- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Етістік: іздену және шығармашылық қабілеттерді дамыту сабағы
Сабақтың тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы алған білімдеріне бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушының іздену,зерттеу,шығармашылық
қабілеттерін өрістету;
Тәрбиелік: Тіл сабағындағы мысалдарды талдай отырып,
адамгершілік қасиеттерін сіңіруіне ықпал ету,
халқымыздың әдет-ғұрыптарын меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты таниды, етістікті біледі, етістіктің сөйлемдегі қызметін ажыратады. Дереккөздер: Электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар,үлестірмелі қима кеспелер. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер. "Ой қозғау", "Қар кесегі" ойыны, "Талдау" әдісі ", Жоғалған сөз" әдісі, кері байланыс.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе
2 мин
5 мин 1.Оқушыларды қима қағаздарға жазылған өлең жолдарын құрастырып топқа бөлемін.
Қима қағаздағы өлең жолдарын құрастырып топқа бөлінді.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға параққа сұрақтар жаздырып Қар кесегі ойынын пайдаланамын. Оқушылар бірі-біріне лақтырып сұрақтарға жауап талап етеді. Критерий арқылы Өзін-өзі бағалау
Жаңа сабақ
3мин Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру
Етістік сұрақтарын еске түсіре отырып ой қозғау
Не істеді, қайтті, неғылды деген сұраққа жауап береді. Мысал келтіру арқылы сөйлемнен етістіктерді талдатамын. Оқушылар жаңа сабақ бойынша жаңа ақпаратпен таныс болады
- Оқушылар, бүгінгі «Етістік» тақырыбы сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады. Етістік туралы не білетінімізді еске түсіріп кетейік:Тұлғасына қарай :негізгі,туынды. Мысалы:кел, бар;шегеле , ақтаҚұрамына қарай:дара,күрделі. Мысалы: айтты,айтып болған еді
Мағынасына қарай:салт және сабақты болып бөлінеді
Салт етістік: Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.
Мыс: үйге кел.
Сабақты етістік:Алдыңдағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мыс: хатты оқы.
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Тапсырмалар:1-тапсырма Керекті сөзді бос орынға орналастыру арқылы толықтырыңыз.
- Сен өз досыңның көмегін ------------------------------------- . - Ал сен шалбарыңды -------------------------------------------.
- Сен жейдеңді ---------------------------------------------------.
- Ал сен тақтайды --------------------------------------------.
- Сен қолыңды ------------------------------------------------.
- Ал сен мені ---------------------------------------------------.
- Сен ойыңды ----------------------------------------------.
- Ал сен жұмысты ----------------------------------.
- Сен киіміңді ------------------------------------.
- Ал сен кітапты ----------------------------------.
- Сен ақшаны дұрыс -----------------------------.
- Ал сен бүгін біздің үйге ----------------------.
- Оттан шыққан күлді ---------------------------.
( Керекті сөздер: сана,түймеле,үтікте,қолда,бағала,
аяқта,тазала,түне,шегеле,сабында,баста,түпте. Баспа)
2-тапсырма.Берілген тыйым сөздерден етістіктің түрін ажыратып,құрамына талдаңдар.
Гүлді жұл+ма,үйдеысқыр+ма,малды теп+пе,бүйіріңді таян+ба.
Құранды,тамақты бас+па
Нанды бір қолыңмен үз+бе
Адамға,малға зәбір жаса+ма
3-тапсырма
Болымды етістіктерді зат есімдерден ажырата біліңдер,осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар
Затесім:Баспа, Кеспе, Жазба ,Сүзбе, Жарма,Терме т.б
Етістік:Баспа, Кеспе, Жазба, Сүзбе, Жарма,Терме
4-тапсырмаСалт етістікті сабақты етістікке,
сабақты етістікті салт етістікке айналдырыңдар.
Шам сөнді—
Гүл өседі-
Ол өкпеледі—
Әңгімені айтты—
Хатты жазды—
Кітапты түгел оқыды-
6-тапсырма.Сабақты етістік пен салт етістікті ажырат.
Азаматпен дос бол ,қадіріңді біледі.
Білімдімен дос бол,сасқанда ақыл береді.
Қобызда дананың үні бар,
Домбырада даланың үні бар.
Сабақты қорытындылау үшін тест сұрақтарын беремін
Тест сұрақтары
1.Етістік дегеніміз не ?
А) заттың санын білдіредіӘ) заттың атын білдіреді
Б) заттың қимылын білдіреді
2. Етістіктің сұрақтары қандай?
А) Қанша? Неше?
Ә) Кім? Не?
Б) Не істеді? Қайтті?
3. Етістіктің құрамына қарай бөлінуі
А) 3 Ә) 2 Б) 4
4. Болымсыз етістікті тап
А) Бар Ә) Айтпа Б) Асық
5) Сабақты етістіктің сұрақтары қандай?
А) Кім? Не Ә) Кімді? Нені?Б) Кіммен? Немен?
Бағалау: «Өзін – өзі бағалау» парағы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: ереже жаттау.Болымды және болымсыз етістік бар 10мақал жазып,жаттауға
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/238786-etistik
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Преподавание инвариантных модулей учебного предмета «Труд (технология)» в соответствии с ФГОС»
- «Содержание и методы психологической работы с проявлениями травмы и посттравматического стрессового расстройства (ПТСР)»
- «Преподавание истории и кубановедения по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Организация лагеря с дневным пребыванием детей на базе образовательного учреждения»
- «Документация образовательной организации»
- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- Деятельность тьютора по сопровождению детей с ограниченными возможностями здоровья
- Социальный координатор: социальная работа по сопровождению ветеранов боевых действий
- Музыка: теория и методика преподавания в образовательных организациях
- Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Особенности обучения предмету «Труд (технология)»
- Дошкольная педагогика: теория и методика обучения и воспитания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.