Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
02.04.2014

Разработка урока по алгебре

Байсакалова Гульшат Битимбаевна
учительница математики в казахской школе
Разработка урока алгебры по решению систем линейных уравнений с двумя переменными. Готовый план урока направлен на отработку навыков решения систем графическим, подстановки и сложения. Включает этапы проверки домашнего задания, повторения теории, практические задания в формате «саяхат» с интеграцией географии на примере ЭКСПО-2017. Материал развивает логическое мышление, самостоятельность и творческие способности учащихся через дифференцированные задания и эвристические методы.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу

Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудегі білік, дағдыларын жетілдіру; - Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын, логикалық ойын, ауызша, жазбаша математикалық тіл байлықтарын дамыту; - Оқушыларды шығармашылық қызметке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: - Танымдық қабілеттерін арттыру; - Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін саралау. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: саяхат сабақ Әдістері: сұрақ-жауап, салыстыру, топтау, эвристикалық Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Өткен сабақты қайталауға байланысты сұрақтар: - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіне анықтама бер. – Теңдеулер жүйесін шешудің неше тәсілі бар? – Графиктік тәсілмен шешуге мысалдар келтір – Алмастыру тәсілмен шешуге мысалдар келтір – Қосу тәсілімен шешуге мысалдар келтіріп, түсіндір.

ІV.«ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхат. - Мұғалімнің кіріспе сөзі: 2017 жылы Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» ұранымен халықаралық «ЭКСПО-2017»көрмесі өтеді. Оған жер шарымыздың 150-ден астам елі қатысуға ниетті. Осы бүкіләлемдік оқиғаға дайындық үлкен қарқынмен өтіп жатыр. Бүгінгі сабағымызда Темір-Ақтөбе- Астана қалалары тізбегі бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхат жасаймыз. Батыстан Сарыарқа төріндегі бас қаламызға саяхатта өткен тақырыптарды қайталап, есеп шығарамыз. Әр есептің дұрыс, тиімді жолмен шығарылуы – халықаралық көрменің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесіміз.

Ақтөбе қаласы 140 жылдық тарихы бар батыс аймақтағы ірі саяси, мәдени және экономикалық орталық. 1-слайд. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шеш:

а) ә) б)

-Темір қаласы -Темір өзені жағасында орналасқан Қарақамыс жәрмеңкесі өткен көне қала. Академиктер Қ.Жұбанов, Р.Сыздықовалар, ақын Б.Ырзабаев сияқты тұлғалар оқып, еңбек еткен, бірнеше ұлт тату-тәтті өмір сүріп отырған қала. 2-слайд. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шеш:

а)ә)б)

-Астана қаласы – Тәуелсіз еліміздің астанасы, жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығын, 2011 жылы «ТМД және ЕурАзЭқ-ның үздік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы атағын иеленді. Жас Астана – бас қаламыз көркейіп, дамып келеді. 3-слайд. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шеш:

а)ә)б)

4-слайд.«Ханшатыр» - әлемдегі ең үлкен архитектуралық шатыр. Думанды шатырға кіру үшін теңдеудің қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің шешімі болмайтынын тексерейік.

а)

5-слайд. «Бәйтерек» - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жобасымен жасалған.Бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

- «ЭКСПО-2017» көрмесіне де келіп жеттік. 6-слайд. Сабақты қорытындылау. – Бүгінгі сабағымыз 45 минутқа созылды. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне 4 жыл бар. Еліміздің мәдениетін, экономикасының өрлеуін, тарихының тағылымын, ғылымы мен техникасының тегеурінін паш етер көрменің жоғары деңгейде өткізіліп, алдыңғы қатарлы дамыған ел қатарына көрінетініне сеніміміз мол.

V.Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланды. VI.Үйге тапсырма берілді.

Ақтөбе облысы

Темір қаласы

С.Бәйішев атындағы орта мектеп

В.О.Бақова математика пәнінің мұғалімі

Математикалық сайыс «Сандар сөйлегенде»

Мақсаты: - Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, математикалық ой-өрісін дамыту; - Ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу; - Математикалық мәдениетін қалыптастыру.

Жүргізілу барысы: Класс 2 топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. І топ «Қырандар», ұраны «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін».

ІІ топ «Алғырлар», ұраны «Оқы, үйрен, жалықпа, Алға ұмтыл, қалыспа».

