- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Музыкалық калейдоскоп
Музыка-4 сынып
Жасанбаева Кадыша Махмұдқызы
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы №273 орта мектебі.
Сайыстың тақырыбы: Музыкалық калейдоскоп.
Мақсаты: Оқушылардың бастауыш сыныпта музыкадан алған білімдерін
көрсету.Музыканың түрлі жанрлары,терминдерін ажырата білуге
үйрету.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өнерге деген ынтасын
арттыру,ұйымшылдыққа шақыру,музыкалық сауаттылығын дамыту,
эстетикалық тәрбие беру.
Жоспары:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Топтың таныстыруы.
ІІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
IV. «Аспаптар сыры.»
V. Өз өнерлерін көрсету.
VI. «Оркестр құрайық»
VII. Топ басшысының сайысы.
VIII. Қорытынды.
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар! Бүгін біз музыкадан алған білімдеріңді сынау мақсатында «Музыкалық калейдоскоп»тақырыбымен 4 сыныптар арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Білім негізі-бастауыштан басталады дегендей,музыканың да алғашқы баспалдағы яғни «Музыка деген не?» ұғымын біз 1 сыныптан бастадық.
Музыкалық дыбыстар,жеті нота,композитор,орындаушы,тыңдаушы,әнші,күйші
жыршы т.б.ұғымдарды біз бастауыш сыныптан үйреніп,негізін қаладық.Осы
ұғымдарды баланың санасына дидактикалық ойындар,ырғақты ойындармен
жеткіздік.Әннің шығу тарихы,музыка тыңдап оны әр түрлі жанрдарға бөліп ажырата білу үлкен еңбекті,сезімталдықты талап етеді.
Калейдоскоп ойыншығын көздеріңе салып айналдырып көргендерің бар ма?
Көрсеңдер,онда әр түрлі бір-біріне ұқсамайтын суреттерді көресіңдер.Біздің
музыкалық калейдоскобымыз да бір-біріне ұқсамайтын музыканың сиқырлы әлемімен таныстырады.Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Өнердің терең сырына.
Қадамдарың оң болсын
Сәт сапар енді тілейік!
ІІ.Таныстыру
4 «А»сыныбы «Гамма»тобы
4 «Ә»сыныбы «Тоника»тобы
4 «Б»сыныбы « Мажор» тобы
«В»сыныбы «Лига»тобы.
Әр команда өз тобын таныстырады
1.«Гамма»тобы:
-Гамма дыбыстар тізбегі,біз де дыбыстар тәрізді тізбектеліп жүреміз. Гамма тобы алға!
2. «Тоника»тобы: Ең бірінші жүретін,
«Тоника»дейтін атымыз.
Сайыста да бірінші
Болам деген антымыз!
3.«Мажор»тобы: Біз мажормыз,мажормыз,
Әрқашанда көңілді
Жарқын болып жүреміз
Сайыс қиын болса да,
Күліп жүріп жеңеміз!
4. «Лига тобы»: Әрқашанда біргеміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Қандай сайыс болса да,
Қол ұстасып жеңеміз!
ІІ.Сұрақ-жауап:
Шарты: дөңгелек түрлі-түсті шығыршық-калейдоскопты айналдырамыз,стрелка тұсына қай түс келсе сондай түсті конвертті алып ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1 конверт сұрақтары: Қандай күйшілерді білесіңдер?
Симфониялық оркестр аспаптары неше топқа бөлінеді?
2 конверт: Балет дегеніміз не?
Әнші Мұхит «Үлкен айдай» әнін кімге арнап шығарды?
3 конверт:Айтыс дегеніміз не оның түрлері?
Ең көне театр қай елде орналасқан?
4 конверт: Күй дегеніміз не?
Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?
ІІІ. «Аспаптар сыры.»
Әр топ конвертте қандай аспап жазылса сол аспап туралы айтып береді.
Домбыра оның шығу тарихы туралы қандай аңыз бар?
Қобыз,оған ұқсас басқа халықтардың қандай аспабы бар?
Скрипка аспабы қай елден шыққан,оның шебері кім?
Жетіген аспабы туралы қандай аңызды білесіңдер? Басқа халықтардың жетіген аспабына ұқсас түрлері.
IV.Өз өнерлерін көрсету
«Гамма»тобы. «Көңілді музыкант»әні. А.Филиппенко.
«Мажор»тобы. Аңдар айтысы.
«Тоника»тобы «Ақ сиса»Жаяу Мұса
«Лига» тобы Қазақша би.
V.Оркестр құрайық.
Конвертте араласып жатқан әр түрлі аспаптардың қиынды суреттерінен топтастырып оркестрді орналасу реті бойынша құрып жапсыру.
Симфониялық оркестр,қазақ халық аспаптар оркестрі,үрлемелі аспаптар және эстрадалық оркестр.
VI.Топ басшысының сайысы.
Әр топ басшысы 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек
«Гамма»тобына сұрақтар:
1.Ақыл,нақыл,өсиет сөзді әуен (терме)
2.Әйелдердің жіңішке дауысы (сопрано)
3.Әуенді аспапқа,хорға немесе жеке дауысқа арнап өңдеу (аранжировка)
4.Операның әдеби мәтіні (либретто)
5.Екі нотаны қосатын сызық (лига)
6.Дыбыстың қысқа жеңіл айтылуы (стаккато)
7.Көңілді,жылдам би түрі (полька)
8.Тез арада өз жанынан өлең шығару (суырыпсалмалық)
9. «Гәкку»кімнің әні (Үкілі Ыбырай )
10.Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы (Болат Сарыбаев)
«Тоника»тобына сұрақтар:
1.Ерлердің жуан дауысы (бас)
2.Әннің әуені болса,терменің ....болады (мақамы)
3.Әр түрлі аспаптардың бірігіп ойнауы (оркестр)
4.Музыкада дыбысты ұзақ созып ұстау (фермата)
5.Сөз жарысы (айтыс)
6.Белгілі кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән (ария)
7.Көп дауыстың бірігіп ән айтуы (хор)
8. «Сарыарқа»кімнің күйі (Құрманғазы)
9.Ең үлкен музыка аспабы (арфа)
10.Біржан салдың соңғы әні («Теміртас»)
«Мажор»тобына сұрақтар:
1 «Ақ сиса»кімнің әні (Жаяу Мұса)
2.Арияның шағын түрі (ариозо)
3.Операны қорытындылайтын соңғы бөлім (финал)
4.Алғашқы қазақ халық аспаптар оркестрін құрған кім? (А.Жұбанов)
5.Әйелдердің жуан даусы (альт)
6.Жыл сайын бал мерекесі қай елдің театрында өтіледі? (Вена опера театры)
7.Скрипканың шебері кім? (Никколо Паганини)
8.Флейта,гобой,кларнет қай аспаптар тобы (үрлемелі ағаш аспаптар)
9. Ұйғыр мукамы неше бөлімнен тұрады?(12 бөлімнен)
10.Арфа аспабы қай елде табылған (Мысырда)
«Лига» тобына сұрақтар:
1.Шертпе күйдің шебері кім? (Тәттімбет)
2.Өнер ордасы (театр)
3.Оркестрді басқарушы (дирижер)
4.Екі адамнан құралған орындаушылар (дуэт)
5.Театр түрлерін ата (опера,балет,драма,қуыршақ театры)
6.Төкпе күйдің шебері (Құрманғазы)
7.Джаз музыкасы қай елде пайда болды?(Америкада)
8.Бір саппен жүруді қалыптастыратын музыкалық жанр (марш)
9.Ғарышта шырқалған ән (Абай «Көзімнің қарасы»)
10.Дыбыс бояуы (тембр)
VII.Сайыстың корытындысын бағалау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/239974-muzykaly-kalejdoskop
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Здоровьесберегающие технологии на занятиях в дополнительном образовании»
- «Педагогическая психология: психологические проблемы обучения и воспитания»
- «Организация мероприятий в области молодежной политики»
- «Классное руководство: методы и технологии работы педагога с обучающимися и родителями»
- «Изменения во ФГОС СОО: содержание приказа Минпросвещения России № 732 от 12 августа 2022 года»
- «ОГЭ 2025 по химии: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания истории в образовательных организациях
- Организация работы классного руководителя в образовательной организации
- Теория и методика преподавания физики и астрономии в образовательной организации
- Педагогика и методика начального образования
- Основы управления дошкольной образовательной организацией
- Физика и астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.