- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары
КММ "№19 жалпы орта білім беретін мектеп"
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: "Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары"
Дайындаған: тарих пәні мұғалімі
Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары».
Мақсаты: Алаш ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, олардың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасу, тарихта алатын орнын анықтау.
Түрі: дөңгелек үстел.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнематериал, тақырыптық презентация, кітап көрмесі.
Әдісі: пікір алмасу, баяндау, интерактивті әдіс.
Жоспары:
1. Алаш қозғалысы
2. Әлихан Бөкейханов
3. Ахмет Байтұрсынов
4. Міржақып Дулатов
Манапова Аружан:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! 2017 жылы Алаш қозғалысына 100 жыл толуына байланысты бұл шара мемлекет тарапынан қолдау тауып білім саласының барлық ұйымдарында аталып өтілуде. Осы іс-шараға біз де өз тарапымыздан үлес қосу үшін бүгін "Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, пікір алмасу өткіземіз. Мақсатымыз Алаш ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбектері туралы жан-жақты зерттеу жұмыстарына тоқталу, шығармаларымен танысу, өзара пікір алмасу. Біз Алаш ардагерлері туралы не білеміз? Осы сұраққа жауап алу мақсатында біз пікір алмасуға тарихшы мен әдебиетшілерді шақырдық.
Тақырыбымызды ашу үшін Алаш қозғалысы жайында бейнематериалды көре отырып, тарихшылардың пікірін тыңдайық.
Тарихшы (Мадина): Алаш партиясы мүшелері Алаш құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты.
Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
Тарихшы (Елдана):
«Алаш» партиясының өмірге келуі
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған.
Манапова Аружан: Бейнематериал көру арқылы ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірбаянымен танысайық.
Бейнематериал көрсетіледі.
Манапова Аружан: Бейматериалды негізге ала отырып пікір алмасуды келген қонақтарымызға сұрақ қою арқылы жалғастырайық.
1 - сұрақ (Ілияс)
Әлихан Бөкейхановтың жер аударылуына не себеп болды?
Тарихшы (Наргиз): Ә.Бөкейханов найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкіметке қызмет етуден бас тартады. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялы қауымы таптық мүдде емес, тұтас ұлт мүддесін қорғады. Осы қылығы үшін 1920-1922 жылдары «ұлтшыл» деп жала жабылып, Мәскеуге жер аударылды. Әлихан Бөкейханов 1922 жылы Семейде ұсталғаннан кейін Мәскеуге апарылды. Ол кісіге ресми биліктің шешімі бойынша, бір бөлмелі пәтер берілді. Сол үйден шығу құқынан айырды. Содан 1937 жылы ату жазасына кесілгенге дейін 15 жыл үй қамақта отырды. Одан бұрын патша үкіметі 1908 жылы Бөкейхановты Қазақстаннан Самараға жер аударды. Сөйтіп, 1917 жылға дейін Бөкейхановты Қазақстанға келу құқынан айырды. Бірақ сол Самарада тұрып қазақ ұлт - азаттық қозғалысының теориялық, практикалық негізін қалады.
2 - сұрақ (Гюзяль)
Жазушылардың Алаш туралы ойлары қандай болды?
Әдебиетші (Анель):
Әлиханды насихаттау үшін көптеген іс - шаралар жасау керек. Деректі фильмдер, көркем фильмдер түсірілуі қажет. Түрлі танымдық шығармалар болуы керек. Ол бүгінге дейін, өкінішке, орай жасалған жоқ. Соны қолға алу керек. Шынында, 150 жыл өтседе Әлихан Бөкейхановқа арналған шараның біразы жасалып, ел білетіндей болуы керек. Болашақ ұрпақ білетіндей болуы тиіс. Жалпы, бүкіл халық ұлт - азаттық қозғалыстағы Әлихан Бөкейхановтың орнын, оның еңбегінің бүгінгі күнгі қай салада өзекті, соны түсіне білу керек. Әрі болашақта ел басқаратын жастар одан тәлім алатындай етіп, ол үшін елге танытатын, ағартушылық жұмыстар жүргізілуі қажет. Алаш идеясы, арқасында қазақ өзінің қазақтығымен ғана мына әлемде аман қала алады. Өзін асқақтап, мыңжылдық мемлекет құра алады. Осыны халықтың санасына жеткізу, деген үлкен шаруа. Ол үшін барлық буындағы біздің азаматтар соған мүдделі болуы керек.
3 - сұрақ (Мират)
Алаш ардагерлерінің бірі ретінде Ахмет Байтұрсынов туралы көп айтылады, оның өмірі мен қоғамдық қызметіне тоқталып өтсеңіздер?
Тарихшы (Наргиз):Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақ беріледі. 1902-1904 ж.ж. Омбыда Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымын атқара жүріп, бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында И.Крыловтың мысалдарын аударады. 1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады. 1910 жылы 9-наурызда Орынборға жер аударылады. 1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтың съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды І-ші жалпықазақтың съездің қортындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. 1925-1928 ж.ж. Қазақ елінің екінші астанасы болған Қызылорда қаласында тұрады, әрі ұлт жұмысының көшбасында болады. 1928 жылы қыркүйекте Алматы Қазақ мемлекеттік университетіне профессор лауазымымен қызметке кіреді. 1931 жылы РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-бабының ең ауыр тармағы бойынша ату жазасына кесіледі, бірақ үкім қайта қаралып, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, екінші рет жер аударылады. 1934 жылы «Қызыл крест» қоғамының араласуымен түрмеден босатылып, Алматыға келеді. Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауды болған Ахмет Байтұрсынов, көп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.
4 - сұрақ (Жансая)
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы қандай пікір айтасыздар?
Әдебиетші (Еркежан): Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Әдебиеттану Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Манапова Аружан: Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының бірін таңдайық.
5 - сұрақ (Б.Аружан)
Алаштың үш алыбының бірі Міржақып Дулатов туралы білсек деп едік.
Тарихшы (Камилла): Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі.
Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Міржақып Дулатов өзі жазған өмірбаянында «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым» - деп жазады. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. 1904 жылы, Омбы қаласына келіп, Алаш ардагерлерімен танысады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялылырының еркін пікір алаңына айналған «Қазақ» газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірінше, сол кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды публицистикасының елестету мүмкін емес. Әйел теңсіздігін жоқтаған, өз заманындағы озбырларды әшкерелеген Міржақып 1935 жылы Сосновск станциясындағы жазалау лагерінде ауыр науқастан көз жұмады.
6 - сұрақ (Назым)
Міржақып Дулатовтың шығармашылығы туралы не айтасыздар?
Әдебиетші:Міржақып Дулатовтың шығармашылығы
Қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – алаш зиялысы, талантты қаламгер, қоғам қайраткері, тарихи тұлға Міржақып Дулатұлы. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романын жазды. Бұл қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман болды. Сондай-ақ алаш қайраткері «Оян қазақ» өлеңін жазды. Сол арқылы қазақ халқына үндеу тастап, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырды. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ.
Міржақып Дулатов алғашқы Қазақ Конституциясының авторларының бірі. Қазақтың тұңғыш математигі. Ол ең бірінші болып математикадан «Есеп құралы» деген 5 кітап шығарды. Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтқан, азаттықты, аңсаған азаматтардың қатарында болған Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол 1917–1918 жылдары билікке келген кезде досы профессор Тайыр Шағатайға тапсырма беріп «Оян Қазақ!» кітабын түрік тіліне аударып шығарған еді. Осы кітапқа еліктеп «Оян, Түрік!» деген кітаптар да шыққан. Міржақыптың «Оян, Қазақ!» кітабы әлем елдеріне қатты әсер етті.
Манапова Аружан: Енді біз осы жерде Міржақып Дулатовтың "Алашқа" деген өлеңін тыңдап өтсек.
Рефлексия. Бүгінгі пікір алмасу барысында қандай ой түйгендеріңізді бір ауыз сөз арқылы бөлісіп, пікір алмасуымызды аяқтасақ.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/300470-alash-ozalysy-zhne-lt-zijalylary
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Методы и технологии патриотического воспитания школьников»
- «Специфика организации работы ДОУ в период эпидемии коронавирусной инфекции»
- «Современные методы обучения»
- «Экскурсовод (гид): ключевые критерии профессиональной деятельности»
- «Социальные технологии работы с детьми-сиротами»
- «Преподавание кубановедения по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Педагогика и методика преподавания истории
- Методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности
- Педагог-воспитатель группы продленного дня. Организация учебно-воспитательной деятельности обучающихся
- Содержание и организация профессиональной деятельности педагога-дефектолога
- Педагогика и методика преподавания истории и обществознания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.