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, өз ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін білу- күнделікті сабақта терең білім алу үшін, ақыл-ой, кқркемдік, рухани, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру үшін, ұлтжанды азамат болып өсудің кепілі. Бүгінгі сабағымызды ұлы Абай айтқан «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген, дана жазушы М.Әуезов айтқан «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі » деген өнерге, кітапқа арнаймыз. Өзіміз оқыған кітаптар мен тыңдаған ән-жыр, мақал-мәтелдердің мазмұнын, табиғатын, ұйқасын ашу үшін қолданылған сандарды жиі кездестірдік. Әдеьи кітаптардың атауында да сандар қолданылады.

Сайыс 4 турдан тұрады. Сұрақ екі топқа ортақ қойылады. Қай топ жылдам, дұрыс жауап берсе, ұпай еншілейді. Жарыс соңында көрермендерге де қояр сұрақтарымыз бар.

І тур. Өлең жолдарындағы қалдырылған санды тап:

Дегенде атым Майра, атым Майра,

.............. көмекей мен тілім сайра. (30 тіс)

Ыбырайдың «Гәккуінен:

Түрленіп ........... түрлі ән саламын,

Жәй тастап құлашымды кең саламын. (1000)

Сәкеннің әнінен:

............... көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсысы алтын кесе аясында. (80)

Шашубайдың әнінен.

Күніне ......... беріп, .......... алсам да,

Қалтамның түбі тесік байымаймын. (100,1000)

Кененнің «Келінжан» әнінен:

Халқым тілеп әперген Көркем едің,

.........-қа келгенде көрген едім. (60)

Шөженің әнінен:

Қаржаубайдың баласы атым Шөже,

Тамағыма жақпай тұр күйген көже.

...... жаста құдайым көзімді алып,

От басында отырмын болып ексе. (7)

Ұпайлары есептеледі.

ІІ тур. Мақал-мәтелдегі сандарды табу.

Жақсы әке жаман балаға ....... жыл азық. (40)

Жігіттің құны - ......... жылқы. (100)

Ары- ......... жылқы. (1000)

Аюды жеңген .......... ер,

Ашуды жеңген ......... ер. (жарты, бүтін)

....... күн ашыққаннан ........ күн ақыл сұрама. (1,40)

Ұлға ..........., қызға ........... үйден тыйым сал.(30,40)

....... жасар бала атқа мінсе,

....... шал алдынан шығар. (6,60)

....... адам-самал,

....... адам- амал,

...... адам-жамал,

......... адам-қамал. (1,2,3,4)

ІІІ тур. Әдеби кітап атауларындағы сандарды табу.

О.Әубәкіров «.............. мінездеме» (1000)

А. Егеубай «.......... ғасырдың ............ сағаты» (ХХ, 2)

Гарсиа Маркес «........... жылдық жалғыздық» (100)

С.Бердіқұлов «........-ші поезд» (3)

Ғ.Мүсірепов «Кездеспей кеткен ...... бейне» (1)

Д.Исабеков «.......... желкен»(7)

Н.Назарбаев «Сындарлы .... жыл» (20)

ІҮ тур. Жұмбақтар шешу.

Бір үйде тұрады екен 50 батыр,

Үй сыртына сүйкенсе-ақ һліп жатыр. (сіріңке)

Бірін бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім

42 дос-жаран. (42 әріп)

88 тілі бар,

Құйқылжыған үні бар. (фортепиано)

100 мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

Қос құлақты, 100 тісті,

Жүзінен бірақ із түсті. (ара)

5 ін, 5 іннің аузы 1 ін. (қолғап)

4 бұрышты, 1 ауызды. (сандық)

Жанкүйерлерге тапсырма: цифрлар арасына математикалық амалдар таңбасын қойып, теңдікті дәлелде.

1 1 1 1 1=100 5 5 5 5 5=100 7 7 7 7=78

- Орыс ғалымы В.В.Радловқа «Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді. Айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.» деп таңдай қақтырған ұрпақпыз. Есеп шығаруды, математикалық ұғымдарды жете меңгерумен бірге оның әдебиетпен, өнермен байланысын сезіне білсек, өнеріміздің өрісі кеңейіп, біліміміздің биіктен көрінері даусыз.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/41765-razrabotka-uroka-po-algebre

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки
Курсы повышения квалификации