- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.
Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»
Іске асырушылар:
Мектеп әкімшілігі, АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы, 10-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері.
Маңыздылығы:
Оқушылардың рухани – адамгершілігін дамыту.
Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан сарбаздардың ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Идеясы:
«Қоғамның топтасуының бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы болуы тиіс.»
Мақсаты:
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.
Міндеттері:
Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру, әскер жасына дейінгі жасөспірімдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бұл шарада ел өміріндегі әскери қызметтің маңыздылығы атап көрсетіледі. Болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін түсіндіруді көздеген Ерлік сабағы барысында жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбіту.
Күтілетін нәтижесі:
Мұндай кездесулер жас толқынның жүрегінде Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге қызығушылығын оятуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Еңселі ерлердің ерлігін ту еткен бұл жылы жүздесу егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін жас буынға жан-жақты түсіндіру
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Семейлік кеудесін оққа тосқан батыр-Жанғазы Молдагалиевтің ерлігін үлгі тұту
2. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығы оқушылар үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.
3. «Қазбаттың» қайтпас ерлігі ешқашан ұмытылмайды
4.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.
Тәрбие сағатының түрі: Кіріктірілген, семинар сабақ.
Тәрбие сағатының құрылымы:
1.Ұйымдастыру
2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»
Сахналық қойылым
Батыр есімі ұмытылмайды
Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!
3.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды.
І-Жүргізуші
Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы» атты Ерлік сабағын ашық деп жариялаймыз.
ІІ-Жүргізуші
Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.
Әнұран.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті бүгінгі шараға қатысушылар!
Ұлы Жеңістің __жылдығына орай облыс көлемінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ерлік айлығы өтіп жатқаны жөнінде бәрімізде хабардармыз. Осындай айтулы шара біздің мектебімізде де өз жалғасын табуда.
Әскери-париоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ерлік айлығы аясында «Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағына
Хош келдіңіздер, аяулы ардагер ағалар, құрметті ұстаздар және оқушылар!
I Сахналық қойылым:
Бейбіт тірліктегі ел халқы – жастары мен жасамшы көшеде қыдырыстап жүреді.
1941 жыл 21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет көшедегі радио торабынан елдің тынышын алған қара хабар беріледі.
Кенет радиодан:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап,елімізге опасыздықпен басып кірді. Мұны естіген жұрттың дегбірі кетіп, әбден абдырайды.
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Бұдан әрі сахнаға әскери киім киген қыздар көтеріліп,
Топпен ән айту «Темная ночь»
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Жүргізуші: Иә,бұл сұм соғыстың отты шарпымаған отбасы кемде-кем шығар.
Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек.Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен болашағы жолында аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды.
Видео:Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында!
Сол кезде жауынгерлерге рух берген Майдан әндерін тыңдайық
II.Батыр есімі ұмытылмайды
Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, қанды шайқастарға толы күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.
Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
Рахмет,отырыңыздар!
I.Жүргізуші.
«Ұлы Отан соғысы» мен «Жарияланбаған соғыста» және «Қазбаттың» тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан , Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.Рахмет!
Жүргізуші:
Бүгінгі Ерлік сабағына арнаулы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейін:
1.____________________________________________.
2.Чернобыль ардагері _______________________________________
3.ҚР ҚК ардагері,______________________________________________
____________________________________________________________
Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған қазақтың балауса жасы елін, туған жерін жаудан қорғауға аттанды.Олардың көпшілігі өмірдің қызығын да көрместен майдан даласында опат болды. Ерен ерлігі үшін 502 қазақстандық азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің облыста он Кеңес Одағының батыры, бір Халық Қаhарманы, төрт «Даңқ» орденінің толық иегерінің болуы-баға жетпес мақтанышымыз.
Үлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі, майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі еңбектері ерекше болды.Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер, кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқанннан күн батқанға дейін жартылай аш,жеткіліксіз киім,нашар баспана жағдайында еңбек етті.Соған қарамастан, майданға қажетті нәрселердің барлығын уақытылы жеткізіп отырды.Тамаша еңбектің үлгісін көрсетті.
Ұлы Жеңістің __ жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілуде.Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап Атыраулық Кеңес Одағының Батырларының өмірі мен ерлігін жастарға тереңірек таныстыру үшін іс-шаралар өткізілуде.
Өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Екінші дүниежүзілік соғысты қазақ халқы есінен еш шығармасы анық.Сол миллиондаған боздақ қаны төгіліп, осыншама шаңырақтар қайғы жұтты. Ұмытылмас ерліктер жасалып, қару құрсанған жаумен арыстанша алысқан азаматтардың есімі тарихқа алтын әріппен жазылып қалды. Осындай өшпес ерлік жасағандардың қатарында халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Молдағалиев Жанғазы Акімұлы
Молдағалиев Жанғазы 1917 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Бестамақ ауылында туған. Жанғазы жастай жетім қалса да, орта мектептің 8 – сыныбын тәмамдап, аудандық кеңес атқару комитетінде хатшылық қызметін атқарады. Әскери қызметке 1938 жылы шақырылды.
Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ Жанғазы Молдағалиев гитлершіл басқыншылармен батыл айқасқа түсті. Гвардияшы лейтенант Молдағалиев ротасының жауынгерлері Елизарово селосын азат етіп, жаудың жүзден аса солдаты мен офицерін жойып, 25 гитлершіні тұтқынға алды.
Фашистер оқты үсті-үстіне жаудыртып жатыр. Гвардияшыларға қатер төнді. Молдағалиевтің ротасы тағы да жауынгерлік тапсырма алды. Бұл жолы жау қорғанысының деревняға таяу орналасқан тірек-пункті – 167,2 – биіктікті басып алу қажет.
1943 жылдың қазан айында рота командирі, гвардия лейтенанты Молдағалиевқа Днепрден өтіп, арғы жағалауды басып алу және басқа әскери бөлімшелері келгенше ұстап тұруға бұйрық берілді. Молдағалиевтің басшылығындағы рота түн ішінде қиындықтарға қарамастан өзеннен өтіп, қатты қақтығыстан соң Днепрдің оң жақ жағалауында бекініп алды. Соның нәтижесінде біздің әскерлер Днепрден өтіп фашистерге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жау қатты қарсылық көрсетті. Черноправка деревнясы маңында немістер күшті қорғаныс бекіністерін жасаған еді. Біздің әскери бөлімшелердің шабуылдары тоқтап қалды. Жау оқтың астына алды. Осы бір қиын қыстау сәтте гвардияшыл лейтенант Молдағалиев Александар Мотросовтың өшпес ерлігін қайталап, жау дзотының аузын өз денесімен жапты. Сол-ақ екен, жауынгерлер жауға лап қойып, тас-талқанын шығарды. Жаужүрек командирдің ерлігі жауынгерлерге жігер берді. Гвардияшылар қаза болған батырдың кегін қайтарып, жауды талқандады да, тірек пунктін басып алды.
Жанғазы Днепропетровск облысындағы Черноправка деревнясының жанына жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Указымен Жанғазыға Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Жанғазы Молдағалиев Сталинград, Дон майдандарындағы ерліктері үшін 2 рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Жоғарғы бас қолбасшының бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталды. Жанғазы Калинин, Сталинград, Дон, Воронеж, үшінші Украина майдандарында әуелі взвод, одан кейін ротаны басқарды. Елизарово селосындағы №1 украин орта мектебі мен Семей аймағындағы Абай ауданы, өзінің кіндік қаны тамған жерінде, Тоқтамыс ауылындағы орта мектеп Жанғазы Молдағалиев атымен аталады.
Қазақ халқының мұндай батыр ұл туғанына мақтанамын оның ерлігіне бас иемін» деп жазды.
Аттанған алғы шепке жауды көріп,
Намысы туған елдің қайрат беріп.
Ерлігін бүгінгі ұрпақ етеді аңыз,
Кетсе де, ол бұл өмірден ерте сөніп.
Атойдан ұран салды қалың топқа,
Қарамай түтіндеген өрт пен оққа.
Уралап, биікке өрлеп,дзотты жарды,
Қайран ер Отан үшін ұшты оққа.
Ұлы Отан соғысындағы Одақтағы басқа да ұлттармен бірге, қазақ халқы да батырлық пен шыдамдылықтың, тапқырлық пен еңбекқорлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісін көрсетті, бұл ерлік қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болып қалады.
Жүргізуші:
1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.
Чернобыль апатына қатысқан ардагер ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. ___________________________________________________________
Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл ____жыл толады. Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.
Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.
1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.
Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты7
Жүргізуші:
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қайрат елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.
1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-дк КСРО қорғаныс Министрі берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді.Ал бірақ акция тағы үш жылдан астам уақытқа созылатының олар білмеді.Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қателігі болды.
Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды. Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.
- Өтер жылдар, артып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер
Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 7 сәуірдің алатын орны ерекше. Бұл күн – осыдан ___жыл бұрын Ішкі әскерлер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дәл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен болған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері қапыда қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын бермеді. Биылғы жылдың 7 сәуірі күні сол сұм шайқастың болғанына он сегіз жыл толды. ІІМ Ішкі әскерлер комитеті елордадағы «Отан-Ана» монументі алдында ерлік үлгісін көрсетіп, мерт болған жауынгерлерді еске алды.
90-шы жылдары Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі ел есінде. ТМД елдерінің 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес Қазақ елінің бітімгерлік батальоны 1993-1999 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын күзетуге жұмылдырылған болатын. Осы уақытта кезекті ауысым бойынша 20 құрама рота құрылып, 2 мыңнан астам жауынгер жат жердің шебін қорғап, тәжік халқының тыныштығын сақтауға ат салысты. Бірақ 1995 жылдың 7 сәуірінде орын алған қайғылы оқиға қарасы қалың қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Таулы Памирдің Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бітімгерлік колонасы тұтқиылдан ауғанстандық моджахедтердің нысаналы шабуылына ұшырайды. Төрт сағатқа созылған қанды қақтығыста Ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшып, отыз үш әскери қызметші түрлі дәрежедегі жарақат алады. Бірақ өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Шайқаста қаза болған Ішкі әскер жауынгерлерінің есімдері олар қызмет еткен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне алтын әріппен жазылды. Оларға арналып Ішкі Әскерлердің барлық әскери бөлімдерінде ескерткіштер мен тақталар орнатылды.
Астаналық Отан қорғаушылар саябағындағы «Отан-Ана» монументінің жанында Ішкі Әскерлердің 17 батыр жауынгерін еске алу аллеясы бар. Бұл оқиға туралы естелік кітап жарық көріп, «Казбат» деректі фильмі түсірілді..Содан бері ___ жыл өтсе де, Ішкі әскер жауынгерлері жат жерде ерлікпен оққа ұшқан алаш ұлдарын еске алып, аруақтарына тағзым етіп келеді. Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтатын сарбаздардың мұндай ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Олар Қазақстанның Ішкі әскерлерінің қатарынан шыққан даңқты ұлдар, аяулы ерлер ретінде мәңгі есте қалмақ.
Тәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға жеткізу – біздің міндетіміз. 1993 жылдан 2001 жылға дейін қазақ жауынгерлері көршілес Тәжікстандағы лапылдаған соғыс оты біздің елге көшпесін деп қан төгіліп жатқан ауған шекарасын күзеткенін бүгін еске бәрі де ала қоймас. 1995 жылы 7 сәуірде қоршауға түсіп, ұзаққа созылған шайқаста қаза болған қазақстандық 17 жауынгер өз әскери борышын абыройлы атқарды. Бұл да еліміздің тарихы. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ осы және тағы да басқа Қазақстанның батыр жауынгерлерін ұмытпауы қажет.
Видео:Қан майдан қаһармандарына мың тағзым!
Топпен ән айту
Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Ән:«Бейбіт күн тілегі»,
Жүргізуші: Біздің әр күніміз-тарих,Әр күніміз-ерлік шежіресі. Сол тарихты жасаған батырларды ерлік жолын қағаз бетіне түсіру арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді.Олай болса «ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды»дегендей Боран ата өмірі бізге үлгі, ұрпаққа мұра, алдында бас иіп, кешімізді жалғастырайық!
III.Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!
Жырым барда жаралған жаныңды емдер,
Өлгендердің жәнатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәрулеңдер-дей келіп, құрметті қауым, бүгінгі күннің арнаулы шақырылған қонақтарының қатысуымен ерлік сабағын әрі қарай жалғастырамыз.
Құрметті қонақтар тағы да қош келдіңіздер!Өз өмірлеріңіздегі естеліктеріңізден сыр шертіп, көрген қиындықтарыңызды,Қарулы Күштердің қазіргі таңдағы жетістігі туралы әңгімелеп берсеңіздер.
Ардагерлер еске алар өткендерді,
Өмір үшін өртеніп кеткендерді.
Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,
Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-
Қымбатты ардагерлерімізге, қонақтарымызға сөз беріледі./Ашық микрофон/
Сіздер айтқан естеліктер бүгінгі ұрпаққа, өсіп- өркендеп отырған қоғамға көбірек қажет деп ойлаймын. Өйткені «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтардың жүріп өткен жолдары, ел қамын жеген мақсат-мұраты мен тындырған игі істері әр қазақ баласы ғибрат аларлықтай үлгі – өнеге болмақ.
- Қорғаныс бөлімі қызметкерлері өз еңбек жолдарыңыз жайында әңгімелеп берсеңіз.Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы туралы сөз қозғасаңыз.
-Ауған соғыс ардагеріҚадыржан аға! Рахмет әңгімеңізге ауған соғысының отты жылдары бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпаққа өшпес өнеге болуға тиіс дейсіз ғой.
Сұрақтар қандай әскери оқу орындары бар?
Майдан әзілдері:
Көркемсөз. Оқитын
-Бүгінгі таңда елім деп, жерім деп, күн-түні көз ілмей Отан қорғап жүрген сарбаздарымызға арналады.
Ән: Сарбаздар
Біз Отанның ұланымыз,
Біз Отанның қыранымыз!
Біз бақыттың түлегіміз!
Біз Отанның жүрегіміз!
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтай келе батырлыққа, батылдыққа баулаған өнегелі ерлік сабағы болды деп түйіндейміз.
Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бердіңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады.Ал оқушыларымызға айтарымыз Отанның және халқыңа берілген патриот ұл –қыздары болыңдар.Ешкім де, ешқашан да соғыстың не екенін білмесін деп тілеймін.Алайда, бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген талбесіктердің қуанышында, аққу махаббаттарының бал татыған қызықтарында Отанды қорғаған аталарының, апаларының ерлігінің үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.
Оқушылар бірге:Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз!
Ән:«Ана туралы балада»
Жас ұрпақ тілегі:
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын де
Әлемнің аспаны!
Топпен ән айту:
«Әрқашан күн сөнбесін!»
2-жүргізуші:
Оқушылар ертеңнің иесі, мәңгілік елдің ұпақтары сендерсіңдер. Өз мірлеріңіз өз қолдарыңда «Ерен еңбек пен ерлік бағаланбай қалмайды» дегендей Отан үшін адал еңбек етіңдер, ел үшін ерлік іс тыңдырыңдар!
Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі«Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағын аяқтаймыз, Бүгінгі шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/398441-erlik-sabay-erlikke-tazym-etu-rpa-paryzy
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Система реализации STEM-образования для детей дошкольного возраста»
- «Развитие музыкальности детей в процессе обучения в фортепианном классе»
- «Нормативная правовая база в области обеспечения гражданской обороны и защиты от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера»
- «Логопедия: теоретические и практические аспекты работы с детьми с речевыми нарушениями»
- «Порядок оказания первой доврачебной помощи пострадавшим»
- «Современные подходы к преподаванию математики в условиях реализации ФГОС ООО»
- Теория и методика обучения астрономии в образовательной организации
- Менеджмент социальной работы и управление организацией социального обслуживания
- Тифлопедагогика: учебно-воспитательная работа педагога с детьми с нарушениями зрения
- Теория и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности
- Психолог в сфере образования: организация и ведение психолого-педагогической работы в образовательной организации
- Методы и технологии преподавания английского языка в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.