- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Честность и справедливость
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Қаратерек ЖОББМ
Мерзiм: 01.03
Тақырып: 24 сабақ Адалдық пен әділдік
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер:адалдық,әділдік, шыншылдық, ауызбірлік
Мұғалiм: Кайсина Л.К
Сынып: 5.
Оқушылар саны: 15
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы білім беру. Сабақтың міндеттері: Адами қарым-қатынастағы адалдық пен әділдік адам өміріндегі орыны мен маңыздылығы туралы түсінік беру; Оқушыларға адалдық пен әділдікті дұрыс ұғындыру біліктіліктерін дамыту Адал және әділ болуға тәрбиелеу; | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) музыкалық клип, түрлі түсті бояу, қылқалам, қарындаш.эл оқулық |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Тренинг «Ризашылық айтамын!» Оқушылар өз ризашылықтарын айтады. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Түрлі-түсті гүл таңдау арқылы 1 топ «Адалдық» 2 топ «Ақиқат» 3 топ «Әділдік» 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Адал бала» корей ертегісі бала неліктен алтын, күміс балтадан бас тартты? Оларды бірден алса не болар еді? Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Сендер қай балтаны таңдар едіңдер? неліктен? | 5 «Т» сақтау; Тәртіп Татулық Тазалық Тыныштық Талап |
3.Дәйексөз. Дүниеде адалдық пен әділдікті ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ш.Уалиханов /Оқушылар оқиды, қайталайды, жаттайды. Оқушылар ойларын айтады. | |
4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы. «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» Ұстазы шәкірттерін қандай мақсатта сынамақшы болды? Шындық, әділдік, адалдық не үшін қажет? Айтылған аңыздар қандай ой түйдіңдер? | |
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 тапсырма (3 топ бірігіп жұмыс жасайды) «Тістелген алма » аңыз әңгімені айта отырып, «Белгісіз мүсін» әдепті, адал бала мүсінін жасап шығарады. Көз, құлақ, ауыз, қол, аяқ. (әдепті, адал мүсіні пайда болады) 2 тапсырма 1 топ синквейн әдісі бойынша 5 жолдық өлең шығарады. 2 топ эссе жазады « Ақиқатқа барар жол» Керекті сөздер: шындық, адалдық ,әділдік, жақсылық, әдепті 3 топ «Фишбаун» әдісі бойынша жұмыс (мәселе қойып, шешу жолдарын айту) Логикалық тапсырма Асан мен Үсен ағаш діңіне АҮ деп ойып жазады. Ағаш жылына 55 см өсіп, Асан мен Үсен 3 жылдан соң ағашқа жазған сөздерін өлшейді. Ол қанша см өсті? «Кері баланыс» «Смайлик» әдісі бойынша | |
6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» әнін барлығы қосылып айтады Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. | |
7.Үй тапсырмасы. «Сен не істер едің» мәтінін оқу | |
8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерлерінізді бойларыңызға сіңіріп, жүрегімізге түйіп алайық. Айналамызға нұр шашайық! Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! |
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/284396-chestnost-i-spravedlivost
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Социальная реабилитация лиц, освободившихся из мест лишения свободы»
- «Содержание психологической работы с детьми с нарушениями поведения»
- «Нормативно-правовое обеспечение учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации»
- «Современные подходы к управлению в сфере социального обслуживания»
- «Россия – мои горизонты»: особенности преподавания курса внеурочной деятельности в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Организация образовательного процесса в соответствии с ФГОС СОО: преподавание химии»
- Педагогика и методика преподавания истории и обществознания
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Управление специальной (коррекционной) образовательной организацией
- Содержание профессиональной деятельности старшего вожатого образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания физической культуры
- Теория и методика преподавания истории и обществознания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.