- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Теоретические и практические аспекты работы с детьми с расстройствами аутистического спектра»
- «Использование системы альтернативной и дополнительной коммуникации в работе с детьми с ОВЗ»
- Курс-практикум «Профессиональная устойчивость и энергия педагога»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні
Безендірілген залға біріншіден ұлдар кіріп келеді.
Ұлдар: әуен –ұлдар қимылдарын жасай кіріп келеді, содан кейін бәрі бірге тақпақты оқып қыздарды шақырады:
Қыстың кетіп ызғары,
Көктем келіп нұрланды,
Құттыктаймыз бүгін біз
Шақырайық қыздарды.
Қыздар:әуен- билеп кіріп келеді - бірге билеп орындарына өтеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Безендірілген залға біріншіден ұлдар кіріп келеді.
Ұлдар:әуен –ұлдар қимылдарын жасай кіріп келеді, содан кейін бәрі бірге тақпақты оқып қыздарды шақырады:
Қыстың кетіп ызғары,
Көктем келіп нұрланды,
Құттыктаймыз бүгін біз
Шақырайық қыздарды.
Қыздар:әуен- билеп кіріп келеді - бірге билеп орындарына өтеді.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Раяна: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Томирис: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
Аружан: Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекен.
Бәрі бірге: Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
1.Ән: «Аяулы анашым» хор.
Жүргізуші: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Ұлдар бәрі бірге: Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
2.Ұлдар ән: «Құттықтау әндері»
Әуен – қонаққа кіріп келеді көктем ару.
Жүргізуші:бізге қонақ келген сияқты, сендер білесіңдер ме бұл кім?
Балалар:жоқ.
Жүргізуші:Құрметті сұлу қонақ кім боласың, танысайық.
Көктем ару: Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем?
Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз.
Шуағыңды шаттандырып,
нұрыңды мол төгебер.
Жүргізуші:Ал, Ару көктем өзіңе арналған тақпақты қабыл ал.
Айбарыс: Біз доспыз гүлдермен,
Тек оларды жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Көктем: Мынау менің себетім, оның ішінде сиқырлы текшелер бар, текшелерде сан жазылған , әрбір санның құпиясын ашшақ , ол сыйлық болып шығады. Бар сандардың құпиясын ашшақ сыйлықтарды қыздарға сыйлай аламыз. Текшелерді себеттен қонаққа келіп отырған қонақтарымыз алып санды көрсетеді.
( Бір ата ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді, ал балалар санды
атайды) Мысалы : 1
Жүргізуші:1 санына, Қыздар биін орындау керек.
Салтанат:Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
3.«Қыздар биін» тамашаландар
Көктем ару:( Бір ата- ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді, ал балалар санды атайды) Мысалы : 2
Жүргізуші:2 санына, ән орындау керек.
4.Аяулым «Анашым» әнің орындап береді.
Жүргізуші:Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар: .
Сымбат: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Бибарыс:Мақтаным апа
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.
Жантөре:Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
Муслима:Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Алижан :Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызымен.
Көктем ару:( Бір ата- ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді,
ал балалар санды атайды) Мысалы : 3
Жүргізуші: аспаптарды дыбыстарынан танып атап беріндер.
5.Ансамбльдің орындауында « Московский кадриль» шығармашылығын тыңдаңыздар.
Көктем:балалар қыздарды жақсы көресіндер ме? ИЯ.
Ойын ойнап тексеріп көрсек қайтеді.
Ойын: «Гүл сыйлау»
Ойын шарты: екі қызды орындыққа отырғызып, өздері бір бірден гүл
сыйлайды. Қарама –қарсы тұрған себеттен алады.
Жүргізуші:Ойын ұнады ма? Онда қазір Анеля «Апатаем анашым» - әнің орындап береді.
6.Анеля ән: «Апатайым анашым»
7 Жүргізуші: Мына үш бала әңгімелесіп отыр, не туралы әңгімелесіп отыр екен сұрайық.
Көрініс: «Анамның аяулы қолы» (Муслима- сұрақ қояды, ал салтанат пен Томирис жауап береді)
1сұрақ: осы өмірде ең жұмсақ не деп ойлайсыңдар? ( мамық, нан, қонжық, мақта, ...) Жоқ, бұл өмірде ең жұмсақ ананың алақаны.
2 сұрақ: Осы өмірде ең тәтті не деп ойлайсың? ( қант, кәмпит, бал, балмұздақ, торт, ..) Жоқ, осы өмірде ең тәтті ананың сүті.
3 сұрақ: Осы өмірде ең жылы не деп ойлайсың? ( күрте, күн, үй, қолғап, ...)
Жоқ, осы өмірде ең жылы ананың жүзі.
Жүргізуші: Муслиманың сұрақтары өте маңызды екен, білмегеніміз болса,
енді білетін боламыз.
Музыка шығады:
Жүргізуші:Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ:Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Жүргізуші:Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
Бәр бала ортаға шығып Сайқымазақпен бірге билейді. Арива.
Сайқымазақ:Біз шаршадық, біз отырып дем алайық, ал ұлдарымыз бәрімізге билеп берсін.
8.Ұлдар биі «Джентельмендер» Хореограф – музыка.
Көктем ару:( Бір ата- ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді,
ал балалар санды атайды) Мысалы : 4
Жүргізуші:4 санына, ән, би, тақпақ әжелерімізге орындау керек.
9 Анеля: тақпақ оқып береді
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
10.Сымбат: «Әже» әнің орындап береді.
11. Ағылшын тілінде ән мен тақпақ тыңдаңдар.
Сайқымазақ:мен енді ойын ойнағым келеді. Менің сиқырлы дорбамда қызық заттар бар. Менің көмекшілерім ұлдар болады. Біз бәріміз сұлұлық салонында жұмыс істейміз.
Ойын: «Сұлулық салоны»
Ойын шарты: Ұл балалар өз аналарын сұлулық салонына шақырады
Әр бала өз анасына қызмет көрсетеді. Керекті заттарды
таңдап, қолданады. Кімнің анасын ең сұлу деп айтуға
болатының қонақтарымыз соныңда айтады.
Көктем ару:( Бір ата- ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді,
ал балалар санды атайды) Мысалы : 5
12.Аружанның орындауында ән «Биші болам өскенде»
13. Анеля билейді.
Көктем ару:( Бір ата- ана себеттен гүлді алып, бәріне көрсетеді,
ал балалар санды атайды) Мысалы : 6
Мынау сонғы сиқырлы гүл, енді бір ән орындасандар, сыйлықтарыңды беруге болады.
14. Раяна ән орындайды «Құттықтаймын ана»
Көктем ару мен Сайқымазақ біз қыздарға сыйлықтарымызды
берейік. Ұлдар көмектеседі.
Жүргізуші: балалар біз ештеме ұмытқан жоқпыз ба?
Әжелер мен аналарға арнап ән айтық па, би биледік пе, тақпақ оқыдық па, нені ұмыттық? (Сыйлық сыйламадық)
Балалар қолдарына жүректерін алып шығады.
15. Аяулым «Мама» әні, арасында тақпағын айтады.
Аяулым: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде
Балалар өз сыйлықтарын алып сыйлайды.
Көктем ару: Аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сайқымазақ:Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап,
жүздеріңізге нұр шашсын.
Жүргізуші:Құрметті аналар мен әжелер!
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болсын,
үйіңізден жылылық кетпесін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт,
жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/313031-8-nauryzhalyaraly-jelder-kni
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя истории и обществознания»
- «Учитель географии: современные методы и технологии преподавания предмета по ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Преподавание ОБЖ по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Инклюзия в дополнительном образовании: особенности работы с детьми с нарушениями опорно-двигательного аппарата»
- «Психология делового общения в образовательной организации»
- «Адаптация детей к дошкольной образовательной организации»
- Педагогика и методика преподавания истории и кубановедения
- Образовательные технологии и методики обучения основам безопасности жизнедеятельности
- Управление специальной (коррекционной) образовательной организацией
- Подготовка детей к обучению в школе: содержание и организация работы с детьми
- Логопедия. Коррекционно-педагогическая работа по преодолению речевых нарушений у обучающихся младшего школьного возраста
- География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.