Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
15.12.2017

8-Наурыз

сценарий посвященный утреннику 8 марта для средней группы

Содержимое разработки

3

8 НАУРЫЗ – АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

Балалар жұптасып залға кіреді, жарты шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші.Қымбатты балалар, сүйікті аналар, апалар, құрметті ұстаздар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға. «8 Наурыз» аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан:

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар. Ана, ана, ана!

Жүргізуші. Құрметті аналар, келген қадамдарыңызға гүл бітсін, Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!

Балалар.Ана, мереке туралы тақпақтар.

Ән «Айналайын мама»

Жүргізуші. Әр бала өз анасын дауысынан таниды. Қазір біз сондай қызықты ойын ойнаймыз.

Ойын «Ананы тани біл»

Балалар залдың әр жерінде аналарына теріс қарап тұрады.

Жүргізуші белгілеген ана: «Мамаларың келді, сүт әкелді!»

Анасының дауысын таныған бала, қолын көтеріп: «Менің мамам!» дейді.

Ойын «Кәмпитті жина»

Орындықта тізелеріне себетті қойып аналар отырады.

Жүргізуші кәмпиттерден шашу шашады.

Балалар кәмпиттерді бір-бірден жинап анасына апарады және анасын бетінен сүйеді.

Көп кәмпит жинаған бала – женімпаз!

Жүргізуші. Біз бүгін көктемнің ең алғашқы мерекесін қарсы алып отырмыз! Мерекеге көп қонақтар келіп отыр. Кәне, тағы қонақты қарсы алайық!

Әже кіреді

Әже.Сәлеметсіңдерме, балалар! Сәлеметсіздерме, құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ведущий. Сәлеметсізбе, Әже! Мерекеңіз құтты болсын, төрлетіңіз, біздің қонағымыз болыңыз! Балалар, құрметті әжелеріне тақпақ айтып әндетеді.

Балалар.Әжелер туралы тақпақтар.

Песня «Әже тілегі»

Жүргізуші. Әже, сізге біздің әніміз ұнады ма?

Әже. Өте ұнады! Ал енді әжелермен ойнасақ қайтеді?!

Ойын «Әжені тамақтандыр»

Ойынға 2-3 жұп қатысады.

Баламен әжесі қарама қарсы отырады.

Бала әжесіне қасықпен йогурт береді.

Кім тез – сол жұп жеңеді.

Ойын «Апаның жібі»

2-3 әже залдан шығып кетеді.

Осы кезде, қол ұстасқан балалар, шатасып «апаның жібі» болып қалады.

Кірген апалар, шатасқан жіпті тарқатуға тиіс.

Тарқатып балалармен шеңберге тұра қалады.

Әже.Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Апаларға арнайы ән-тақпақ айттыңдар, ойында ойнадыңдар. Маған бәрі өте ұнады. Ризамын сендерге! Менде бос қол келген жоқпын. Міне, менің сыйлығым.

Жүргізуші. Рахмет Сізге, апа! Сау болыңыз!

Әже кетеді

Біз кешімізді жалғастыра берейік!

Ұл бала. Қыздарды құттықтап!

Биге шақырамыз!

«Көктем» биі

Жүргізуші. Ал қазір біздің қыздар көрініс «Үш ана».

Көрініс «Үш ана»

Жүргізуші.Бүгін ерлер әйелдерді мерекемен құттықтайды, ал біздің кішкентай батырларымыз қыздарымызды құттықтайды. Бар қонақтарға, кішкентай қыздарға олардың сыйлығы.!

Ұлдардың биі «Джигитовка»

Жүргізуші. Осы күні әр әйел ең әдемі болғысы келеді. Прическа жасайды, әдемі көйлек киеді. Бүгінде, олар өздеріне, осы күнге сүйкес, мерекелік киім дайындады, кәне көріңдер!

Ұл. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайрандаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Дефиле (қыздар)

Жүргізуші. Біз бүгін көңілді ойнадық, ән айттық, биледік. Балалар, қарандаршы бізге тағы бір қонақ асығыс. Кәне, ойлап табыңдаршы. Ол не?!

Көктем туралы жұмбақ

Балалар. Көктем!

Көктем кіреді

Көктем. Мен Көктеммін, қойным әсем гүлге тола, осы гүлдерді, балалар, аналарыңа сыйға тартындаршы!

Жүргізуші. Сәлеметпе, Көктем! Сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз. Тосып қалдық. Балалар саған тақпақтар мен өлең дайындады.

Балалар.Көктем туралы тақпақтар.

Ән «Біз бақытты балалар»

Көктем.Жаусы әндеттіңдер, рахмет! Ал, билерің ше?

Жүргізуші. Құрметті Көктем! Біздің балалар – әнші, жыршы және биші. Назарынды аудар! Би «Бұзақылар».

Би «Бұзақылар»

Көктем.Рахмет, балалар! Сендер нағыз биші, жыршы, әнші екенсіңдер. Ана-апаларды, тәрбиешілерді, қыздарды көктемнің ең алғашқы, ең сауатты мерекесімен құттықтаймын! Сыйлығымда дайын!

Жүргізушіге шашуын береді

Жүргізуші.Сонымен, біздің мерекелік таңертеңгілік кеші аяқталды!

Мереке құтты болсын!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/287386-8-nauryz

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки