- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Конденсаторларды жалғау
Қордай ауданы Қарасу ауылы
№7 Александр Пушкин атындағы орта мектеп
«Бекітемін»
Александр Пушкин атындағы
№7 орта мектеп директоры
___________ Ж.Ж.Тайтиева
«___» __________ 2017 жыл
АШЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:
Пәні: физика
Құрастырған: физика пәнінің
мұғалімі А.Н. Абиева
Қарасу2017
Сыныбы: 10 «А»
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Конденсаторларды тізбектей және параллель қосу және олардың белгілері. Электр өрiсiнiң энергиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конденсатордың электрсыйымдылығы туралы оқушылардың білімдерін толықтыра отырып, конденсатордың жалғау түрлерін және электр өрісінің энергиясы туралы сипаттау,білімдерін есеп шығарту барысында жетілдіру
Дамытушылық: Жаңа тақырыпты таныстыра отырып, оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.
Тәрбиелік: Пәнге деген ынтасын мен қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік (сұрақ-жауап, салыстыру, топтау, схеманы оқу)
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, таратпа жұмыстар, сөзжұмбақ, жұмыс дәптері, слайдтар, постер, маркер, бағалау парақтары, стикер
Күтілетін нәтиже: Конденсаторларды жалғау түрлері туралы біледі. Электр өрісі энергиясы мен конденсатордың энергиясын сипаттай алады. Конденсаторды жалғау, электр өрісі энергиясы бойынша формуласын есептер шығарғанда қолдана алады
Сабақ жоспары:
І | Ұйымдастырукезеңі | 1´ |
ІІ | Өткен тақырып бойынша қайталау | 8´ |
ІІІ | Жаңа тақырыпты түсіндіру | 20´ |
ІV | Жаңа тақырып бойынша есептер шығарту, сабақты қорытындылау, білімдерін жинақтау, бекіту | 13´ |
V | Рефлексия, оқушылар білімін бағалау | 2´ |
VІ | Үй тапсырмасы | 1´ |
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен сәлемдесу: Кабинеттің тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару. Топқа бөлу. Топбасшыларды сайлау. Бағалау парағын тарату.
Сабақтың эпиграфы ретінде Конфуций сөздері алынады: «Білімге жетелейтін үш жол бар: ойлану, толғану жолы – бұл ең өнегелі жол, еліктеу жолы – бұл ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – бұл өте ащы жол».
Бүгінгі сабақта біз философтар ойы бойынша білімге жетелейтін осы үш жолды қолданатын боламыз. Бірақ сендер үшін қай жол тиімді екенін өздерің шешетін боласыңдар.
II Өткен тақырып бойынша қайталау:
11745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст пен голланд физигі Питер ван Мушенбрук алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» құрастырады. Олардан бөлек, қатарлас неміс физигі Клейст – «медициналық банка» аталатын ұқсас құралды ойлап табады. Лейден банкасы – іші-сырты фольгамен жапсырылған, сумен толтырылған шыны сауыт болды. Банканың қақпағынан металл стержень кіргізілінген. Лейден банкалары мүмкіндігінше үлкен зарядтарды жинақтап, сақтауға мүмкіндік береді. Оқушы үйден жасап келген «Лейден банкасын» моделін көрсету, таныстыру, зарядтау.
2Әр топ қарсы топтарына өткен тақырыптар бойынша сөзжұмбақ дайындап келді және оны тез шешу арқылы өз топтарына ұпай жинайды.
3Өткен тақырып бойынша негізгі параметрлерді сипаттап беріңдер:
Шаманың аталуы | Шаманың белгіленуі | Шаманың өлшем бірліктері |
Электрсыйымдылық | С | Ф |
Заряд | q | Кл |
Потенциал | ψ | В |
Кернеу | U | В |
Электрлік тұрақты |
III Жаңа тақырып:
Өткен тақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын. Өткен сабақта электрсыйымдылық, конденсатордың түрлері туралы таныстық. Жалпы конденсаторлар батареяларға біріктіріледі. Ал оларды біріктіруді тізбектей және параллель қосу арқылы іске асырамыз. Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз конденсаторларды жалғау және электр өрісінің энергиясы деп аталады.
Топқа тақырыпшалар беріп, постерге тізбектей және параллель қосуға байланысты сұлбасы мен формулаларын жазып, қорғайды.
Практикалық мақсатта көбіне конденсаторларды батареяларға біріктіреді. Конденсаторларды батареяларға біріктіруді тізбектей және параллель қосу арқылы іске асырады.
Конденсаторлардытізбектей жалғаған кезде барлық конденсаторлардағы заряд бірдей болады. Ал батареяның сыйымдылығы келесi формуламен анықталады:
Бұл жағдайда қорытқы сыйымдылық батареяға кiретiн кез-келген конденсатордың ең кiшi сыйымдылығынан кiшi болады.
Әрбір конденсатордың кернеуі ;
Конденсатордың жалпы кернеуі U=U1+U2+…+Un
немесе
Қажеттi сыйымдылықты алу үшiн конденсаторды батареяға жалғайды. Яғни, сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады. Сыйымдылықтары конденсаторларды параллель жалғағанда батареяның қорытқы электрсыйымдылығы мына формуламен есептеледi: . Бұл жағдайда конденсаторлар орамдары арасындағы потенциалдар айырымы бiрдей.
Параллель жалғағанда кернеу бірдей және тізбектің кернеуіне тең, яғни
U=U1=U2=…=Un
С=C1+C2+…+Cn
Зарядталған конденсатордың энергиясы деп олардың электр өрiсiн жасайтын энергияны айтады.
Зарядталған конденсатор энергиясы:
болады.
және формуласын кезек қойып энергияның келесі формулаларын аламыз
немесе , мұнда, q – конденсатор орамының заряды, U – орамдар арасындағы потенциалдар айырымы, W - зарядталған конденсатордың энергиясы, C – электрсыйымдылық.
IV Есеп шығарту
Тақырыпты игергендерін жете түсіну үшін топтарға түрлі тапсырма беріледі. "Айналмалы бекет" әдісі арқылы есептерді шығарады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
№ | 1-топ | 2-топ |
1 | Сыйымдылықтары С1=1 мкФ, С§=3 мкФ, С3=5 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып қандай ең үлкен сыйымдылық алуға болады? | Сыйымдылықтары С1=1 мкФ, С2=2 мкФ, С3=4 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып қандай ең аз сыйымдылық алуға болады? |
2 | Егер С1=С2=2 нФ параллель және С3=500 пФ тізбектей жалғанған болатын болса, конденсатор батареясының жалпы сыйымдылығын есепте | Сыйымдылықтары C₁ = 20 мкФ, С₂ = 25 мкФ и С₃ = 30 мкФ үш конденсатор тізбектей жалғанған. Толық сыйымдылықты тап |
3 | . Суретте кескінделген конденсаторлар батареясының электрсыйымдылығын анықтаңдар. Егер С1= 0,1мкФ, С2= 0,4мкФ және С3= 0,52мкФ. | Суретте көрсетілген конденсаторлар батареясының электрсыйымдылығын анықтаңдар. Егер С1=2мкФ,С2=4мкФ және С3=1мкФ, С4=2мкФ, С5=6мкФ. |
4 | Суреттегі сыйымдылықтары С1= 2мкФ, С2= 3мкФ және С3= 4мкФ және С4= 6мкФ болатын төрт конденсатордан тұратын батареяның кернеуі 1000 В болғанша зарядтау үшін оған қанша заряд беру керек? | Суретте С1= 2*10-6Ф және С2= 1*10-6Ф электрсыйымдылқтары көрсетілген. А және В қысқыштарының арасына жалғанған жүйенің жалпы сыйымдылығын есептеңдер. |
5 | Уәжі жоғары оқушымен жұмыс: Жазық конденсатор пластиналарының әрқайсысының ауданы 200 см2, ал олардың арақашықтығы 1 см. Егер өрістің кернеулігі 500 кВ/м, өрістің энергиясы (ε0=8,85 ·10-12 Кл2/Н*м2,ε=1) нешеге тең болғаны? | |
VI Cабақты қорытындылау:
Конденсаторларды тізбектей жалғау батареяның шектік жұмыс істеу кернеуін арттыруға, ал конденсаторларды параллель жалғау жүйенің электрсыйымдылығын арттыру үшін қолданылады
VII Cабақты бекіту
Жіңішке және жуан сұрақтарға жауап беру
Жіңішке және жуан сұрақтар | Жауаптар |
1. Өте үлкен шама 2. Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе. 3. Конденсаторларды жалғаудың неше түрі бар? 4. Тізбектей жалғаған кезде конденсаторлар заряды қандай? 5. Жазық конденсатордың сыйымдылығы бойынша өрнегі. 6.Электр өрiсiнiң энергиясы өрiстiң негiзгi қандай шамасы арқылы өрнектеледi? 7. Конденсаторлар қалай жалғанған? 8. Конденсаторлар тiзбектей жалғанған кездегі сыйымдылықтың формуласы. | 1. Фарад 2. Конденсатор 3. Екі 4. Тең. 5. 6. Кернеулік 7. Параллель 8. |
VIII Бағалау
Формативті «критерий бойынша өзін-өзі бағалау».Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.
Ендігі Конфуцийдің сөзін қайталайық, сендерге қай жолмен алынған білім тиімді болды? (Балалардың жауабы тыңдалады). Адамның қандай жолмен білім алғандығы басты емес, ең бастысы, нәтиже. Яғни сендердің бүгінгі сабақтан түйген ойларың қандай? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Тапсырмалар Оқушылардың аты-жөні | Үй тапсырмасы | Жаңа тақырып | Cабақты бекіту | Бағалау | ||||
Сөзжұмбақ | Параметрлерді сипатта | Сұлбалар мен формулалар | Есеп шығару | |||||
IХ Рефлексия
Оқушылар әр топтың тапсырмасын мұқият қарап, «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Х Үйге тапсырма
1. §8.11 “Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау. Электр өрісінің энергиясы” тақырыбын оқу
2. Формулаларды жаттап келу
3. 17-жаттығудан № 1, 2 есептерді шығару
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/288937-kondensatorlardy-zhalau
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Педагогические технологии в работе воспитателя ГПД в условиях реализации ФГОС НОО»
- «Профессиональная деятельность специалиста органов опеки и попечительства»
- «Содержание и структура федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с ОВЗ»
- «Современные методы обучения иностранному языку»
- «Преподавание инвариантных модулей учебного предмета «Труд (технология)» в соответствии с ФГОС»
- «Методические рекомендации по формированию и оценке дополнительных компонентов функциональной грамотности»
- Ведение педагогической деятельности в образовательной организации
- Содержание и организация методической работы в дошкольной образовательной организации
- Образовательные технологии и методики обучения основам безопасности жизнедеятельности
- Физическая культура и специфика организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Педагогика и методика преподавания астрономии
- Организация работы классного руководителя в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.