарға рухани тәрбиенің маңыздылығын көрсету

Көрнекілігі : портреттер,қанатты сөздер,шарлар, «Балдырған» журналының топтамасы,

«Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» 1,2,3 томдары

Түрі : сыныптан тыс жұмыс

Жоспары:

I.Кіріспе сөз.

II. Аталардың өмір жолы (үш топ ақын аталарының өмір жолынан мағлұмат айтады)

III.«Кім зерек?» (ақындар жазған жұмбақ,шарада,метаграмма,логогрифтер шешу.)

IV. Мәнерлеп оқу ( әр топ өз ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды)

V. «Ән шырқайық!» ақын әндерін орындау

Барысы:

Кіріспе. Мұғалім:

«Балдырғанға »жазыл балам!

Балдырғанға жазыл балам!

Ол өзіңнің журналың.

Оны оқы осы бастан,

Болам десең дүр ғалым!

Өмір сүргін аман -есен,

Алға адымда ақырын.

Ел баласы болам десең,

«Балдырғанды» оқығын.

Серігің ол сезетұғын,

Қасиеті мықты оның.

Әр ай сайын келетұғын,

Қонағыңның күт жолын!

Осылай деп өсиет айтқан атақты ақын Т.Молдағалиев 25 жыл бойы «Балдырғанды»

басқарған.Бүлдіршіндерге арналған тұңғыш қазақ журналы «Балдырғанның» шыққанына 2013 жылы 55 жыл толды.Журналдың тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаев 90 жасқа толды. Араға жыл салып М.Әлімбаевтан кейін бас редактор болған Тұманбай Молдағалиев одан кейін редактор қызметін атқарған жерлес атамыз Қ.Мырза Әли 80 жасқа толады.Біздің балалық шағымызда таласа оқитын журналымыз қара ақ түсті болып шығатын еді.Қазір заман өзгерді,технология дамыды.Көз жауын алып,безендірілуімен,сан алуан тақырыптарымен қызықтыратын, кейде сабаққа қажет мәліметті де тауып жататын «Балдырғанды» өзім жаздырып алып,жинап жүрмін.Бүгінгі шарамыз да осы балалар әдебиетінің үш алыбына,олардың өмір деректері мен шығармашылығына арналады.Оған тапсырмаларына сай ата -аналар да қатысатын болады.Мақсатым: балалар әдебиеті алыптарының есімдерін ардақтау, шығармашылығын насихаттау, балалар басылымдарына қызығушылығынарттыру.Балалардың ой- өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөздік қорларын молайту.Ана тілін сүюге,құрметтеуге,ізденуге

,тапқырлыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Ендеше сөз тізгінін балаларға берейін.

II. Аталардың өмір жолы . ( үш топ ақын аталарының өмір жолынан мағлұмат айтады)

I топ.Ерсайынова Ақбота

.

Қадыр Мырза Әлі . Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды 

Өмірі мен шығармашылығы . Қадыр Мырза Әлі1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды.

. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас

редактордың орынбасары,1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің

меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия

секциясының кеңесшісі болған1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин

комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы.

 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды

III топ. Каиржанова Аяна

Тұманбай Молдағалиев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты,

Қазақстанның халық жазу­шысы

Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облы­сы­ның Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылын­да туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956-1959 жж. “Пионер” журналында әде­б­и қызметкер, 1959-1971 жж. “Жазушы” баспа­сында редактор, аға редактор болған. 1971-1973 жж. “Балдырған” журналында жауапты хатшы, 1973-1984 жж. “Жалын” альманахында бас ре­дак­тор, 1984-1986 жж. Қазақстан Жазушылар ода­ғы басқармасында хатшы болып қызмет жа­саған. Өмірінің соңына дейін “Балдырған” жур­на­лының бас редакторы болып жемісті еңбек етті.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы “Студент дәптері” деген атпен жарық көрген. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы оқырман қолына тиді. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін ана тілімізге сәтті аударды. 1968 жылы “Жаңа дәптер” жинағы үшін Республика комсомолы сыйлығының, 1982 жылы “Жүректегі жазулар” кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атан­ған. 1957 жылы “Тың жерді игергені үшін”, 1970 жылы “Еңбектегі ерлігі үшін” медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

1992 жылы Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы сыйлығына ие болды. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.«Парасат»,

III .Мәнерлеп оқу .

Әр топтан оқушылар өз ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды.

М.Әлімбаев:

«Ақын» оқитын Сабина

«Салют» Жаныбек

Қ.МырзаӘлі:

«Өкпелеме» оқитын Мадияр

«Шамырқану» Асылым

«Туған жер» Әділ

Т.Молдағалиев:

«Қазаққа» оқитын Диана

«Суайттар» Данияр ,Мерлан

IV. «Кім зерек?» (ақындар жазған жұмбақ,шарада,метаграмма,логогрифтер шешу.)

Ата- аналар дайындап келген тапсырмаларын оқып,балалар олардың шешуін табады.

М.ӘЛІМБАЕВТЫҢ жұмбақтары

Бүйірі тесік жолмен биікке шықтым. Саты

Таяқ жеген сайын ойнақтаған. Доп.

Өзі бір тіл білмейді,

Барлық тілде сөйлейді.

Сен «Бар» десең, «Бар» дейді,

Сен «Қой» десең, «Қой» дейді. Жаңғырық.

Басы жоқ, екі беті,жүз тісі бар,

Қақ бөлер бөренені өз күші бар.Ара.

Түйістіреді көзіңді-көзіңе,

Жолықтырады өзіңді –өзіңеАйна

Адас атаулар.

Не

Арқасымын адамның,

Не

Бедерімін далаңның. Жон.

Не

Тайдай кіші төлмін мен.

Не

Ұйысқан жүн болдым мен. Жабағы.

Ас пісірсең,әрине,

Табыламын әр үйден,

Немесе

Ата жұрты татардың

Ежелгі бір шаһармын. Қазан.

Біресе Белгілі ауруымын балалардың.

Біресе

Қант берер өсімдік те бола аламын. Қызылша.

Шарадалар.

Жер өлшемі,ол саған да таныс ты,

Екіншісі нотада бар,мілім ол.

Екеуіне дыбыс жалға дауысты,

Сонда үшеуі қарулы әскер, қалың қол. Ар -ми-я

Алғашқым - жер өлшемі,

Екіншім- жауар аспаннан.

Қой тектес аңды сен шолып,

Табасың биік асқардан. Ар - қар

Қадырдың нақыл сөздері.

Балық тілсіз болса да,

Халық тілсіз болмайды.

Бір ауызға бір емес бірнеше тіл сияды.

Бірақ соған ана тілін сыйғыза алмасаң,қазақ болмай- ақ қой.

Аула қақпасынан,

Отан отбасынан басталады.

Біреу нарын жоғалтады,

Біреу жарын жоғалтады.

Отанын жоғалтқан-

Бірден бәрін жоғалтады.

V. «Ән шырқайық!» ақындар мәтінін жазған әндерді орындау.

Үш топқа өз ақындары мәтін жазған әндер тақырыбы беріледі.Ата аналарға

қосылып балалар бірге ән шырқайды.

Т.Молдағалиев мәтінін жазған әндер:

«Құстар әні”,

Құстар қайтып келеді”,

Бақыт құшағында”,

Әнім сен едің”,

Шақырады көктем”, т.б.

Қ.Мырза Әлі мәтінін жазған әндер:

«Атамекен»

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

«Өз елім»

«Әже туралы ән»

«Ақ жайық»

М.Әлімбаевмәтінін жазған әндер:

«Ақсұңқарым»

«Маралдым»

«Ақмаңдайлым»

«Мұғалім ол біздің»

Қорытынды:Мұғалім сөзі.Қымбатты ата аналар,балалар.Бүгін балалар әдебиетінің алыптары жайлы біраз құнды мағлұмат алып,ой тарқатып,ән айттық.Болашақта да өзіміздің төл журналымыз «Балдырғанды» жаздырып алып, ана тіліміздің бай қорын игереміз деп ойлаймын.

Барлығыңызға рахмет

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/51433-sh-bjterek

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки