Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
20.09.2018

КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қоғамдық өмірдегі өнер туындыларының нақты міндеті де, көркем образдың көмегімен адамдардың еңбегін реттейтін арнайы бағыт ретінде олардың эститикалық талғамын қалыптастыру, белгілі бір мақсаттар мен мүдделерді меңгеруге мүмкіндік жасау, қажетті көңіл-күй туғызып, әртүрлі шабытты әрекеттерге бастау болып табылады. Өнерге осы тұрғыдан қарау, мәдениетті жоғарыдағыдай технологиямен түсіндірудің заңдылығын, оның әртүрлі құрамды бөлігін, соның ішінде өнерді де, адам еңбегінің түрі деп қараудың қажеттігін дәлелдейді.
Қоғамның рухани саласын жетілдіру, қазіргі кезде мәдениет туралы түсініктің ғылыми нақтылығына көбірек тәуелді. Мәселе адам және оның өркениетті дамуында ма, рухани-адамгершілік байлық жинауда ма, рухани осы қырларының бәрі ыждағатты әрі жіті назар аударуды талап етеді.

Содержимое разработки

КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Мәдениет» сөзі латын тілінен аударғанда арнайы жасау, өңдеу деген мағына береді. Оның Cultura animi немесе, дәлірек айтқанда, Cultura fitterarum – жанды немесе рухты тәрбиелеу деген екінші мағынасы болған.

«Мәдениет» сөзін теориялық термин ретінде римдік философ және шешен Марк Туллий Цицерон «тускуландық пікірталас» (б.э.д. 45 ж.) деген еңбегінде бірінші рет қолданды. Ол кезде бұл агротехникалық термин болатын, соған сай «жерді өңдеу, топырақты баптау» дегенді білдіретін. Цицерон оны бірінші рет ауыспалы мағынасында, адамның санасына әсер ету деген мәнде қолданды.

Цивилизация «Өркениет» сөзі де латыннан шыққан. Civilis азаматтық, қоғамдық дегенді білдіреді. Оның мағынасы тіпті үлкен өзгеріске ұшырады. Римдіктер қорғанда тұратындарды /civis/, полисте тұратындарды /civitas/ азамат деген. Олардың азаматтық міндеттерді (civilian officia) болған және бірігіп өмір сүрудің (civiliz animuz) белгілі бір тәртіптері мен өлшемдерін сақтауға тиіс болған. Қорғаннның сыртында жабайылар, өркениеттен мақұрым дөрекі адамдар өмір сүрген. Қорған ішінде жеке пенде (индивид) топқа, ал сезім санаға бағынатын болды.

Уақыт өте келе бұрынғы өнегелі, тәртіпті дегендерге енді өнер, дін, ғылым, философия, адам тіршілігіндегі басқа қызмет салалары қамтылып, «өркениет» түсінігінің мағынасы өзгерді.

Қазіргі кезде ол ең аз дегенде: 1) мәдениеттің көрінісі; 2) қоғамның даму дәрежесі, материалдық және рухани мәдеинет сатысы; 3) жабайлықтың кейінгі қоғамдық даму сатысы деген ұғымдары береді.

Мәдениет адамның рухани байлығының көрінісі ретінде ішкі қуатын, даму дәрежесін көрсете, өркениет оған сырттай әсер етеді. Қазір өркениетті: біртектес, сатылы және жергілікті-тарихи мағынада талдау қалыптасқан.

Бұған қарап, латын тілінде «мәдениет» және «өркениет» сөздерінің мағынасы ұқсас екенін көреміз. Бүгінде бұл екі терминнің мағынасы өте жақын, бірақ бірдей емес. Француз тілінде «өркениет» (civilisation) ұғымы «мәдениетке» жақын, ал неміс тілінде «мәдениет» (Kultur) сөзі «өркениет» мағынасында қолданылады. Бұл тілдік ерекшелік емес, әр халықтың ментальдық (менталитет) көрінісі деп ойлаймыз. Біздің ойымызша талдау әдістемесі, мәдениеттің уақыттан тыс, онтологиялық мазмұнға ие екенін, ал өркениет-әлеуметтік дамудың ажыратылмас жалғасы ретінде ұлттың, немесе ұлттық топтардың белгілі бір даму кезеңіндегі мәдениеттің онтологиялық мазмұнны бейнесі екенін түсінуден басталу керек сияқты.

Мәдениет теориясы адам табиғатының екі қырын бірдей: биологиялық (себебі адам ұрпақ өсіру және еңбектену сияқты қарапайым қажеттерін де өтегісі келеді) және әлеуметтік (себебі адамның материалдық та, рухани да қажеті тек қана қоғам аясында өтеледі), есепке алу керек деп есептейтін Бронислив Малиновский де осы тұжырымға келді.

Оның пікірінше, мәдениет дегеніміз - бойына тұтыну құндылықтарын әлеуметтік топтарға конституция берген құқықты, мақсатты, кәсіпті, сенім мен әдет-ғұрыпты жинақтаған тұтас ұғым. «Біз өте қарапайым, тіпті қарабайыр мәдениетке назар аударамыз ба, бәрібір, өмірінде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешеуге көмектесетін осы ауқымды материалдық, адамзаттық және рухани жүйемен кездесіп отырамыз»[1].

Біздіңше, мәдениет адам өміріндегі материалдық, рухани және көркемдіктің бәрін өз бойына жинаған. Мәдениет көркемдігі дегеніміз - ондағы құндылықтарды, дәстүрді, сенімді айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге мәдениет жетістіктерін жасау, тарату әрі пайдалану шараларын да көрсетеді.

Мәдеинетті табиғаттан тыс пайда болған, тек қана адамға тән ерекше шара деп түсінетін М.С.Каган ең алдымен оның техникалық-технологиялық және заттық-өнімдік шегін, сондай-ақ: материалдық, рухани және көркемдік ерекшеліктерін ұсынады [2]. Материалдық мәдниетті ол адамдардың нақты- жасампаздық және нақты қарым-қатынастық істерінің нәтижелері пайдалануға арналған жемістері, сондай-ақ өндіріске жағдай жасайтын техникалық құрылыстар кіреді. Сонымен қоса ғалым адамзаттың туып-өсу мәдениетін айрықша атап көрсетеді.

Рухани мәдениеттің ішкі құрлымымен сипаттауда М.С.Каган ең алдымен, адам еңбегінің екі-ақ саласы (қайта жасау мен қарым –қатынастың) кіретін материалдық мәдениеттен өзгеше, бұған іздену және құндылықтарды бағалауға бағытталған адам еңбегінің (жасампаздық, білуге құштарлық, қарым- қатынса және құндылықтарға бағытталған) әр саласынан өз айналасына айта қалғандай жеке дара орталық құра алатындай ерекше мәдениеттік қасиетіне негіздейді.

Былайша айтқанда, М.С.Каган қарым-қатынастық, ізденімпаздық, көркемөнер саласындағы еңбектің жалпыланған тақырыбы мен іскерлігінің ара жігін ашады.

Көркемөнер тұтасымен рухани мәдениет аймағына қосылады. Өйткені өнердің көптеген туындылары (живопись, мүсін, сәулет, әдебиет, музыка, театр, кино және басқа) айрықша ынталандыратын және дамытатын тетік және оны толығымен рухани мәдениеттің бір бөлігі ретінде талдауға болады.

Қоғамдық өмірдегі өнер туындыларының нақты міндеті де, көркем образдың көмегімен адамдардың еңбегін реттейтін арнайы бағыт ретінде олардың эститикалық талғамын қалыптастыру, белгілі бір мақсаттар мен мүдделерді меңгеруге мүмкіндік жасау, қажетті көңіл-күй туғызып, әртүрлі шабытты әрекеттерге бастау болып табылады. Өнерге осы тұрғыдан қарау, мәдениетті жоғарыдағыдай технологиямен түсіндірудің заңдылығын, оның әртүрлі құрамды бөлігін, соның ішінде өнерді де, адам еңбегінің түрі деп қараудың қажеттігін дәлелдейді.

