- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата-ана үлгісі
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек
Халыққа «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» - деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі-бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Абдугулова А.К.
№35 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Алматы қаласы
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халыққа «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» - деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі-бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан,мінез-құлықтарынан көрінеді,моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік,қоғам игілігі үшін адам еңбек ету,өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары,бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері,олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.Адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында,жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Орта мектеп буынында оқитын баланың рухани-адамгершілік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтр т.б. қалыптасады.
Мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас (тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі түаралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деген.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адагершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды.
Ал сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екені халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа...»; «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адагершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, пікір-сайыстар, кештер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдықтсананың ең басты белгілерінің бірі болғадықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Ол ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті немесе адагершілік және психологиялық қасиеттердің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы – өзекті және мәігілік. Ол ешқашан ескірмейді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-нан мен ұстаздардың міндеті. Ол әр тұлғаға тән асыл қасиет беп айтсақ артық болмайды. Оның қайнар бұлағы отбасындағы және халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесіні, сонымен қатар өзін қоршаған ортамен тығыз байланысын да қмытпауымыз қажет.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский – «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» деп тоқталып өткен. Сонымен, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлганың өзіндік көзқарасының қалыптасуына, ортаммен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жал,астыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу- біздің де қоғам алдымындағы үлкен міндетіміз болып саналады.
Адамгершілік тәрбиенің әрөайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркен ниетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -деген қанатты сөзде айтқандай, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендің айтқанын, істегенін қайталайтынын бәрімізге белгілі. Сондықтан үйден көргені, істегені, ол үшін тәрбиенің ең үлкені болып табылады. Жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның көрсетер өнегесі мен беретін тәлімі мол болатынын естен шығармауымыз керек.
Тұлғаның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік беретін тәрбие беру қажеттігі бүгінде өзекті болып тұр. Ол өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін құрметтеу мен тану арқылы және басқа да халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелі мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген ұла,атты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесә иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халқымыз «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Тұлғаны үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетугеғ иманды болуға, адамгершілікке баулу тәрбиенің жемісі болып саналады.
«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем» - атты тақырыпта сынып сағатын балалардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсатында өткізуге болады.
Сонымен қатар «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» -деген тақырыптағы тәрбие сағатында балалар әдептілік туралы мақа-мәтелдер айтып, қойылымдар көрсетеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, осы құндылықтарды мақсат тұтса, тәрбиенің мағыздылығы арта түседі.
Ақан сері: «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым» деген екен.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айрылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен сері ақын. Бұл жеке тұлғаның қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюғағ жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер кездеуі заңдылық. Ол тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, төл тәрбеміз бен салт-дәстүрді дұрыс насихаттап, қазіргі заман талабына сай тәрбие үдерісіне жаңа технологияларды тиімді қолдану.
«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» - дегендей, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін тәрбиенің негізгі мақсаты Ақан серінің осы үш қасиетін бала бойына дарыта білу болып табылады.
Қолданылған әдебиеттар:
Аймауытов Ж. Тәрбие жетекшісі. – Орынбор, 1924.
Сатыбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. – Алматы. 1992.
Баймұратова Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау. – Алматы. Шартарап. 2000.
Бала тәрбиесі. №2. 2006 ж; №4. 2008 ж.
«Өзіндік таным» №2. 2007 ж; №5-6. 2006 ж.
Бастауыш мектепте оқыту. №4. 2007 ж.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/385537-adamgershilikke-trbieleu-raly--ebek-pen-
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Методы и техники обучения скорочтению»
- «Психолого-педагогические аспекты работы с младшими школьниками»
- «Методические рекомендации по формированию и оценке дополнительных компонентов функциональной грамотности»
- «Особенности организации современного урока ОБЖ»
- «Образовательная робототехника»
- «Учитель-логопед в ДОУ: диагностика и коррекция речевых нарушений у детей дошкольного возраста»
- История и кубановедение: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Управленческая деятельность в организации дополнительного образования детей
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Основы дефектологии. Содержание и методы работы с обучающимися с ОВЗ
- Педагогика и методика преподавания географии
- Психолого-педагогическое сопровождение образовательного процесса

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.