Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
19.03.2015

Нәтиже сабақ. Денсаулық зор байлық

Нургалиева Кенжибике Кабаевна
учитель казахского языка и литературы
Готовый конспект открытого урока казахского языка для 8 класса по теме «Денсаулық – зор байлық» (Здоровье – огромное богатство). Материал предназначен для закрепления пройденной темы и содержит разнообразные виды заданий и эффективные методы работы: групповые обсуждения, лексические упражнения и творческие задания. Урок помогает систематизировать знания учащихся о здоровом образе жизни, расширить словарный запас и развить навыки устной речи. План-конспект будет полезен учителям для проведения интересного и продуктивного занятия.

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы. Қашар кенті

КММ « №1 Қашар орта мектебі»

Нургалиева Кенжибике Кабаевна

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.Денсаулық – зор байлық.( 8 сынып)

С/м Білімділік: Оқушылардың өткен модульдегі тақырыптар бойынша алған, игерілген білімдерін еске түсіру,жинақтау. Жай сөйлем туралы қайталап,сөйлем мүшелеріне талдау жасауға көңіл бөлу.Қарым – қатынас жасау білуге үйрету.

Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой – өрісін кеңейту,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.ойлау әрекеттерін әр-түрлі біліктілігін дамыту,есте сақтау қабілетін дамыту. Ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.Жазу,сөйлеу,оқу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұлы адамдардың денсаулыққа байланысты айтқан даналық,нақыл сөздері мен қазақтың мақал – мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге және денсаулықтарын шындай білуге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, ойландыру,іздендіру,түсіндіру,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру

-Бүгін сендермен өткен модуль бойынша алған білімдерін тексереміз

Мақал: Денсаулық қадірін ауырғанда білерсің

-Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

- Денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

( нашар оқитын оқушыларға карточкаларды тарату)

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

- Үй тапсырмасы сендерге қандай берілді?

( Денсаулық туралы ұлы адамдардың нақыл сөздерін тауып,дәптерге жазу

* Дені сау адам -табиғаттың ең қымбат жемісі ( Әл – Фараби)

* Денсаулық байлықтан қымбат (д. Рей)

* Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. ( А.Симашко)

* Бас ауырса,барша дене сорлайды.(Добролюбов)

* Бас аман болса,бөрік табылады.(Қорқыт ата)

* Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та қарамайсың

( Ибн сина)

Өткенді қайалау

Тапсырма. Сөйлемдегі денсаулық сөзіне морфологиялық талдау жасау.

Денсаулық байлықтан да қымбат.

Денсаулық – сөз табы Зат есім,ұғым атауы

Бастапқы тұлғасы – денсаулық (не?)

Тұрақты белгісі – жалпы,дерексіз

Тұрақсыз белгісі –А.септікте тұр.

Синтаксистік қызметі: не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.

Сұрақтар. – Адам ауырса қайда барады?

- Емханада қандай дәрігерлер қабылдайды?

Тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр

Тісің аурса .....

Құлағың ауырса ... кімге бару керек?

Асқазаның ауырса ....

Жүрегін ауырса ...

- Болашақта кім дәрігер болғысы келеді?

- Дәрігер болу үшін қандай болу керек?

( Менің ойымша, дәрігер болу үшін білімді болу керек,өйткені оның қолында адам өмірі,тағдыры)

-Ал, сен қалай ойлайсың?

( Менің ойымша,дәрігердің мінезі мейірімді болу керек,шыдамды болу керек.ауруларды ақ көңілмен қарсы алу керек)

-Біздің мектепте медициналық кабинеті бар ма?

- Ол қайда орналасқан?

- Мектеп дәрігерлері кімдер?

- Татьяна Вениаминовна қандай кісі?

( Өте мейірімді,адал,қайырымды кісі.Оны бүкіл оқушылар жақсы көреді,құрметтейді.Қай кезде барсаң да, ақжарқын көңілмен қарсы алады.)

- Таьяна Вениаминовнаның міндеті қандай? Ол не істейді?

( Ол оқушыларды қабылдайды,қызуын өлшейді,көмек көрсетеді,ақыл – кеңес береді.)

Видео: -Ал қазір дәрігердің кеңестерін тыңдайық.

( оқушылар тыңдап ,не түсінгенің айтып береді)

Көрініс «Дәрігердің қабылдауында»

Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Дәрігердің қабылдауына кім келді?

- Атасының қай жері ауырады?

- Жөтел,тұмауы бар ма?

- Дәрігер не жазды?

- Дәріні неше рет ішу керек?

Үлкен кісілер жиі ауырады.Оларды құрметтеу,сыйлау керек, қиын жағдайда көмектесу керек..Олар өз кезінде елімізге, халқымызға үлкен үлес қосқан.

- Балалар, Елбасының республика халқына арналған «Қазақстан 2030 » жолдауы қай жылы жарияланды?

- Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?

( Қазақстан халқының тұрмысын өркендету және тыныштығын сақтау)

-Адамның денсаулығы туралы не айтылған?

( Әр адам өз денсаулығына жауапты болу керек.» деп айтылған.

Біздің елбасымыз елдің қамын ойлап,өз халқының бақытты болашағы үшін жыл сайын жаңа жолдауымен таныстырады.

- Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

- Салауатты өмір сүру ұғымына не жатады?

( Дене шынықтырумен айналасу, таза ауада дем алу,уақытында тамақ ішу,зиянды әдеттерден бас тарту, шылым тартпау,күн тәртібін жоспарлау керек.)

- Салауатты өмір салты дегеніміз не?

( Адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті.)

Тапсырма:Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар.

-Жай сөйлем дегеніміз не?

- Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

Дәрігербіздіемдейді,

Оған рецепт жазу керек.

-Бірінші сөйлем қандай?( Жақты)

-Жақты сөйлем дегеніміз не?

-Екінші сөйлемнің түрі қандай?

- Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

Венн диаграммасы

Диаграмма бойынша жақты,жақсыз сөйлемнің түрлерін салыстырайық

жақты

жақсыз


- Қазақстанда халық денсаулығын нығайту үшін нелер бар?

( Сауықтыру орындары)

- Сендер Қазақстандағы қандай сауықтыру орындарын білесіңдер?- Шортанды – Бурабай шипажайы туралы не білдік?

- Біздің Қостанай облысымызда қандай емдеу,сауықтыру орындары бар?

- « Рассвет» емдеу орталығы туралы тыңдаңдар.(бейнефильм)

« Рассвет емдік сауықтыру орталығы Рудный қаласы, Тобыл жағасында орналасқан. Бұл медициналық мекемесі 1960 жылы Соколов – Сарыбай кен байыту комбинатының еңбекшілеріне құрылған. Жыл сайын мұнда 5000- нан астам адам емделеді.Бұл мекеме жаңа емдеу технология арқылы жасалған.

-Балалар, бұл кім , білесіңдер ме?

Иә, бұл дүние жүзіндегі атақты кісі Порфирий Иванов. Ол өмір бойы салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ,көптеген еңбектер жазған. Оның айтуынша: « Адамның жан дүниесі таза,сау болса,дені де сау болады.»

Қазір біз сендермен оның кейбір ақыл – кеңестерімен танысамыз ,тақтаға назар аударыңдар.

Порфирий Ивановтың ақыл – кеңестері

* Өзіңді қоршаған табиғатты сүй, ластама.барлық жерде амандасып жүр,әсіресе қарттармен.өзіңе денсаулық тілесең, бәрімен амандас.

* Табиғи суға шомыл.Суық сумен құйын.

* Қолыңнан келсе, тұрмысы нашарларға,ауру адамдарға көмектесе біл.

* Адамдарға сен және сүйе біл.олр туралы әділетсіз пікір айтпа және олар туралы жаман ойды зіңде қалыптастырма.

Үй тапсырмасы: « Тазалық – денсаулық кепілі » атты тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.

Бағалау

Қорытынды - Рефлексия

- Бүгін қандай тақырыпты қайталадық?

- Сендер үшін жаңа мәлімет болды ма?

- Естеріңде не қалды?

- Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Адамның байлығы – денсаулық. Денсаулық алтыннан да қымбат.Әр адам өз өмірі ұзақ болсын деп,бақытты өмір сүруге армандайды. Адамның денсаулығы әрқайсының өз қолында.

Сабақ аяқталды . Сау болыңдар

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/116375-ntizhe-sabadensauly--zor-bajly

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки