- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Навыки успешного разрешения споров»
- «Здоровьесберегающие технологии в системе дополнительного образования»
- «Каллиграфия: основы формирования и развития навыков письменной выразительности»
- «Основы конфликтологии и урегулирования споров с помощью процедуры медиации»
- «Медиация: техники и приемы урегулирования споров»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
СЦЕНАРИЙ 8 Наурыз
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 18 бөбекжай-бақшасы»МКҚК.
Екінші кіші тобындағы 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Тақырыбы: «Аяулы аналар».
Музыкалық жетекші:Садвакасова А.С.
Тәрбиешілер:Мендыбаева Н.У.
Досанова Г.Ж.
2017 - 2018 ж
8наурыз мерекесіне арналған «Бота» тобының «Аяулы аналар» атты сценариі.
Балалар топқа «Көктем» әуенімен топқа кіреді
Жүргізуші:Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Бота» тобының бүлдіршіндерінің «Аяулы аналар» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Баян
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
Сұлтан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Дана
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Ерасыл
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Амина
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Анеля
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Жүргізуші:-Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
Балалар: Кәмпит
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. Бүгін бізге қонақ келіп тұр.
(Әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайымымын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстағы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Жүргізуші:Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
Жүргізуші:Кәмпит-ханшайым1-кәмпиттегі тапсырманы балаға аштырайық.
1-кәмпиттегі тапсырма:
Кәмпит-ханшайым:
Ән: «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші:Кәмпит-ханшайым ,балаларымыздың аналарына арнаған әндерін тыңдайық.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Кәмпит-ханшайым: Рахмет сендерге балалар, аналарына арналған әндерін маған қатты ұнады.
2- Кәмпиттегі тапсырма:
Қуыршақтар биі
Жүргізуші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі биімізді сіздерге арналады құрметті әжелер.
Жүргізуші:-Кәмпит-Ханшайым , енді сіз біздің балаларымыздың әжелеріне дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Айя
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Дана
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Сұлтан
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Баян
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Кәмпит-ханшайым:Балалар әжелеріне арналған тақпақтарын қандай жақсы.
3- кәмпиттегі тапсырма:
Ән «Топтоп балақан»
Жүргізуші:Кәмпит –ханшайымәдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Анеля
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!
Дамир
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Алишер
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Кәмпит-Ханшайым:Рахмет балалар,ендігі кезекте 4-тапсырмаға берейік.
4-кәмпиттегі тапсырма:
Ойын «Кәмпит тасу»
(Балалар отырады)
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын.
(Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші:Осымен бүгінгі «Аяулы аналар» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті аналар,әжелер,қызғалдақ қыздар мерекелеріңіз құтты болсын.
Сау саламатта болыңыздар!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/392247-scenarij-8-nauryz
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Обучение работающего населения в области гражданской обороны и защиты от чрезвычайных ситуаций»
- «Организация обучения и воспитания студентов в профессиональных образовательных организациях с учетом требований ФГОС СПО»
- «Деятельность школьного спортивного клуба в соответствии с современными требованиями»
- «Особенности деятельности музыкального руководителя ДОУ в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Цифровые компетенции работников сферы социального обслуживания»
- «Управленческая деятельность в работе заместителя руководителя организации социального обслуживания»
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Психологическое консультирование и оказание психологической помощи
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Преподавание предмета «Основы безопасности и защиты Родины» в общеобразовательных организациях»
- Обучение детей с ограниченными возможностями здоровья в общеобразовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.