- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Бағандар
Күні:
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6 «а, б, в»
Сабақтың тақырыбы: Бағандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Бағандар туралы түсінік беру, мәтіндерді бағандарға бөлуді үйрету
Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, бір-бірінінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Берілген тапсырмаларды бағандарға бөле алуға дағдыландыру
Түрі: Дәстүрлі
Типі: Қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ – жауап,түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық
Стратегиялар:«Қайталау- оқу айнасы» ,«Тілекті тізбек», «Кері байланыс».
Көрнекілігі: ДК, оқулық, қима-қағаздар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлеметсіңдерме, оқушылар! Отыра қойыңдар. Бүгін сабақта түгелмізбе? Кезекші сабақта кім жоқ айтып жібер, не себепті жоқ? | Оқушылар тұрып амандасады. Сыныпта түгел, түгел емес екендігін айтады. |
Психологиялық дайындық | «Тілекті тізбек» Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтып өтеді. | Оқушылар бір-біріне кезек- кезек тілек айтып шығады. |
Үй тапсырмасын тексеру | Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді? «Қайталау- оқу айнасы» Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою Тізім деп нені түсіндіңдер? Тізімнің түрлерін таңдар? Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз? Нөмірленген тізімді баптауға болама? Артығын таңдаңдар. Тізімдермен жұмыс қашан қажет А) Жұмыс жоспарын құрғанда В) Әңгіме мәтінін тергенде С) Құжаттың мазмұнын құрғанда Д) мектептегі сабақ кестесін құрғанда 2. Мына берілген қандай тізім? Нан Сүт Кәмпиттер А)маркерленген В)нөмірленген 3. Тізімнің түрін анықтаңдар: Табиғи ғылыми пәндер а) Алгебра б) География А)маркерленген В)нөмірленген 4. Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек? А)нөмірлеуді орнату В)қаріптің түрін таңдау 5. Нөмірленген тізімді құру батырмасы А) В) | Үйге берілген тапсырманы айтады. Д А В С В |
Жаңа білімді меңгерту | Бағандар Бұл параграфта біз мәтінді бағандарға орналастыруды үйренеміз. Көпбағанды мәтіндерді сирек болса да кітаптар мен баспа құжаттарынан кездестіруге болады. Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды қолданған дұрыс. Мысалы, заттардың тізімінен немесе өлең мәтінінен тұратын жолдарды еске алайық. Мұндай құжаттың оң жағы толтырылмай қаладыда артық шығын болады. Сонымен қатар мұндай құжат эстетикалық жағынан көріксіздеу көрінеді. MS Word процессрының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мәтінді құжаттың ішіне ықшамды етіп орналастыруға болады. Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтінің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады. Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы мақсаттары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып,толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек: Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді. Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қаттықадағалаңдар! Әйтпесе мәтіннің бөлігі «жоғалғандай», яғни мәтін бағанның сыртында орналасқандай болады. Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуілсіз Бетті белгілеу – Бағандар – Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар. Мәтіннің бағандарға дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі, одан Тез қол жеткізу тақтасы – Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн. Түзетемін деп, құжатты мүлдем бұзып алуларың мүмкін. Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын оны әрқашан жаңадан бастай алатындай етіп дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіздік жағдайында бұл құжатты түзету әрекетіне қарағанда жақсы нәтижеге алып келуі мүмкін. Әдетте бағандарға бөлерде беттің альбомдық теру бағытын таңдайды, себебі ондайда парақтың ендік мөлшерлері биіктігіне қарағанда артық болады және екі бағанға бөлінгенде де ені бойынша көбірек бөлінеді. Егер бағанның жолына бір-екі сөз ғана сиятын болса,ол өздеріңе де ұнай қоймас! Ал егер сендерге мәтінді үш немесе төрт бағанға сыйғызу керек болса ше? Сондықтан беттің альбомдық теруін пайдаланған ыңғайлы(беттің альбомдық теруі баптау жолағының Бетті белгілеу бөлімінде орналасқан). Қарапайым құжаттан көпбағанды мәтін алу тәртібі: Басқа бағандар бұйырығының сұхбаттық терезесіндегі батырмамен бағанның санын, мөлшерін және сыртқы пішінін баптайды. Егер әр бағанның енін әртүрлі етіп таңдау керек болса, онда «Бір енді бағандар» белгісін өшіреді. Аралық – бұл бағандар арасындағы арақашықтық. Оны әр баған үшін жеке өзгертуге болады. Назар аударыңдар, бір бағанның енін немесе аралығын өзгерткенде, автоматты түрде басқа бағандардың мөлшерлерінің баптаулары да өзгертеді. Бұлай болатын себебі, барлық мөлшерлердің қосындысы беттің енінен аспауы керек. Баптаулардың нәтижесін оң жақтағы терезеде орналасқан үлгіден көруге болады. «Бөлгіш» құсқанат белгісі бағандар арасында үзіксіз бөлгіш сызықтың жүргізілетінін білдіреді. Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу – Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек. | Бағандар туралы қысқаша жазып алады. Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтінің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады. |
Бекіту | Тапсырма 1: Сыныптың тізімін 2 бағанға жазыңдар. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Өлеңді теріңдер Өлеңдерді көшіріңдер Өлеңнің түпнұсақасын екі бағанға орналастырыңдар Өлеңнің көшірмесін бөлгіші бар үш бағанға орналастыырыңдар Осы жағдайда көпбағанды мәтін пайланудың қажеттілігі жайлы тұжырым жасаңдар. В деңгейі Өлеңді теріңдер Бұл мәтінді қанша бағанға бөлген тиімді екенін ойланыңдар Бағандарды қалыптастырғанда келесі бағанның қай жолдан басталатынын анықтаңдар. Келесі бағанды нақты осы жолдан бастаңдар Мәтінді төрт тағандарға бөліңдер Өлеңді әрлеңдер. С деңгейі Өткен айдың жаңалықтарын қамтыған мектеп газетін құрыңдар. Суреттер мен мәтінді бағандарға орналастыруды пайдаланыңдар. | |
Қорытынды: | Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы? Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін қандай батырма пайдаланылады? Бағандар арасындағы арақашықтық қалай аталады? Рефлексия: Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Әлі де үйренерім бар, тақырыппен жұмыс жасау керек, түсінбегенім? Осы тақырыпқа дейін мен білдім? | Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайды Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын Арақашықтық |
Үйге тапсырма | 120 беттегі $20 Бағандар тақырыбын оқып, мазымұндау | |
Бағалау: | Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысып, белсенділік танытқан оқушылардың бағасын айтайын.Сонымен бүгін сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға ..... 5-деген баға, ...... 4-деген баға Осыменен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар! | Сау болыңыз! |
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/301521-baandar
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Технологии инклюзивного образования обучающихся с ОВЗ в условиях реализации ФГОС»
- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Теоретические и практические аспекты дефектологической работы с детьми с нарушениями опорно-двигательного аппарата»
- «Содержание деятельности помощника воспитателя в ДОУ»
- «Основы конфликтологии и медиации в работе с молодёжью»
- «Особенности работы специалистов службы сопровождения с обучающимися с расстройствами аутистического спектра в соответствии с ФГОС»
- Педагогика и методика преподавания русского языка и литературы
- Изобразительное искусство и педагогическая деятельность в образовательных организациях
- Астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Теория и методика преподавания географии в образовательной организации
- Тифлопедагогика: обучение и воспитание детей с нарушениями зрения
- Воспитательная деятельность в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.