Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
22.04.2015

Статья «Психологические особенности воспитанников детского дома»

Камбарбекова Саида Марипжановна
Учитель начальных классов
Психологические особенности воспитанников детского дома: ключевые отличия от детей, растущих в семьях. В статье анализируются основные трудности в развитии — эмоциональная сфера, коммуникативные навыки и формирование привязанности. Рассматриваются эффективные методы и педагогические подходы для успешного воспитания, поддержки и адаптации детей, оставшихся без попечения родителей. Практические рекомендации для педагогов и воспитателей.

Содержимое разработки

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері

С.М.Камбарбекова, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университитеті

Академиялық инновациялық институты. Педагогика және психология кафедрасы, «Педагогика және психология» факультетінің І курс магистранты.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.

Қазақ халқы қашанда жетімін жебеп, қолпаштап жүрген ұлы халық. Қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселердің бірі – балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық даму ерекшелігін жетілдіруді қамтамасыз ету, өмірде өз орындарын табуға көмек беру болып отыр. Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары, яғни соңғы он жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған.

16000 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер, ал қалғандары – «тастандылар және бас тартқандардың балалары». Міне, осы балалар үйлерінен де олар «тастанды және бас тартқандар» болып өмірге де қосылады. Бұрын олардан ата-аналары бас тартса, кейін онымен мемлекет айналысады.Жалпы алғанда, жетімдік мәселесі үнемі де көпшілік бұқараны алаңдататын, мемлекет назарын үнемі өзіне аударатын үлкен ауқымды мәселе.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері психология ғылымының маңызды да, қызықты мәселенің бірі болып отыр. Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше орын алатыны белгілі. Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Ал, балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық даму жағынан кейін қалатынды.

Отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, көп жағдайда отбасы тәрбиесіндегі балаларға қарағанда отбасыдан тыс тәрбиеленушілердің даму барысының әлде қайда баяу екендігін көреміз.Балалар дамуындағы шынайы қауіп — оларды «өзгелердің ақылымен» басқарыла отырып, өмір сүруінде. Үнемі қатарластарының ішінде жүруі, шулы уақытта бос өткізетін ортада жүруі, ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады. Бұл тәрбиенің жетіспеушілігі болып табылады.

Жалпы айтқанда балалар үйінде тәрбиеленушілер психикасы жағынан кейін қалып отырады және де ауытқулары да байқалады.Сонымен балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикалық дамуын қарастыра келіп, аталған мекеменің әр тәрбиешінің жеке даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп, айтуымызға болады. Себебі, жабық түрдегі мекеме психологы балалардың психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға мүмкіндік беретін дамытушы, психокоррекциялық бағдарламаларды құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген мәселелерін шешуге жол ашар еді.

А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых зерттеулері бойынша балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады.Мазасыздану дегеніміз, бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы. Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «апа», «әке», «отбасы», «үй» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеубалалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

Ең бастысы, балалар үйі дегеніміз олар үшін – ұжымдық мекеме, онда балалар үшін «менің үйім», «менің бөлмем», «менің бұрышым», «менің ойыншықтарым», «менің ата-аналарым» тағы басқа осы сияқты ұғымдар жоқ.

Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады. Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды. Ал, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің әлеуметтік мінез-құлқын зорлықпен жақсарту жолымен өзгерту жасауға тырысады».

Басты міндет өте қарапайым түрде құрылады: эмоционалды немесе мінез-құлық аумағының ауытқуы бар бала үшін оның кезінде отбасы, мектепте алмаған дүниесін психодинамикалық көзқарасты қолдана отырып, қоғамға толыққанды денсаулығы мықты азаматты қайта оралту.

Балалар үйлеріндегі балалардың психикалық дамуының түрліше болуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала 1 айға толар-толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану, дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл-қозғалыстарының дамуы баяулайды, тілдері кеш шығады, кей жағдайда ақыл-ойының дамуы да тежеледі. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды. Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның махаббатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді. Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады.

Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады. Депривацияның келесі түрі – сенсорлық депривация – яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздырғыштараның жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз. Эмоциялық және сенсорлы депривация жағдайындағы балалардың психомоторлы дамуында да ауытқулар, артта қалушылықтар болады. Жалпы танымдық белсенділігінде баяулық байқалады. Бұл балалар материалды қиын меңгерді, олар әрдайым үлкедердің бағалауын күтіп жүреді. Ойлау процестерінің дамуында бірталай өзгерістер байқалады: олардың жалпылау және классификациялау қабілеттері синкретті сипатта болады.

Балалар үйіндегі балалар көбінде ұмытшақ болады, өзінің туған күні, жылы, айын ұмытып қалады. Есептеу аймағында түсініктер мен әрекеттердің бірқатары дұрыс қалыптаспаған, балалар есептеу барысында қатты қиналады, «аз», «көп» деген түсініктерді шатастырады.

Ал, қиялға қатысты айтатын болсақ, проективті материалдың стереотипті интерпретациясы мен репродуктивті позициясы байқалады. Бұл, яғни қиял дамуының төмендігін емес, жалпы баланың жеке басының дамуында шегіністер, артта қалушылықтар бар екендігі дәлелі. Психика ең терең деген ақыл-ойдың кеш дамуында да дамиды. Психиканың дамуы – балалар жасының негізгі ерекшелігі. Баланың барлық функциялары мен шеберліктері икемді, ауыспалы, жетілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер онтогенез процесінде оқыту әсерінен пайда болады. Олар мидың пісіп-жетілуіне қарай спантанды пайдаболмайды. Бас миы қабығында сөйлеу орталықтары (Брак пен Вернике орталықтары) бар екендігі белгілі. Бірақ, бала ешқашанда оқытусыз жәй ғана осы орталықтың пісіп-жетілуінен сөйлеп кете қоймайды. Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық аумағы жайында А.М.Прихожан мен Н.Н.Толстой былай деп жазады: «Балалар үйінде тәрбиеленушілер үлкендермен қарым-қатынасында өзіне агрессиялық зейінді аударады». Қарым-қатынас барысында туындайтын кикілжің жағдайларды шешуден балалар үйінде тәрбиеленушілер өздеріне жауапкершілікті артпайды, өздерінің мәселелерінің шешілу жолдарын қоршаған ортадан күтеді. Олардың бойында қоршаған ортаны кіналау сезімі, агрессия, өз кінәсін мойындау алмаушылық сезімдері осы мекемеде тәрбиеленуші балалардың бойында кикілжің жағдайды шешуді басым кездеседі. Бұл аталған ерекшеліктер «қорғаныш білімін тудырады». Олар қиын ситуациядан шығуға талпынудың орнына аффективті әрекетке жүгінеді де өкпе сезімін туындатын жауапкершілікті басқаның мойына артады. Бұл көрсетілген ерекшеліктер жетім балалардың эмоционалды еріктік аумағының қалыптасуын сипаттайды.

Балалар үйіндегі тәрбиеленуші балаларды эмоционалды өмірінің толықсыздығы олардың әртүрлі психикалық тежелулер мен әлеуметтік бейімделудің бұзылуына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда балалардың эмоционалдық жағдайының тым жоғары немесе тым төмен болуы мен қатар, қоғамдық ортада өзін тым жоғары немесе тым төмен түсіріп жіберуін көрсетеді. Өзін-өзі қатты сүю жеке адамның психикалық дамымауының белгісі болып табылады.Сондықтан да бұл жағдайда да эмоционалды, ерікті, тілдік қимыл-қозғалыстың сонымен қатар әлеуметтік жетіспеушілік мәселелері туындайды. Содан ақыл-ойының кемістігі көрініп, танымдық процестерінің дамымағандығы анық байқалады. Сондықтан да олар өз ой пікірінен айырылып басқаның пікірімен жүреді.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің әдістері өте көп. Мысалы:

Ө.Б.К (С.А.Н) әдісі. (Көңіл-күй, белсенділік, кейіп деген мағынаны білдіреді), адамның эмоционалды күйін оперативті бағалау үшін арналған;

Эмоция тестісі. Адам бойындағы түрлі негативті мінез-құлық типін айқындауға арналған;

М. Люшердің түрлі түсті тест әдісі. Эмоцияны басқаруға үйретуге арналған;

Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдістемесі.Баланың өзінің көңіл-күйін басқаруға арналған;

Ерік-жігерді зерттеуге арналған тестісі. Сабырлылыққа, щыдамдылыққа үйрету мақсатында алынады;

Эмоция, ерік өрісін түзету-дамытуға арналған жаттығулар. Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл –күйді, эмоцияны сезіне білуге үйрету.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің дұрыс қалыптасуына қызмет етушілермен қатар, психологтың да орны ерекше, яғни педагогикалық процесс психологиялық жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Қорыта айтқанда бала тәрбиесі ортақ іс. Оған немқұрайлы қарауға болмайды. Әр бала бір жұлдыз, олардың жарқырауына біз –педагог-психологтар жәрдем етуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Мақашқұлова Г. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, 11-12/2005, 52-53 б.

2.Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. М, 1990.

3. Прихожан А.М., Толстых Н.Н, Психология сиротства. САб.:Питер,2005-400б

4.Вопросы психологии. М; 2000 5 В.И Слуцкий .Психология готовность к материнству. Феномен детской застенчивости. Ред.кол. Е.В Щедрина (гл.ред.)

5.Бастауыш мектеп журналы 2006, №1,2,3 21-23б.

6.Қазақстан мектебі , №11-12 2005 12-52-53б.

7.Қазастан жоғары мектебі, 2005, №4 233-35б

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/125842-statja-psihologicheskie-osobennosti-vospitann

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки