- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Разработка открытого урока по казахскому языку «Өздік есімдігінің түрленуі»
Сабақтың тақырыбы: «Тіл – ұлттың жаны»
Сабақтың мақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде өздік есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Өздік есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, граматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, математика.
Қолданылатын стратегиялары: Кластер, еркін жазу, түртіп алу, төрт жолды өлең.
Көрнекіліктер: Слайд, оқулық, карточкалар, семантикалық карточка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Есімдік дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері дегеніміз не?мысал келтіріндер.
102- жаттығудың орындалысын тексеру(үй жұмысы бағаланады).
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:”Өздік есімдігінің түрленуі”, Жоғарыда айтып өткеніміздей, есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін, меңзеу арқылы белілі бір түсінікті, ойды жалпылама түрде беретін сөз табы.Қазақ тілінде есімдіктер саны жағынан көп те емес.Тілімізде 60-70 есімдік сөз бар.Жоғарыда айтып өткеніміздей, олардың атқаратын қызметтерінің, грамматикалық ерекшеліктерінің ауқымы кең.Мағыналары жағынан әр түрлі.Қазақ тілінде есімдіктер мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді (слайд көрсетіледі)
Өздік есімдігіне өз және оның түрленген формалары жатады.Өз есімдігі көбінесе тәуелденіп, көптеліп, септеліп қолданылады.Көбіне-көп зат есімнің және жіктелу есімдіктерінің орнын айырбастайды. Мысалы: Өзі де көп кешігіп қалғанына өкінді. Өз есімдігі әрбір затты бөліп көрсету үшін қолданылады. Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.(септелу үлгісінен слайд көрсетіледі)Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.(жіктелу үлгісінен слайд көрсетіледі). Өзесімдігімен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы: Ол өз-өзінен қатты ашуланды.
IV. Сабақты пысықтау:
а) Оқулықпен жұмыс (оқушының ережені оқуы, талдауы)
б) 105-жаттығуды орындау. Өлеңді оқу, есімдіктерді табу, мағынасын ажырату, жасалу жолына тоқталу. (Оқушылар білімі бағаланады).
Мұғалім сөзі: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Біз бүгін Қазақстан қалалары: ел ордасы – Астанаға, бұрын облыс орталығы болған – Жезқазғанға, қазіргі облысымыз –Қарағандыға және өзіміздің туған қаламыз – Балқаш қалаларына саяхат жасаймыз.(слайд көрсетіледі).
Әр қаланың сендерге арнаған екі-үш тапсырмасы бар.Сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, сәулетті Балқаш қаласына да жетеміз.Алдымен Елордасының тапсырмасына назар аударайық.(Астана слайды көрсетіледі) . Елорда туралы оқушылар пікірі тыңдалады.
Тапсырмалар:
І. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мақал –мәтелдерді толықтырыңдар.Есімдіктерді мағынасына ажыратыңдар.
1. Отанға опасыздық еткенің,
... ...... түбіне жеткенің.
2.Сараң ...... затын ...... қызғанады.
3.Кісі елінде күркірегенше,
........ еліңде дүркіре.
4. ....... үйім -өлең төсегім.
5.Жаманның ...... бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
6.Қорқақ ...... көлеңкесінен де қорқады.
ІІ. Берілген өлең жолдарынан мағынасын түсіндіріңдер.Өлеңдегі есімдікті тауып, мағынасына ажыратыңдар. Қарамен жазылған сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады)
Жезқазған қаласы слайд көрсетіледі. (Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады)
Тапсырмалар:
1.Терме диктант (есімдіктерді теріп жазу)
2.Семантикалық карточка толтыру.(есімдіктерді мағынасына ажырату)
(Жұптық жұмыс, бағалау парағы толтырылады).
Қарағанды қаласы (слайд көрсетіледі). Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады.
Тапсырмалар:
1.Суретті ойын “Адасқан септіктер”
2. Карточкалармен жұмыс.
3. Сөйлемді дұрыс жаз.Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Жарқын ойлар өзінің бойын биледі.
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады).
Балқаш қаласы (слайд көрсетіледі)
Тапсырмалар:
1. Сызба бойынша есімдіктерді қатыстырып төрт жол өлең құраңдар
Зат есім + есімдік + зат есім
Есімдік + зат есім + етістік
Есімдік + сын есім
Етістік + есімдік + сын есім
2. «Сүйікті қалам» тақырыбына есімдіктерді қатыстырып шағын шығарма жазындар.
Мұғалім сөзі: Балалар, байқап отырсақ, шығармашылық жұмыстарымыз да жиі кездесетін есімдік Өзге өздік есімдігі екен. Олай болса, осы өзге есімдігіне математикалық дыбыстық талдау жасайық . (талдау жасалады).
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады).
V . Қорытынды:
Түртіп алу стратегиясымен сабаққа қорытынды жасалады.
VІ Үйге тапсырма: 56, 57 бет ереже жаттау, «Достық -татулық белгісі» тақырыбына шығарма жазу.
VІІ . Бағалау.
Түртіп алу стратегиясы
Білемін + | Білмеймін - | Мен үшін жаңалық | Білгім келеді ? |
|
|
|
|
Түртіп алу стратегиясы
Білемін + | Білмеймін - | Мен үшін жаңалық
| Білгім келеді ? |
|
|
|
|
Семантикалық карточка
Есімдіктер |
Сілтеу | Жіктеу | Өздік | Жалғаулар | ||
Жіктік жалғау | Септік жалғау | Тәу. жалғау I жағы | ||||
|
|
|
|
|
|
|
Семантикалық карточка
Есімдіктер |
Сілтеу | Жіктеу | Өздік | Жалғаулар | ||
Жіктік жалғау | Септік жалғау | Тәу. жалғау I жағы | ||||
|
|
|
|
|
|
|
Карточка
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз. Есмідіктерді тауып, мағыналарына қарай ажырат. Қай тұлғада тұрғанын тап.
Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ол үшін адамға шаман келгенше өз жақсылығынды істе. Өз қолынан келсе, адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет.
Карточка
Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тап. Оларды басқа сөздермен алмастыр. Қай сөз таптары екенін ажырат.
Бұл жыл – сиыр жылы.
Ол сабақтан кейін осында келді.
Өз досын жақсы сыйлайды.
Карточка
Сөйлемді дұрыс құрастыр. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талда.
Биледі өзінің бойын ойлар жарқын.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/98421-razrabotka-otkrytogo-uroka-po-kazahskomu-jazy
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Базовые техники арт-терапии»
- «Современные методы и технологии обучения изобразительному искусству по ФГОС»
- «Особенности обучения музыке в начальных классах в соответствии с ФГОС НОО от 2021 года»
- «Преподавание физики по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Методика преподавания информатики»
- Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Теория и методика преподавания технологии в образовательных организациях
- Организация деятельности советника директора по воспитанию
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Педагогическое образование: педагогика и методика преподавания химии в образовательной организации
- Теория и методика обучения астрономии в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.