Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
19.03.2015

Наурыз думан

Нургалиева Кенжибике Кабаевна
учитель казахского языка и литературы
Разработка внеклассного мероприятия «Наурыз думан» для 8-9 классов по казахскому языку. Материал включает познавательные сведения о традициях и обычаях главного весеннего праздника. Содержит сценарий с играми, викторинами и творческими заданиями, направленными на углубление знаний учащихся о культуре Казахстана. Помогает организовать яркий и запоминающийся праздник в школе, способствующий развитию интереса к предмету и национальным ценностям.

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы. Қашар кенті

КММ « №1 Қашар орта мектебі»

Нургалиева Кенжибике Кабаевна

« Наурыз – жыл басы» тәрбие сабағы

Мақсаттары:

1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін негіздерін дамыту

3 .Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті мұғалімдер, оқушылар.! Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс- шараны бастайық!

Наурыз келді, жаңартып жаңа күнді

Наурыз келді сағынтып бізді

Құтты болсын, жаңа жылың,

Айналамыз көгеріп, гүлге толсын

Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би – биленіп, ән де бүгін шырқалар!

2 жүргізуші: Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн тізбегінде жыл басы деп саналады.

«Нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерден алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.

1 жүргізуші: Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын, достарым!

2 жүргізуші: Наурыз күні халық бір – бірін құттықтап, қуаныш дастарқаның мол жаяды.

« Ұлыс құтты болсын!», « Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!» сияқты тілектер айтады.

Біз де бір – бірімізді құттықтап, жақсы тілектер айтайық

9 «К» сынып оқушылары сендерге наурыз мерекесіне арналған тақпақтарды айтып береді.

Ұлы күні кәрі – жас

Құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса

Наурыз - весенний праздник

Пригласил сегодня нас!

Все мы вместе веселимся –

Русский,немец и казах –

Украинец и татарин

Молдаванин и еврей!

Шаңырақ нас всех согреет

Вместе праздник веселей!

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!

Радость ,солнце и улыбки

Ты несешь нам , Наурыз!

Всем « шашу» на радость дарим!

Будет щедрым Наурыз

(Би билейді 9 А сынып оқушылары.)


Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех!

Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!

Открыта дверь для всех гостей -
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!

Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения

,
Чтобы мечты у всех сбылись –
Здравствуй, праздник Наурыз! 

1 жүргізуші: Наурыз – күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

Наурыз күш имандылық мереке

Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс, молшылық бастауы

Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы..

2 жүргізуші: Наурыз мейрамы – өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Наурыз мереке жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған

Ал,сендер наурыз туралы не білесіңдер?

1 жүргізуші: Сұрақтарға жауап беріңдер

Наурыз мейрамы қай жылдан бастап ресми тойланады?

Жаңа жыл мерекесі біздің елімізде неше рет тойланады?

Тек Наурыз мейрамына ғана қандай тағам пісіріледі?

Наурызкөже қалай жасалады?

Наурызда туған сәбилерге қандай есім беріледі?

2 жүргізуші: Көктем мезгілі бізді ана сияқты аялайды, қастерлейді; мейірімді нәзік болады; қуаныш, бақыт әкеледі.

« Анашым » әні. Орындайтын : Баранова Анастасия 9 «Г» сынып оқушысы

- Наурызда қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

Біз де жай отырмай « Арқан тарту» деген ойынды өткіземіз.

Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?

1 жүргізуші: Қазір сіздердің назарыңызға 9 «Б» сынып оқушылары « Қырқынан шығару» деген салт – дәстүрін көрсетеді.

Ұнады ма? Ұнаса іс- шараны әрі қарай жалғастырамыз.

Бұл күні адамдар бір – бірінің қатесін кешіріп, татуласады.Оның соңы ойын – сауық,

ән – жыры жалғасады.

Терентьева Юлия (7 Б сынып) , Баранова Анастасия « Жеңеше – ай» деген әнін сіздердің назарыңызға ұсынады

2 жүргізуші: Наурыз мерекесінде кішілер үлкендерден бата сұрайды. Наурыз күні алған баталары қабыл болады.

Бата:

1 жүргізуші: 9 В сынып оқушылары «Наурыз» деген әнді сіздерге ұсынады Қарсы алыңдар: Санникова Анастасия, Борисов Евгений, Волоткевич Анжелла.

(көрме - сценка)

Ассаламалейкум!

Алейкум ассаламІ

Сәлеметсіздерме!

Қуыныштарын құтты болсын!

Бірге болсын!.

Төрлетіңіз!

Халыңыз қалай? Амансыздар ма ?

Рахмет, құдайға шүкір аманбыз.

2 жүргізуші: Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт – дәстүрлер орындалады.Соның бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар.Өйткені бала – өмірдің жалғасы, болашағы.

Сәби дүниеге келгеннен кейін шілдехана, ат қою, бесікке салу тойларын өткізіледі.

Баланы қырқына дейін көз тиеді деп көпшілікке көрсетпейді. Баланың туғанына 40 күн толған соң, оны қырқынан шығарады. «Қырқынан шығару» деп аталатын тойы өткізіледі.

Бұл дәстүрді жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі.

Әжеміз ең алдымен ыдысқа күміс, теңге салады.Содан кейін 41 қасық су құйып, соған шомылдырады.Сәбидің тырнағын, шашын алып ,анасына береді. Анасы «Тіл көзден сақтасын» деп бір жерге сақтап қояды.

1 жүргізуші: Үлкен кісі сәбиге өз батасын айтып береді

Балам, бақытты болсын

Өмір – жасың ұзақ болсын!

Қатарыннан алда бол

Жұрген жерін жасыл қыл!

Осы тілек қабыл болсын.

2 жүргізуші: Үй иелері қырқынан шығарған әжемізге кәде береді. Бұл қуаныш күніне шашу шашылады.

Мерекелік дастарқан жайылады

1 жүргізуші: Ал енді қадірменді қонақтар мен қатысушылар, сіздерді бүгінгі Ұлыстың ұлы күніне арнаған шағын сюжетті болса да, бар ынтамызбен, бар жігерімізбен, шын жүректен ұйымдастырған сынып сағатымызды жабық деп жариялай келе, өздеріңізді ақ дастархан басына шақырамыз.

2 жүргізуші: Наурыз мерекесі әр қайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпен үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа шомсын! Бұл жыл – баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Сыныбымызға береке, ындымақ, достық пен күлкі ұялатсын! Ұлыс оң болсын!

«Наурыз көктем» әнімен іс шараны аяқтайық.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/116391-nauryzduman

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки