- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Береке бірлікте, ырыс ынтымақта
Бекітемін:
ТОО «Дастан 2016»
МДҰ «Нұрсәт»
Меңгерушісі С.П.Филатова
«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
(ертеңгілік)
Дайындаған: Исатаева Г.Б
2018-2019жж
«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
Тақырыбы:«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. Мемлекетіміздің ән ұранын шырқаймыз.
Ән ұран орындалады.
Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
«Жұлдыз» тобының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.
Балғынбек
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз
Ару
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Мадина
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Нұралы
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Әсел
Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде.
Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.
Әсем
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кң биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің Республикамызда әр ұлшттың өкілдері тұрады. Үнді халқының орындауында үнді биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Ендігі кезекті «Жұлдыз» тобының тақпақтарына берейік.
Привет,родимый край!
Весной со всей страною мы
Справляем Перво май.Каусар
Здраствуй праздник
Праздник,дружбы
Всех народовМансур
На земле! Мансур
Здраствуй праздник
Праздник мая
Праздник Солнце и ВесныИнжу
Үнді биі: Даярлық тобы жән «Жұлдыз» тобы
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Аяна
Всех с Днем Весны и с Днем Труда
С прекрасным Первомаем
Мы поздровляем от души
И радости желаем
Ибрахим
Просыпается природа
В свете солнечным Земля
Ах какое время года
С 1 Мая вас друзья
Жаннұр
Первый день, месяц май
Подымайся и вставай
И не майся, просыпайся
С песней солнышко встречай
Марал
Пусть мир торжествует на свете
И дружат народы земли
И так же на солнышке дети
Пускают весной корабли
Қайсар
В праздники на улицах
В руках у детворы
Горят, переливаются
Воздушные шары
Жүргізуші:
Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында:
«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген. Ендігі кезекті биге берейік.
Би: Испан биі
Жүргізуші:
Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.
Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
Сөз кезегін «Жұлдыз» тобынығ тәрбиеленушілеріне береміз.
Тақпақтар «Жұлдыз» тобы.
Достығымыз жарасқан
Ақпыз,қарамыз,сарымыз
Қара жер мен көк аспан
Ортақ дала тауымыз. Каусар
Ақ,қара деп бөлмейміз.
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз. Мансур
Сары,ақпыз,қарамыз
Бәрімізде де баламыз
Бір ауылда тұрамыз
Бір мектепке барамыз. Харун
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз әділдік
Ашық болсын кең аспан! Ерасыл
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан
Бірлік асыл мұрамыз. Ернұр
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз. Ақберен
Болсын жер мен су ортақ
Болсын біздің ту да ортақ
Ақпыз,қарамыз,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз. Думан
Сары ақпыз қарамыз
Бәрімізде баламыз
Бір Отанда тұрамыз
Бір мектепке барамыз. Сырым
Ортақ жұпар ауамыз
Ортақ жарық күніміз
Достық-туған анамыз
Жердің қыз,ұлымыз. Алихан
Болсын жер мен су ортақ
Болсын біздің ту да ортақ
Ақпыз,қарамыз,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз. Айбат
Бірлік достық айырылмас әніміз
Бірге жүріп бірге оны шырқаймыз
Өзбек,орыс,түрік бол
Дос болудан қашпаймыз. Інжу
Жүргізуші:
Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.
Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.
Би: «Өзбек биі»
Жүргізуші:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе келесі кезекті «Достық» биіне береміз.
Жүргізуші:
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/358738-bereke--birlikte-yrys--yntymata
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Выявление, устранение и профилактика буллинга в образовательной организации»
- «Особенности преподавания основ православной культуры в соответствии с ФГОС»
- «Содержание деятельности педагога-организатора в организациях дополнительного образования детей»
- «Учитель-дефектолог (тифлопедагог): организация коррекционной работы с обучающимися с нарушениями зрения»
- «Организация образовательного процесса в соответствии с ФГОС СОО: преподавание иностранного языка (английского языка)»
- «Особенности работы психолога с проявлениями травмы и посттравматического стрессового расстройства (ПТСР) у детей и подростков»
- Теория и методика преподавания физики и астрономии в образовательной организации
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания основ духовно-нравственной культуры народов России
- Теория и методика обучения и воспитания
- Организация учебно-воспитательной работы с обучающимися в группе продленного дня
- Социальное обслуживание населения: основы и базовые технологии социальной работы
- Теория и методика обучения астрономии в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.