Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
17.04.2017

Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатнас жасай алу қабылеттерін арттыру

Ұстаздық пен шәкірттік ұғымдары адамгершілікпен, әдеп-инабатпен, ізет-құрметпен, білім-парасатпен, адалдықпен етене байланысты. Оқушының жан дүниесіне рухани тұрғыдан бағдар жасап отыру – әрбір мұғалімнің міндеті.
Себебі: әрбір жас бүлдіршін жаны бар ағаш секілді, күтіп баптасаң биік саялы ағашқа айналады. Бүгінгі мектеп партасындағы оқушылардың дұрыс жолға бағытталуына бірден-бір әсер етуші субъект – мұғалім. Қазіргі оқыту мен үйретудің мазмұны да, сипаты да соған орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Қазіргі күрделі техника және жалғаспалы технология, білім мен біліктіліктің көп тармақтылығы бір нәрсені болса да құнтпен жете үйретуді талап етуде.

Содержимое разработки

«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатнас жасай алу қабылеттерін арттыру.

Педагог психолог: Г.Бекмаганбетова

Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатнас жасай алу қабылеттерін арттыру, психологиялық ойындар.

Ұстаздық пен шәкірттік ұғымдары адамгершілікпен, әдеп-инабатпен, ізет-құрметпен, білім-парасатпен, адалдықпен етене байланысты.  Оқушының жан дүниесіне рухани тұрғыдан бағдар жасап отыру – әрбір мұғалімнің міндеті.
Себебі: әрбір жас бүлдіршін жаны бар ағаш секілді, күтіп баптасаң биік саялы ағашқа айналады. Бүгінгі мектеп партасындағы оқушылардың дұрыс жолға бағытталуына бірден-бір әсер етуші субъект – мұғалім.   Қазіргі оқыту мен үйретудің мазмұны да, сипаты да соған орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Қазіргі күрделі техника және жалғаспалы технология, білім мен біліктіліктің көп тармақтылығы бір нәрсені болса да құнтпен жете үйретуді талап етуде.     Ұстаздықтың мәні осыған орай, жаңа сипаттарға ие болуда. Ұстаздықтың білім мен өнердің жеке, қиын саласына үйретуге, өте мұқият бағыт ұстауы, шәкірттің де оған зейінін шоғырландырып, қызыға, ой қабілетін, икемділік дағдыларын жұмылдыра білушілікті пайда қылып, соған қуанып, дем беріп отырады. 

«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту .

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын  салады, осылайша жалғаса береді.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты : оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Алдарыңдағы  бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар.

«Мен басқаның көзімен»

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.

«Атомдар мен молекулалар»

 Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан  молекула құралатынын   айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.

Афирмациялар

«Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді», «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»

Мен қандай адаммын?

Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.

Менің қиыншылықтарым

 Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.

Есте қалған қызықты оқиға

Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі  Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Ұқсастық шегі

Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбына қарап, ұқсастықты тауып жазады. Ұқсастығын оқып, ой бөліседі.

Мен саған сенемін

 Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші»  Ізеттілік туралы ертегі тыңдау.

«Ең жақсы» ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі. Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет. Ең ақшалы, ең жасыл, ең тәтті, ең күлкілі, ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті, ең жауапты, ең салмақты.

«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.

«Өкпені еріту» жаттығуы

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз.

«Тазару» жаттығуы

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен  өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/254229-oushylardy-til-tabysa-aluy-men-arym-atnas

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки