Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
14.06.2014

Туған жерін әндеткен Ескендір Хасанғалиев

Урок музыки знакомит с творчеством Ескендіра Хасанғалиева и его песней «Атамекен». Цель — через анализ текста и рисование иллюстраций пробудить у школьников любовь к родному краю, сформировать патриотические чувства. На занятии используются интерактивные методы: групповая работа, викторины и творческие задания для развития самостоятельности и критического мышления.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:Туған жерін әндеткен Ескендір Хасанғалиев

Сабақтың мақсаты:Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» өлеңінің мазмұнын меңгере отырып, сурет салу арқылыоқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық , отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өз бетінше іздене білуге, ойлау қабілетінің арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: жасөспірімдерді қайырымдылыққа, жанашырлыққа, төзімділікке, табандылыққа , қайсарлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, өлеңге байланысты композиция құрастыру, топтық жарыс, тақтамен жұмыс.

Пайдаланалатын көрнекіліктер:интерактивті тақта, слайд, карточкалар,кітап, журнал, иллюстрациялары т.б.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Жаңа сабақты түсіндіру.

3) Топтық жарысты ұйымдастыру.

4) Қорытындылау.

I.Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

III.Жаңа сабақ

Есімі республикаға, шетелдерге танымал, Қазақ елін дүние жүзінің көптеген елдерге танытқан әнші - композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиев 2014 жылы 13 ақпанында 74 жасқа толды. Өзінің қоңыр сазды үнімен, жүрек тебірентер әсем әндерімен үлкеннің де, кішінің де жүрегіне жол тапқан Ескендір ағамыздың өмірдегі, өнердегі қадамдары өзгелерге өнеге боларлықтай. Өзі сазгер, өзі орындаушы, талантты композитор эстрадалық музыканы ұлттық бояумен, бар нақышымен орындап, ән өнерінің табиғатына терең бойлап жүрген дара тұлғалардың бірі.

«Ең сүйікті әндерім сағыныштан жаралған...»-деген сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де дарынды жандар болған. Ескендір 1956 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, ауылда үш жыл қызмет істеген. 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-хор факультетінің дайындық курсына түскен. 3-4 жыл негізгі бөлімде оқып, композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Қазақ радиосында музыкалық редактор болып жұмыс жасайды. Содан кейін Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіреді. 1970 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болып атанады. Ескендірдің тұңғыш әні «Анаға сәлем»деп аталды.Ол оны жиырма екі жасында жазады. «Мереке күніңмен...»деп басталатын осынау ән елдің аузынан түспейтін болды. Сөйтіп Ескендір Хасанғалиев қазақ радиосының редакторлығынан әншілікке ауысады.

Содан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында дирижерліктен сабақ беріп, «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болып қызмет істейді. Әрі қазақ радиосы мен телевизиясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің жеке әншісі болып қабылданады.

Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.

Ескендір Хасанғалиев шығармашылық сапармен шетелдерді көп аралап, өнер көрсеткен жан. Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» (2000) орденімен марапатталған. Композитордың бірінен-бірі қастерлі әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туындысы «Атамекен» әні. Бұл ән арқылы адам баласының бойындағы намыс, жігер, ұлт жандылық, туған жерге деген шексіз махабатты оятып, алыс армандарға жетелейді. Осы «Атамекен» әнінің жазылғанына да 40 жылдай уақыт болыпты.

Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыір, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.

Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды..қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын нақышына келтіре, шебер орындайды. Xасанғалиев - танымал композитор. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қазақстан Комсомол сыйл. иегері(1970).

Туған елін сиқырлы әуенмен тербеп ,тарихы мен дәстүрін әнмен өрнектей білетін композитордың өнер қазанында әліде сүбелі саздың қайталанбас иірімдері қайнап, буырқана келіп халық қазынасына құйыла түсетіні сөзсіз.

IV.Сабақты бекіту:

Магнитафоннан «Атамекен» әні ойналып тұрады. Оқушылар әнді тыңдай отырып, тақырып бойынша сурет салады. Сабақ барысында берілген мәліметтер , балалардың бойына ерекше жігер бітіріп , қанаттандыра түседі. Жұмыс бағаланып болған соң, сыныпты «Шаңырақ», «Жайлау» деп екі топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырма беріліп, жауабы бағаланады.

1. «Шаңырақ» тобына тапсырма. Ескендір Хасанғалиев ағамыз туралы көркем қысқа әңгіме немесе өлең жазу.

2. «Жайлау» тобына тапсырма. Хасанғалиевтің елге, туған жерге, отанға арналған өлеңдерін ата.

К Е Р Е Г Е 1. Шаңырақтың төбесін жабатын зат? (Түндік) 2. Әйелдердің еншісіндегі бұйым? (Кебеже) 3. Киіз үйдің бөлігі? (Шаңырақ) 4. Ат әбзелін жасаушы? (Ерші) 5. Кілем тоқуға қажетті құрал? (Кергі ағаш) 6. Киіз үйде көп қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі? (Өрнек)

V. Қорытындылау:

Жаңа сабақ барысындағы үш түрлі жарыс нәтижелерін, қорытындылай келіп, оған «Атамекен» өлеңінің сюжетіне байланысты салынған суреттерді бағалау

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/53575-tuan-zherin-ndetken-eskendir-hasanaliev

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки