- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Риторические аспекты профессиональной коммуникативной деятельности современного педагога»
- «Игровые пособия для работы с детьми дошкольного возраста (палочки Кюизенера, блоки Дьенеша, круги Луллия, ментальные карты Бьюзена)»
- «Обучение английскому языку детей дошкольного возраста»
- «ИКТ-компетентность современного педагога»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ақ жол саған, жас түлек 2017
Бүгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шынар күні.
Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.
Ақ жол саған, жас түлек!
Өтетін күні:25мамыр 2017жыл
Өтетін уақыты: сағат: 10:00
Өтетін орны: мектеп алаңы
Шашу биі
Мұғалім: Қайырлы кеш, ата-аналар, қонақтар,
Кезде келді бүгін, міне, жыр ақтар.
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап.
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
Бүгін міне, есте мәңгі сақтар күн,
Алып ұшқан түйініндей хаттардың.
Түлектерге қимас сезім сыйлаған,
Куәсіндей балалық бал шақтардың.
Бүгін – жүрек дүрсілінің өз әмірене бағынбай тулар күні,
Бүгін – өмірдің алғаш соқпағының сынар күні.
Бүгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шынар күні.
Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.
Тоғыз жыл бірге оқыған сыныптастар,
Қимайды бірін-бірі құрдас-достар.
Әркімді жеке-жеке шақырайық,
Арманы әрқашан да биік жастар,- дей отыра ортаға түлектерді, бір-бір үйдің тіректерін ду қол соғып қарсы алайық.
Білімі терең, тек алғыстан жаратылған,
Аудармашы, көшбасшы таланты бар.
Бітірер шақта ұстазы, мектебі де,
Айрылғысы келмейді-ау Ғибраттан.
Келбеті бар шырайлы кім-кімге де ұнайтын,
Қолы боста сурет сап, кейде өлең құрайтын.
Өмір алда көрсетер қай биікке шығарын
Гүлімжағар келер күн туған елінің шырағын.
Не жетеді көңілдің байлығына,
Мойындатар еңбегімен жұртты мына.
Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,
Сәттілік тілеп тұр ғой Әлшеріне
Көрсеңде қашан күлімдеп
Әзілдесіп жүргені
Шебер қолды Ерғанат
Елінің болар тірегі.
Қуаныш көп болуда сүйік елде,
Ақылды адам бәрінен биік пенде.
Ерасыл болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын сенің биіктерде.
Жаның бай өзің сұлу ертегісің,
Мінекей, ұшып барады ерке құсың.
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар
Ділназ еліміздің ертеңісің.
Түлектер айтар сөзім тілегім бар,
Көп жинап білім деген тірегін ал
Ринаткөңілін ақ, жүзің жылы
Кең дархан, сәбидей пәк жүрегің бар.
Әзіл менен спортты
Жаны сүйер Айбек
Жарыстардан жүлде алған
Тілейміз саған ақ тілек.
Ізденімпаз, талапты
Тыңдырар ісін таласа
Жансұлтан біздің жауапты
Ұмтылар алға жарыса.
Сахнада ойнаса талдырады,
Өлең оқыса жүректі жандырады.
Аудандық жүлдегер атағы бар
Меруерт артқа өз ізін қалдырады.
Не жетеді көңілдің байлығына,
Мойындатар еңбегімен жұртты мына.
Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,
Сәттілік тілеп тұр ғой Тасқынына
(оқушылар шығады)
Мұғалім: Қанаттарың қатайып, талпындырған өренім,
Жақсылықты баса айтып тілекшің боп келемін.
Уақытпенен жарысып асулардан астыңдар,
Кәмелетке толуға өмірге қадам бастыңдар.
Құтты болсын қадамың, ақ үмітпен аттағың,
Ұстаз бенен ананың ақ сенімін ақтағың.
Жетелеп заман бағына артады елің зор үміт
Нұр жауып қадамдарыңа өмірдің болсын жолы құт.
Ғибрат::Армысыздар жиналған ата-аналар, ұстаздар
Той жиынсыз өмірдің сәні болмас
Арамыздан талпынып қанат қақты
Тоғыз жылда оң солын таныған жас.
Меруерт: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Мектеппен қоштасу тойымызға.
Ғибрат:Алтын ұя мектепті бітіріп, қияға қанат қағатын біздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек толқытарлық сәт те туған секілді.
Меруерт: Өздеріміз күнде естіп жүрген «оқушы» деген сөздің қаншалықты жылы, қаншалықты қадірлі сөз екенін осы сәтте саналы ұғынғандаймыз.
Ғибрат:Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін.
(тудыалып шығады)
Естілгенде көк аспанның астында
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей боп шарықта
Бар қазақ боп мен өзім де бас ұрам.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Меруерт: Мектебіміз өркендесін, өссін деп
Асқар таудың шыңдарынан өтсін деп
Ерінбей еңбек еттіңіз
Биікке талай жеттіңіз
Үлгі алып сізден шәкірттер
«Әке» боп бізге кеттіңіз
Алғысы шексіз түлектің
Бас иіп сізге келеміз
Ақ ниет арнап жүректен
Сәт-сапар бізге тілеңіз – дей отыра өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп басшысы Мұқанов Еркін ағайға сөз береміз.
Ғибрат:Сап түзелсін, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының туышығарылсын
Ғибрат:Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп – сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран қып
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Меруерт:: Мектеп деген білім кені, жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Ғибрат: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Меруерт:Көрмедің артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып
Қоштасармыз біз бүгін ұстаздармен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Мектебіміздің түлектерінің орындауында «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар Хор: «Ұстазым менің, ұстазым»
Ғибрат:: Мектептің ыстық құшағын, қимастық сезім кернеген,
Көңілдер алып ұшады, толқусыз жүрек кемде-кем.
Биіктен бүгін көрінген құттықтап жаңа түлегін
Аналық ыстық көңілден білдірсін ұстаз тілегін, - дегендей сөз кезегін оқу ісінің орынбасары Айгүл апайға және тәрбие ісінің орынбасары Абишева Анар апайға береміз.
Меруерт: Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп анам боп та көріндің.
(ұлдар шығады)
Тасқын:Кеше ғана бала едік табалдырық аттаған
Бүгін, міне, түледік қыран құстай баптаған
Ұланбыз тартар сыйы алда, арқалар заман жүгінде
Түлегің болып қияға, ұшқалы тұрмыз бүгінде
Әлішер: Саяңда сенің ән-жырлы, біліммен дарып бойға құт
Өткеріп шулы сан жылды балалық шақты тойладық
Мүдірмей өтіп сыннанда сенімді біздер ақтардық
Талпынып биік шыңдарға, өмірге үлкен аттадық.
Жансұлтан: Арманы асқақ, арайлы, түлекпіз алға асыққан
Қарсы алар алдан арайлы құшағын бізге ашып таң
Өзіңде өсіп, шыңдалып, балапан қанат төселді
Барады өмір шыңға алып, ұямыз ыстық қош енді.
Ғибрат: Анамыздай аялап, өсіріп, баулап жеткізген,
Ұстаздар жаны сая бақ, рахмет сізге көп бізден
Шарқ ұрып көңіл сабылар, балдәурен шақты қия алмай
Ұжмақ үй қайдан табылар, мектебің ыстық ұядай.
Айбек: Болса да қанша жанашыр, еңбегі кетпес бекерге
Көңілі күндей жан-асыл, ұстазға қамқор жете ме?
Баршаның мәңгі жанында, атыңыз сіздің нұрлы аңыз
Жаралған асыл затында, асқардай биік тұлғаңыз.
Ринат: Болмысы бейне киелі, биікті аңсар ұлар құс,
Ұстаздар өмір тиегі, сіздерге айтар мың алғыс
Еңбекпен жанып бағыңыз, өрге бассын ісіңіз
Тілейміз соны бәріміз, бас иіп үлкен-кішіміз.
Ғибрат: Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлек он бір жасар балалығым
Ортада 9-сыныптың сері жігіттерінің орындауындағы «Армандастар» әнін қабыл алыңыздар.
Меруерт: Біздің алтын ұя мектебізді бітіруімізге санаулы-ақ күндер қалды. Соңғы кез бәрімізде есейіп қалған сияқтымыз. Осы тоғыз жыл бойы оқыған ыстық аяулы да алтын ұямызды қимаймыз. 1-сыныпта алғаш рет қолымызға қалам ұстатып, өзіміздің анамыздай жанымызға ыстық сезілген ұстаздарымызға айтар алғысымыз мол.
Меруерт:Гүлбаршынапайға
Өмірге алғаш қадам басқанымда,
Мысқылдап мейірім төгіп жас жаныма.
Ұстазым арманыма ақ жол бастап
Жұлдыз боп күліп тұрдың аспанымда.
Сіз менің анамдайсыз, анамдайсыз,
Мен үшін армандайсыз, алаңдайсыз.
Дүниеде сізден артық ақылшым жоқ
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансыз.
Айбек: Бүршік жарып біз сезім төсімізде
Алғаш қалам ұстадық есімізде
Назым апайға
Алғысымызды айтамыз кешімізде.
Әлішер: Физиканың заңдары анық аңыз
Сол заңдарды өмірде сан ұғамыз.
Ом мен Ампер, Фарадей, Ньютондарды
Еркін ағай біз сізден танығанбыз.
Жансұлтан:Айгүл апайға
Бір қалыпты тұрасыз неше көрсек
Нағыз маман өз ісін кеседі өлшеп
Өмірдің де шытырман есептерін
Есептей ғып сіз берген шеше берсек.
Гүлім: Абай, Шәкәрім сөздерін
Үйретуден жалықпаған.
Шығарманы мың жаздырып
Тексеруден шаршамаған
Қатесіз таза жазуды
Үйренді сізден қанша бала.
Тәрбиелі сөз сөйлейсіз санадан
Еңбекқорсыз бал жинаған арадан
Роза апай өзіңізді жарық нұрға балаймыз
Өзіңізді алып қырға санаймыз.
.
Ғибрат:Бұл тілдің сан қырларын бағындырған,
Сабақтары біздерді сағындырған
Қарлығаш Анар апайлар сөйлеп кетсе
Орысыңның өзінде жаңылдырған.
Ерғанат:Мына ғасыр ғаламтордың заманы,
Заманына ыңғайланды адамы
Бекзат ағай тыным таппай бүгінде
Ғаламторға бейімдеуде баланы.
Ерасыл: Атуы үшін әр таңның нұр шығып күн,
Солмау үшін мезгілсіз бір шыбықтың
Айдана апай оқытқан биология
Көзіндей боп көрінер тіршіліктің.
Тасқын:Бұл кісінің тыңдырымды әр ісі
Шеберлікті үйрету ғой жұмысы
ШахмаТұрсын ағай болмаса
Тоқтағандай еңбек пәні тынысы.
Ринат: Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі
Тым еңбекқор жан-тәні де әдемі
Шет тілімен шәкіртерін қашанда
Ләззат апай сусындатып жүреді.
Ділназ:Шымыр ұл,ширақ қыз шынықтырған
Спорттың әлемінен сыр ұқтырған
Саяжан ағай арқасында үйренуде
Өрендер қорықпауды қыраттардан
Ғибрат: Өнеге ғып өмірге өсиетін
Шәкірттері алдында бас иетін
Ұстаз деген қашанда зор ұғым ғой
Жоғалтпайтын қадірлі қасиетін, - дей келе тоғыз жыл бойы оқытып тәлім-тәрбие берген барлық ұстаз қауымға алғысымыз шексіз.
Меруерт:: Алтын ұя мектебім аялаған
Жас жаным жапырағын саялаған
Қарлығаш ұландарың қанат қақты
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам?
Мектебіміздің бұлбұл әншісі Боранқұлова Гүлімді Ұстазым әнімен қарсы алыңыздар
Ғибрат:Ұстаз!
Осы сөзде қаншама ұлылықтар
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздағы сан сырды ұғынып қал.
Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған
Құдіретіңе бас имей қалған ба адам
Мінезіңе байсалды ғашық болып
Мен де өзіңдей болуды армандағам.
Меруерт: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді
Бар асылын бізге жиып мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Баласындай шын жүректен хан көреді
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Әріп құрап, алғаш өлең жаттадым
Алғашқы ұстаз естен кетпес мәңгілік
Марапаттап арқамыздан қаққанын, - Алғашқы ұстаздарымыз Гүлбаршын апай мен Назым апайларға сөз кезегін береміз.
Ғибрат: Шіркін, кештер сырласатын тамаша
Ұмытылмас кездер еді жаңаша
Тағы бізге куә болсын, халайық
Қане , келші билейікші тамаша
Мектебіміздің биші қыздарың жастар биімен қарсы алыңыздар
Ғибрат: Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Меруерт::Әсем бөлме терезелер жап-жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта,аппақ парта қаз-қатар
Отырдық біз сипап бәрін таңғалып.
Күйкентай Әлішер мен Өмірбекова Дильназды мереке әнімен қарсы алыңыздар.
Меруерт:Сан жыл бойы білім берген ұстазым
Төзіміңмен, тәліміңмен ұнадың
Алғанымды адалдықпен ардақтап
Абыройлы азамат боп шығамын.
ортаға 4-сынып оқушылары мен 9-сынып оқушыларын мектебім әнімен шақырамыз.
Ғибрат:Анамдайсыз,менің асыл ұстазым
Өтті бізбен көктем,күзің,қыс-жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп,аялап
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан
Сізге ұқсап қудық бізде сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған .-
Меруерт:Көрмеген артық сөйлеп артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтыр тұрып.
Вальс
Ғибрат:10-жыл бұрын нұрға толы жаныңыз
Арман қуып кеткен едің бәріңіз
10 күндей боп 10-жыл өтті кездесті,
Құрметпенен шақырайық қане біз
Биыл мектеп бітргендеріне 10 жыл толып отырған түлектерімізді ортаға шақырымыз. Мектебіміздің 2007 жылғы түлектері.
Меруерт:Өтті бізден балалық, өтті бізден шалалық.
Тезге салды ұстаздар, текті мінез даналық.
Ұсынғаны-адалдық, үйреткені- адамдық.
Бар ұстазға тілейміз, бақыт, табыс, амандық.
Ғибрат:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Қуаныштың тойы бар әулетке таралар
Ырым етіп сондықтан кешіміздің соңында
Ақ тілегін берсін бізге қонақтар мен ата-аналар
(ата-аналар шығады)
Меруерт:: Атағым Алатаудау болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдында әрқашанда тағзым етіп
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Ғибрат: Қуан халқым! Қуанышты күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Қуанышқа барлық жақын келіпті
Соңғы қоңырау соғылатын күн бүгін.
Меруерт: Ендеше, құрметті оқушылар мектебімізден қоңырау үні мәңгілікке үзілмесін деп яғни соңғы қоңырау жылда соғыла берсін деген ниетпен соңғы қоңырауды соғуға рұқсат етіңіздер.
(қоңырау соғылады )
Меруерт: Басталғалы тұр менде саналы күн
Қош мектебім, сыныбым, ана-жырым
Қалып барады өзіңнің құшағында
Екі көзі мөлдіреп балалығым.
Ғибрат: Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым біз өзіңді қимаймыз.
Хормен
Басқа мектеп күтіп тұр ғой біздерді
Біз бірақта ұмытпаймыз сіздерді
Қош болыңдар, ұстаздарым, мектебім
Қоштасайық, қоштасатын кез келді
Хор «Қоштасу әні»
Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариалаймыз. Сау саламатта болыңыздар
Манадыр негізгі орта мектебі
Ақ жол саған, жас түлек!!!
Орындаған:Қанат А.М
2016-2017 оқу жылы
11
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/280632-a-zhol-saan-zhas-tlek-2017
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Декоративно-прикладное искусство: содержание и методы преподавания в соответствии с ФГОС»
- «ОГЭ по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- «Профессиональная деятельность специалиста органов опеки и попечительства»
- «Программа воспитательной работы для организаций отдыха детей и их оздоровления: основные аспекты и особенности реализации»
- Цели и задачи введения в школьную программу курса «Семьеведение»
- «Реализация инклюзивного образования в детской музыкальной школе (ДМШ) с учетом особых образовательных потребностей детей с ОВЗ»
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Организация инклюзивного образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья
- Педагогическое образование: Теория и методика начального образования
- Управление процессом реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Теория и методика преподавания музыки в образовательных учреждениях

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.