- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Особенности логопедической работы с детьми с СДВГ»
- «Психологическое сопровождение детей и подростков с СДВГ»
- «Дошкольник с СДВГ: особенности работы с гиперактивными детьми»
- «Специфика обучения и воспитания школьников с СДВГ»
- «Дети и подростки с СДВГ: особенности обучения, воспитания и психологической поддержки»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Дипломдық жұмыстан үзінді: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын физика сабағында қолдану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының классификациясы
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.
Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Ең алдымен іс-тәжірибемізге ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді:
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда тәжірибе кезінде қолдандым. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс-тәсілдерді,және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімді екендігін түсіндім. Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауға меңгерті үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
жоспарлауға дайын болуы;
бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалауы);
ымыралы келісімді іздеуі;
коммуникативтілігі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
әртүрлі идеялар мен пікірлердің туындауына мүмкіндік жасау;
оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және онң пікірін бағалау.
2.Жылу құбылыстары тарауын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл технология оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауын дамытуды сапалы және оймен қабылдауын көздейді.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе,толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысына ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сонымен қатар сабақта оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін критериалды бағалау әдісі енгізілген. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Қазақстанда соңғы жылдары оқушылар жетістіктерін бағалау жүйесін әлемдегі білімді дамытудың қазіргі заманға сәйкестендіру мақсатында нығайту қажеттілігі пайда болды. Білім беру қызметкерлері,оқушылар мен ата-аналардың 5 балдық бағалау жүйесінің ынталандырушы және болжамдаушы қызметінің жеткіліксіз екендігін танып-білу- осыған негіздеме болып табылады.
ҚР МБС талаптары негізінде 12 балдық бағалау шкаласын пайдалана отырып,оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі әзірленді.
Жалпы білім беретін мектептің сыыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 бал-қанағаттанарлықсыз
1-2 бал-қанағаттанарлықтан төмен
3 бал- қанағаттанарлық
4 бал- қанағаттанарлықтан жоғары
5 бал-жеткілікті жақсы
6 бал- жақсы
7 бал-өте жақс
8 бал-үздікке жақын
9 бал-үздік
10 бал-өте үздік
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбегі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/238712-diplomdy-zhmystan-zindisyn-trysynan-ojla
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Управление персоналом и разрешение конфликтов в организациях»
- «Планирование работы школьного спортивного клуба»
- «Каллиграфия: основы формирования и развития навыков письменной выразительности»
- «Преподавание географии и биологии по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Инструктаж по технике безопасности для обучающихся: особенности организации и проведения»
- «Коррекционно-педагогическая работа логопеда при дислалии, ринолалии, дизартрии, афазии и нарушении голоса»
- География: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Социально-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Тифлопедагогика: учебно-воспитательная работа педагога с детьми с нарушениями зрения
- Теория и методика преподавания физической культуры в образовательной организации
- Сопровождение учебно-воспитательного процесса в деятельности педагога-психолога дошкольной образовательной организации
- Урегулирование споров с помощью процедуры медиации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.