- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Кьюзинер таяқшаларымен жұмыс түрлері
Кіріспе
Кiшi жастағы балалардың ойын дамыту, жаналықтарды жылдам игеру қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру жеткiншектердi тәрбиелеудегi маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мiндеттердi шешуде мектепке дейiнгi жеткiншектердiң ойлауын қалыптастыруға арналған мектепке дайындыққа бағытталған мазмұн мен әдiстердi, оныңiшiнде математикалық дайындықты жетiлдiру керек.
Қандай ойлау iскерлiгi?Қандай дидактикалык құралдар көмегiменқалыптастырылады? Күрделiүдерiске калай басшылық жасалады? Әр баланың бiртiндепiлгерi жылжуы қалай камтамасыз етеледi? Бұл сұрақтарға жауапты бiз сiздердiң назарларыңызгаұсынылған осы әдiстемелiкқұралда көрсетуге тырыстық. Сiздер таптырмайтын мүмкiндiктегi дидактикалыққұралдар – Дьенештің логикалық блоктары мен Кьюизенер таякшалары, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбиеленушiлердiң математикалық ойлауын қалыптастыру,iскерлiгiн дамыту жүйесiмен танысасыздар.
Дьенештің логикалық блоктары мен Кюизенер таякшалары Польшаның, Францияның, Бельгия мен АҚШ жэне басқа елдерде кеңiненқолданылады. Олар бiздiң отандық педагогтарға таныс, бiрақ балалармен жұмыс барысында жеткiлiксiз пайдаланылады. Оған басты себеп - бұл дидактикалық матералдардың дамытушылық мvмкiндiгiн жете бағаламау, сонымен қатар дидактикалыққұралдың сәйкес болмауы.
Бvгiн жекелеп-саралап оқыту және балалармен түзету жұмыстарын жүргiзу сияқты жаңа мәселелер туындады, бұл «Балдырған» балаларды дамыту және тәрбиелеу бағдарламасындаөз көрiнiсiн тапты.
Кейбiрұсынылып отырған ойындар мен жаттығулар сiздерге таныс көрiнедi: олар немесе идеялары педагогикалықәдебиеттерден алынған, оныңiшiнде А.А.Столярдың, З.А.Михайлованыңүлгiлерi мен М.Фидлердiң материалдары. Бiрақ олар өнделiндi, бiртiндеп күрделенген нұскалармен берiлiп, авторлық ойындар мен жаттығулардыңқосымшасымен бүтiн жүйеқұрылды.
Барлық жаттығулар жиынтығы – ұзын зияткерлiк саты, ал ойындар мен жаттығулар - баспалдақтар. Бала әрбiр сатыға мiндеттi түрде көтерiлуi керек. Егер қандай да бiр баспалдақты босатып алса, келесiге жету оғанқиынға тиедi. Егер ол сатыдан тез өтсе, бұл оның осы сатыны «басып озғанын» көрсетедi – iлгерi жылжи берсiн. Бiрақ алда мiндеттi түрде оны тоқтататынқиындық кездеседi. Мүмкiн осы кезде көмек беру кажет. Ендеше оны бiрiгiп жасайык.
Дьенештiң логикалык блоктары – таптырмайтын дидактикалық кұралдар
Мектепке дейiнгi дидактикада түрлi дамыту материалдары қолданылады. Бiрақ мектепке дейiнгi оқытуда ойлауды дамытудың маңызды кешенiнқалыптастыру мүмкiндiгi берiлмеген. Балаларды математиканы кабылдауға керектi ерте логикалық дайындық үшiн венгер математигi әрi психологi Дьенештiң логикалық блоктарын пайдалану тиiмдi.
Логикалык блоктармен жұмыс үстiнде балалар жалпы зияткерлік дамуын қалыптастыратын ойлау iскерлiгiн игередi. Оның қатарына талдау, нақтылау, салыстыру, жiктеу, жалпылау, кодтау-кодты ашу,сондай-ак «емес», «және», «немесе» логика амалдары жатады. Арнайы сабак үлгiлерiндегi ойындар мен жаттығуларда балалардың ойлауды реттеу мәдениетi дамып, ойша орындауға кабiлеттенедi. Логикалық блоктар көмегiмен балалар назарды, естi, кабылдауды жаттықтырады.
Логикалық блоктар өз алдына геометриялық фигуралардың формаларын көрсетедi (дөңгелек, шаршы, тең қабырғалы үшбрыш,тiктөртбұрыш) және кiшi балаларды заттардың формасы мен геометриялық фигураларды таныстырудың жақсы кұралы болып табылады.
Логикалык блоктар кешендерi балаларға заттың бастапқы кезде бiр қасиетiн, одан кейiн екi, үш,төрт қасиетiн ашуға көмектеседi. Түрлi жаттығулар арқылы әуелi бiр қасиетiн тауып, нақтылайды (түсi, формасы, өлшемi, қалыңдығы), оларды салыстырады, жiктейдi және қасиетiне қарай жалпылайды. Бұдан кейiн заттың екi қасиетi арқылы талдау, салыстыру, жiктеп, жалпылайды ( түсi мен формасы, формасы мен өлшемi, өлшемi мен қалыңдығы). Одан кейiнiректе үш қасиетi арқылы (түсi мен формасы, өлшемi; формасы, өлшемi мен қалыңдығы; түсi,формасы мен қалыңдыгы) және төрт қасиетi аркылы (түсi, формасы, өлшемi, калыңдығы) салыстырып, жалпылайды. Бiр жаттығуда баланың мvмкiндiгiн ескерiп тапсырманы кvрделендiрiп ауыстыруға болады.
Балалармен жұмыста бiр топта мектепке дейiнгi балалық шақта бiр-екi көлемдi логикалық блок жиынтығын және 5-8 жазық логикалық фигуралар жинағы қолданылады. Блок кешенiн 48 фигура кұрайды: 12 дөңгелек-қызыл, көк, сары түстi 6 қалың және 6 жұқа дөңгелектен, сондай-ақ 12 шаршы, 12 тiктөртбұрыш,12 үшбұрыш.
Логикалық блоктар ағаштан және түрлi қалыңдықтағы пластикадан жасалады. Жуық шамамен үлкен және кiшi фигуралардың өлшемдерi (см есебiмен) төмендегiдей:
Калың блоктар жұқалардан екi есе өлшемде қалыңдау болуы керек.
Жазық логикалық фигуралар жиынтығын картоннан және пластикадан жасауға болады. Мұндай жиынтықтардың ерекшелiктерi- барлык фигуралардыңқалыңдықтары бiрдей болады. Фигуралардың өлшемдерi жуықшамамен төмендегiдей:
Егер көлемдi фигуралар дайындалмаса, онда фронтальды топтык жаттығулар жасағанда көлемдi жазық логикалық фигураларды пайдалануға болады.
Логикалық блоктармен катар (түсi, формасы, өлшемi,қалыңдығы) сияқты шартты белгiлерi көрсетiлген (5х5) көлемдегi карточкалар қолданылады. Заттық-ойынәрекеттерде тапсырмаларды орындауда карточкаларды колдану арқылы балалар қасиеттердi орналастыру, модельдеу, кодтау, кодтарды шешуге үйренедi.
Қасиеттер-карточкалары балалардың бейнелi-көрнектiлiктен көрнектi-сызба ойлауын дамытады, ал шартты белгiлерi жоқ карточкалар сөздiк-логикалык ойлауды дамытады.
Логикалык блоктарөз алдына геометриялық фигуралардың формаларын көрсеткендiктен (дөнгелек, шаршы, теңқабырғалыүшбұрыш, тiктөртбұрыш) кiшi балаларға ерте жастан бастап заттардың формасы мен геометриялық фигураларды таныстыруда дамыту тапсырмаларын шешу үшiн кеңiнен пайдаланылады.
Құралда бiртiндепқиындатылған деңгейдегi 4 топтағы ойындар мен жаттығулар логикалық блоктармен берiлген:
* қасиеттердi анықтау және нақтылауiскерлiктерiн дамытуға арналған;
* заттарды олардыңқасиеттерiне байланысты салыстыру iскерлiктерiн
дамытуға арналған;
* жiктеу және жалпылау iскерлiктерiн дамытуға арналған;
* ойлау амалдары мен әрекеттерiн орындау қабiлеттерiн дамытуға арналған
Кейбiр ойындар мен жаттығулар назар мен естi дамытуға бағытталған.
Олардың жоғарыда көрсетiлгендерден ерекшелiгi балалармен жұмыс жүйесiндеқатаң нақты орны көрсетiлмеген. Бұл ойындар мен жаттығуларды баланың есiн, назарын, қабылдауын жаттықтырудаүнемiқолдануға болады.
Логикалық блоктар қасиеттерiмен тиiмдi таныстыру мақсатында төмендегi тапсырмаларды ұсынуға болады:
* осы фигураның түсiне (формасына, өлшемiне, калыңдығына) сәйкес
фигураны тап;
* осы фигураның түсiне (формасына, өлшемiне,қалыңдығына) сәйкес
фигураны тап;
* көк түстi (үшбұрышты,қызыл, шаршы, үлкен,сары, жұқа,қалың, кiшi,
дөңгелек, тiктөртбұрыш)фигураларды тап;
* түсiне (формасына, өлшемiне,қалыңдығына)қарайқандай фигура екенiн
ата;
Осында блоктарменөзiндiк танысудан соң ойындар мен жаттығуларға ауысуға болады.
Сабақта және сабақтан бос уакытта үйде не балалар бақшасында логикалық блоктардың ойындары мен жаттығуларын балаларғаұvсына аласыздар. Егер сiз баска да дамыту ойындары мен ойындық тапсырмаларды қоссаңыз, онда жана ойын тапсырмаларымен, шаралармен, сюжеттермен, рольдермен «қандырып», осылар арқылы балалардың зияткерлiкқиындықтарын жеңуге көмектесесiңдер.
Логикалық блоктармен ойындар және жаттығулар
Касиеттердi анықтау және нақтылау
Осы топтағы ойындар мен жаттығулар балаларда заттардың бiрден бастап төртке дейiнгi қасиеттердi анықтауға (түсi, формасы, өлшемi, қалыңдығы), нақтылауға көмектеседi. Олардың көмегiмен қасиеттердi белгiлермен белгiлеуге, амалдарды ережелер арқылы орындауға және ереженi қолданбағанда, дұрыс жауаптың шықпайтынын түсiнедi.
«Қазынаны тап»
Максаты: Заттардың түсiн, формасын, өлшемiн, қалыңдығын анықтап, нақтылау iскерлiгiн дамыту.
Материалдары: 8 шаршылы логикалық блок, қағаздан жасалған дөңгелектер («қазыналар»), тvсiн, формасын, өлшемiн, калыңдығын көрсететiн белгiлерi бар карточкалар.
Мазмұны
І
Балалардың алдында 4 көк түстi (жұка үлкен, жұка кiшi, үлкен қалың, кiшi қалың) және 4 кызыл түстi (жұқа үлкен, үлкен қалың, жұқа кiшi, кiшi қалың), яғни жалпы саны 8 шаршы блогы жатады. Балалар - қазынаны iздеушiлер, қағаздан жасалған дөңгелек - қазына.
Қазынаны iздеушiлер терiс қарап тұрғанда, жүргiзушi блоктардың бiрiнiң астына қазынаны жасырады. Қазынаны iздеушiлер түрлi қасиеттерiн айтып, қазынаны iздейдi. Қазынаны табушы бала қазынаны өзiне алады да, блоктардың бiрiнiң астына жаңа қазынаны жасырады. Жүргiзушi (ата-ана, тәрбиешi немесе бала болуы мүмкiн) әуелi өзi қазына iздеушi болып қазынаны табудың жолын көрсетедi.
Егер жүргiзушi қазына жатқан блоктың қасиетiн дәл тапса, балалар «дұрыс» деп айтуы керек, егер қате тапса, онда «жоқ» деп жауап берулерi керек. Мысалы жүргiзушi:
- Қазына көк блоктың астында ма? – деп сұрайды.
-Жоқ!- деп жауап бередi балалар.
-Сары түстi блоктың астында ма?
-Жоқ.
- Yлкен блоктың астында ма?
- Жоқ.
- Калың блоктың астында ма?
- Иә.
Қазынаны iздеушi тексередi. Егер қазынаны тапса, өзiне алады, таппаса, iздеудi жалғастырады. Кiм қазынаны көп тапса, сол бала жеңедi.
Ойын қайталанган кезде блоктарды пiшiнi жане бояуы бойынша ауыстырады.
II
Ойын жүргiзушiдеқасиетi бар карточкалар болады. Блоктардың саны 16-ға дейінөсіріледі. Олардың санына әртүрліқалыптағы,өлшемдегіжәнеқалыңдықтағы бір түстес барлық блоктар енеді. Астында қазына жасырылған пішіннің кез келген екіқасиетін табулары қажет.Қазынаныіздеген кезде олар оның бірден екіқасиетін атайды. Мысалы:
- Дөнгелекүлкен пішіннің астында ма?
- Жоқ.
- Кішкентай шаршынын астында ма?
- Шаршының астына /шаршы карточкасын салады/, бірақ кішкентайдың астына емес.
- Үлкен шаршының астында ма?
-Ия /алдын ала шығарылған пішінге карточка қосады/.
Блокты көтеріп, астында қазына бар –жоғын тек қана блоктың екіқасиетін дұрыс атағаністей алады.
III
Блоктар саны - 24. Барлығы пішіні,қалпы, түсіүлкендігі жағынан бірдей.Қазынаіздеушілерқазынаіздеп жүрген кезде олар бірден 3 қасиетін атаулары қажет. Жүргізушіәрбір дәл табылғанқасиеттерді карточкалық-қасиеттермен растайды. Мысалы:
- Үлкен, дөңгелекҚызылдың астында ма?
- Қызылдың(қызыл карточканы салады), бірақүлкеннің де дөңгелектің де астына емес.
- Қызыл кішкентай текшенің астында ма?
- Иә(тағы да бір карточканы шығарады).
Кімүшқасиетін дұрыс атаса, сол көрсетілген блокты көтереді. Тапқанқазынаныөзіне алады.
« Ойлан, тап »
Мақсаты. Заттардың қасиеттерін ( түсін, формасын, пішінін, қалыңдығын) анықтауды, салыстыруды және анықтай білу қабілеттігін дамыту.
Материалдары.Логикалық блоктар, Буратино ойыншығы, қасиеті бар карточкалар ( 2 және 3- нұсқаларүшін).
Мазмұны
Ойын жургізуші ойын кейіпкері, мысалы Буратиноныңатынан балаларға: « Достарыма жақсылықістегендіұнатамын, әсіресе сыйлық таратқанды. Сыйлықтар менде өте көп,- деп қорап көрсетеді. Онда шоколадтар, машинкалар,қуыршақтар бәрі бар. Сендер де достарыңа сыйлық таңдай аласыңдар. Ол үшін Мальвинағақандай түстегі сыйлық дайындағанымды тауып айтыңдар.Қазір мен қораптан алып шығып, тығыпқоямын».
Буратино блоктардың бірін жасырып қояды, балалар оның түсін табуға кіріседі. Тапқан бала өз досына сыйлық таңдауқұқығын алады.
II
Буратино блокты жасырады да оның екіқасиетін табуға тапсырма береді. Тапқан кезде балалар оның түсінәркез айтып отырулары қажет. Тапқыр болған ойыншы Буратиноны ауыстырады – сыйлықты таңдап, оныңқандай екіқасиетін тауып айту керектігін айтады.
III
Бұлнұсқада блоктың бірденүшқасиетін табу керек. Мысалы үшін, жүргізуші ( Бас құрылысшы Буратино) блокты жасырып, оның түсін,пішінін,формасынтабу керек екенін айтады. Ойыншылар, үшқасиетін бірден айту керек. Әрі карай блоктың төртқасиетін тауып беру керек деп, ойынды күрделендіру қажет.
Бұл ойынды « Не? Қайда?Қашан?» ойнына ұксатыпөткізуге болады. Ол үшін ойыншылар санына сәйкес секторларга бөлінген алаң, тілі бар айналма-нұсқауыш, секторлар санына сай жарықөтпейтін корапшалар кажет.
Ойын басталмас бұрын жүргізушіқорапшаларға блоктарды орналастырады. Ойыншылар айнала отырады да жүргізуші айналма-нұскауышты айналдырады. Тапкыр болған ойыншы жүргізушінің орнына шығады.Әріқарай жалғастырады.
«Құмырсқаларға көмек бер»
Мақсаты. Касиеттік бейне мен сөздердің арасындағы тұрақты байланысты, қасиеттерді анықтау жане түрлендіре білу.
Материалдары.Логикалық блоктардың жиынтығы, балалардың санына сәйкесүстінде кетігі бар жарықөтпейтінқорапшалар.
Мазмұны
I
Балалардың алдына (құмырсқалар) блоктар төселеді.Үлкен адам балаларғақұмырсқаларда тапқыр да ойлампаз балалары бар деп, бірәңгіме айта бастайды. Құмырсқалардыүйлеріне тез қайтуынүйретуүшінқұмырсқаның анасына көмектерің керек дейді балаларға.
Әрбір бала бірүйшік алады. Жүргізушіқайқұмырсқаүйшікке тығылуы керек екенін айтады, ал балалар үйшікке сәйкес блоктарды жасырады. Соңындаүйшіктер ашылып, ішіндегі басқа түстегі блок (құмырсқа) кіріп кеткен жоқпа екен, соны тексереді.
Әуелі жүргізушінің (Құмырсқаның анасының) ролін ересек адам орындайды, кейін балалар кезекпен орындайды.
II
Жүргізуші блоктардың (құмырсқалардың) екіқасиетін атайды. Олар түстеріне сай өзүйшіктеріне кірулеріқажет. Ересек адам алғырқатысқан балаларды қошеметтеп отыруы қажет.
III
Жүргізушіәркез блоктардың (құмырсқалардың)үшқасиетін назарғақояды. Олар өз үйшіктеріне кірулері керек. Балалардың алдарына тартымды қызықты мақсаттарқойылып отырылады. Тапқыр, алғыр балалар марапатталып отырылуы кажет.
« ( Жол сал) Автотрассасы»
Максаты. Заттардыңқасиеттерін нақтылау, оны түрлендіре білуді, практикалық тапсырмаларды шешу кезінде нақты ережелерге сүйене отырып шешімін табуды, қарапайым амалдардыңөздігіненқұрастыра білуді дамыту.
Материалдары.Жолдарды салудың ережелері көрсетілген кестелер (1-3 кестелер), логикалық блоктар.
Мазмұны
I
Балалардың алдында - 1 кесте, а (косымшаны қара), еденде – блоктар. Ойын мақсаты:қалада жаяу жүрушілер мен автомобильдер (фигуралар) үшін жолдар салу.
Жолдар салу ережелері кестеде көрсетілген.
Онда нұсқауларқай түстегі блок қайсысының соңынан жүру керектігі көрсетеді. Балалар ережелерді талқылайды: кызыл блоктың соңынан сары, сарыдан кейін – көк, көктенкейін– тағы да қызыл. Жол салуды қай блоктан бастайтынын анықтап, сала бастайды. Блоктарды кезекпен орналастырады. Әрбір бала блоктарға келіп,қажеттісін таңдап, оны жолға салады. Кателік тапқан «Тоқта!» деп дауыс береді де түзетеді.
Жаттығуқайталанған кезде балалар жолда 1, б – г кестесінде көрсетілгендей әрекет етеді.
II
Жол салу үшін (2, а-г кестесі) блоктардың екіқасиетіне бағытталған
ережелер қолданылады.
Балалардыңқызығушылығын арттыру үшін, ересек адам неше түрлі кызықты да практикалық:Қар патшайымы сарайынан Кай мен Герданықұтқарып алу үшін жол салу тапсырмасын береді.
III
Балалар түсін, өлшемін,формасын(3,а-б), ескеретін ережелер бойынша жол салады. Ересек адам белсенділікті, шығармашылықты көрсеткендіктерін марапаттай отыра жаңа ережелерді, ойын шарттарын өздігіненқұрастыруға тартады.
« Ерекше фигуралар»
Мақсаты: Талдау, ережеге байланысты жұмыс жасай білугеүйрену, шығармашылық бейнелі ойлауын дамыту.
Материалдар: балалардың санына қарай логикалық фигуралар жиынтығы,фигуралардықұру ережесінің кестелері (4-6 кесте)
Мазмұны
I
Логикалық фигуралар қаласында ерекше фигуралар карнавалы отілуде. Жай фигуралардан күрделі фигуралар құрап шығару керек. Кестеде құрастыру ережелері жазылған. Әр фигураға өзінің құрастыру ережесі беріледі.Тәрбиеші балаларға құрастыру кестесі бар ережесін көрсетеді. Ол қандай фигурадан бастау керектігін түсіндіреді. Мысалы: қарапайым тіктөртбұрыштан екі стрелка шығады, біреуі шаршыға,екіншісі үшбұрышқа. Бұл шаршы мен үшбұрышты берілген фигураның кез келген жеріне жақындатып қою керектігін айтады. Шаршыдан стрелка дөңгелекке бағытталған, ендеше шаршыға дөңгелекті жақындатып қою керек. Үшбұрыштан да стрелка дөңгелекке қарай шығарылған - ендеше үшбұрышқа дөңгелекті жақындатып қою керек. Жұмыс орындалған соң балалар түрлі күрделі ерекше фигуралар құрастырып, салыстырады, неге ұқсайтынын атайды.
Кайталау жаттығуларында басқа ережелер қолданылады (4 б-в кестелері). Әуелі балалар дайын ережелерді қолданады, содан соң өздері құрастырады.
II
Ерекше фигураларды балалар ережеге сәйкесқұрады және ол екіқасиетті талап ететін болу керек. Мысалы: формасы мен түсі немесе формасы мен өлшемі не түсі мен өлшемі. (5 а-в кестелері)
Фигураны бір уакытта бірнеше бала құрауға болады. Бұл уақытта балалар кезектесіп фигураларын құрастырады. Кімқұрастыру барысында қателессе, сол бала фигураны өзінеқалдырады. Кімнің айып фигуралары аз болса, сол жеңіске жетеді.
Балалар әуелі берілген ереже бойынша құрастырады. Сосын өздіктеріненқұрастыру жұмысын жасайды.
III
Ерекше фигуралардықұрастырғанда бірденүшқасиетті пайдаланады
( 6 а-в кестелері)
Тәрбиеші ойын барысында өздігінен құрастыру жұмысын орындаған баланы мадақтайды; ережені өзгертеді (ағащты бөлшектеу, таңбаны табу т.с.с)
«Кімнің гаражы қайда?»
Мақсаты: Нақтылау, талдау, кодтарды шешу қабілеттерін дамыту.
Материалдары: Логикалық блоктар, үй-карточкалары (7-9 кестелер), тор көз өлшемді тіктөртбұрыштар.
Мазмұны
I
Ойынға бес адам қатысады: жүргізуші жәнеқұрылысшылар.Әрқұрылысшыдаүй карточкалары (7-кесте) және «кірпіш»-тіктөртбұрыштары болады. Құрылысшылардың міндеті –өзүйлерін құрастыру.
Жүргізушіқапшықтан блоктар немесеконвертішінен фигуралар алып кезекпен көрсетеді.Құрылысшыларөз карточкаларынан сәйкес келетін белгіні тауып, оны тіктөртбұрыш- «кірпіштермен» жабады. Өз карточкасынан белгілердің барлығын бірінші тауып,жұмыстыбітірген бала жүргізуші болады.
Басқақасиеттер көрсететін нұсқаларды (9-кесте) балаларға беруге болады.
II
Екіқасиетті табуға берілген карточкалар қолданылады. (8-кесте) Жүргізушіқапшықішінен фигуралар алып, түсін және формасын атайды. Соған сәйкес (түсін жәнеөлшемін немесе формасы мен өлшемін) анықтайтын карточкаларды жасап, қолдануға болады.
III
Үшқасиетке негізделген карточкалар колданылады. (9-кесте)
Жүргізушіқапшықтың ішінен фигуралар алып, әр фигуралардың түсін, формасын, өлшемінатайды.
Салыстыру
Бұл топтағы ойындар мен жаттығулар балаларда заттардың бір, екі,үш қасиеттері арқылы салыстырып, түрлі және жалпы қасиеттерін анықтауіскерлігін дамытады.
«Жолдар»
Мақсаты:Заттарды берілгенқасиеттері бойынша салыстыру, түсін,түрін,формасы мен қалыңдығын анықтауіскерлігін дамыту.
Материалдар: Логикалық блоктар,үшүй (үйдің бейнесі немесе макеті немесе оның шартты белгісі)
Мазмұны
I
Еденде шеңбер бойымен арасы 1 метрден үшүйқойылады, яғни Наф-Нафтын, Ниф-Нифтің және Нуф-Нуфтыңүйлері. Торайларға бірініңүйіне біріқонаққа оңай баруы үшін жол салынады.Бірак жолды ережеге сай құру керек.
Бірінші жолдыңқалай салынуын тәрбиешіұсынады. Мысалы:олардыңқастарында бірдей түсті фигуралар болмауы керек.
Балалар кезектесіп блоктарды қояды. Кімде-кімқатеқойылған блокты көрсе, сол бала қатеқойылған блокты өзіне алады,осындай блоктарды өзіне көп жинаған бала бірінші болып құрылысты бастаушы құқына ие болады. Ол келесі жол қандай үйлердің арасында салынатынын тандайды.
Әрбір жаңа жолды жаңа ереже бойынша құрған дұрыс. Жолды салғанда оның қасында бірдей өлшемді немесе қалыңдықтары бірдей не болмаса формалары бірдей фигуралар болмауы тиіс.
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші ойының мақсатын ауыстырады: өзен үстінен көпір құру, фигуралардан мерекелік шамшырақтар жасау, блок-вагоннан поезд құру т.б.
II
Жолдарды салу күрделендіріледі. Екіқасиетке байланысты балалар тапсырманы орындауға талап қойылады: жолды құрастырғанда бір түсті фигуралар, бірақ формалары әртүрлі болуы керек (бірдей формалы, бірақтүстеріәртүрлі,өлшемдері бірдей, бірақ формалары әртүрлі, түсі мен формалары әртүрлі,түсі мен өлшемдеріәртүрлі т.с.с). Жолды салудағы ережелерді тек тәрбиеші ғана емес, балалардың өздері де ойлап шығарады.
III
Жолдарды салу ережесі тағы да күрделенеді: үш қасиеті бойынша жол салу талабы қойылады: Жолдыңқасына бірдей түсті, бірақ формалары мен өлшемдері әртүрлі болатын фигураларды қатыстырып салу керек; бірдей формада, бірақ түстері мен өлшемдеріәртүрлі болатындай; өлшемдері мен түстері бірдей, бірак формалары әртүрлі;түстері, формалары мен өлшемдеріәртүрлі т.б.
Тәрбиеші ойынның міндеттерін жаңартып, балаларғаұсынып отырады.
«Домино»
Мақсаты: Заттарды берілгенқасиеттері бойынша салыстыру, түсін,түрін,формасы мен қалыңдығын анықтауіскерлігін дамыту.
Материалдары: логикалық фигуралар мен блоктар
Мазмұны
I
Ойынға 4 бала қатысады. Фигураларды ойыншыларға тең етіп бөлу керек. Ойыншылар ойын ережесімен танысады: берілген фигураларға тек басқа түсті фигураларды қосу керек. Ойыншының бірі алғашқықадам жасайды – үстелге кез келген фигураны қояды.Қалған балалар кезектесіп ережеге сәйкесөз фигураларын шығарыпқояды. Барлық фигураны бірінші шығарып бітірген бала жүргізуші атанып, келесі ойында бірінші қадам жасайтын болады. Ереже ауыстырылады: басқа формалы немесе басқа өлшемдегі фигуралармен жүру.
II
Ойыншылар екіқасиеті бойынша көрсетілген ойын ережесімен ойнайды. Мысалы, басқаөлшем мен түстегіфигуралардықою;өлшемдері мен формалары басқа; сондай-ақ түстері бірдей, бірақ формалары басқа;өлшемдері бірдей, бірақ түстеріәртүрлі т.б.
Ойынды қайталағанда, фигураларды қолдану ережесіөзгертіледі.
III
Ойын ережесіндеүшқасиет көрсетіледі: түстері бірдей, бірақөлшемдері мен формалары әртүрлі фигураларды қолдану; немесе өлшемдері бірдей, бірақ түстері мен формалары басқа фигураларды қолдану:түстері,өлшемдері, формалары басқа фигураларды пайдалану т.б.
Жіктеу, жалпылау
Бұл топтағы ойындар балалардың заттарды бір, екі, үш, төрт қасиеттері бойынша жіктеу мен жалпылай білуін дамытады. Балалар әуелі берілген қасиеттері бойынша, содан соң өздіктерінен ажырата алуы бойынша заттарды жіктеп жалпылайды. Олар біртіндеп заттардың жеке қасиеттерін жіктеп, жалпылап, заңдылықтарды анықтауға көшеді.
«Кімнің гаражы қайда?»
Мақсаты:Жіктеу іскерліктерін дамыту.
Материалдары:Логикалық блоктар, жолдар мен гараждың белгілері бар кестелер.
Мазмұны
I
Балалардың алдында 10 а кестелері.Әр балада машина блоктары. Әрбір машинаны өз гараждарына кою керек. Жолдағы белгілер машина қай жаққа бұрылу керектігін көрсетеді.
Жаттығу 10 б,в кестелеріменқайталанады. Оларды әр түрдедеңгейде ұйымдастыруға болады. Балалардың бәрінде бір кесте болуы мүмкін: ойынғақатысушылар машина блоктарын алып, кезектесіпөз гараждарына қояды. Немесе әр балада өз карточкасы және логикалық фигуралар жиынтығы болуы мүмкін. Немесе балалар парларымен бөлініп,әрқайсысындаөздерінің кестелері және фигуралар жиынтығы болады. Ойыншылар фигураларды бөліп алып, кезекпен машиналарын қоюүшін гараждарын іздейді.Қателескен ойыншы фигураларды өзінеқайтарады.Өз фигураларын біріншіқойған ойыншы жеңіске жетеді.
II
Жаттығулар 11 а,б кестелері бойынша жүргізіледі.
III
Жаттығулар 12,13- кестелер бойынша жүргізіледі.
«Үйшіктергеқоныстандыр»
Мақсаты: Жіктеуіскерлігін дамыту.
Материалдары:
Логикалық блоктар немесе фигуралар, үйлердің бейнесі бар карточкалар (14-кесте)
Мазмұны
I
Балалардыңалдында 14-а кестесі беріледі. Онда логикалық фигуралар атты қалада жаңаүй салынған. Біраққала тұрғындары- фигуралар сол үйге орныға алмай жүр.Әр бөлмеде бірдейөлшемдегі тұрғындар (фигуралар) болатындай етіп, оларды үйге енгізу керек.
Үйшіктің төменгі жағындағы белгілерқай фигураныңқай бөлмелерге енгізілетінін көрсетеді.
Балалар фигураларды алып,оларды үйшікке жайғастырады. Ең соңындаәрбір тордағы (болмедегі) фигуралар қандай екендігін,ұқсастығын айтып, тексереді.
14 б,в кестесі бойынша жаттығуларқайталанады. Балалар әуелі фигураларды көрсетілген негіздерімен жіктейді (үйшікті белгілермен толықтырады), сосын өздігінен фигураларды бөлуге болатындай белгілерін көрсетеді (үйшіктерді белгілерсіз толықтырады). Тәрбиеші –өздігінен жіктеу белгілерін таңдаған балаларды мадақтайды.
Ескерту: Блоктармен жаттығулар жүргізгендеүйшіктер бейнелерін көбейту керек. Оларды еденде, үстелде, кілемүстінде және басқақолайлы жерлерге қоюға болады.
II
Үйшіккеқоныстандыруда екіқасиеті бойынша фигураларды жіктейді (14-г,д,е кестелері)
Логикалық фигуралар қаласында жаңа екіқабаттыүйлер пайда болады.Оған тұрғындарды кіргізуөтеқиынға тиеді.Бірақ мейірімдіүйші тұрғындарға көмектесуді ұйғарды. Ол үйдің жан-жағына көмекші-белгілердің суретін салды. Белгілерқандай фигуралардыңқайқабатқа жәнеқай подьезге енгізілетінін көрсетеді.
Балалар қай фигуралардың сиятынын анықтап,үйге кіргізеді. Соңындаәр торда қандай фигуралардың тұрғанын атайды(әр фигуралар тобы үшін екі жалпы қасиеттерін көрсетеді).
14-д кестесімен жаттығудықайталайды. Әр торда бірдей фигуралар болатындай үйшікке енгізу керек.
Келесі жаттығуларда тәрбиешіөздігінен екіқасиеттері бойынша жіктеу белгілерін таңдаған балаларды мақтайды. Осы мақсатта көмекші белгілерсіз екіқабаттыүйбейнесінұсынады.
Екіқабаттыүйге орналастырудан кейінүшқабаттыүйге (14, е кестесі) көшеді. Бұл жаттығуларды ойын түріндеұйымдастыруға болады. Ол үшін балалар парға бөлінеді. Ойыншылар фигураларды үйге орналастырудың ережесін анықтап, оларды кезекпен үй ішіне енгізеді. Кім қате жіберсе, қателескен фигураны айып ретінде алады. Қай ойыншыда аз айып фигуралары болса, сол жеңіске жетеді. Жеңімпаз үйшікке фигураларды енгізудің жаңа ережесін анықтайтын болады.
III
Балалар фигуралардыүшқасиеттеріне байланысты (түсі,формасы,қалыңдығы; түсі, формасы, өлшеміне; формасы, өлшемі,қалыңдығына т.с.с.) жіктейді. Балалардың алдында үлкен және кішіүйшіктер (14, е кестесі) беріледі.Олардың міндеттері – әр бөлмеде бірдей фигуралар болатындай фигуралардыүйшікке енгізу керек. Сонымен қатар кішіүйшікке кіші фигураларды, ал үлкенүйшіккеүлкен фигураларды орналастыру керек.
«Вини –Пух пен Пятачок кімде конақта?»
Мақсаты: Талдау, салыстыру, жалпылау қасиеттерін дамыту.
Материалдары: Логикалық кестелі карточкалар(15-17-кестелер), логикалық фигуралар.
Мазмұны
I
Вини-Пух пен Пятачок логикалык фигуралар каласына барады.Әрүйде болды. Бірінші (15, а кесте) үйге кірді. Балалар жетпей тұрған фигураны тауып, Вини-Пух пен Пятачок салынған торға қояды. Егер балалар өздіктерінен шеше алмаса, тәрбиеші жоғары және орта қатарда қандай фигуралар барын қарап, қатардың ұқсастығын тауып, қай фигураның жетпейтіндігін анықтайды.
Балалар басқа кестелерден де жетпей тұрған фигураларды табады. Бір фигураны іздеуден жетпей тұрған екі фигураны іздеуге көшеді (15, б-г кестелері).
II
Жаттығуларда 16 а-е кестелеріқолданылады.
Жетпей тұрған фигураларды табу кезінде балалар кестедегі фигураларды екіқасиеті бойынша талдайды, салыстырып,жинақтайды. Егер қызығушылықтары төмендесе, тәрбиеші жаңа ойын міндетінұсынады. Мысалы, қарақшыларқандай бағалы заттары бар сандықтыұрлағанын табу ( кестедегі фигуралар – бағалы заттары бар сандықтар) немесе үй иесінің жоғалтқан пәтерінің кілтін табу т.с.с.
III
Жаттығулардаүшқасиеттері бойынша фигураларды талдау,салыстыру,жалпылауға берілген кестелер (17 а-д кестелері)қолданылады.
Тәрбиеші ойын міндеттерін түсіндіреді ( Патшайымның алқасынанқандай тас жоғалғанын, Джерри тышқаны Том мысығыныңірімшігінің қай бөлігін тартып алғанын табу т.с.с.)
Логикалық амалдар мен операциялар
Бұл ойындар мен жаттығулар мектепке дейінгі ересек тәрбиеленушілерге арналған. Олар балалардың жиындарды кластарға бөлуге, «және», «не», «немесе» логикалық амалдарын жүргізе алуына және осылармен заттардың қасиеттері туралы мәліметтерді дұрыс құрып айтуға,кодты құруға және шешуге үйретеді. Бұл ойындар мен жаттығулар арқылы бала өз әрекетінің дұрыс немесе қате екендігін еркін талдап жеткізеді.
«Фигуралардың орманнан шығуына көмектес»
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту.
Материалдары: Логикалық фигуралар мен блоктар, кестелер.
Мазмұны
Балалардың алдында 18-кесте. Онда фигуралар жоғалған орман салынған.Фигураларды ну орманнан шығаруға көмектесу керек.
Әуелі балалар жол қиылыстарында неліктен белгілер тұрғанын анықтайды. Сызылмаған белгілер сондай белгілер салынған жол арқылы фигуралар жүруге болатындығын білдіреді. Ал сызылған белгілер ондай белгілер емес жол арқылы фигуралардың жүруге болатындығын көрсетеді. Сосын балалар фигуралардыбөліп, кезекпен орманнан шығарады.
Келесі ойында 19-21- кестелер қолданылады. Балалар орманнан фигуралар мен блоктарды шығаруға көмектеседі.
«Сөздіқысқарт»
Максаты: Логикалық ойлауын дамыту. Амалдарды орындауда ережелердіқатаң сақтауіскерлігін дамыту.
Материал: Логикалық блоктар (фигуралар), 22-кесте
Мазмұны
Балалардың алдында 7-9 блок (дөңгелектер мен шаршылар). Блоктар қатарда еркін түрде тұр,бұл сөз, оны ережеге сай қысқартуқажет. Ережелер (22- а) кестесінде жазылған. Балалар тәрбиешінің көмегіменәр ереженің не білдіретін анықтайды.
1-ереже. Егер сөзде дөңгелек шаршының сол жағында тұрса, оларды орындарымен ауыстыру керек, оны мүмкіндігіншеқолданып, сосын
2-ережеге көш.
2-ереже. Егер сөзде екі дөңгелекқатар тұрса, оларды алып тастау керек, бұл ережені мүмкіндігіншеқолданып, 3-ережеге көш.
3-Ереже. Егер сөзде екі шаршы қатар келсе,оларды алып тастау керек,ережені мүмкіндігіншеқолдан. Осы ереженіқолданып балалар шаршы мендөңгелектенқұралған сөздіқысқартады. Соңындаұзын сөзден не қалғанын анықтайды.
Балалардыңқызығушылығын арттыруүшін тәрбиеші сюжетті жағдайқұрастырады. Мысалы, мынадай оқиғаны баяндайды: «Чебурашка крокодил Генаның туған күнінеқұттықтаужеделхатынжібергісі келді. Ол почтадан бланк алып, оған «Құттықтаймын» деген сөз жазады. Әріптердің орнында бұл сөзде дөңгелектер мен шаршылар. Бұлұзын сөзді телеграмманы төлеуге Чебурашканың ақшасы жетпей қалды. Осы кезде көмекке телеграфшы келді. Ол Чебурашкаға сөздіқысқартып жазуды ұсынып, оны қалай жасаудың жолын көрсететін кестені берді».
Жаттығуды жаңа сөздерменқайталап жасайды. Оларды балалар өздері құрады. «Сөздердегі» блоктар саны біртіндеп артады. Тәрбиеші балаларды мадақтап, мақтап отырады.
«Үйді құрастыр»
Мақсат:Логикалық ойлауын дамыту
Материалдары:Қапшықтағы логикалык фигуралар жиынтығы, 4 үй салынған карточка (23, а кестесі), торкөз өлшеміндей тіктөртбұрыштар (40 дана)
Мазмұны
I
Ойынға бес бала қатысады: жүргізуші мен құрылысшылар. Жүргізушіде блоктары бар қапшық.Әрқұрылысшыдаүйшік-карточкасы мен тіктөртбұрыш-«кірпіштер»
Жүргізуші кезекпен қапшықтан фигуралар алады, формасын айтады. Карточкадан сәйкес белгілерін тапқанқұрылысшылардың бірі карточкадан сол бөліктітіктөртбұрыш-кірпішпен жабады. Кім біріншіөз карточкаларының бетін жауып бітірсе, сол бала жүргізуші болады. Балаларға заттардың (түсін,өлшемін) басқақасиеттеріне бағдарлап, ойынды жүргізуге болады.
II
Екіқасиетін анықтайтын карточкалар қолданылады( 23-б кестесі).
Жүргізушіқапшықтан фигураларды алып түстері мен формаларын айтады. Осыган сәйкес басқа да қасиеттерге негізделген карточкалар нұсқаларын даярлап, қолдануға болады (түсі мен өлшемі немесе формасы мен өлшемі).
III
Үшқасиеттерге негізделген карточкалар қолданылады (23- в кестесі). Жүргізушіқапшықтан фигураларды алып шығып, түстерін, формаларын, әрқайсысыныңөлшемін айтады.
«1-блоктарды бөл»
Мақсаты: бірқасиеті арқылы жиынды екі кіші жиынға бөлуіскерлігін дамыту, «Емес» логикалық операциясын қолдану.
Материалдары: Логикалық блоктар, екі ойыншық (Буратино, Дымбілмес)
Мазмұны
Бір-бірінен 1 метр қашықтықта еденде немесе үстел үстінде екі ойыншық - Буратино мен Дымбілмес орналасқан. Олар блоктардан өздерінеүйқұрмақшы болып, блоктарды өзара бөле алмай,ұрысып қалған. Тәрбиеші екеуін татуластырып, Дымбілместеқызыл түстегі блоктар болатындай бөліп беруге көмекке балаларды шакырады.
Тапсырманы орындағаннан кейін балалар Дымбілместеқандай блоктар (барлыққызыл) жэне Буратинода қандай блоктар (барлыққызыл емес) болғанын айтады.
Жаттығудықайталағандақасиеттер ауыстырылады:Буратинода барлықүшбұрышты блоктар немесе Дымбілместе барлық сары, не болмаса Дымбілместе барлық төртбұрышты блоктар бөлініп берілсін т.с.с.
Р.Н. Непомнящая
Х.Кюизенер таяқшалары- мектепке дейінгі жаста математиканы жэне логиканы танытудыңқұралы.
Таяқшалармен жаттығулар
Барлықәлемге бельгия математигі Х.Кюизенердің ойлап тапқан дидактикалық материалы кеңінен танымал. Бұл математиканы окытуға арналған, балабақшаның кіші топтарынан бастап мектептің жоғары сыныптарында оқитын балалармен жұмыс жасауда түрлі елдердің педагогтері қолданады. Кюизенердің таяқшаларын түсті таяқшалар, түсті сандар,түсті жолақтар, санау таяқшалары деп атайды.
Бұл дидактикалық материалдың негізгі ерекшелігі- абстрактілігі, жан-жақтылығы, жоғары тиімділігі.
Сандық фигуралар, бірліктер мен кіші сандардан тұратын есептік сандар құрамы – монографиялық әдістің өзгертілмейтін атрибуты. Таяқшалар оқытудың жаңа технологиясы ретінде балаларды мектепке даярлауға жеңіл енгізілуде.
Х.Кюизенер таяқшаларын басқа құралдармен сәйкестендіріп (мысалы,логикалық блоктармен), сондай-ақ жекелей тиімді қолдануға болады.Таяқшалар балалардың математикалық ұғымын дамытып қоймай, бір мезгілде педагог еңбегінің және баланың оқу-танымдық әрекетінің құралы болып табылады. Көрнектілік қағидасын атқаруда орны ерекше, қиын математикалық ұғымдарды балаларға түсінікті қалыпта көрсетеді, балалардың карапайым математикалық амалдарды игеруіне көмектеседі. Олардың санды, санауды, салыстыруды меңгеруге жэне білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуге маңызы зор.
Х.Кюизенер таяқшалары дидактикалық құрал ретінде қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру ерекшеліктері мен спецификасына толық сәйкес және баланың жас ерекшеліктері мен даму деңгейіне, негізінен көрнекі-амалды және көрнекі-бейнелі ойлауларына сай. Балалардың ойында алғаш заттармен атқарылған практикалық амалдар жүзеге асады. Таяқшалармен жұмыс практикалық, сыртқы
әрекетті, ішкі жоспарға енгізуге, сондай-ақ ұғым туралы толық, анық және жеткілікті жалпылама түсінік беріледі.
Түсініктің қалыптасуы балалардың жалпы ойы мен математикалық дамуына жол ашады. «Түсті сандарды» пайдалану санау мен салыстыру негізінде балалардың сан туралы түсінігін қалыптастырады.
Санау мен салыстыру нәтижесінде сан қалыптасатыны туралы қорытындыға балалар практикалық қызмет базасымен келеді. Кюизенер таяқшаларымен балабақшада арифметикалық прогрессиямен таныстыруға болады.
Жинақ 241 таяқшадан құралады, әр таяқша ағаштан жасалады және тіктөртбұрышты параллепипедке ұқсас 1 шаршы сантиметрмен қиылған. Жинақта 10 түсті таяқша болады. Таяқшалардың ұзындықтары әртүрлі
1-ден 10 см-ге дейін. Әр таяқша-сан. Түсі мен биіктігі, яғни ұзындығы сантиметрмен берілген. Түстері бір-біріне жақын таяқшалар бір «жиынға» немесе класқа бірігеді ( 1-кесте).
Олардың бір класқа бірігуі биіктігіне байланысты. Мысалы: «қызыл жиынға» 2-ге , «жасыл жиынға» 3-ке, «сары жиынға» 5-ке еселік болатын сандар жинақталады, ал 7 саны тек «жиын» болып қара түспен берілген.
1-кесте
Кюизенер таяқшалары кешенініңқұрамы
Класс | Таяқша түстері | Ұзындығы,см | Саны,дана |
ақтар | Ақ | 1 | 50 |
қызылдар | Қызыл | 2 | 50 |
Қоңыр | 4 | 25 | |
Шие түстес | 8 | 12 | |
жасылдар | Ашық-жасыл | 3 | 33 |
Қою-жасыл | 6 | 16 | |
Көк | 9 | 11 | |
сарылар | Сары | 5 | 20 |
Тоқсары | 10 | 10 | |
қаралар | Қара | 7 | 14 |
Таяқшалар жиынтығыныңәртүрі нұсқалары мен модификациялары бар. Олар бір-бірінен түстер арқылы ажыратылады. Әр жинақтың өз ережесі болады: ұзындықтары бірдей таяқшалар бір түспен боялады, соған сәйкес бір санды білдіреді. Таяқшалардың ұзындығы көп болса, ол көрсететін санның да мәні үлкен.
Мектепке дейінгі балалармен жұмыста 144 таяқшасы бар, оның 36 таяқшасы ақ түсте, қалғандары12 таяқшадан түрлі түсте берілген қарапайым нұсқадағы түсті жинақ таяқшалары пайдаланылады.
Венгриялық таяқшалар нұсқасын да пайдалануға болады. Жинақтарпластмассадан жасалған және он түсті 119 таяқшадан құралған(2-кесте). Олар шаршы негізде бірдей 1см.кв. өлшемде болғандықтан түрлі тәсілмен бірінен кейін бірі немесе бірінің бетіне бірінқоюға болады. Жинақтағы ең кіші таяқшаұзындығы 1 см және кубик түрінде болады. Ақ кубик – бұл бірлік. Қызғылт таяқша ақ кубиктен екі есе ұзын болғандықтан, тікбұрышты параллепипед қалпында және 2 саны болады. Көгілдір таяқшаға 3 саны сәйкес келеді, яғни үш ақ кубик немесе ақ кубик және қызғылт таяқша.
2-кесте
Венгерлік таяқшалар кешенініңқұрамы
Түсі | Ұзындығы,см | Саны,дана |
Ақ | 1 | 25 |
Қызгылт | 2 | 20 |
Көгілдір | 3 | 16 |
Қызыл | 4 | 12 |
Сары | 5 | 10 |
Сия көк | 6 | 9 |
Қара | 7 | 8 |
Қызыл күрең | 8 | 7 |
Көк | 9 | 5 |
Тоқсары | 10 | 4 |
Жасыл | 12 | 2 |
Қоңыр | 16 | 1 |
Жазық нұсқадағы таяқшалар да бар, олар 2х2 см, 2х4 см, 2х6 см, 2х8 см, 2х10 см, 2х12см, 2х14 см, 2х16 см. 2х20 см жолақтардан куралган. ғЖолақтар пластмассадан немесе картон қағаздан жасалады. Таяқшалар сиякты олар да түрлі түстермен боялады.Түсті жолақтарқарапайым және жұмыс жасауда қолайлы. Таяқшалардан ерекшеліктері бар: олар ірірек,өте тұрақты, оны жасауда көп шығындалмайды,оқыту мүмкіндіктері мен тиімділіктері таяқшалардан кем емес.
Таяқшалар тігінен және көлденеңнен жазықта бір жерде жаттығу жасауғақолайлы, мысалы, үстелүстінде, ал жолақтарды үстелде немесе фланелеграфта да қолдануға болады. Таяқшалар мен жолақтарды еденде де «ойынға» пайдалануға болады.
Оларды араластырып пайдалану нұсқасы да бар: тек жолақтарды немесе тек таяқшалардықолдану, әуелі жолақтарды, біртіндеп таяқшалармен оларды ауыстыру, не болмаса таяқша мен жолақты кезектесіп қолдануды жаттығудың міндетіне қарай қолдану үшін балаға мүмкіндік беру керек.
Таяқшалар (жолақтар) жинағымен әр бала қамтылу керек. Егер дайын жинақпен қамтылмаса, берілген өлшемдер бойынша қолдан жасауға болады. Жинақ целлофан пакетте, коробкада, баланың таяқшаларды түсі мен ұзындығына бір мезгілде қарап отырып өздігінен салатын ұяшығы бар жәшіктерінде сақталынады. Таяқшаларды ұяшықтар бойынша салудың өзі пайдалы білімдік жаттығу болып табылады.
Таяқшалармен жаттығулар
Таяқшаларды үш жастағы балаларға ең қарапайым жаттығуларды орындау үшін беруге болады. Олар балабақшаның екінші кіші, орта, ересек жэне даярлық топтарында қолданылады. Кішігірім топтарда, жеке немесе бірнеше адамнан жаттықтырылады. Жаппай жұмыс ретінде барлық балалармен қолдануға да болады. Тәрбиеші ойын түріндегі жаттығуларды ұсынады. Бұл таяқшаларды тиімді пайдаланудың негізгі үйрету әдісі. Таяңшалармен жұмысты жүйелі түрде, жеке жаттығуларды ұжымдық жаттығулармен алмастыру арқылы жүргізу тиімді.
Таяқшалармен жұмыс жасауда берілген сұраққа жауап іздеу үшін балаға өздігінен тапсырманы орындауға уакыт пен мүмкіндік беру керек.
Қарама-қарсы түсінік, сәйкестік пен қатынастарға арналған жаттығуларды орындатуға болады.
Жаттығулар кешенді сипатта болып, бір уақытта бірнеше тапсырмалар шешуге мүмкіндік береді. Жаттығуларда ойын элементтері кіші және орта жастағы балаларға ойын мотивациясын қалыптастырумен енгізіледі. Ал үлкен топтағы балаларға жарыс түріндегі (кім жылдам құрады, жасайды, қояды, айтады) тапсырмалар ұсынылады.
Тапсырманы орындау барысында ( ересектерге толық, кішілерге бөліктермен бөлінген), түсіндіру,түсінік беру, көрсету, сұрақтар,тапсырманы орындау жөніндегі балалардың сөздік есебі, бақылау, бағалау нұсқауы пайдаланылады.
Балалармен жеке-коррекция жұмысын жасағанда таяқшаларды қолдану анағұрлым тиімдірек.
Әуелі балаларды таяқшалар жиынтығымен таныстырып, неден құралғанын қарап шығу керек. Түсті таяқшалардан құрастыру тапсырмасы беріледі. Таяқшаларды қорапшаға немесе жәшіктерге салу кезінде әуелі ақ түстілерді, сосын қызғылт, көгілдір, қызыл түстілерді салу сияқты тапсырмалар орындатылады.
1.Таяқшалардыүстелүстіне сал, оларды араластыр. Кезекпен қызыл, көк, жасыл, қоңыр,ақ, қара, тоқсары, көгілдір,қызғылт таяқшаларды көрсет.
2.Оңқолыңақанша таяқшаұстай алсаң, сонша таяқша ал, олардың түстерін ата.
3. Сол қолыңақанша таяқшаұстай алсаң, сонша таяқша ал, олардың арасынан бірдей түстес таяқшаларды тауып көрсет.
4.Көзіңді жұмғанқалпында жиынтықтан кез келген таяқшаны алып, оғанқара жәнеқандай түсте екенін айт.
5. Үстелдегі барлық таяқшалардың түстерін атап шық.
7. Бірдей түсті таяқшаларды теріп алып, қуыршаққаүй,үйдіңқоршауын және гараж құрастыр.
8. Көк және кызыл таяқшаларды алып, ұштарын біріктір. Поезд шықты. Ақ және көк;қызыл, жасыл және көк;көгілдір, тоқсары жәнеқара;қоңыр, жасыл, ақ және сары таяқшалардан тұратын поезд құрастыр.
9. Оңқолына бір таяқша, сол қолына тағы бір таяқша ал. Ұзындықтары кандай?Оларды беттестір.Қай түстегі таяқшаұзын?Немесе таяқшалар дыңұзындықтары бірдей ме?
10. Жинақтанұзын жәнеқысқа таяқшаларды ал. Олардың түстерін ата. Беттестір.Қатарынанқой. Сұрақтарға дұрыс жауап бергеніңді тексер.
11. Көзіңді жұмып, жинақтанұзындықтары бірдей ( әртүрлі) екі таяқша тап.
12. Әртүрлі екі таяқша таңдап ал. Олардан ұзындықтарықандай?Ұзындықтары бірдей екі таяқша ал. Олардың түстеріқандай?
13. Қызыл жәнеқара таяқшаларды ал. Астында ұзын таяқша, ал үстінде қысқа таяқша болатындай таяқшаларды бірінің үстіне бірін қой.
14. Таяқшалардың қайсысы ұзын: қызыл немесе қоңыр, тоқсары немесе көк, көгілдір немесе сиякөк, сары немесе қара таяқшалар ма? Өз жауабыңды таяқшаларды беттестіру арқылы тексер.
15. Көк таяқшадан қысқа, қызыл таяқшадан ұзын,көгілдір таяқшадан қысқа таяқшаны көрсет.
16. Жасыл таяқшадан ұзын таяқшаны жасырдым. Қандай таяқшаны жасырғанымды тап. ( Қоңыр түсті таяқшаны) Енді оны көрсет.
17. Барлық ұзын…таяқшаларды ата және көрсет ( Кез келген таяқшалардың түсі аталады).
18. Ақ. Көгілдір және сары таяқшалардан баспалдақ құра. Астыңғы (үстіңгі,ортаңғы) таяқша қандай түсте? Әр баспалдақтың түсін ата. Баспалдақпен көтеріл. Дәл солай баспалдақпен төмен түс.
19. Тоқсары, қызыл күрең және сиякөк түсті таяқшалардан баспалдақ құр. Олардың арасынан көк және кара түсті таяқшалардың орнын тап. Бір баспалдақты аттай отырып, түстерін атап, сатылап көтеріл. Ал төмен түскенде әрқайсысының түстерін ата.
20. Әр түсті таяқшалардан бір-бірден алып, оларды төменнен жоғарыға қарай қой. Олардың қасына ұзын таяқшалардан қысқа таяқшаларға дейінгі қатарды орналастыр. Енді екі қатардан бір қатар құра.Солдан оңға және оңнан солға қарай таяқшалардың түстерін ата.
21. «Мен қандай таяқшаны таңдадым?» ойын жаттығуы. Жүргізуші жинақтан кез келген таяқшаны алады. Ойынға қатысушылар жүргізушіге оның түсінен басқа таяқша туралы барлық сұрақтарды қояды. «Иә» немесе «жоқ» деген жауаптар беріледі. Мысалы: «Бұл таяқша сары таяқшадан қысқа ма?» - «Жоқ!». Ендеше, ақ та, қызғылт та, көгілдір немесе қызыл түсті таяқша туралы сөз болып тұрған жоқ. Жүргізушінің таңдаған таяқшасын тапқанша сұрақтар қойыла береді.
Түрлі күрделі нұсқалар:
А. Баланың көз алдында өсу ретімен таяқшалар қойылады. Ол ойын барысында «жоқ» деп жауап алынған таяқшаларды ысырып отыруына мүмкіндігі бар.
Б. Баланың көз алдында ұзындығы бойынша реттелген таяқшалар қойылады, бірақ ойын барысында оларды қозғалтуға және ысыруға болмайды.
В.Ойын елестету жоспарымен жүргізіледі.
22. Көгілдір және қызғылт түсті таяқшалардан қызғылт түстісі оң жақта болатындай етіп (қоңыр таяқша көктің сол жағында болатындай көк және қоңыр таяқшалардан; ақ, қызыл және сары таяқшалар арқылы ақ таяқша ортасында болатындай етіп; көк, қара, қоңыр таяқшалар арқылы қара таяқша ортасында, ал ал көк таяқша оң жағында болатындай етіп; қызыл, сары, қара таяқшалармен қызыл таяқша оң жағында, ал сары таяқша сол жағында болатындай етіп) бір таяқша құрастыр.
23.Қызыл, тоқсары, қоңыр вагондар арқылы тоқсары қоңырдың сол жағында, ал қоңыр қызылдың сол жағында болатындай поезд құрастыр. Қай вагон сол жағында: қызыл немесе қоңыр ма?
24. Көк, сары және тоқсары вагондар мен тоқсары көктің оң жағында және сары көктің оң жағында болатындай етіп поезд құрастыр. Солдан оңға қарай вагондардың түсін ата.
25. Таяқшалардың әр түрінен бірінің үстіне бірін қойып мұнара жаса. Қай таяқша төменде: қызыл, әлде тоқсары (қызыл немесе көк)? Таяқшалардың қайсысы жоғары: сары немесе көк (жасыл немесе қызыл)? Жасыл мен көк (кызыл және қызғылт) таяқшалардың арасында қандай таяқша жатыр? Қара (көгілдір,көк) таяқшаның үстінде қандай таяқша жатыр? Сары (күрең қызыл, көк) түсті таяқшалардың астында қандай таяқша жатыр? Ең жоғарыда қандай таяқша? Ең төменде қандай таяқша?
26. Әр түрінен таяқшалар алып, оларды ретімен қой: астыңғы жағында ең ұзыны, ал үстіңгі жағында ең қысқасы болсын. Күрең қызылдан төмен, ал тоқсарыдан жоғары ( көгілдірден төмен ,бірақ сарыдан жоғары) жатқан, тоқсары мен қоңырдың ( көгілдір мен ақтың) ортасында, ең астында, ең үстінде жатқан таяқшаның түрін тап.
27. Ең қысқа таяқшаны ал. Ол қандай түсте? Ақ таяқша – бұл бірлік, «бір» саны.
28. Ең қысқа таяқшаны ал. Ақ таяқшаларды жақындат, олар бір таяқшаны құрасын. Жинақтан ұзындығы дәл сондай, екі ақ таяқшаны бірге алғандағыдай болатын таяқшаны ізде.Қызғылт таяқша – «екі» саны, себебі ол екі ақ таяқшаның ұзындығындай ұзындыққа ие.
29. Үш ақ таяқшаның ұзындығына тең болатындай таяқша тап.Үш ақ таяқша бірге алғанда бір көгілдір таяқшаға тең. Көгілдір таяқша- бұл «үш» саны. (Осыған сәйкес 10-ға дейінгі барлык сандар енгізіліп, түсіндіріледі.)
30. « Санды ата – таяқшаны тап» ойын жаттығуы. Жүргізуші санды атайды, ал ойынға катысушылар сәйкес таяқшаларды табады. Сосын жүргізуші таяқшаларды көрсетеді, ал балалар санды атайды. (мысалы: ак - бір, қызғылт - екі, көгілдір – үш және т.с.с.). Әуелі сандар аталып, таяқшалар ретімен көрсетіледі, сосын бөліп көрсетіледі.
31. « Теңіңді тап» ойын жаттығуы. Нұсқалары:
А. Түсті санға (таяқшаға) сандық фигураларды таңдау керек, сан карточкада жолақта дөңгелектер түрінде, ал сосын геометриялық фигуралар шаршы,үшбұрыш, дөңгелек түрінде) беріледі.
Б. Түсті санга карточкада бейнеленген оған сай келетін жай сандар таңдалады.
В. Түсті санға сәйкес заттар саны (немесе карточкадағы олардың бейнелері) таңдалып алынады.
Парды табу кезіндеәуелі ретімен, сонан соң топтау арқылы орындалады. Жаттығуды орындап, бала таяқшаларды сәйкес келетін сандары мен сандық фигуралар суреттері салынғанқорапшалар мен қапшықтарға салады.
32. Өзіңқалайтын таяқшалардан поезд құра.Әр вагонға оларға көрсетілген санға сәйкес жолаушыларды (ойыншықтарды) отырғыз. Олардыңқасынақажетті (сандары) дөңгелектерімен берілген карточкаларды қой.
33. Жинақтан кез келген таяқшаны ал. Ұзындығы осы таякшаға сәйкес келмейтін екі таяқшаны тап. Не істегеніңді айтып бер. Таяқшалардыңқасына сандары (немесе сандық фигуралары) бар карточкалар және( +,=) белгілерінқой.
34.Жинақтан екі таяқшаны алып,бір-біріне жалға.Ұзындығы оған сәйкес келетін таяқшаныіздеп тап. Екеуінен бір таяқшаны алып таста. Нені жасағанын айтып шық. Оны сандары бар карточкалармен және (-,= ) белгілерімен «жаз».
35. Мен ұзын таяқшаны аламын, ал сен біріктіргенде менің таяқшамныңұзындығына тен келетіндей басқа екіқысқа таяқшалардыіздеп тап. Бірнеше таяқшалардан кілемқұрастыруды жалғастыр.
Түрлі күрделі нұсқалар:
А. Кілемәртүрлі таяқшалардан ешқандай шартсыз жасалады.
Б. Кілем мүмкіндігінше көп жолақ санынан жасалады.
В. Кілемәр түсті жолақтардан жасалады (сол таяқшаларды түрлі кезекпен орналастыруға болады)
Г. Кілем нақты түсті таяқшаларданқұрастырылады ( мысалы: тек қызыл,қызгылт немесе күренқызыл түстерді алу керек) немесе тек олардың нақты сандарынан (тек кана екі,үш және т.с.с.)
Д. Кілемге ақ таяқшадан жиек жасау керек.
Е. Таяқшалармен көрсетілгендер сандар мен белгілері бар карточкалар көмегімен «жазылады» .
36. Қызыл (жасыл, тоқсары жәнет.с.) таяқша сияқты екі вагоннан сондай ұзындықтағы поезд құрастыр.
37. Көгілдір, сары,қара түсті таяқшалар ал. Қандай да екі таяқшадан осындай ұзындыктағы поезд құрастыр.
38. Үстелге күреңқызыл,қызыл,сары, тоқсары таяқшаларқой.Қандай да үш таяқшадан осы ұзындықтағы поезд құрастыр.
39. Қандай бірдей таяқшаларданқоңыр (жасыл, көк, тоқсары) таяқшақұрастыруға болады?
40. Қандай бірдейүш таяқшалардан сия көк (көк, көгілдір) таяқшанықұрастыруға болды?
41. Көк және ақ,қызғылт және күреңқызыл, көгілдір жәнеқара, сия көк жәнеқызыл; екі сары; ақ,қызыл және сары; қара жәнеүш ақ таяқшадан поезд құрастыр. Құрастырған поездың ұзындығына тең болатындай жинақтан таяқшаны тап.
42. Ең кішісінен бастап ең ұзынына дейінгі таяқшаларды бірінің астына бірін әртүрінен қой. Таяқшаларды бір жағынан бірдей етіп түзет. Қандай бір таяқшамен қысқа таяқшаны үлкен таяқшаға дейін толыктыруға болады?
43. Ақ таяқшаны қалған әрбір таяқшаларға дейін тек бір таяқшамен толықтыр.
44. Ақ таяқшаны сарыға дейін (қызылды көкке дейін, қызылды қоңырға дейін, сарыны тоқсарыға дейін) бір таяқшамен толықтыр.
45. Санды қандай таяқшаларданқұруға болады? ( 10 көлеміндегі сандар аталады). Бірдей (әртүрлі) таяқшалардан санды (сан аталады) кұр.Санды (сан аталады) анықталған түсті таяқшаларданқұр.
46. Бір поез сары түсті, екіншісі сия көк түсті таяқшаларданқұралсын.Қай поезд ұзынырақ (қысқарақ)?Қысқа поезғақандай вагонды тіркесе, оныңұзындығыұзын поездыңұзындығындай болады?
47. Бір поезд бес ак түсті вагоннан, ал басқасыүшқызгылт вагоннан құралсын.Қай поездұзын болады? Қаншағаұзын?
48. Бір поезд көк таяқшадан, ал екіншісіқара таяқшаданқұралсын.Қысқа поезғақандай екі вагонды тіркесе, поездардыңұзындықтары тең болады?
49. Тоқсары мен сары жолақтар бір поезды құрайды, қызыл және сия көк түстілер – екінші поезды құрайды. Поездардыңұзындықтарынқалай теңестіруге болады?
50. Поездардықұрастыр: бірінші поезда 10 ақ вагон, ал екіншісінде, ақ вагон ( біріншісінде – 2 қызғылт, екіншісінде – 4 қызғылт, біріншісінде – 6 қызыл вагон, екіншісінде -1 қызыл вагон). Бір поезд баскасынан неше вагонғақысқа?
51. Поезд қызыл және көгілдір вагоннан құралған. Бірінші поездан бір ақ вагонғақысқа (ұзын) болатындай ақ вагондардан тұратын поезд құрастыр.
52. Бір поезда үшқызғылт вагон болатындай,қызғылт вагоннан тұратын, бірақ бір вагонғаұзын (екеуінің бірінде 8 қызыл вагон болатындай, ал екіншісіндеқызыл вагондардан құралған, бірақ 4 вагонғақысқа) болатындай поездарды құрастыр.
53. Тоқсары жәнеқызылвагондардан тұратын поезд құрастыр.Қоңыр вагондарды поездардыңұзындығыөзгерілмейтіндей етіп,қызыл вагондармен алмастыр.
54. Поезд көк және күреңқызыл вагондардан құралған. Бір вагонды көкпен, басқасын-қызғылт вагонға алмастыр. Поездыңұзындығы сақталуы тиіс.
55. Токсарыда (күреңқызылда, сия көкте,қызылда)қаншақызғылт таяқша бар?
56. Жинақтағыәр таяқшақанша ақ таяқшаданқұралған?
57. Әртүрлі тәсілмен бірдей таяқшалардан жасыл таяқшақұрастыр.
58. Жолақта (ұзындығы 10 см.) қанша ақ( қызғылт, сары, тоқсары) таяқша салынады?
59. Үстелдіңұзындығы мен енін тоқсары таяқшаның көмегіменөлше.
60. Қарындаштыңұзындығынәртүрлі(бірдей) таяқшаларменөлше.
61. Қызыл таяқшаны ақ (қызғылт,қызыл) таяқшаменөлше.Күреңқызылдақанша ақ,қызғылт жәнеқызыл таяқшалар енеді? Олардан кілем жаса. Қызыл (қызғылт, ақ) таяқша күреңқызылды қанша бөлікке бөлінді? Кілемнен екіден бір бөлігін (екіден екі бөлігін, сегізден төрт бөлігін, төрттенүш бөлігін т.с.с.) көрсет.Қайсысыүлкен: сегізден төртбөлігі немесе сегізден екі бөлігі ме? Төрттен екі(2/4) немесе төрттенүш (3/4) бөлігі ме? Қайсысы кіші: 1/2 немесе 2/2? Қайсысыүлкен: ½ немесе ¼? Төрттен бір екіден бірденқаншаға кіші?
62. Таяқшалардан шаршы, тіктөртбұрыш жәнеөзің білетін басқа фигураларды құрастыр. Таякшалардың көмегіменқай фигура көп орын алатынын қалай білуге болады? Қайсысы аз? Таяқшаның көмегімен шаршыныңқабырғалары тең бе екендігін біл? Тік тоөртбұрышта ше?
63. Түсті таяқшалардан 11-ден 19-ға дейінгі сандардыңәрқайсысынқұрастыр.
Түсті таяқшалармен жаттыгулар үлгілері
Матрешкағаүйшікқұрастырайык
(ортаңғы топ)
Мақсаты:Балалардақалып туралы (үшбұрышты, шаршы, тіктөртбұрышты),ұзындықты ( еңұзын,қысқа, еңқысқа), санауда ( 5-ке дейін); кеңістікте бағдарлауда ( сол жағында, он жағында,астында,үстінде, ортасында) және таяқшаларды түстерін атау (тоқсары, ақ, сия көк және т.с.с.) түсініктерін бекіту.
Материалдары: түсті таяқшалар жинағы мен әр балаға бір-бірден матрешкалар.
Ұйымдастыру.Балалар еденде жартылай шеңберқұрыпорналасады, ал тәрбиеші ортасында болады. Әр балада – кішкене матрешка.
Жаттығу барысы.
- Түрлі- түсті таяқшалардан матрешкаларғаүйшікқұрастырып көрейік.
Төрт тоқсары таяқшадан шаршы құра.Екі көк таяқшадан шатыр құра.Үйдің шатырының формасы қандай? (Балалардың жауаптары.) Үйдіңқабырғалары мен шатырынан басқа тағы нелері болады? (Терезелері,есігі мен мұржасы). Екіқызғылт таяқшаны алып, терезесін, екісары таяқшаны алып, мұржасын жасаңдар.Мұржадан не шығып жатады? (Түтін.)Қандай таяқшалардан сендер оны жасай аласыңдар? Ол үшін неше таяқша аласыңдар? Терезе, есік, мұржасының формасы қандай? (Балалардың жауаптары.) Матрешканы үйге шақыруға болады. Тек ол үйгеқалайша енеді? Матрешка үйге ену үшін тағы неніүйгеқарайқұру керек? (Баспалдақ.) Ақ, көгілдір, сары таяқшалардан баспалдақ жасаңдар.Төмендегі (ортадағы, жоғарыдағы) таяқшалардың түстеріқандай? Матрешкамен бірге баспалдақпен көтеріліп,әр баспалдақтың түсін ата. Ал енді төмен түсіңдер.Матрешканы еңұзын (қысқа, еңқысқа) таяқша-баспалдағынақойыңдар. Ортадағы таяқшаның түсіқандай? (Балалардың жауаптары.)
Үш сия көк түсті таяқшаларды алып, үйдің сол жағына, ал төрт сондай түсті таяқшаларды алып, оң жағынақойыңдар. (Балаларорындайды.) Міне,үйдіңқоршауы (шарбағы) да бар. Қоршаудың (шарбақтың) таяқшаларының биіктіктеріқандай? Олардың түстеріқандай?
Ал ендіүйдіңқасына агаш егейік. Ағаштың діңін бір жасыл таяқшадан, ал ағаштың бұтақтарын – көк таяқшалардан жасаймыз. Діңін жасауғақанша таяқшақажет болды, ал бұтақтарын жасауға ше? (Бірнеше балалардан сұрау керек.)
Матрешкалар бір-бірінеқалайқонаққабарады? Жолдар жасау керек. Үйлердің арасын жолдармен біріктіріңдер, қосыңдар) Жолдарды жасауға таяқшалардыөздерін таңдап алыңдар, бірақ жолдар бір түсті болуы керек. (Балалардан кандай өлшем мен түстегі таяқшаларды таңдап алғандықтары жәнеқанша таяқшақажетболғаны жөнінде сұрау керек.)
Мен барлык матрешкалар өздерініңәдеміүйлерінде тұрып, бір-біріне конаққа бара алады деп ойлаймын.
Поездар
(Ересектер тобы)
Мақсаты:Балаларды есептік және реттік санауға жаттықтыру, кеңістікке бағдарлауға, санныңқұрамын меңгеруге, цифр мен түстерді ажыратуға, ойлауға, түсіндіру мен дәлелдеуге,өздігінен сұрақтарқойып, оған жауап беруге жаттықтыру.
Материалдары:Фланелеграф,таяқшалардың жазық нұсқасы мен фланелеграф үшін жануарлардың пішіндері;әр балаға түрлі-түсті таяқшалар, цифрлар.
Ойын барысы:Балалар, сендер саяхатқа шығуды жақсы көресіңдер ме?
(Жауаптар). Онда бүгін саяхатқа немен шығатынымызды шешіп көріңдер:
Егістікте саты жатыр,
Үй сатымен жүріп жатыр.
(Поезд)
Сендер поезд екенінқалай шештіңдер? (Жауаптар.) Ендіөз поезымызды даярлап, жолға шығайық…
Таяқша- вагондардан еңұзынынан бастап, еңқысқасына дейін поезд құрастырыңдар.Құрдыңдар ма? Кеттік! Жол-жөнекей «сұрақтар-жауаптар» ойынын ойнаймыз. Мен бір сұрақты айтамын., ал екіншісін сендер айтасыңдар. (Балалар берілген сұраққаұқсас сұрақ ойлап қояды.)
Поезда барлығықанша вагоны бар? Қоңыр вагон нешінші ретте тұр? Қандай түстегі вагон алтыншы болып тұр? Нешінші вагон қоңыр мен тоқсары түстегі вагондар арасында тұр?Сары вагонның жанындағы бірақ қызыл түсті емес вагонды тап. Курең қызыл вагонның сол жағындағы (оң жағындағы) вагонның түсі қандай? ( Балалардың жауаптары.)
Мен вагондардың өлшемдерін атаймын, ал сендер оларды көрсетесіңдер: ең ұ зын,ең қысқа, одан да қысқа … кім жалғастырады? Ал енді керісінше : ең қысқа, ұзын, одан да ұзын.(Балалардың арасынан біреуі атап және көрсетуді жалғастырады.)
Өз поездарының вагондарын нөмірлеңдер. Тоғызыншы вагонның түсі қандай? (Бірінші,соңғы) вагонныңөлшеміқандай? (Жауаптар.)
Біздің поезда жолаушылар келе жатыр- міне, олар . (Ақ түсті таяқшаны көрсету керек.) Соңғы вагонда қанша жолаушы? (Ақ таяқшалардыұзынынанқойып, санату керек.) Сенің сұрагыңқандай? (Бірнеше баладан сурау керек.) Тоғызыншы және оныншы вагондарғақанша жолаушы сияды? Дәлелдеңдер. Сегізінші мен жетіншіде ше? Қалай білдіңдер?Қай реттегі вагонда бес жолаушы жүріп келеді? (Жауаптар.)
Балалар, темір жол бойынан қарсы бағытпен поезд жүріп келеді. (Фланелеграфта төрт вагонды поезд құрау керек.) Бірак ондағы жолаушылар – аңдар: піл, сиыр, мысық, ит.бұл поезда тышқан да бар, бірақ ол тығылыпқалгандықтан, көзге көрінбейді.Егер ит және пілмен бірге келе жатпағанын білсек, тышқанныңқай вагонда екендігін табыңдар.(Тышқан сиырмен келе жатыр, себебі мысық оны жеп қоюы мүмкін.)
Жолаушылар поезында жүрген жақсыекендігі рас қой? Бірақ тауар поездары да бар, олар өтеқажет. Өз қалауларымен бір түсті таяқшалардан тауар поезын құрастырыңдар. ( 2-3 баладан қандай түсті таяқшалардан және өз «поезының» неше «вагоннан» құрастырғаны жөнінде сұрау керек.) Біздің бір орындық (ақ таяқшаны көрсету керек),екі орындық (қызғылт таяқшаны көрсету керек), үш орындық т.с.с. жүгіміз бар. Бұл жүктерді вагондарға әртүрлі болатындай болып салу керек. Іске кірісіңдер! (Тапсырманы орындау барысында қандай жүк бірінші вагонда, екінші вагонға және т.с.с. жүк қалай тиелгенін сұрау керек.)
Біздің поездар кесте бойынша вокзалға келді. Бірақ вокзалдыңғимараты жоқ, оны карточкадағы цифрлары көрсетілген үш таяқша арқылықұрастыруға болады. (Балаларға цифрлары бар карточкалар таратып,соған сәйкесқұрылысқақажетті таяқшалар таңдап алынады.)
Құрылыстықарап шыққан соң, балаларды шеңберге тұрғызуғаұсыныс беріледі.Тәрбиешіәр балаға доп лақтырып, «Тапсырмада не қызықты болды?», «Ал саған барлығынан не ұнады?», «Қандай тапсырма саған еңқиын болды?», «Қайсысы жеңіл тапсырма болды?»,» «Сен жақсы жұмысістедің бе, қалай ойлайсың?, «Неге солай ойлайсың?», «Сен өзіңді не үшін мақтар едің?» деген сұрақтарқояды.
Кьюзинер таяқшаларымен жұмыс түрлері
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/272920-kjuziner-tajashalarymen-zhmys-trleri
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Основы профессиональной деятельности классного руководителя (куратора) с учётом требований ФГОС СПО»
- «Современный этап школьного географического образования»
- «Вожатый детского лагеря: содержание и организация работы»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя кубановедения»
- «Применение здоровьесберегающих технологий в учебно-воспитательном процессе ДОУ»
- «Туризм и краеведение: особенности организации учебной деятельности в ДОД»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания мировой художественной культуры
- Методика организации учебно-производственного процесса
- Педагогика дополнительного образования: теория и методика работы с детьми
- Педагогика и методика преподавания информатики
- Физическая культура. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса
- Содержание профессиональной деятельности старшего вожатого образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.