Қоғамның рухани саласын жетілдіру, қазіргі кезде мәдениет туралы түсініктің ғылыми нақтылығына көбірек тәуелді. Мәселе адам және оның өркениетті дамуында ма, рухани-адамгершілік байлық жинауда ма, рухани осы қырларының бәрі ыждағатты әрі жіті назар аударуды талап етеді.

Мәдениетті оның барлық бай көрінісінде байыптау, гуманитарлық бағыттағы жекеленген ғылымдар жинақтаған білімнің бір-бірімен кең көлемде бірігуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтану, тарих, этнография, психология, лингвистика, әлеуметтік-психология, педагогика және заң ғылымдарының теориялық және тәжірибелік негіздері, педагогика аясындағы мәдениеттану тұрғысынан жинақталап түсіндірілетін болса, жаңаша мазмұнға ие болар еді. Көптеген ғылыми пәндерді рухани мәдениет дәстүрлі түрде оқытылады, бірақ бұл ғылымдарды мәдениеттің теориялық мәселелері арнаулы бағытта ғана қаралады. Ал, рухани мәдениеттің өз алдына зерттеу объектісі ретінде, кешенді түрде байланыстыра отырып, тек қана мәдениетті теориясын талдай алады. Қазіргі кезде мәдениетті оның рухани тәжірибеге кірігіп кеткен жан-жақты байланыстарымен, қоғамдық практиканы және тарихи-мәдени істердің болмысын есептей отырып зерттеудің қажеттігі айқын сезіліп келеді. Оның негізін, ішкі құрылымын, қызмет ету әдісі мен түрін, даму бағыты мен жылдамдығының әлеуметтік өмірдің басқа саларына және әр түрлі қоғамдық институттарға тәуелділігін, сондай-ақ оларға мәдени факторлардың кері әсерін зерттеудің маңызы артып барады.

Мәдениеттің тақырып аймағы айрықша. Сондықтан бұл саланың жедел даму ерекшелігін ұғыну, бұл шараның өзіндік ерекше бейнесін анықтау керек. Әрине, мәдениеттанудың жеке ғылыми бағыт ретінде бейнелеу, нақты ғылымдар зерттеуінің мәдениет адам мүмкіндігінің күрделі әлеуметтік даму әрекеттері ретінде, заттың және рахани өндірістің нақты-тарихи түрде жүзеге асу әрекеттері ретінде қаралатын теориялық жиналыққа жетудің маңызы зор.

Мәдениет дегеніміз - адам жасаған заттың және рухани құндылықтардың, әлеуметтік-мәдени қалыптың, қарым-қатынас пен мінез-құлықты қалыптастыру әдістерінің тарихи даму жүйесі, сондай-ақ, адам табиғатындағы күштердің заттық өндіріс әдістерін ескере отырып даму әрекеті, өз мүмкіндігін жүзеге асыруды, оның шығармашылық еңбегінің адамзат әлемін өзгертуге және игеруге бағытталған әлеуметтік маңызды шаралары [3]

Мәдениеттің көркемдік қатынасы мәселесі – кешенді әрекет. Ол философтар мен тарихшыларды, этнографтармен әрекеттерді, музыка зерттеушілері мен музыкалық педагогика саласындағы мамандарды, қазіргі рухани, көркем, соның ішінде музыкалық және театр мәдениеті дамуының заңдылығын зерттеумен айналысатындардың барлығы да толғандырады.

Көркем мәдениеттің қарым-қатынасы қоғамның тарихи дамуының жан-жақтылығын көрсететін ұлтаралық қарым-қатынас құбылысына тікелей байланысты, өйткені, мәдениеттің көркем қарым-қатынас ең алдымен ұлтаралық қарым-қатынас.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/323324-krkem-mdeniet-degenimiz-ne

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки