- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Жаңа бағдарлама жаңа бастамаларға бағытталған ұлы жол
ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛЫ ЖОЛ
-
Тасжанова Назира Алтынбековна
№56 орта мектеп
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осыған орай 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа жүйесіне көшті. Еліміздің орта білім аймағында болып жатқан жаңалығы бізді де бей-жай қалдырмағанын жасырмаймын.
Бұл бағдарламанын өзгешілігі даярлық сыныбынан бастап балаға спиральді білім беру болып табылады. Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып, келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылып, күрделілігі артып отыратынын естігенде менің ішкі дүниемде бір қуаныш пайда бола бастады. «Қайталау –білім анасы» деген сөзі бар емес пе? Бала жылдан жылға қайталап, тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп тұрса, балаға оқу үдерісінде қиынға соқпайды деп түсіндім. Спиральді білім беру арқылы баланың бойындағы табиғи талантын ашуға көп көмегін тигізетін шығар деген ой туды.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы .
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сертификатталғаннан кейін қыркүйек айынан бастап мектеп табалдырығын аттаған 22 оқушының сынып жетекшісі болып жаңартылған бағдарламаныңайтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалауға, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына жаңартылған білім мазмұны бойынша шәкірттерді біліммен сусындатуға алғашқы қадамымды бастадым. Алғашқы кезеңнен бастап баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру үшін енді ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға тыңдалым және айтылым дағдысы бойынша жұмыстар атқарылды. Соның ішінде мұғалімге көмек ретінде дайындаған сауат ашу пәнінен дискі балаларға көптеген пайдасын тигізді. Яғни, бала берілген мәтінді тыңдап, ой елегінен өткізіп, содан кейін өздері пайымдауларымен сұрақтарға жауап бере бастады. Бұл кезеңде менің ең бірінші алға қойған мақсатым балалар бірін-бірі тыңдай білуі тиіс еді. Яғни, тыңдалым дағдысын қалыптастыру керек болатын.
Айтылым дағдысы әр шәкіртке ең қажеттілердің бірі. Тіл мәдениеті, тілдік қоры, сауаттылығы баланы жарқын жолға апарары хақ. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың деген секілді оқушының сөз бен сөйлемге берік назар қоюы болашақтың кілтін табуға арқау болады. Түпкі сөздермен түрткі заттардың өзекті мәселесін келешекте шешім табу үрдісіне айналдырса - онда ол баланың болашағы. Күнделікті сабақта тыңдалым және айтылым дағдысы бойынша жұмыс жасағандықтан балалар, бұл дағдыға да төселе бастады. Яғни, бірін-бірі іштей ұғынып өзгенің пікірін сабырлықпен тыңдауға қалыптаса бастады. Бала болашағы - білім, ал білімге көңіл қойсақ, өз ойын еркін жеткізу, сөйлеу арқылы, ал сөйлеу үрдісі айтылым дағдысына кеп тіреледі.
Алғашқы кезеңде әрине әлі әріп танымайтын, ақ қараны бір көретін баламен жұмыс істеу қиынға түсті. Осы бастауыш сыныпта 18 жыл жұмыс істегенімде 1 сыныпта бала қаратану үшін біз әліппе оқулығын оқып сол оқулыққа әбден көзіміз үйреніп кеткендіктен бе, әйтеуір, ең бірінші кезеңде қиындықтар болды. Бірақ уақыт өте келе өзім де, оқушыларымда сабаққа деген қызығушылықтары арта бастады. Тек қана айтарым сауат ашу пәніндегі оқылымға берілген мәтіндерді тыңдалымға берілген мәтінге қарағанда баланың жас ерекшелігіне қарай айқындап бояуын анықтап шығарса екен дегім келеді. Екіншіден, жаратылыстану пәнінеде сауат ашу пәні сияқты мұғалімге көмек ретінде тыңдалым дағдысын ұтымды қалыптастыру үшін арнайы дискасы болса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, жаратылыстану пәні бастауыш сыныпқа жаңадан енген пән.
Ендігі бір кезекте айтатын нәрсе ол бағалау жүйесі. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады .
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді .
Қалыптастырушы тапсырмалар арқылы айтылған мадақ, ой-пікірлер бұрынғыдан әлдеқайда шәкіртті шыңдап, биікке жетелеуге, өз қатесін кері байланыс арқылы түзетуге ұмтылдырады. Бұрынғы дәстүрлі оқудағы әр қойылған баға баланың талпынысын төмендетуге жол ашатыны белгілі, сондықтан кері байланыс баланың талғамы мен талпынысын жоғалтпауға септігін тигізе бастады. Оқушы әрбір жаңа сабақты меңгеруі үшін мұғалімнің қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері маңызды болып табылады. Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылар бір-бірінің білімімен және өз түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істейді. Бірлескен, сұрақ -жауап кезінде өз түсініктерін кеңейтеді. Бастауыш сыныптарда қолданатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады. Осы жаңартылған білім бойынша өткен жаратылыстану пәнінен «Ғарыш дегеніміз не?» деген тақырыпта өткен бір сабағымды мысал келтіретін болсам, ең бірінші балалардың осы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін тақтаға күн, ай, жұлдыздың суретін шығарып, бұл суреттегі заттарды қайдан және қашан көруге болады деген сұрақтан бастадым. Балалардың «түнде аспаннан» деген жауаптарынан кейін сыныпты «күн», «ай», «жұлдыз» деп қима қағаздармен 3 топқа бөліп алдым және де балалардың бұрынғы білетін білімімен ұштастыра отырып, бейнеролик арқылы тыңдалым дағдысына тоқталдық. Бұл бейнероликте өздері бұрын соңды естімеген жаңа ақпаратпен танысып ой бөлісті.
Топтық жұмыста балалар көрме ұйымдастырды.
І топ Күн: Ермексаздан ғарыш туралы мүсін жасады.
ІІ топ Ай: Ғарыш туралы не білдің? Қағаз бетіне түсірді.
ІІІ топ Жұлдыз:Телескоп макетін жасады.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысу үшін «Ғарыш» атты рөлдік ойын ойнаттым. Оқушылар ғарыштық денелер арқылы рөлдік ойын ойнады. Жаңа сабақты оқушы қаншалықты деңгейде меңгергенін байқау үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын бердім. «Пиктограмма» әдісі арқылы балалардың білім деңгейлерін тексердім.
Бүгінгі сабаққа өте жақсы түсінген оқушы күнді, жартылай түсінген оқушы жұлдызды, түсінбеген оқушы айды жабыстыру керектігін айтып түсіндірдім.
Нәтижесінде пиктограмма әдісі арқылы сыныбымның 13 оқушысы күнді, 9 оқушысы жұлдызды жабыстырды, жаңа сабақты түсінбедім деп айды жабыстырған оқушы болмады.
«Пиктограмма» әдісі | |||
% | Күн-13 | Жұлдыз-9 | Ай-0 |
100 | 59% | 41% | 0 |
Әр бөлімді аяқтағаннан соң бекітілген жоспар бойынша жиынтық тапсырмаларын алып отырдым. Әр сабақтың соңында қалыптастырушы тапсырмаларды алып түзету енгізіп отырғанның пайдасы жиынтық тапсырмаларын алғанда көптеген пайдасын тигізді.Оқушының әр бөлімде алынған жиынтық тапсырмаларын ата-аналарына жіберіп, таныстырып отырдым. Яғни, ата-ана баласының қай пәннен, және неден қиналатынын біліп, өздері үйлерінде баланың жіберген қатесіне байланысты қосымша тапсырмалар жүргізіп отырды. Ата-анамұғалімоқушы үштік одағы құрылып, ата-аналардың сынып жетекшілермен ынтымақтастығы нығайып, мектеппен байланысы арта түсті, ата-аналардың бір-біріне деген ынтамақтастығы нығая бастады. Егер дәл осы спираль тәрізді оқушы білім алып, әрбір баланың орындаған жұмысын талқылып, жетістігі мен қатесін түзетіп отырсақ, баланың жасынан неге бейім екенін біле отырып, оның табиғи талантын ашуына мүмкіндік аламыз, екінші мамандық таңдауынан қателеспейтін шығар деп ойлаймын. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпақ толқыны орта мектептерден алған білімін құрал қылу және кез-келген істің түйінін шешіп, мәселенің байыбын анықтау, бағасын беріп өмірлерінде пайдалана алу.
Оқушылардың алған балдық жүйелерін электрондық журналға қойып, тоқсандық спецификациясынан кейін оқушының тоқсан соңында алған балы автоматты түрде бағаға айналды. Қасиетті қаламын серік еткен қазақтың маңдайына біткен Жүсіпбек Аймауытов:“Баланы оңай үйретуге талпынба, ол әр кезде нәтижеге ойлануарқылы жету керек” деген екен . Ендеше, ЖАДА бойынша қабілеті жоғары оқушылар үлгерімі төмен оқушыларға «көпірше» бола алса, яғни бір-біріне үйрете алса онда оқушының алған ақпараты 90 пайызға көтеріледі. Ендеше мына біздер шыдамдылық танытып, баланың ойлануына мүмкіндік берсек онда өз түйсігіндегі оймен сөйлей білетін шәкірттің жазылым дағдысында да еш қатенің болмауына кепілдік бар.Кепілдік ол ынта мен зеректік. Егер осы екі құралды қолданып бала еркін сөйлесе, жазылым сауаты да шет қалмайтыны шындық.
Айтылым дағдысы оқылым дағдысына тәуелді. Дағдылар бір-біріне байланысты, бұл бірегей біріктірілген болашақтың білім жүйесі.
Қорыта келе айтарым, әрбір ұстаз жаңа технологияларды пайдалана алатын, өзінің нақты мақсатын айқын көре алатын, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыра алатын кәсіби шебер болуы керек. Атақты педагог К.Д.Ушинскиидің «Мұғалім жас бала үшін ешбір теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерін үнемі жадымызда ұстайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші басылым.
2.Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016ж.
3.Интернет ресурстары.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/276507-zhaa-badarlamazhaa-bastamalara-bayttal
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Ключевые инструменты социально-психологической поддержки»
- «Речевое развитие детей дошкольного возраста»
- «Преподавание английского языка в начальной школе в соответствии с требованиями ФГОС НОО от 2021 года»
- «Профилактика гриппа и острых респираторных вирусных инфекций в образовательной организации»
- «Центр «Точка роста»: реализация образовательной программы по предмету «Биология»
- «Механизмы реализации внеурочной деятельности по ФГОС НОО»
- Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Психология и педагогика дошкольного образования
- Профессиональная деятельность советника директора по воспитанию
- Деятельность учителя-методиста в рамках сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Физическая культура. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса
- Воспитательная деятельность в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.