Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
05.10.2017

Әдеп ең қымбат мирас

Классный час «Әдеп ең қымбат мирас» направлен на глубокое изучение учениками начальной школы основ национального этикета и традиций. Материал помогает освоить важнейшие нравственные принципы: правила уважительного приветствия, гостеприимства, доброжелательности, почитания старших и заботы о младших. Занятие углубляет необходимые для жизни знания и навыки, способствуя воспитанию в детях порядочности, искренней почтительности и высоких моральных качеств. Этот образовательный ресурс служит практическим руководством для формирования целостной личности, чтящей культурное наследие и следующие поколения.

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдеп – ең қымбат мирас

Мақсаты: Оқушылардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылатын киіз үй макеті, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, Ә.Табылдиевтің портреті, тапсырмалар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

- Амандасу.

- Құрметті оқушылар! «Әдеп – ең қымбат мирас» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Алдымен әрбір оқушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.

Мысалы: сыпайы Саида, әдепті Әділет және т.с.с.

ІІ. Мақал-мәтел айту. Мұғалім сөзі: - Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелдермен ашайық, кәне, кім қандай мақал айтады екен?!

Бала тәрбиесі бесіктен.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Итті күшігінде үйрет.

Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы – тіл.

Әдепті дегенше, әдемі десейші.

Әйел — әдептің әліппесі.

Тәрбие басы — тал бесік.

- Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.

ІІІ. Пікір алысу:

Әдемі: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

Данияр: - Мен Әдемінің пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.

Нұрай: - Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.

Нұршат: - Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?

Ақжүніс: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.

Диана: - Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?

Назерке: - Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.

Диана: - Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.

Ақгүл:- Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Әділжан: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

ІV. Мәнерлеп оқу

Гүлдана: Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.

Артур: Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамада.

Жасы үлкенге жол берем,

Баян: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Бибол: Атам маған әмәнда

Кішіпейіл бол деген

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Анар: Атам маған әмәнда

Әділеттті бол деген

Ата сөзі санамда

Жүрем тура жолменен.

Бақытжан: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.

Айнұр: Апаның тілін алса егер

Тамақ ішсе іш десе

Демал десе демалса

Суға түссе, түс десе.

Жомарт: Қолынан мұндай баланың

Күш болады күш десе

Іс келеді, іс десе

Шынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.

Сымбат: Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

V. Мұғалімнің әңгімесі(тақтадағысуретті пайдалану).

– Киіз үй – байырғы көшпенді қазақ халқының, яғни ата-бабамыздың көнеден келе жатқан баспаналарының бірі. Киіз үйді қазіргі уақытта да жиі пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйді табиғат апатынан жапа шеккен жерлерге уақытша баспана ретінде жеткізеді. Сондай зілзаланың бірі - биылғы қатал қыстың соңын ала Алматы обл., Ақсу ауд., Қызылағаш ауылындағы су тасқыны екенін сендер білесіңдер. Еліміз Қызылағаштықтарға тек баспана жағынан ғана емес, ақшалай және заттай көмек көрсетіп жатыр.

Әйткенмен киіз үйге жай ғана баспана ретінде қарауға болмайды. Аумағы шап-шағын болса да әр адамның ондағы отыратын орыны мен отыру әдебі бар екен. Отыру әдебінде сүйеніп отыруға және тіреніп отыруға болмайды. Жөн білмейтін жастар әдетте төрдегі жүкке, оң жақтағы төсекке, немесе сол қанаттағы керегеге сүйеніп отыра салады. Олай отыруға болмайды, себебі мұндай отырыс шаршаған, ауырған, я сырқат адамның сипатын береді. Қазақтардың үлкен-кіші, кәрі-жасының бәріне бірдей ер адамдар үшін отырудың ортақ тәртібі малдас құру. Ал, әйелдер әдетте бір тізерлеп отырады. Оның өзінде аяғы көрінбеуі шарт, сондықтан аяқтарын көйлектің тізеден түскен етегімен қымтап отырады. Салт атты жолаушы әдетте киіз үйдің сыртынан келіп түседі, ал есік алдынан кесе көлденең өту әдепсіздік, шаңырақты сыйламағандық болып есептеледі. Үй артына түсіп, ат байлар алдында әдетте, үйде адам барма екен деп дыбыс береді. Ал үйдегі адам оның алдынан шығуға тиіс, (әдетте кім екен, біліп кел деп жастарды жұмсайды). Киіз үйге аузындағы асын шайнаңдай кіруге болмайды, бұл нағыз жүгенсіздік, әдепсіздік саналады.
Кімде болса киіз үйге кірген адамның қанша асығыс болса да ас ауыз тимей кеуіне болмайды. Кейінгі кезде ол «нан ауыз тию» деп саналады. Ал, астың ең қасиеттісі - нан екені белгілі. Қазақтардың киіз үйдің іші, сырты, не үй жанындағы, есік алдындағы ұстаным, ереже, тәртіп, әдеп-ғұрыптарының барлығы көшпенді қоғамның ғасырлар бойғы қалыптасқан ғұмырлық құндылықтарын ардақ тұтады. Ақын, әрі ұстаз Әдібай Табылдиев аталарың: «Халықтық дәстүрді қадірлей білмеген бала - әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет: кісі бол», - деп ақыл айтады. Әдеп - ең қымбат мирас. Осыны естен шығармайық.

ҮІ. Қорытынды, рефлексия. Мұғалім сөзі: - Оқушылар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай боды?

(Тақтада жағымсыз әдеттердің бейнесі ілінген, оқушылар сол бойынша қысқаша өз ойларын білдіреді.)

- Бүгіннен бастап осы жаман әдеттеріңді тастап, жақсы әдеттерді үйреніңдер, жоғарыда айтқанымдай ұстаз-ғалым, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев аталарың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді, қалай орындау қолымыздан келе ме?

Әдібай атаның тапсырмасы.

1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.

2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.

3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.

4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.

5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.

6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.

7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.

Сабақты Ә.Табылдиевтің «Бос өтпейді минутым» өлеңімен аяқтау. (Балалар шеңберде тұрады)

Орнықтырып әдеппен Есептеулі сағаттар.
Оқу, еңбек, ойынды. Еш өтпейді күнбе-күн.
Оқушылық әдеппен Еш өтпейді сабақтар.
Орындаймын ойымды. Бос өтпейді минөтым.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/271093-dep--e-ymbat-miras

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки