Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
05.02.2018

Балықтар 3-сынып

КУАНЫШЕВА ИНДИРА ЖОМАРТКАЛИЕВНА
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Сабақтың мақсаты – 3-сынып оқушыларына балықтардың тіршілігі мен сыртқы құрылысы туралы білім беру. Оқу материалы балалардың дүниетанымын кеңейте отырып, сөздік қорларын байытады және өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Сабақ барысында балықтардың табиғаттағы маңызы түсіндіріліп, оларды қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударылады. Сабақ интерактивті тақтаны пайдалану, түрлі суреттер, слайдтар және сергіту сәттерін қамтиды. Бұл көрнекі құралдар оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, ойлау мен қиялдарын дамытуға ықпал етеді. Ашық сабақ табиғатты қорғау мен экологиялық сананы арттыруға бағытталған.

Содержимое разработки

Дүниетану 3 сынып Тақырыбы:Балықтар Мақсаты :1.Балықтардың тіршілігі және олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру. 2.Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың қиялдарын дамыту. 3.Балықтардың маңызын түсіндіре отырып,оларды қорғауға баулу. Сабақтың түрі:. Сабақтың көрнекіліктері:интерактивті тақта, ,суреттер,сергіту сәті,слайдтар,музыка. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар,казір бізде дүниетану сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.Сабақты бастамас бұрын сендердің назарларыңды интерактивті тақтаға аударамын . (Психологиялық дайындық.) 

-Балалар,сендерге ұнады ма? -Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және осы отырған барлықтарымызға сәттілік тілеймін. 

-Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?

ЖӘНДІКТЕР ЖӘНЕ ҚҰСТАР

- олай болса балалар кәне білгенімізді еске түсірейік

Сұрақ жауап арқылы білгенімізді еске түсіреміз-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.(интерактивті тақтадағы сөзжұмбақты шеше отырып,жауаптарын балалардың өздеріне жазғызу) Тапсырмалары : 

1.көбелек 2.ара 3.түлкі 4.жылан 5.қасқыр 

1 .Ұшып жүрген гүл көрдім, Қонғанда ұстап үлгердім. 2. Еңбегі қатты, Елегені тәтті. Тіршілік нәрін, Гүлдерден тапты. 3. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. 4. Отырмайды, тұра алмайды, Түзу жолда бұраңдайды. 5. Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні. Ал енді келесі жұмбақты шешесіңдер, сөз жұмбағымыздың ортасындағы сөз қарамен жазылған сөзді табасыздар.

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбағымызбен байланысты:

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

-Тамаша.Қанеки хормен ортада шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық) -Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Балықтар»екен. ІІ. Жаңа сабақ Мұғалімнің түсіндірмесі: Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді. Балықтарды  зерттейтін  ғылым  ихтиология . Омыртқалылардың денесінде  бас , мойын , тұлға , құйрық  және  екі жұп  аяқтары болады

Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету) 1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады. 2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. 3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады 4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. 5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды. Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі. -Балалар,сендер сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады? -Қазір Ертіс өзені туралы сендерген әңгімелеп береді. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. -Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен? -Біздің бірнеше оқушымыз осы балықтар туралы мәлеметтер жинаған еді,енді соларды тыңдап көрейік.(Оқушылар балықтардың суреттерін көрсете отырып, хабарлама жасайды) -Өте жақсы.Қанеки осы беттерді бір-біріне жапсырайықшы.Бізде балықтар туралы кітапша дайын болды. ІІІ.Сергіту сәті(Интерактивтік тақта арқылы музыкалық сергіту сәтін жасату)

ІҮ.Практикалық жұмыс

-Балықтардың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

- Балықтарды қорғау, көбейту, сақтау не үшін керек?

Ү.Сабақты бекіту  -Балалар,қазір оқулығымыздың 137 бетін ашып,мәтінді бір оқып шығайықшы.  (Тізбек бойынша мәтінді оқыту)  Ү.Қорытындылау.  Сонымен,  1.балықтар қайда өмір сүреді екен?  2.балық қалай тыныс алады.  3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?  4.қандай балықтармен таныстық?  5,Сендерген бүгінгі сабақ ұнады ма?  6.несімен?  -Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.  Бағалау.  Үйге тапсырма:137-138 бет.оқу,мазмұны

«Мариногорка орта мектебі» КММ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:«Балықтар»

3«а»

Өткізген: Сурашева Д.М

2013-2014 оқу жылы

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/297070-balytar-3-synyp

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки