Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
18.05.2018

Ақ серек, көк серек

Ақ серек, көк серек
Ойын шарты: Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір – бірінен 30- 40 метрдей жерде қол ұстасып, қарама – қарсы қатар тізіліп тұрады. Екі топтың басқарушылары әр топтың оң жақ басында болуға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркін алған команданың капитаны:

Содержимое разработки

Ақ серек, көк серек

Ойын шарты: Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір – бірінен 30- 40 метрдей жерде қолұстасып,қарама – қарсықатар тізіліп тұрады. Екі топтың басқарушыларыәр топтың оң жақ басында болуға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркін алған команданың капитаны:

      «Ақ серек пен көк серек»

      Бізден сізге кім керек? – деп екінші топтан сұрайды.

      Оғанқарсыластары былай деп жауап береді:

      «Ақ серек, көк серек»

Сонау тұрған  Алидіңөзі керек, - деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгіргенқалпыменқолұстасып тізіліп тұрған топтың еңәлсіз деген жерінен келіп соғып,үзіпөтуге тырысады.      Егер үзіп кетсе, топтыңүзген жеріненөз тобына бір баланы апарып қосады.Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ендігі кезек екінші топқа беріледі. Оларда осы тәртіп бойынша ойынды әріқарай жалғастырады.Сөйтіп, екі топ бірін – бірі ұтып алуға тырысады. Ақырыұтылған жақтың адамдары аз мөлшерде не кейде жалғыз басқарушысығанақалатын кездері де болады.     Ұтқан топ жүлдесін алады. Жүлдені тәрбиешіөзқалауы бойынша ұсынады.

Сақина тастамақ

Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы адам ортаға шығады, оныңқолында сақинасы болуы тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салуы керек. Алақанына сақина түскен адам мұны жанындағы көршісіне білдірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинамұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам жанындағы көршісіне сездірмей орнынан шапшаңұшып тұруы керек. Егер ол кезінде тұра алмай, көршісінеөзінұстатыпқойса, айып тартады. Ал, керісінше көршісі оны ұстай алмаса, өзі айыпты болады. Сол айыбы үшін көпшіліктіңұйғаруы бойынша ән, би, күй немесе басқа бір білетін өнерін орындап береді. Сонан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.

Орамал тастау

Ойын шарты: Орамал тастау ойынына қатысушылар шеңберқұрып отырады. Ойын бастаушыныңқолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда ол оларды сыртынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалын тастап кетеді. Егер кайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағындақалған орамалды байқамаса, басқарушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушыны босап қалған орынға келіп отырады. Ойын әріқарай жалғасады. Бұл ойын балаларды сезімталдыққа, жылдамдыққа,қырағы болуға тәрбиелейді.

Жылдырт – жылдырт

Ойынды орындыққа отырып ойнайды.ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып,қалтасынан жүзік,я болмаса бір затты алады да оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады. Сонан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін былайша түсіндіреді: бәріңде екі алақандарыңды бір – біріне қабыстыра, ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына жылдыртпа түсеқалса, оны тез жәнеөзіңнен басұаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оңжағыңдағы көршіңе жылдыртып жібер. Сонда қысулықолыңдыөзіңнен оңғақарай емес, әуелі сол жаұ көршіңніңқолына түйістір, «Жылдыртпаны» сол бірінші жолда өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де со қол тиістірген уақытта «Жылтыр – жылтыр» - деп дауыстап айтып отырасыңдар. Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр»үнемі бақылап болжап отырып, «жылдыртпаны ұстап алу керек. «Жылдыртпаны» алақаныныңқуысынасалып алып, бастауыш «жылдырт-жылдырт» - деп бір ойыншыдан бастайды да, өзгеге байқатпайөзіқалаған біреуіне қалдырып кетеді. Ендігі жерде  барлық ойнаушылар "Жылдырт - жылдырт" – деп, деп бір ойнаушыдан бастайды да,өзгеге байқатпайөзіқалаған бір ойыншыныңқолына салады. Келесіде барлық ойыншылар "Жылдырт - жылдырт" депқолдарын екі жағындағы көршілеріне кезекпе – кезек  түиістіріп,қайтып алып отырады да, оны сездірмей солардың біріне өткерлемей береді. "Жылдыртпаның"үнемі оңғақарай ауысып отыруы шарт. "Тапқыр" тауып алуға тырысады. Егер 6-7 айналғанға дейін таба алмаса, бір бала "Жылдырт – жылдырт, жылдырт тақымқырт, отыра қалдық жым-жырт" – дейді де бәрі жым-жырт бола қалады. "Тапқыр" ойыншылардың сырт көрінісі мен бет бейнесін болжап отырып, өзінше сезікті санаған бір ойыншыныңқолын ашады. Тауып алса, сол ойыншы екі ауыз тақпақ,өлең, жұмбақ шешеді, жаңылтпаштардың бірін айтып, айыбын өтейді.Өзі ортаға шығып, "тапқыр" болады. Бұдан арғы ойынды сол ьапқырдыңөзі бастап, өзі жүргізеді.Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айта алмайтын ойыншы не сиыр боп мөңірейді, не жылқы боп кісінейді, болмаса басқа бір тапсырма орындайды.

Қаршыға мен қарлығаш

Бұл ойынға неше бала болса да қатыса беруге болады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқақарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршыға" да, екінші қатарындағылар "Қарлығаштар"деп аталады. Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі – қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен "Қар . . ." дейді де, сонан соңөзқалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырайқаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті – қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқаөтеді.Қайсы топ қарсы топтың ойыншысын көпқосып алса, сол топ жеңіп шығады.

  Алақан соқпақ

Ойынғақатысушыларүйге, не бір оңаша жерге жиналады да, дөңгелене отырады. Орталарынан бір бастаушы белгілейді. Оған сүлгі беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айналып жүріп, біреуге "Алақаныңды тос!" – дейді. Ол тосады. Сол кезде, бастаушы оның алақанына ширатылған сүлгіні тигізеді де, тез тартып алады: "Сүлгіқайда?" – деп сұрайды. Аты атлған ойыншы орнынан тұрады да, алақанын тосады. Бастаушы оның да алақанына сүлгіні тигізіп: "Сүлгіқайда?" – деп сұрайды.Әлгі ойыншы бір ауыз өлең айтады. Сонан соң: "Сүлгі анада" – деп, екінші біреуді көрсетеді. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсыөлең айтып, ән салғандарғаұпай жазылады. Кім көпұпай жинаса, сол жеңімпаз аталады.

Тақия тастамақ

 Ойын бар бір ойын бастамақ,

 Атын оның «Тақия тастамақ»

 Шеңбер боп отыра қалыңдар,

 Болмасын асығу, сасқалақ,

 Ақырын аспаймын, саспаймын,

 Шеңберді айнала бастаймын.

 Бірінің тұсына жеткенде

 Сездірмей тақия тастаймын.

 Қайтадан оралып келгенше

 Түк сезбей отырсаң, омалып

 Тақиямен төмпештепқуамын.

 Қаласың айыпты саналып.

 Шығасың тақия тастауға,

 Ойынды басынан бастауға.

Орамал кетті, орамал кетті

Бұл ойында орамлды тауып ала қою оңай емес! Себебі, ол көзге көрінбейді десе де болады. Оныңқұпиясын білгілерің келе ме? Онда алқа – қотан, бір – бірлеріңе иықтарыңды түйістре отырыңдар да аяқтарыңды алғасозыңқырап, тізелеріңді шамалы бүгіңкіреп жайғасыңдар.Қолдарың бүгілген тізелеріңнің астынан емін – еркін қозғалатындай болуы керек. Ал ойынды жүргізуші сендердің ту сыртарыңды айналып жүруі тиіс.Бәрің дайынсыңдар ма? Ендеше ойын басталды! Сендер «орамалкетті! Орамал кетті» деген сөздерді айтып, орамалды тізелеріңнің астымен бір – бірлеріңе берулерің керек. Ал ойнды жүргізуші көзге көрінбейтін сол орамалдың кімде екенін дәл тауып, есімін атауы тиіс. Ал бұл оңай емес! Себебі,ойынғақатысушылардың бәрі де сол кезде бір сөздерді айтып, орамалды беріп жатқан сияқты бірдей қимылдарды жасайды емес пе?.. Міне, жүргізуші ойынғақатысушылардың бірінің, айталық Дамирдің, шамалы абыржып қалғанын немесе оныңұолындағы орамалдың жылт еткен шетін көзі шалып қалды делік. Мұндайда жүргізуші «Дамир!» деп, соның  есімін атай қояды. Енді ойынды жүргізуші  «ұсталыпқалғанмен» орын алмасады. Ойын осылайша әріқарай жалғаса береді. Ал егер жүргізуші орамал берушіні дәл таба алмай қалса, онда көптің алдына шығыпән айтып немесе өлең оқып,өзі «жазықсыз жапа шектірген» Дамирдің алдындағы айыбын өтейді.

Аударыспақ

 Ертедеқазақ даласында «Найзагерлер айқасы» деп аталатын ойын – жарыс болған. Ол балалардың күні  ертең күштіәрі найзагер жауынгер болып ержетуіне ықпал еткен. Әрине, орта ғасырлардағы еуропалық рыцарьлардың жекпе –жегі сияқты, оныңқауіпті жағы да болғаны рас. Бертін келе ойынның ережелері біршама өзерістергеұшырап, ол жаңа элементтермен толыға түсті. Енді атқа салт мінген жігіттер бірін бірі атүстінен аударып тастауүшін сайысатын болған.   Балалардың «Аударыспақ» деп аталатын ойны да батырлардың сол ойнына ұқсас деуге болады. Тек мұндағы айқас аттыңүстіндеөтпейді.салмағы жеңілдеу ойыншы дене күші мығымәріптесінің арқасына отырып алып, қарсыласымен сайысқа түседі. Кім кімді «атынан аударып» тастаса, жеңіс соныкі.

   Аңшылар

Бұл ойында ең бастысы дәлдік пенсоққыны тосыннан бере білу. Әрине, епшілдік де керек. Бірнеше доп қажет болатындықтан, бұл ойынды дене шынықтыру сабағы кезінде ойнағанқолайлы.    Ойынның тәртібі мынадай: алдымен «аңшылар» және «қасқырлар» болып екі топқа бөлінесіңдер. «Қасқырлар» шағын – диаметрі 4 метр шамасындағы шеңбердің ішінен орын алады. Ал «аңшылар» сол шеңбердің сыртында болады. «Аң аулау»  басталды! Берілген белгі бойынша «аңшылар» екі жақа бөлініп тұрады шеңбердің ішіндегі «қасқырларды» доптарымен кезек – кезек «атқылай» бастайды. «Қасқырлар» - бұрылып,  жалтарып, ұшып келе жатқан допты қағып алып дегендей, әйтеру,қалай болғанда да өзінеқарай «атылған оқтарды» дарытпауғаұмтылулары керек. Тигізген әрбір добы үшін «аңшылар» бір ұпайға ие болады. Ал «қасқырлардың» бірі допты ұстап алған жағдайда «аңшылардың» жинағанұпайлары күйіп кетеді.   Ойын кезінде қанша доп болса, сол доптар лақтырылып біткеннен кейін «аңшылар» мен «қасқырлар» орындарын алмастырады. Көпұпай жинаған топ жеңімпаз аталады.

Жаяу тартыс

Егер сен біреумен күш сынасып байқағың келсе, біз саған оның мынадай бір тамаша жолын ұсынамыз.Өзің мына суретке қарашы. Көрдің бе, екі ойыншы бір-біріне арқаларыменқарсы тұрып, тұйықталып байланған арқанды мойындарына іліп, қолтықтарынанөткізіп алған. Арқанның екі ұшының бір-бірімен байланып жалғанған жері екі ойыншының арасындағы орта тұста болуы тиіс. Бір. . . екі. . . үш! Осы "үш" саны айтылған сәтте ойыншылар бірін бірі бір мезгілдеөз жағынақарай тарта жөнелулері тиіс. Екеуініңқайсысы мықты болса, сол сыңарынөз жағына – бұрын белгілеп қойған межеге тартып әкетері сөзсіз. Егер достарың сені ұдайыөз жағына тартып әкетіп, жеңіліскеұшыратып жатса, оған жабырқаудың жөні жоқ. Дене шынықтырумен мықтап айналыссаң, уақытөте келе сен де өзіңнің бойыңда бұла күштің пайда болғанын сезіне бастайсың.

Дауыста, атыңды айтам

Бұл ойында сендер біреуді қуып немесе біреуді ұстапәуре болмайсыңдар. Бірақ соғанқарап бұл ойын қызық емес екен деп ойлапқалмаңдар.Өйткені, мұнда зердеңнің мықтылығы, есту қабілетіңнің жоғарылығы,ән немесе тақпақ айта білу сияқты маңыздықабілеттер сынға түседі. Ал ойынды бір орында отырып та ойнай беруге болады.    Ескеретін бір маңызды жәйт – бұл ойынғақатысатындар бір-бірлерін жақсы білулері керек.   Сонымен, ойынды жүргізуші ортаға шығарылады. Оның көздері орамалмен таңылады. Содан кейін кімніңқай орында тұрғанын бағдарлай алмай қалуыүшін ол бір орында бірнеше рет шыр айналдырылады. Содан кейін ойынның еңқызықты тұсы басталады. Жүргізуші ойынғақатысушылардың бірі тұрған тұсты нұсқап: "Дауыста, атыңды айтам!" дейді. Мұндайда соның саусағы бағытталған ойыншы жүргізушіөзін танып қоймауыүшін мүмкіндігінше дауысын құбылта дыбыс беруі керек. Алайда қу жүргізуші соғанқарамастан, дауыс иесін дәл тапса, екеуі орындарын алмасады. Егер таба алмаса, онда жүргізушіөз "айыбын" өтеуі тиіс. Ән мен тақпақ айта білу өнері де тап осы жерде керек.

Өз орныңды тап!

Бұл көп халықтарға кеңінен тараған балалар ойыны. Оны кейде "Үшінші – артық" деп те атап жатады.Ойынның ережесін еске түсірейік.Ойынғақатысушылар санамақ арқылы,әйтпесе, жеребе тастау жолымен жұптарға бөлініп, содан кейін екі-екіден, бірінің сыртына бірі үлкеншеңбер жасап орналасады. Жұп пен жұптың арасы екі-үшқадам болғаны мақұл.Ойынды жеребе бойынша сайланған жүргізуші мен сыңарсыз ойыншы бастайды. Жүргізуші: "Өз орныңды тап!" – деп команда берген кезде, "артық" ойыншы қашып, жүргізуші соның соңынанқуа жөнеледі. "Артық" ойыншы өашып бара жатып, кез келген жұптың алдын тұрақалуы тиіс. Егер жүргізуші оны өуып жетіп, қолын тигізе алмай қалса, енді осы жұптағыүшінші ойыншы "артық" болып саналады да, қаша жөнеледі. Мұндайда, жүргізушіөз міндетін одан әрі атқара беруге мәжбүр. Ал жүргізуші "артық" ойыншыны бірден ұстап алған жағдайда, екеуі өз міндеттерін алмасады.  Ал, қане, шапшаң болсаң, епшіл болсаң, "Өз орныңды тап!". 


А
қ сандық пен көк сандық

Бұл ойынның аты неге мұндай дейтін шығарсың?Қазір ол сұрақтың жауабын табу қиын. Біраққалай болғанда да, ойыннныңөзі оның атына қарағандаәлдеқайдақызық екені кәміл. Бұл ойын бір қарағанға "Жаяу тартысты" еске салады. Бірақ мұнда арқан пайдаланылмайды. Ойынды ойнау үшін "екі балуан" қолдарын бір-біріне айқастырып,бір-біріне арқасын беріп тұрулары керек. Содан кейін белгі берілісімен,әрқайсысыөзәріптесініңқарсылығынақарамастан, оны өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Әрі осы кезде: "Ақ сандық па?" немесе "Көк сандық па?" деген сөздерді де айтуғаұмытпауға тиіс. "Күш атасын танымайды" деген бар. Әрине, нағыз мықтығақарсыласын бөктере салу сөз болып па! Ол қарсыласын арқасына көтеріп алады да, қашан жеңілгенін мойындап: "Ақ сандықұтты!" немесе "Кһк сандықұтты!" дегенінше жібермейді. Сонымен, кім жеңеді? Ақсандық па, көк сандық па?

Арқан тарту

Бұл ойынды ойнау үшін, бес- алты бала тартқандаүзілмейтін арқан жәнеүлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасын арқанөтпейтіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалағаұқсатып,үйеді де оның орта шетінен таяқпен тесеп әлгі арқандыөткізеді. Содан кейін тақтайшаның екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, тақтайшаларды аққаларға екі – үшқарыстай тақапқалғанда, тақтайшалар аққалаға тірелгенде, кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққалақалайқұласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланықайта жасайды.

Ортаға түспек

Ойынғақатысушыла екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңдаөтуі тиіс. Жерге көп бала сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші топ сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сыртағы ойыншылар тік төртбұрыштың  ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдепұра бастайды. Доп тиген бала  сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай,әрі жерге түсірмей, допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін шығарып алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғандаұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет айналуға айып бұйырады. Ол бұл сыннан құламайөтсе, сырттағыөз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмайқұлапқалса,өзі де сыртқа шығып,ішкеұтқан топ кіреді.

   Жаңылма

Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады да, ортасынан санамақ айтып бір баланы ортаға шығарады . шыққан бала өлең тақпақ , әнгіме айтып тұрып кез келген жерінде жаңылысып,не болмаса құлағын ұстайды , басын сипайды,тағы сол сияқты іс-әрекеттерді жасайды.Оның өлең ,тақпақ, әңгіме айтып түрып Істеген қимылдарын қайталай алмай қалған бала айтып болып , өлең айтады,билкйді,әңгіме айтып күдіреді.Ойын далда,үйде,аулада өткізіледі.  

  

Мысық пен тышқан

Ойынға 10 – нан 20 адамға дейін қатысуға болады.Ойынды үлкен залда, алаңда ойнаған жөн. Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойынға қатысушылар екі баланы арасынан ортаға шығарып, оның бірін «тышқан», екіншісін «мысық» етіп белгілейді. « Тышқан» шеңбер ішінде қалады, ал «мысық» оның сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Ойыншылардың міндеті: «мысық» тышқанды қуған кезде ұстасқсан қолдарымен бөгеп қалып, «тышұанды ұстатпаға күш сал» «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «тышқанды» сыртқа шығарып, «мысықты» ұстап қалу керек.  Егер «мысық» сыртқа шыға қалса,онда «тышқанды» ішке кіргізіп , «мысықты»сыртта қалдырады.ослаша,бірін- бірі қуып жүріп «мысық» «тышқанды» ұстайды.Ұстаған бойда тышқан рөлінде ойнаған йыншы орнына басқа бір адамды шығрады. Ал мысық рөлінде ойнаушы  да басқа ойнаушыны өз сыртынан ұсыып,топқа қосылады. Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!


Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/313038-a-serek-kk-serek

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки