- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Химия сабағында оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылау тәсілдері
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы:Химиялық байланыс және зат құрылысы
Мақсаты: Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типіне тәуелділігін түсіндіру
Құрал-жабдықтар: Периодтық кесте
Жұмыстың барысы
1.Атом құрылысы теориясы негізінде:
а)топтың негізгі және қосымша топшаларға бөлінуін
ә) периодтардың үлкен және кіші периодтарға бөлінуін түсіндіру
2.Д.И Менделеев енгізген түсініктердің:
а)топтың негізгі және қосымша топшаларға бөлінуін
ә)Элементтердің атомдық нөмірін
б)периодтың,топтың физикалық мәнін түсіндіру
Тапсырма №1
1.Мына химиялық элементтердің атом құрылысын кесте бойынша жаз.
Na,Al,Mg,N,CL,Ca,O,S,Be
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі | Атом құрылысы |
1.Атомдық (реттік) нөмірі | 1.Ядроның оң заряды және электрондардың жалпы саны |
2.Топтың нөмірі | 2.Негізгі топшадағы сыртқы электрондық қаабаттағы электрондар саны,оксидтегі жоғары валенттік,қосылыстардағы жоғары оң тотығу дәрежелері |
3.Периодтық нөмірі | 3.Атомдағы электрондық қабаттың саны |
Тапсырма №2
Br2,HBr,KBr қосылыстарындағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар.
Олардың түзілу сызбанұсқасын жазыңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің жүйесі.
Мақсаты: Химиялық элементтердің атом құрылысы теориясы тұрғысынан қасиеттерін ұғыну.
Құрал-жабдықтар: Периодтық кесте
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Атомның ядро заряды:
А)+17; Ә) +37; Б) +19 В) +41-ге тең элементтерді периодтық жүйеден табыңдар.
Бұл элементтерді атаңдар .Олардың атомдары құрылысының формуласын жаз.
Мысалы: 168 О (8p,8n)8e
№2 тапсырма:
26Mg,210 Pb,129 I атомдарындағы протон,нейтрон және электрон санын анықта.
№3 тапсырма:
Мына элементтердің:Li,B,Si,As,Se,Na,Hg,Zn,C,Ar құрамының формуласын жазыңдар.
Бөлшек | Саны | Заряды |
Протон Нейтрон Электрон |
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы:Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі.
Судың диссоциациялануы,тұздар гидролизі.
Мақсаты:Негіздер,тұздар және қышқылдардың химиялық қасиеттерін көрсететін
реакциялар.
Керекті құралдар: Заттардың ерігіштік таблицасы
Тапсырмалар:
№1 тапсырма
Сулы ортада қышқылдар мен негіздерді анықтау.
Белгісіз ерітінділерді индикатор көмегімен қышқылдық-негіздік құрамын көрсетіңдер.
Нәтижені негігі берілген мәліметтермен салыстыру.
№2 тапсырма
Шырынның,жаңа піскен жеміс-жидектердің қышқылдық-негіздік құрамын анықтау.
Жаңа піскен алма,лимон,картоп, және капуста тіліміне индикатор көмегімен әсер етіп,олардың қасиеттері туралы не айтуға болады?
№3 тапсырма
Қышқыл құрамындағы сутектің мырышпен орынбасу реакциясы:
Металл мен қышқыл арасындағы орынбасу реакциясын жазыңдар.
№4 тапсырма
Тұз және қышқыл арасындағы алмасу реакциясы.
Кальций хлориді мен күкірт қышқылы ерітіндісі арасындағы реакция теңдеуін
жазыңдар.
№5 тапсырма
Тұздар арасындағы алмасу реакциясы.
Кальций хлориді және натрий карбонаты тұздарының ерітінділерінің арасындағы
реакция теңдеуін жаз.
Молекулалық және иондық түрде химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы:Химиялық реакция теңдеулері бойынша массаны, зат мөлшерін,көлемді табуға есептеулер.
Мақсаты: Реакция теңдеулері бойынша есептер шығарып үйрену
Керекті құралдар: Периодтық кесте
Тапсырмалар:
№1 тапсырма
Массасы 0,32 г техникалық темір үлгісін тұз қышқылымен өңдегенде 0,112 л (қ.ж) сутек бөлінді.Үлгідегі темірдің массалық үлесі қандай?
Жауабы: 87,5 %
№2 тапсырма
Массасы 300 г 49%-дық күкірт қышқылымен мырыш әрекеттескенде 1,2 моль тұз алынды.Теориялық мүмкіндіктен тұз шығымының массалық үлесін (%) есептеңдер.
№3 тапсырма
Массасы 100г мыс пен мырыш құймасын тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдегенде бөлінген газбен қыздырғанда,F(III) оксиді толық тотықсыздандырылған,мұнда оксид массасы 9,6 г-ға азайған.Қоспадағы металдардың массалық үлестерін табыңдар.
№4 тапсырма
Массасы 12,8 г мысқа қыздыра отырып концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен әсер еткен.Бөлінген газдың массасын,көлемін (қ.ж) және зат мөлшерін есептеңдер.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы: ІІ-ші топ металдарына жалпы сипаттама.
Мақсаты:ІІ-ші топ металдарының маңызды тұздарының үлгілерімен танысу.
Керекті құралдар: Периодтық кесте
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Натрий мен калийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысып,берілген кестені толтыру.
Атауы | Формуласы | Сыртқы түрі | Табиғатта кездеседі немесе химиялық жолмен алады | Қолданылуы |
№2 тапсырма:
Кальцийдің табиғи қосылыстарының үлгілерімен танысып,кестені толтырыңдар.
Атауы | Формуласы,құрамы | Сыртқы түрі | Қолданылуы |
№3 тапсырма:
Мына айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
Са→СаН2→Са(ОН)2→СаСО3→Са(НСО3)2
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №6
Сабақтың тақырыбы: «Катиондар мен аниондарды сапалық анықтауға»
эксперименттік есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды есептер шығарып үйрену.
Керекті құралдар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Натрий гексанитрокобальтатымен (ІІІ) реакция.Натрий гексанитрокобальаты натрий кобальтинитриті калий иондарымен бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортада (рН=5)
құрамы K2Na[Co(NO2)6] сары тұнба түзеді. Реакция теңдеуін жаз.
№2 тапсырма.
Калий дихроматымен реакция.Калий дихроматы барий иондарымен сары тұнба түзеді.
Дихроматтың сулы ерітіндісінде тепе-теңдік әсерінен туындайтын хром оксиді иондарының аздаған мөлшері болады.
№3 тапсырма.
Аммоний оксалатымен реакция.Аммоний оксалаты кальций иондарымен минералдық қышқылдарда еритін,бірақ сірке қышқылында ерімейтін кальций оксалатының ақ тұнбасын түзеді.
№4 тапсырма
Алюминий гидроксидінің түзілу реакциясы.Құрамында АL+3 иондары болатын ерітіндіге сілтінің артық мөлшерімен әсер еткенде,еритін алюминий гидроксокешені түзіледі.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы: Қаныққан көмірсутектердің қасиеттері
Мақсаты: Органикалық заттар құрамындағы көміртекті және сутектің қасиеттерін анықтау.
Керекті құралдар: Молекулаларды құрастыруға арналған атомдар модельдері,қант немесе басқа органикалық заттар.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:Метан молекуласының модельдерін жасау.
Әуелі бір түсті ермексаздан немесе дайын шариктен көміртек атомын әзірлейді.Содан соң шариктен тетраэдр бағытында байланыс түзетін шырпы бекітетін орын белгілейді.Сутек атомдарын басқа түсті шариктерден жасаған жөн.
№2 тапсырма: Пропан молекуласынң моделін жасау.
Әуелі бір түсті ермексаздан үш шарик әзірлеп,үшеуіне де тетраэдр бағытында 4 шырпыларды бекітеді.Содан соң сол байланыстар тұрған бағытта ғана шырпының біреуін алып тастап, «көміртек атомдарын» бір-біріне бекітеді.Сонда «көміртек атомдары»өзара байланыс бұрышын сақтай отырып орналасқанын көресіңдер.
№3 тапсырма: Органикалық зат құрамындағы көміртекті күйеге айналдыру арқылы анықтау.
Қандауырдың ұшымен қанттың немесе басқа органикалық заттың бірнеше кристалын алып,жалынға ұстап,еппен қыздыру керек.Қант әуелі балқиды да,содан соң қоңырланып жанып кетеді.Қандауырда қара түсті көмірленген масса қалады.Бұл нені дәлелдейді?
№4 тапсырма: Жануөнімдері бойынша парафиннің сапалық құрамын анықтау.
Жанып тұрған парафин шырақтың үстіне құрғақ стақанды төңкеріп, тұрғы сақинасына орналастырыңдар.Стақанның терлеуін бақылаңдар.
Байқалған құбылыстарды түсіндіріп,сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №8
Тақырыбы:Диенді және ацетиленді көмірсутектер.
Мақсаты: Диенді және ацетиленді көмірсутектердің қасиеттерімен таныстыру.
Керекті құралдар: Тірек- сызба нұсқалар
Тапсырмалар:
№1 тапсырма: Диен көмірсутектерінің 5-7 мүшелерінің құрылымдық формулаларын құрастырып,оларды атаңдар.
№2 тапсырма: Бутадиен-1,3-тен 1,4-дибромбутен-2 және 1,2,3,4- тетрабромбутанды
алу реакцияларын жазыңдар.
№3 тапсырма: а) Пропиннің жану,гидрлену реакцияларының теңдеулерін құрыңдар.
ә) Пропиннің бромсутекті қосып алу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.Түзілген заттарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар.
№4 тапсырма
Пропаннан пропиннің алыну реакциясының (дегидрлену) теңдеуін жазыңдар.
№5 тапсырма:
Мына тізбекті жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:
А)Н3ССН3СО3
Ә)Н2С=СН2СНСНН2С=СНСL(CH2CHCl)n
№6 тапсырма:
Ацетиленді пайдаланып йодэтан түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №10
Тақырыбы:Мұнай.Мұнай өнімдері.
Мақсаты:Мұнай өңдеу өнімдерінің үлгілерімен таныстыру.
Керекті құралдар: Мұнай және оны өңдеу өнімдері.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Жиынтықта берілген мұнай өңдеу өнімдері үлгілерін жақсылап қарастырып,кестені толтырыңдар.
Мұнай өнімдері | Мазутты өңдеу өнімдері | Басқа мұнай өнімдері | ||
Атауы | Қолданылуы | Атауы | Қолданылуы | |
№2 тапсырма:
А) Органикалық қосылыстардың табиғи көздері ретінде таскөмірден басқа тағы қандай заттарды атауға болады?
Ә)Мұнайды,газды және таскөмірді жаққан кезде ауаға көмірқышқыл газынан басқа не бөлінеді?
Қорытынды:
Практикалық сабақ №11
Тақырыбы:Көпатомды спирттер.Фенолдар.
Мақсаты:Көпатомды спирттер мен фенолдардың қасиеттерімен таныстыру.
Керекті құралдар:Органикалық заттардың түрлері.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Екі сынауықтың біреуінде формальдегидтің ерітіндісі,екіншісінде глицерин ерітіндісі берілген.Бір реактивтің көмегімен қай сынауықта қандай зат құйылғанын табу.
2 тапсырма:
Нөмірленген төрт сынауықта әртүрлі қосылыстар құйылған: а) гексан,ә) этанол;
б)құмырсқа альдегиді,г)глицерин ертіндісі.Қай заттың қандай сынауықта екенін анықтау үшін әрқайсысының өзіне тән сапалық реакцияларын жазыңдар.
№3 тапсырма:
Нөмірленген үш сынауықта әртүрлі карбон қышқылдары берілген:
А)құмырсқа қышқылы ә)сірке қышқылы ә) олеин қышқылы. Әр сынауықтаы қышқылдарды анықтаңдар.
№4 тапсырма:
Екі сынауықтың біреуінде формальдегидтің ерітіндісі,екіншісінде глицерин ерітіндісі берілген.Бір реактивтің көмегімен қай сынауықта қандай зат құйылғанын табыңдар.
№5 тапсырма:
Нөмірленген үш сынауықта әртүрлі карбон қышқылдары берілген:
А)Құмырсқа қышқылы;
Ә)Сірке қышқылы;
Б)Олеин қышқылы
Әр сынауықтағы қышқылдарды анықтаңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №12
Тақырыбы:Альдегидтер және карбон қышқылдары.
Мақсаты: Альдегидтер мен карбон қышқылдарының ерекшеліктері мен қасиеттерімен таныстыру.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Альдегидтерге тән сапалық реакцияларды жаз.
Сірке альдегидімен күміс-айна реакциясын жаз.
№2 тапсырма:
Егер шығымдылығы 75 болса,8,8 г этаналь алу үшін қанша этанолды дегидрлейді?
№3 тапсырма:
А)Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
С6Н6С2Н5BrС6Н5ОН
Б)Құмырсқа қышқылының натриймен,натрий оксидімен,натрий гидроксидімен,натрий карбонатымен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
№4 тапсырма:
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №13
Тақырыбы: Майлар. Сабындану реакциясы.
Мақсаты: Майлардың табиғатта кездесуі мен қасиеттеріне көз жеткізу.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Майларды не себепті күрделі эфирлерге жатқызады,дәлелдеп көр.
№2 тапсырма:
«Майлар-шикізат» дегенді қалай түсінесіңдер.
Майлар табиғатта қайда кездеседі.
№3 тапсырма:
Сабын деген не? Сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) айырмашылығы неде?
№4 тапсырма:
Құрамына стеарин,пальмитин,олеин қышқылдары кіретін триглицеридтің формуласын құрастырыңдар.
№5 тапсырма:
100г натрий стеаратын (сабын) алу үшін неше грамм стеарин қышқылының триглицеридін алуға болады.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №14
Тақырыбы: Амин және аминқышқылдары.
Мақсаты: Амин және аминқышқылдарының қасиеттерін танып білу.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Анилинді алу реакциясын жазу.
№2 тапсырма:
Зинин реакциясы кезінде 92,25 г нитробензолдан 66 г анилин алынды.Реакция өнімінің шығымы қандай?
№3 тапсырма:
Организмге қатысына байланысты аминқышқылдарын қалай жіктейді?
Аминсірке қышқылының:а)натриймен;б)натрий гидроксидімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
№4 тапсырма:
Анилиннің қолданылуы:
№4 тапсырма:
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №15
Тақырыбы: Нәруыздар (Белоктар)
Мақсаты:Нәруыздарға тән реакцияларды жазу.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Ксантопротеин реакциясы.Нәруыз ертіндісіне концентрлі азот қышқылын құйып,қыздыру керек.Қоспа түзіледі,оның түсі қандай?
№2 тапсырма:
Егер майсыз сүтке бірнеше тамшы азот қышқылын тамызса,нәруыздың ірігенін көруге болады.Мұнда қандай реакция жүреді?
№3 тапсырма:
Биурет реакциясы.Нәруыз ертіндісіне натрий гидроксидін және мыс сульфатын қосқанда
нәруыздың бар екенін көрсететін қандай түс пайда болады.Осындай сапалық реакция қалай аталады?
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №16
Тақырыбы: Жоғары молекулалы қосылыстар жайында жалпы түсінік.
Мақсаты:Табиғи және асанды жоғары молекулалы қосылыстар қасиеттерімен танысу.
Тапсырмалар:
Мақта, жүн және табиғи жібек жіптердің жануы.
Сендерге мақта,жүн және табиғи жібектен иірілген жіптер берілген.Осыларды жағып көріп,әрқайсысын анықтаңдар.
№1 тапсырма:
Егер мақта жіпті спиртшам жалынына апарсақ,ол тез жанады және қағаздың иісі шығады.Жанып болған соң сұр күлі қалады.
№2 тапсырма:
Ал жүн және табиғи жібектен иірілген жіптерді жақсаңдар,күйген қауырсынның иісі шығады. Соңынан қара түсті түйіршік(қалдық) қалады
Қорытынды:
Пракикалық жұмыс №17
Тақырыбы: Жоғары молекулалы қосылыстарды қорытындылау.
Мақсаты: Тарау бойынша білімді тиянақтау.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Денатурациялану қандай құбылыс?
№2 тапсырма:
Глицин,аланин қышқылдарынан пептид тізбегін құрастырыңдар.
№3 тапсырма:
Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:Этан→этил спирті→сірке альдегиді→сірке қышқылы→хлорсірке қышқылы→аминсірке қышқылы→полипептид.
№4 тапсырма:
ДНҚ молекуласының құрылымы қандай? РНҚ-ның неше түрі бар?Айырмашылықтары қандай? Комплементарлы жұптар дегеніміз не?
№5 тапсырма:
Биотехнология мен гендік инженерияның маңызы жөнінде қосымша ақпарат көздерінен материалдар жинақтап айтып беру.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №18
Тақырыбы: Химияның өмірдегі ролі.
Мақсаты: Химиялық препараттар және олармен жұмыс істегенде сақтық шаралары,егер
уланған жағдайда көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы түсіндіру.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Гигиеналық және косметикалық химиялық заттар.
№2 тапсырма:
Тісті күтуге арналған заттар.
№3 тапсырма:
Дезодоранттық және жағымсыз иісті болдырмайтын заттар.
№4 тапсырма:
Тұрмыстық химиялық заттармен жұмыс істеген кездегі сақтық шаралары.
Қоршаған ортаға,адамдардың денсаулығына зиянды әсерін тигізетін қандай органикалық заттарды білесіздер? Формулаларын жазыңдар.
№5 тапсырма:
Тұрмыста кең қолданылатын,жалынды сары түске бояйтын қатты А заты суда нашар ериді.Егер оны тұз қышқылымен өңдесе,В тұнбасы,ал кальций бромиді ерітіндісімен өңдесе,С тұнбасы түзіледі.А,В,С заттарын атап,реакция теңдеулерін жазыңдар.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №19
Тақырыбы: Органикалық заттардың сапалық реакциялары.
Мақсаты: Реактив немесе реакцияның белгісі арқылы органикалық заттарды анықтау.
Тапсырмалар:
Анықталатын катион | Реактив немесе анықтау әдісі | Реакцияның белгісі |
1 | 2 | 3 |
Алкандар | Жалынның түсі | |
Алкендер мен алкиндер | Жалынның түсі,Бромды су, калий перманганаты ерітіндісі | |
Бензол | Жалын түсі | |
Темір(ІІІ)бромиді қатысында қыздырғанда броммен әрекеттесуі | ||
Фенол | Бромды су | |
Na2CO3 сода ерітіндісі | ||
Қаныққан біратомды спирттер | Қыздырғанда мыс (ІІ) оксидімен әрекеттесуі | |
Көпатомды спирттер | Мыс (ІІ) гидрооксиді | |
Альдегидтер | Қыздырғанда аммиакты ортада күміс нитратымен әрекеттесуі | |
Қыздырғанда мыс (ІІ)гидроксидімен әрекеттесуі | ||
Карбон қышқылдары | Индикаторлар:лакмус,метилоранж | |
Құмырсқа қышқылы | Қыздырғанда аммиакты ортада күміс нитратымен әрекеттеседі | |
Қанықпаған қышқылдар,олеин қышқылдары | Бромды су | |
Аминдер | Индикаторлар:лакмус,фенофталеин,метилоранж | |
Анилин | Бромды су | |
Крахмал | Йод ерітіндісі | |
Нәруыз | Конц.азот қышқылы. Мыс (ІІ) гидроксиді Қорғасын (ІІ) ацетаты және натрий гидроксиді |
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №20
Тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар бойынша қорытындылау.
Мақсаты: « Оттекті органикалық қосылыстар» тақырыбын тиянақтау мақсатында
тірек конспектісін құру.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма: Оттекі органикалық қосылыстар тақырыбы бойынша тірек конспектісін құру.
Салыстыру белгілері | Спирттер | Альдегидтер | Қышқылдар | Фенолдар | Эфирлер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жалпы формуласы | |||||
Функцио-налдық тобы | |||||
Атаулар | |||||
Құрылысы | |||||
Функцио- налдық тобындағы байланыс түрлері | |||||
Қышқылдық қасиеттері | |||||
Ерекше қасиеттері |
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Жасушаның мембранасы,құрылысы және қызметі.
Мақсаты: Оқушылар біржасушалы және көпжасушалы организмдермен таныстыру,
олардың құрылысындағы ұқсастық пен ерекшеліктерін түсіндіру.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Дайын препараттарды және кестелерді пайдалана отырып,прокариотты (бактерия) және эукариотты (өсімдік және жануарлар жасушаларының жалпы морфологиясы) организмдердің жасуша құрылысымен танысу.
Жасуша құрылысының ерекшеліктері | Өсімдік жасушасы | Жануар жасушасы |
Сурет | ||
Ұқсастық белгілері | ||
Айырмашылық белгілері |
№2 тапсырма:
Микроскоптың түрлерімен және оның құрылысымен танысу.Жұмыс тәртібін үйрету.Суретін салу.
№3 тапсырма:
Бактерия,өсімдік және жануар жасушаларын бір-бірімен салыстырып,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.
Жасушалар | Цитоплазма | Ядро | Тығыз жасуша қабықшасы | Пластидтер |
Өсімдік | ||||
Жануар |
Қорытынды жасау:
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы:Жасушаның бөлінуі. Митоз.
Мақсаты:Жасушаның митоз жолымен бөлінуіне анықтау.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Жасушадағы митоздың барлық кезеңдері көрсетілген дайын микропрепараттарды қарау.
Митоздың әрбір фазасындағы хромосомалар жиынтығын анықтау.
Митоздың әрбір кезеңдеріне бақылап отырып,ерекшеліктеріне анықтама беру.
Қорытындысын кестеге түсіру.
Митоздын атқаратын қызметі туралы қорытынды жасау.
№2 тапсырма:
Сұрақтарға жауап беру.
1.Барлық ДНҚ молекуласының,адамның бір дене жасушасындағы 46 хромосоманың салмағы 6-10,9 мг. ДНҚ молекуласының массасы нешеге тең?
А) митоздың метафазасында
Б)митоздың телофазасында
2.Митозға қоршаған ортаның әсері болуы мүмкін бе? Ағзаға қандай әсері болуы мүмкін?
3.Неге митоз жүрісінде жас жасушалар хромосома жиынтығымен түзіледі,ол аналық жасушадағы хромосома жиынтығына тең бе? Мұның ағза өміріне қандай маңызы бар?
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: Мейоз және оның фазалары.
Мақсаты: 1)Мейоз және оның фазаларымен танысу.
2)Митоз және мейоз процестерін салыстыру
3)Олардың биологиялық маңызын анықтау.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Бірінші мейоздық бөліну фазаларын ата.
Редукциялы бөлінудің профазасы қандай кезеңдерден тұрады?
Екінші мейоздық бөліну фазаларын ата.
№2 тапсырма:
Митоз және Мейоз
1.Қандай жасушаларға тән?
2.Бөліну алдында(интерфазада) ядрода қандай өзгерістер болады?
3.Бөлінудің қандай фазалары бар?
4.Гомологиялық хромосомада конъюгация бола ма?
5.Қанша жас жасушалар түзіледі?
6.Кроссинговер?
7.Әрбір жас жасуша қанша хромосома алады?
8.Бұл процесс қайда өтеді?
9.Түр түзілуге қандай маңызы бар?
10.Қай процесс ертерек пайда болған?
№3 тапсырма:
Жасушаның митоз жолымен бөлінуінің фазаларын анықтап,суретін салу.Оқулықтағы суретпен салыстырып қарап,қорытынды жасау.Митоздық бөліну фазаларындағы хромосомалардың құрылысын анықтау.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы:Жануарлар селекциясы.
Мақсаты:Селекция ғылымы және оның жетістіктерімен таныстыру.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
1.Жануарлар селекциясының басқа селекциялардан айырмашылығы.
2-тапсырма:
1.Жануарлар селекциясында неге әртүрлі әдістер қолданылады.
3-тапсырма:
1.Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорты мен асыл тұқымын шығару жолдарына мысал келтіріңдер.
4-тапсырма.
1.Хрестоматияда осы тақырыпқа байланысты берілген мәліметтерді оқып танысып,дәптерлеріңе жазыңдар.
5-тапсырма.
1.Кестелерді,суреттерді пайдаланып,сорттар мен асыл тұқымдарды сұрыптау қандай
Белгі бойынша жүргізілгенін анықтаңдар?Қандай белгілер өзгергіш келеді? Сорт пен асылтұқымның арасында қандай ұқсасатық және айырмашылық бар?
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №5
Тақырыбы:Тіршілік үшін күрес,оның түрлері мен мысалдары.
Мақсаты:Тіршілік үшін күрестің маңызы,табиғи сұрыпталудың түрлері мен мәнін түсіндіру.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
1.Түрішілік күрес мысалдарымен танысу;алдын ала ыдыста жеке себілген бір түрге жататын бидай,асбұршақ өскіндерінің қаншасы өскендігін,оның ішінде әлдісі мен әлсіздерінің санын анықтап,биіктігін өлшеу.Бір түрдің ішіндегі тіршілік үшін күреске қандай жағдайлар себеп болғандығын анықтау.
2-тапсырма:
1.Түраралық күрес мысалдарын талдау.Бір ыдысқа араластырып себілген бидай,арпа тұқымдарының қайсысы көбірек өскен,жеке-жеке санап,көбірек өнгендерін анықтау.
Арпа мен бидай екі түрге жататындықтан тураралық күреске мысал бола алады.Күрестің не үшін жүретінін түсіну.
3-тапсырма.
1.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес мысалдарын бөлме өсімдіктері-кактус,алоэдан қарау;қай мүшесі,қалай және неліктен өзгеріске ұшырағанын білу.Құмды,шөлді,далалы жер өсімдіктерінің сырт көріністеріне көңіл аудару,тиісті қорытынды шығару.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №6
Тақырыбы:Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері.
Мақсаты:Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелерінің мысалдарына талдау жасау.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
Гоморлогтік мүшелерімен танысу.
Жануарлардағы гомологтік мүшелер.
Өсімдіктердегі аналогтік мүшелер.
Жануарлардағы аналогтік мүшелер.
Жұмыс соңында кестені толтыру.
Кестені толтыру.
Өсімдіктер гомологиясының мысалдары | Жануарлар гомологиясының мысалдары | Өсімдіктер аналогиясының мысалдары | Жануарлар аналогиясының мысалдары | Қорытынды |
1.Асбұршақ мұртшасы,сарыағаш тікенектері қандай мүшелер?
2.Түйнек,пиязшық,тамырсабақ қандай мүшелер?
3.Тарақан,ара,шегіртке,сүңгуір қоңыздың аяқтары қай мүшенің мысалына жатады?
4.Долананың сояуы қай мүшеге жатады?
5.Балық пен өзен шаянының желбезектерін қай мүшеге жатқызуға болады?
6.Аналогтік мүшелердің анықтамасы.
7.Гомологтік мүшелердің анықтамасы.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы:Өсімдіктер мен жануарлардағы ароморфозы мен идиоадаптациясына салыстырмалы талдау жасау.
Мақсаты:Эволюцияның басты бағыттары мен заңдылықтарына талдау жасау.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
1.Споралы өсімдіктер мен жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау арқылы ароморфозды дәлелдеу.
2.Өсімдіктердегі тікенектер мен безді түктердің идиоадаптацияға қатысын анықтау.
3.Бар болса әртүрлі ортада тіршілік ететін құс тұмсықтары мен аяқтарының құрылыстарынан идиоадаптация мысалын талдау.
2-тапсырма:
1.Омыртқалы жануарлардың жүрек құрылысындағы ароморфозды талдап беріңдер.
2.Биологиялық прогреске жетудің негізгі жолы қандай?
3.Прогресс жолымен дамудың негізінде сүтқоректілердің құрылым деңгейінде қандай күрделенушілік болды?
4.Өсімдіктердегі ең ірі ароморфоз деген не?
5.Идиоадаптацияда организмдердің биологиялық құрылым деңгейі өзара ме?
6.Өсімдіктердегі идиоадаптацияға мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №8
Тақырыбы: Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар.
Мақсаты:Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлардың өзекті мәселелеріне көңіл аудару.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
1.Қазақстанда пайдалы қазбалардың қандай түрлері кеңінен таралған?
2.Арал теңізінің тартылуына қандай жағдайлар әсер етті?
3.Семей полигонының табиғатқа және адам денсаулығына қандай әсері болды?
2-тапсырма:
1.Табиғат байлықтарын шығу тегіне сәйкес қандай топтарға бөледі?
2.Қоршаған ортаның өзгеруіне адамның қандай іс-әрекеті ерекше әсер етеді?
3.Табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты қандай топтарға бөледі?
3-тапсырма:
1.Жануарлардың табиғатта қандай маңызы бар?
2.Өсімдіктердің түр құрамының азаюына қандай факторлар әсер етеді?
3.Өсімдіктер мен жануарларды аялау,қорғау жөніндегі халықтық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру.
4-тапсырма:
Мына ұғымдарды талдап түсіндіріңдер:
«Тозған топырақта тоқшылық болмайды»
«Қара жер қарыз арқаламайды»
«Күте білсең жер жомарт»
«Жер- ана,ел-бала»
«Жер тоймай,ел тоймайды»
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №9
Тақырыбы:Биосфера және Жер ғаламшары.В.И.Вернадский еңбектері.
Мақсаты:Жер ғаламшары тіршіліктің ең жоғары –биосфералық деңгейімен танысу.
Тапсырмалар:
1-тапсырма:
1.Биосфера ұғымы нені білдіреді?
2.Литосфера қабатын сипаттаңдар.
3.Биомасса ұғымы нені білдіреді?
2-тапсырма:
1.В.И. Вернадский тіршіліктің негізіне қандай заттарды жатқызды?
2.Биосферада тірі организмдердің қандай қызметтері бар?
3.Биосфера эволюциясында қандай негізгі кезеңдер болды?
3-тапсырма:
1.Ноосфера ұғымы нені білдіреді?
2.Биосфера эволюциясындағы басты кезеңдерді атаңдар.
3.Семей полигонының адам денсаулығына қалай әсер еткендігін талдап түсіндіріңдер.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №
Тақырыбы:Өзгергіштіктің негізгі формалары.Өсімдіктердің фенотиптерін зерттеу.
Мақсаты: Модификациялық өзгергіштік туралы білім қалыптастыру;өсімдіктерді фенотиптері бойынша сипаттау және өзара салыстырып үйрену.
Керекті құралдар:Өсімдіктердің түрлі іріктемелерінің кептірмелері.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма:
Бидайдың бір іріктемесінің екі өсімдігін қарап,оларды салыстыру.
№2 тапсырма:
Әр өсімдіктің фенотипіне сипаттама жазыңдар.Модификациялық өзгергіштікке байлданысты қалыптасқан белгілерді табыңдар.Олардың генотиптері туралы айтып беріңдер.
№3 тапсырма:
Модификациялық өзгергіштіктің себептерін ашыңдар.Оның селекциядағы маңызы неде?
Қорытынды:
Практикалық жұмыс №
Тақырыбы:Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.
Мақсаты:Химиялық тепе-теңдіктің реакция барысында қалай ығысатындығын бақылау.
Керекті құралдар: Темір(ІІІ) хлориді және калий тиацианаты ерітінділері
Тапсырмалар:
Темір (ІІІ) хлориді және калий тиацианатының сұйылтылған және концентрлі ертінділерін дайындаңдар.Стақанға 20 мл-ден темір (ІІІ) хлоридінің және калий тиацианатының сұйылтылған ертінділерін құйыңдар да,темір (ІІІ) тиацианатының түзілуі есебінен қоспада алқызыл түс пайда болатынын бақылау:
FeCl3+ 3KSCN Fe(SCN)3+3KCL
Алынған ертіндіні көлемі 50 мл төрт құтыға құю керек.Ертіндісімен бір құтыны салыстыруға қалдырыңдар да, екінші және үшінші құтыларға азғана темір (ІІІ) хлориді мен калий тиацианатының концентрлі ертінділерін қосыңдар.Екі ыдыстағы да ертінділердің түсінің бастапқы түске қарағанда біраз қанығырақ болғанын байқаңдар.
Төртінші құтыға аздап кристалл түріндегі калий хлоридін қосыңдар да,араластыру керек ертіндінің түсі әлсірейді.
Қорытынды:
Практикалық жұмыс
Мақсаты:Зерттеп отырған ерітінді құрамындағы СI- ионының бар-жоқтығын анықтау, тәжірибе жүзінде тұз қышқылын алу,сілтілік металдардың қосылыстарының қасиеттерін дәлелдеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:Сынауықтар, реактивтер- НСІ, NaСІ, ZnCI2 AICI3, AgNO3, NaOH, CuSO4
р/с | Жұмыс мазмұны | Қажетті реактивтер | Не байқалды? | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Үш сынауыққа натрий хлориді, мырыш хлориді, алюминий хлориді ерітінділерін құйып, күміс нитраты ерітіндісімен СІ- ионын анықтау үшін реакция жүргіземіз. | НСІ NaСІ ZnCI2 AICI3AgNO3 | Ақ тұнба түзілді. Ақ тұнба түзілді. Ақ тұнба түзілді. Ақ тұнба түзілді. | НСІ+ AgNO3=AgCI↓+НNO NaСІ+ AgNO3=AgCI↓+NaNO3 ZnCI2+ 2AgNO3=2AgCI↓+Zn(NO3)2AICI3+ 3AgNO3=3AgCI↓+AI(NO3)3 | ||
Суретте көрсетілгендей прибор жинап аламыз. Кристалдық ас тұзын колбаға саламыз, концентрлі күкірт қышқылын сүзгіш құйғы арқылы тамызамыз. | NaСІ H2SO4 | Өткір иісті, түссіз газ бөлінді. | NaСІ+ H2SO4=Na2SO4+HCI↑ | ||
Натрий сілтісін пайдаланып, мыс(ІІ)гидроксидін ал, одан мыс (ІІ) оксидін ал. | NaOH CuSO4 | Көк түсті тұнба түзіледі. Тұнба ериді | CuSO4+NaOH=Cu(OH)2↓+Na2SO4Cu(OH)2→CuO+H2O |
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Оказание первой помощи в соответствии с ФЗ «Об образовании в Российской Федерации»
- «Учитель физики: современные методы и технологии преподавания предмета по ФГОС ООО и ФГОС СОO»
- «Организация ученического самоуправления в общеобразовательных учреждениях»
- «Технологии работы с детьми с ОВЗ»
- «Особенности работы помощника воспитателя в дошкольном образовательном учреждении»
- «Нормативно-правовые основы дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
- Содержание и организация деятельности учителя-логопеда в дошкольной образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания изобразительного искусства
- Педагогика и методика преподавания физической культуры
- Методика организации учебно-производственного процесса
- Управленческая деятельность в системе социального обслуживания
- Организация методической работы в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.