- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Нан қайдан келеді?»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы:« Нан қайдан келеді?»
Мақсаты:балаларды айналадағы дүниемен таныстыра отырып, оларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік:нанды кастерлеуді, адамның еңбегін құрметтеуді. Қамырдан бауырсақтарды мүсіндеуді үйрету.
Дамытушылық:сөздік қорларын молайту, фантазиясын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қамыр, нан, бидай, комбайын, диірмен, наубайхана.
Үш тілдік компонент: нан-хлеб-bread, қамыр-тесто-wheat, бидай-пшеница-test, комбайн-комбайн-processor, диірмен-мельница-mill, наубайхана-хлебопекарня-bakery.
Демонстрациялық материал: ойыншық бауырсақ, нан тағамдарының суреттері, қамыр, ұн, бидай дәні.
Үлестірмелі материал: таратпалы карточкалар, қамыр, тақтайшалар, сүлгі
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз Қасымызда досымыз! Бір кезде көңілді ән естіледі, есік қағылады. Топқа бауырсақ кіреді. Амандасады. | Дөңгеленіп орындықта отырады. Бір-бірімен амандасады. Қуанады. Амандасады. |
Ұйымдастыру– іздестіру | Әңгімелесу Бауырсақтан қай ертегіден келгенін, неден жасалғанын, кім пісіргенін сұрайды. Сұрақтар қояды: - Бауырсақ қай ертегіден келді? - Ол неден жасалған? - Бауырсақты кім пісірді? - Бауырсақты кімге пісіреді? - Ұннан жасалған тағы қандай тағамдарды білесіңдер. Бауырсақжұмбақ жасырады: Алтын сары тоны бар, Қойнында дәні бар. Ол не? Бидайдың масағын суретте көрсетеді, қарастыруды ұсынады, дәнді көрсетеді. Бидайдың масағының басында көп қауыз бар. - Қауыздың ішінде не бар екен білесіңдер ме? - Онда қауызды қазір ашып көрейік. Бидайдын дәнін көрсетеді Мынау бидайдың дәні (тарелкаға салынған дәндерді көрсетеді, ұстатады) - Мұқият қараңдаршы, дәннің түсі қандай? - Тағы не айтуға болады? - Осы дәнді ұнтақтаса ұн пайда болады. Тарелкаға салынған ұнды көрсетеді. - Мынау не? - Ұнын түсі қандай? - Неге ұқсайды? - Ұннан не жасайды? - Дұрыс айтасыңдар, ұнға тұз қосып, су құйып илесе қамыр шығады, қамырдаң нанның бірнеше түрі пісіріледі. - Наннын дастарханға келу жолын көрейік (сурет арқылы) Суреттерді көрсете отырып, бидайды жерге еккеннен бастап жинап алғанға дейінгі кезеңді сұрақтар қоя отырып әңгімелейді. - Күзде не піседі? - Міне, мол астық пісіп, жайқалып тұр. - Бидайды не істейді? - Комбайн жинап алды, енді не істейді? - Машина астықты қайда апарады? - Дұрыс, диірменде ұн болып тартылады. Сонан кейін найбауханаға апарады, найбауханада адамдар нан, тоқаш пісіреді.Міне балалар дастарханға нан келу үшін көп еңбек керек. Сондықтан нанды қастерлеу керек, қадірлеу керек. - Ол үшін біз не істеу керекпіз? -Нан туралы қандай өлең білеміз? Дидактикалық ойын: « Комбайын не жинайды?» Мақсаты: комбайын не жинайтынын айтып түсіндіру. Комбайын не жинайтынын белгімен көрсетуді сұрайды. Сөздік жұмыс: қамыр, бидай, комбайын, диірмен, наубайхана. Үш тілдік компонент: қамыр-тесто, бидай-пшеница, комбайн-комбайн, диірмен- мельница, наубайхана- хлебопекарня. Сергіту сәті: Бидайды себеміз, себеміз, себеміз, Суды құямыз, құямыз, құямыз, Бидай биік болып өскенде, Біз оны жинап аламыз. Мақал-мәтелдер айтуды ұсынады. Қонаққа келген Бауырсаққа тұзды қамырдан бауырсақ жасауды ұсынады. Қамырдан жасау технологиясын көрсетеді. Жұмыс реттілігі: 1. Бауырсақтың бейнесін көрсетеді. 2. Қамырды қолдануын анықтайды. 3. Жұмыс реттілігін көрсетеді. 4. Қамырдан бауырсақ жасатады. - Балалар, қамырды неден жасаймыз? | «Бауырсақ» ертегісін естеріне түсіреді. Сұрақтарға жауап береді. - «Бауырсақ» ертегісінен. - Қамырдан жасалған. - Бауырсақты апа пісірді. - Апа атаға пісіреді. - Ұннан жасалған тағамдар: нан, бауырсақ, шелпек, тоқаш, печенье, торт. Жұмбақтын шешуін табады: - Бидай. Мұқият қарайды. - Мұртшалары, сабағы, дәні болатынын көреді, ұстайды. - Жоқ, білмейміз. Ашады. Бидайды қолдарымен ұстайды. - Бидайдың дәннің түсі сары. - Бидайдың дәні сопақша, ұзын. Қарайды. - Ұн. - Ұннын түсі ақ. - Қантқа, тұзға ұқсайды. - Ұнннан қамыр жасайды. Тыңдайды. - Жерді жыртады, тұқымдарын себеді, бидай піскенде комбайн жинап алады, машинаға салады, астықты диірменге апарады, диірменде бидайды тартады, сонан кейін найбауханаға апарады, найбауханада нан пісіреді. - Жемістер мен көкөністер, бидай піседі. - Комбайын жинап алады. - Машинаға тиейді. - Астықты диірменге апарады. Мұқият тыңдайды. - Нанды шашпаймыз, аяқпен баспаймыз. Өлең айтады: Нан қоқымын шашпандар, Жерге түссе баспандар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Тапсырманы орындайды. Суреттерге мұқият қарап, комбайын не жинайтынын көрсетеді. Сөздерді жекелеме, хормен қайталайды. Сөздерді қазақ, орыс тілдерінде айтады. Қимылдарын көрсетіп, сөздерді қайталайды. Мақал-мәтелдер айтады: «Арпа бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен» «Дастарқанда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ» «Еңбектің наны – тәтті, Жалқаудың жаны тәтті» Қуана келіседі. Тыңдайды, қарайды. Мұқият тыңдап, қарап, жұмысқа кіріседі. Ұннан жасаймыз. |
Рефлексивті – түзетушілік | Қорытынды Сұрақтар қояды: - Бүгін не туралы әңгімелестік? - Ұннан қандай тағамдар жасалады? - Нанды не істеуміз керек? Балалар сыйлықты бауырсаққа сыйлайды. Бауырсақ қоштасады. «Жүректен-жүрекке» шеңбері: Жүректен шыққан жылы сөз, Жүрекке барып жетедi. Жылы сөзден дос жүрегi, Мейiрiмге толып кетедi. | Сұрақтарға жауап береді: - Бүгін нан туралы әңгімелестік. - Ұннан жасалған тағамдар: нан, бауырсақ, шелпек, тоқаш, печенье. - Нанды шашпаймыз, аяқпен баспаймыз, нанмен ойнамаймыз. Қоштасады. Сөздерін шеңберде тұрып айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:ұн, бидай, дән туралы, нан қалай пісірілетінін.
Болу керек:нанның қайдан келетінін, қамырмен жасау технологиясы туралы мағлұмат.
Істей білу керек: жұмбақтың шешуін табуды, салыстыруды, қортыныды жасауды, қамырмен бауырсақтын пішінін жасауды.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/300613-ortay-tobynday-jymdastyrylan-ou-yzmeti
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности постановки хореографического произведения»
- «Реализация инвариантного модуля «Технологии обработки материалов и пищевых продуктов» учебного предмета «Труд (технология)» по ФГОС»
- «Формы и методы методической работы, методическая продукция»
- «Методика преподавания математики в соответствии с ФГОС СОО»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя ОБЖ»
- «Современные подходы к преподаванию химии в условиях реализации ФГОС ООО»
- Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании
- Социальный координатор: социальная работа по сопровождению ветеранов боевых действий
- Физическая культура и специфика организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Изобразительное искусство и педагогическая деятельность в образовательных организациях

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.