- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Праздник Наурыз: музыкальное развлечение для детей дошкольного возраста
Қош келдің, Әз Наурыз!
Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Айша
3. Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!
Қош келіпсің Наурыз! Сабира
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Би биледік бәріміз! Нұрсезім
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!
Сені тойлап қарсы алып, Камила
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық
ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар
Дильназ Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Тоғжан
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Сұлтан
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Жанель
12. Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Камал Арғын
6. Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс: Абай мен Аружан
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.
Ойын: (Асық ойыны)
Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)
Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Тостаған биі»
Наурыз қыз: Мен қанша шуағымды шашып, мейірленгенімен қалың қыстың етегі сөгіле қоймаған тәрізді. Тезірек қар түгелдей еріп, ағаштар бүршік ашып, жер көктеу үшін не істесек екен ә?
Тәрбиеші: Иә, аздап салқын, айнала әлі қар. Ол үшін біз шуағын шашқан алтын сәулелі ару күнді, қасиетті жер ананы, ыстық ықыласты от ананы ортаға шақырайық.
(Музыкамен жер ана, от ана, ару күн шығады). Бастарына байлам тағу
Жер ана: Арай (бата береді) шашу шашады.
Жетегің бұйда болсын,
Арқаң шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін.
От ана: Альмира Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік таңы оянды.
Ару күн: Рабия Уа, жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!
Армысыздар көрермен қауым! Наурыз мейрамы құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Тәрбиеші: Аяулы да қасиетті аналар біздің мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!
Наурыз қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.
Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.
Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.
Ән «Наурыз мереке»
Музыкамен Қаңбақ шал домалап келеді. Ой, қайда келдім. Армысыздар ағайын.
Тәрбиеші: Амансыз ба, Ата?
Қаңбақ: Әлей болсын, балам! Мен балабақшада Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп, жолға шығып едім, бір жел тұрып, мені ұшырып ала жөнелді.
Тәрбиеші: Е - е, ақсақал қаңбақ шал деген ата сіз боласыз ба?
Қаңбақ: Иә, иә тура өзімін.
Тәрбиеші: Дәл үстінен түстіңіз, бізде наурыз тойы өтіп жатыр, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!
Қаңбақ: Рақмет! Мені осында келе жатыр едім, бір дәу жолда тұр, байқамай қағып кеттім, сол мені қуып келе жатыр ғой деймін. Қорқамын.
Тәрбиеші: Онда не істейсің?
Қаңбақ: Білмеймін. Қазір көреміз.
Музыкамен ДӘУ келеді. Әй, сен қаңбақ шал, сен мені неге қағып өтіп кеттің, тоқтамай. Алды – артыңа қарамай зырладың ғой.
Қаңбақ: Ее, дәуеке, қалыңыз қалай? (қол алысып амандасады)
Наурызыңыз құтты болсын! Жаңа бір жел тұрып, мені ұшырып, осында алып келді. Бұл Наурыз тойы. Наурызда ренжісуге болмайды, барлығы тату – тәтті жүру керек. Төс қағыстырып амандасады. Келші, бір құшақтайын.
ДӘУ: Қандай наурыз мерекесі?
Қаңбақ: Қазақ салты бойынша тойланатын наурыз тойы, біздің жаңа жылымыз.
ДӘУ: Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Ее, қаңбақ шал, сөйле, сөйле! Ондай болса, кел екеуіміз күш сынасайық, Кімнің күші көп екенін көрейік.
Қаңбақ: сынассақ, сынасайық Кел, ендеше, мына тастың құмын шығар.
Мынау шелек, осының ішіне сал.
ДӘУ: Мен оны бір қолымен – ақ езіп, құмын шығарамын. Міне, міне көрдіңдер ме? - деп балаларға көрсетеді. Қаңбақ шал көрдің бе, менің күшім қандай көп.
Қаңбақ: көрдім керемет екен. Ұстап көріп, сен тастың майын шығармапсың ғой.
ДӘУ: Енді сен көр, көрейін.
Қаңбақ: үстел үстінен көрсетпей тасқа май жағып алады. Қолында шелек тасты қаттырақ езіп, үстіндегі майын балаларға көрсетеді.
Міне тастың майын шығардым, дәуге көрсетеді.
ДӘУ: Таң қалады. Тастың да майы болады екен ғой. Ой керемет, керемет!
Қаңбақ: Әрине менің күшім көп.
ДӘУ: Енді тасты көтеріп көрейік, кімнің күші көп екен. Мен тасты бір қолымен көтеремін – деп мақтанады да, жерден тасты алып көтереді.
Ал, енді сен көтер.
Қаңбақ: жаңа тастың майын шығардым, оны көрдің. Енді не істесем екен деп ойланып отырмын.
ДӘУ: Несіне ойланасың, бол сенің күшіңді көрейік. Көтер, көтер.
Қаңбақ: Егер, мен қазір тасты лақтырсам, қағып ала алмасам, аспан жерге айналып түсе ме деп қорқып тұрмын. Мен өзім үшін емес, сен үшін қорқып тұрмын.
ДӘУ: немене, немене? Мен үшін қорық па? Қане, лақтыр.
Қаңбақ: Одан да, балалармен басқа ойын ойнайық. Ойынның аты «Теңге алу» Кім теңгені көп жинайды сол жеңімпаз болады, соңынан санау.
Тәрбиеші: біздің қонағымыз болыңыздар, төрге шығыңыздар. (дастархан басына отырғызады)
Тәрбиеші: балалар, малдас құрып дөңгелене отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып, бір – бір тыйым сөз айту керек.
Дайынбыз ба? Бастаймыз.
Үйде ысқырма
Үлкеннің жолын кеспе
Асты үрлеме
Саусағыңды аузыңа салма
Тіліңді шығарма
Жақты таянба
Тізеңді құшақтама
Табаныңды тартпа
Бір қолмен нанды үзбе
Есікті қатты жаппа
Отқа түкірме
Үйге қарай жүгірме
Есікті керме
Үлкеннің алдын кеспе
Босағаға тұрма
Бос бесікті тербетпе
Бетіңді баспа
Адамға қарап керілме
Көк шөпті жұлма
Құстардың ұясын бұзба
Суға түкірме
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
ӘЛИЯ: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
ӘЛИЯ: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем
Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, көңілімізді көтерейік
Ойын: «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.
БИ: Ұлдардың биі
Тақпақтар: Ерман
7. Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Мажит Алихан
8. Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Асқар
11. Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.
Нұрдос
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.
(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)
ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме? Келіңдер, отырыңдар – деп жерге отырады
(Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді. )
Тәрбиеші: Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? Әже, сіз көрсетіп отырыңыз, қайсысын қай жерге орналастыру керек екенін. 4 бала шығару
ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді
Тәрбиеші: Қандай көмек керек болса айтыңыз, біз әрқашанда көмектесуге әзірміз. Солай ма, балалар?
ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (шығып кетеді)
ӘН: «НАУРЫЗ»
Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
__________________________________________________________________________
Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ биі»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Ғазиз:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Санжар Жанабаев:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Бақдәулет:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Арслан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Әлішер:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Арайлым Абубакирова:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жансерік:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Жангүл:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Данара мен Айшаның орындауында қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Данара:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Айша:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Данагүл:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Галифа:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Ақжол:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Айсұлтан Арайлым:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Бағлан:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Асылым:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Бағлан:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Асылым:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Темірлан: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Әділет: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар
Қайсар: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан шарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ералы: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Бақтияр: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Наздана: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Батыр:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
Қош келдің , әз Наурыз!
Наурыз мейрамы дәстүрлі мереке
Қош келдің наурыз!
_______________________________________________________________________
Қош келдің, Әз Наурыз!
Балалар залға кіреді
Жүргізуші: Басы барлық ырыстың
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын наурыз той
Ұлы күні Ұлыстың!
Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын!
Би «Шашу» (Аида)
Жүргізуші: Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымаққа шақырған күн!
Наурыз-татулықтың, достықтың мейрамы. Ендеше, думанды мерекемізді бастаймыз.
Тақпақтар (Динара апай)
Жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Қош келдің төрлет Наурыз деп
Шырқап әнге салайық
Ән: «Қош келдің, төрлет, Наурызым»
Жүргізуші: Айнала гүлге бөленді
Жер шуаққа кенелді
Ұлыстың ұлы күнінде
Күн мен түнім теңелді
Жүргізуші: Олай болса, жарқыраған күніміз бен жұлдыздары жымыңдаған түнімізді қарсы алайық.
Күн: Сәулесі көп күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Күн: Ұзарамын мен енді
Түн: Қысқаратын кез келді
Екеуі:Ұйқы қанбай қалып
Жүрмендер тек жылап.
Екеуі: Гүл мен жерді жайнатып
Құлпыр, наурыз сен енді
Жүргізуші: Балалар, сендер аты шулы Алдар көсені білесіңдер ме? Сол Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды қалай алдап кеткенін көргілерің келе ме? (иә)
Ендеше, тамашалайық. Әне, Алдар атамыздың өзі де келе жатыр.
(Музыкамен Алдар кіреді)
Алдар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші:Рахмет Алдар аға!! Қайда жол тарттыңыз?
Алдар: Ее, Шықбермес Шығайбай өз сараңдығымен қоймай «Ешкімге дәм татырған емеспін, мені ешкім де алдап көрген емес, тіпті Алдардың өзі де алдай алмайды» деп мақтаныпты. Соған намыстанып, сол байдың үйін іздеп шықтым. Осыдан сол байды алдап қатырмасам ба?
Жүргізуші:Ее, солай деңіз Алдар аға! Ендеше, жолыңыз болсын. Бірақ оны алдау мүмкін емес шығар.
Алдар: Егер осыдан сол сараңбайды алдай алмасам, Алдар атым өшсін. Мен кеттім ендеше. Сау болыңдар.
Жүргізуші:Балалар, Шықбермес Шығайбайдың ауылы Наурызға қалай дайындалып жатыр екен, кәне көрейікші.
(Музыкамен Шығайбай ауылы кіреді де, төрге жайғасады)
(Бай қазы тіліп, бәйбіше нан илеп, қыз тауық жүнін жұлып отырады)
Бай: Наурыз келіп, ауыл-аймақ думандатып той тойлап жатыр. Әй, бәйбіше, анау көкпар тартып, бәйгеге ат қосып жүрген жігіттерді қарашы.
Би «Бәйге»
(Музыкамен Алдар келеді)
Алдар: Ух, жолдан әбден шаршадым-ау! Бұл байеке үйін жердің түбіне жасырып қойған ба өзі? Ел-жұрт дүниемді көріп қояды деп қызғанған болар.
Барып терезесінен сығалап көрейінші. (сығалайды) Е-е, бұлар мерекеге арнап жылқы сойған ғой деймін.Шіркін-ай, қарным бір тоятын болды ғой.
(қарнын сипайды) Қой, мен мен одан да үйге кірейін.
(Үйге кіріп келгенде бәрі заттарын астына тыға қалады)
Алдар: Ассалаумағалейкум, байеке!
Бай: Е, кел, қайдан адасып жүрген жансың? Не естіген-көргенің бар, айта отыр.
Алдар: Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?
Бай: Естіген өтірік болар, көргеніңді айт.
Алдар: Айтсам айтайын. Жолда келе жатып, жылан көрдім. Ұзындығы сенің астыңдағы қазыдай. Таспен ұрып жібердім, былш ете түсті иленіп, бәйбіше астындағы нандай. Өтірік айтсам, шашым жұлынсын қыз астындағы тырнадай. Осының бәрін көріп келдім, етіңді асшы жасырмай.
Бай: Ой, тіліңе шоқ түскір!
Бәйбіше: Жағың қарыссын!
Қыз: Шашың таз болғыр!- деп бәрі жасырған заттарын шығарады.
Бай: Әй, бәйбіше, мынау Алдар деген қу болу керек. Етіңді ас, амал қанша?
Бәйбіше: Бізбике, қызым, барып есік алдын тазала, ал мен ет асайын.
(Қыз шығып кетеді, бәйбіше қазанға ет салады)
Бәйбіше: Піс, қазаным бес ай!
Алдар: Е,не дейді, отырайын он ай!
Жүргізуші: Алдар көсе! Ет піскенше бекер қарап отырамыз ба? Менің кішкентай немерелерімді ортаға шақырып, солардың өнерін тамашалайық. Әй, бәйбіше, барып немерелерді ертіп келші. Бізге өнерлерін көрсетсін.
(Музыкамен кіші топтың балалары кіреді) Гүлжана тобы
Балалар тақпақтар айтады
Ән «Наурыз-береке»
Би «Өзбек»
Бәйбіше: Қой, мен барып мына балаларды жатқызайын. (Балаларды ертіп шығып кетеді)
Бай: Әй, бәйбіше, етің пісті ме?
Бәйбіше: Қазір қарайын (қазанды ашып көреді) Жоқ, байеке, еттің қазір пісетін түрі жоқ.
Бай: Онда кәне, төсек сал. Жатып демалайық.
(Төсек сап бәрі жатып демалады. Бәрі ұйықтаған кезде Алдар етті алып жеп,орнына сүйек қалдырады. Алдар қайта жатып қалады.бір кезде бәйбіше байды оятып, ет жейін десе, екеуінің де тісі өтпейді. Ашуланған бай бәленің Алдардан келгенін біліп жатып қалады.)
Бәйбіше: Қап, мына қу байекені аш қалдырғаны-ай, қой мен барып нан пісірейін. (бәйбіше шығып кетеді)
Жүргізуші:Балалар, Шығайбай мен Алдар ұйықтап ұйқысын қандырып алсын, ал біз ортамызға кішкентай бөбектерді шақырып,
(Таң атып бай ерте оянады)
Бай: Әй, бәйбіше, анау Алдар ұйықтап жатқан кезде маған ыстық күлшеңнің біреуін қойныма сап бер, анаған көрсетпе. Байқа. Көріп қоймасын.
(Бәйбіше нан салып беріп жатқанда, Алдар оянады)
Алдар: Оу, байеке, сіз қайда кетіп барасыз? Бұдан былай көрісеміз бе, жоқ па, белгісіз. Сондықтан келіңіз, қазақтың дәстүрі бойынша төс қағыстырып қоштасайық.
(Алдар құшақтаған кезде ыстық нан Алдардың кеудесін күйдіреді)
Бай: Әй, бәйбіше, алшы мына ит жегір нанды.
Алдар: Әкеліңіз, ит жегенше мен жейін.
Бай: Ей, бәйбіше, мына сұмырайдың көзін құрт. Енді көзіме көрінбесін.
(Бай атқа мініп кетеді)
Алдар: Байеке, аяқ киімім жыртылып қапты. Маған біз беріп кетіңізші. Жалаңаяқ қалдым.
Бай: Ал да кетші әрі!
Алдар: Бәйбіше, қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз, маған бай қызыңызды берді.
Бәйбіше: Байеке, саған қыз беретін сен кім едің? Қаңғыбас. Басымды қатырмай құрт көзіңді.
Алдар: Сенбесеңіз, тыңдаңыз. Байеке, бәйбіше маған «Біз»бикені бермей жатыр. (айғайлайды)
Бай: Бізді бер де жоғалт көзін сұмырайдың.
Бәйбіше: О, сорлы, алжыған. Елді құртқан қуаяққа қыз беріп, қарабет болдық-ау! Масқара! Елге енді не бетімді айтам?
Алдар: Мінеки, Алдардың ойыны осылай болады.
(Алдар қызды алып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, мінеки Алдар көсе Шықбермес Шығайбайды осылай алдаған екен. Ал енді біз мерекемізді одан ары қарай жалғастырайық. Наурыз-ізгілік пен молшылықтың мерекесі, адамзаттың аузы аққа толатын керемет шақ. Ендеше, наурызға арналған балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Балалар тақпақтар айтады (Баян тобы)
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Биші қыздар билесін
Кәне, қарсы алайық!
Би «Текемет»
Жүргізуші: Наурыз келді тамаша
Ән шырқайық таласа!
Ән «Наурыз-біздің әніміз»
Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз шырқатып
Би билейміз бәріміз
Би «Гиккәй»
Жүргізуші:Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
__________________________________________________________________________
Наурыз - жыл басы!
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекміз де келіп қалды. Мерекелерңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Той пернесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар. (шашу шашылады)
2-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
1-жүргізуші:
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар.
2-жүргізуші:
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар.
1-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
Балалардың тақпақтары:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Наурыз тойың , Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Наурыз той»
Доңыз жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қыс өтіп , қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Ұлыс оң болсын,
Бестік баға мол болсын.
Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Ән. «Наурыз думан»
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел Наурыздыы тойлайды.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз.
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Жарқырап күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Ән: «Шақырады көктем»
Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
Тапсырмалар:
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ананың сүті тәтті,
Ананың қолы жұмсақ,.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысчы болмаса ел жетім.
Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Малды теппе,
Ақты төкпе,
Отты шашпа,
Күлді баспа,
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба,
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.
Жеті атаңды ата.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.
Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.
Ұлттық ойындарды ата.
Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.
Жеті қазынаны ата.
Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.
Үш алысты ата.
Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
Би: «Түркістан»
Құт- береке Наурыз айым келді деп,
Жер ттүледі жасыл-желек желбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңіліңді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
Бата беру
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлыс оңға қонсын.
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына салынсын!
Әумин!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/352284-prazdnik-nauryz
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Современные технологии социального обслуживания населения»
- «Педагогическая деятельность: развитие профессиональной компетентности учителя»
- «Меры по предотвращению детского травматизма в образовательных учреждениях»
- «Особенности организации образовательного процесса в условиях реализации ФГОС СПО»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя физики»
- «Правовые нормы и основные приёмы оказания первой помощи в дошкольных образовательных учреждениях»
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Управление дошкольной образовательной организацией
- Астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Теория и методика преподавания музыки в образовательных учреждениях
- Деятельность няни в рамках социального обслуживания населения: теоретические и практические основы
- Методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.