Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
26.02.2018

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Анамның портреті»

Ортаңғы тобындағы «Анамның портреті» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің әдістемелік әзірлемесі. Негізгі мақсаты – балаларда портреттік кескіндеме туралы түсінік қалыптастыру. Білімділік міндет: жай қарындаш арқылы нобай (эскиз) салу дағдыларын меңгерту. Дамытушылық міндет: балалардың қиялдау, елестету және кеңістікте ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік міндет: аналарға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін арттыру, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Бұл материал ДҚО мұғалімдеріне арналған және бейнелеу өнері, отбасы тақырыбын өткізуге көмектеседі. Әзірлемеде балалардың жасына лайықты тәсілдер мен практикалық тапсырмалар ұсынылады.

Содержимое разработки

Отаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы:«Анамның портреті»

Мақсаты:Балалардың портреттік кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:Білімділік:Бейнелеуде жай қарындашпен нобай сызып алуға үйрету. Дамытушылық: Қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Үлкендерді сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: көздің қарашығы-зрачки

Демонстрациялық материалдар: Ө.Қастеев «Абай портреті», үлгі

Үлестірмелі материалдар: қылқалам, бояу, су құятын ыдыс, қағаз, тақтайша, қарындаш, өшіргіш.

Қостілдік компонент: бас-голова, көз-глаза, қас-брови, құлақ-уши, шаш-волосы, мұрын-нос.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Отбасы» 01-«Г»-№5

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Құты өзінің жинақтарынан әйгілі суретшілердің жұмыстарын әкелгенін айтады. Соны сендерге таныстырғысы келетінін айтады.

Бәрі бірге айтады

Үстелді жағалай отыр.

Қызығушылық танытады.

Тындайды.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу

-Адам мен адамдар тобын бейнелеуге арналған жанрды қалай атайды?

-Ал, оны салған суретшілерді?

Әңгімелеу

Олар адамдың сыртқы келбеті, бет пішіні, дене бітімін, қозғалысын, киіміне қарап салады, мінез құлқын, көңіл- күйін, ішкі жан дүниесін, жеке даралығын, жасын да бейнелеп береді. Портрет өнері ежелден келе жатыр. Осы жанрдың көмегімен біз адамзат тарихын зерттей аламыз. Біздің заманымызға дейін хандардың, атақты ақын-жыраулардың, ғалымдардың, портреттері жетті.

-Портреттер жеке және топтық болады (көрсетеді)

-Жеке портретте неше адам?

-Топтық та ше?

-Портретті қалай салады?

-Адамды қандай қалыпта бейнелеуге болады?

Портрет деп аталады.

Портретшілер.

Мұқият тыңдайды, хандардың, атақты ғалымдардың, ақындардың портреттерін қызығушылықпен қарайды.

Ә.Қастеев «Абай портретін» қарайды.

Жеке портретте бір адам бейнеленген.

Адамдар тобы.

Қалаған адамын таңдап, оны отырғы-

зып, суретін салады.

Портреттерге қарап жауап береді:басын иығымен бірге, денені жартылай, денені толық.

Қ

-Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?

-Олай болса біз аналарымызға күтпеген сыйлық жасайық. Анамыздың автопортре-

тін салайық

Сергіту сәті:

Жұмысты орындаудың реті:

1.Адам басы сопақ пішінді. Сурет салуды жеңілдету үшін, қағаздың ортасынан тік сызық жүргізу

2.Сызықтың жоғарғы жағына көздің суретін салу. Көздің формасы доға пішінді сызық-

тардан тұрады. Ортасында көздің қарашығы орналасады.

3.Әркімде мұрын пішіні әртүрлі-құс мұрынды, тік ұзын, қысқа. Мұрын беттің ортасында орналасады. Ол қастан басталады. Қас доға пішінді сызық етіп сызылады.

4.Ауыз мұрынның төменгі жағында орналасқан. Жоғарғы ерін мен төменгі ерін-ді доға сызықпен сызу.

5.Бөлшектердің суретін салу: құлақ, шаш

Сөздік жұмысы:

Бас-голова, көз-глаза, қас-брови, шаш-волосы, мұрын-нос, құлақ-уши,көздің қарашығы-зрачки.

Саусақ жаттығуы:

«Гүлдің иісі»

Қызыл, жасыл гүлдердің,

Иісін-ай, иісін!

Жұпар шашып, елітіп,

Алып кетті үй ішін.

Жұмыс барысында балаларға сызбаны қолдануға, бейнелеу материалын таңдауға көмектеседі.

Аналар мерекесі

Сыңғыр, сыңғыр , сыңғырлар,

Құлағымда сырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Ал, қанеки санайық.

Мұқият қарайды, тыңдайды.

Жаңа сөздерді меңгеріп, қайталап айтады.

Екі қолының саусақтарын жазып, гүлге ұқсатады.

Қолдарын желпіп, гүлдің хош иісін сезінгендей болады.

Жұмысқа кіріседі, алдымен қағаздың ортасынан тік сызық сызып алады, содан соң рет-ретімен бөлшектерді салуға тырысады.

Рефлексивті–

түзетушілік

Қорытынды:

-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Не істедік?

«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Жылы сөз» 01-«Ж»-№1

Жүректен шыққан жылы сөз,

Жүрекке барып жетедi.

Жылы сөзден дос жүрегi,

Мейiрiмге толып кетедi.

Портрет туралы әңгімелестік.

Анамыздың портретін салдық.

Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Атақты суретшілерді, оларды ажырата білуді, олардың сурет салу ерекшелігін.

Болу керек: Атақты суретшілер жұмыстары туралы, олардың суреттері қандай жанрға жататыны туралы түсініктері.

Істей білу керек: Қылқаламмен ұқыпты жұмыс жасауды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/300643-ortay-tobynday-jymdastyrylan-ou-yzmeti

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки