- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар
Пән:Биология
Сынып:10 «А»
Күн:12.10.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: §12. Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар
Сабақтың мақсаты: Жаңа білім меңгерту
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларға қарапайым құрылысты алғашқы организмдер, прокариоттар және микробиология ғылымының негізін қалауда зор үлес қосқан ғалымдар туралы мағлұмат беру;
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, лездемелік сұрақтар, кестемен жұмыс бере отырып, сабақты интербелсенді тақтаның көмегімен өткізу арқылы ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, су мен тұздың маңызын білуге, дұрыс қолдануға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §19. Ядроның биологиялық рөлі
Лездемелік сұрақтар:
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігін ата
Ядросы толық жетілген ағзалар қалай аталады?
Ядросы толық жетілмеген ағзалар қалай аталады?
Ядроның қандай құрамдас бөліктерін білесіңдер?
Ядро шырыны дегеніміз не?
Хромосома дегеніміз не?
Гистон дегеніміз не?
Хромосоманың қандай типтерін білесің?
Хромосома құрамында қанша пайыз ДНҚ болады?
Адамда қанша хромосома бар?
Жасушаның бөлінуіне қандай органоид тікелей қатысады?
Теңіз балдыры ацетабулярияға әр түрлі нұсқадағы тәжірибе жасаған кім?
Геммрлинг тәжірибесі нені дәлелдеді?
Білім минуты:
Ядро
Хромосомалар
Ядроның тұқым қуалау қасиетін көрсететін тәжірибе
Тест тапсырмасы:
1. Амеба ядросыз қанша уақытқа дейін тіршілігін жоймайды?
А. 2 - 3 аптаға дейін +
Б. 1 - 2 аптаға дейін
В. 3 - 4 аптаға дейін
Г. 4 - 5 аптаға дейін
2. Жасушаның өсіп дамуын реттеудегі ядроның жақсы рөл
атқаратын тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалым?
А. К.Портер Б. Геммерлинг +
В. Ивановский Г. Броклен
3. Ядроның рөлі?
А. Организмді әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғайды
Б. Организмнің қозғалыс қызметіне әсер етеді
В. Жасушадағы нәруызды тотықтандырады
Г. Организмнің тұқым қуалайтын қасиеттерін сақтайды +
4. Геммерлингтің жасушаның өсіп дамудағы жасаған тәжірибесін ата?
А. Аспарагус өсімдігінің сөліне
Б. Ацетабулярия деп аталатын теңіз балдырына +
В. Фибиринге жасаған тәжірибе арқылы
Г. Бидай ұнын желімтектеуде
5. Ацетабулярияның сыртқы көрінісі ......... ұқсайды
А. Сүтқоректіге
Б. Аспарагус гүліне
В. Саңырауқұлаққа +
В. Жануарларға
6. Геммерлингтің үшінші нұсқасында қандай ацетабулярия алынды?
А. Ядрода қалпақшаның пайда болуына қажетті ерекше бір зат жасалады
Б. Ядросыз қалған цитоплазманың тіршілік ету мерзімі әртүрлі
В. Қалпақшасы сопақша пішіндісін емес,тілімделген пішінді ацетабулярия алынды
Г. Қалпақшасы дөңгелек пішіндісін емес,тілімделген пішінді ацетабулярия алынды +
7. ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның
аса маңызды бөлігі.
А. Ядрошық
Б. Ядро шырыны
В. Хромосома +
Г. гистон
8. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса,
ондай типті хромосомалар қалай аталады?
А. Телоцентрлі +
Б. Спутникті
В. Метацентрлі
Г. Акроцентрлі
Ғажайып алаң:
Ядро, эукариот, прокариот, ядрошық, хромосома, ядро шырыны, хромосома саны-46, гистон, метацентрлі
ІІІ. Жаңа сабақ:
Тақырыбы:§12. Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар
1. Электронды оқулықтан бактерия жайлы мағлұмат беру
2. Табиғаттағы организмдер алуан түрлі болып келеді. Олардың ішінде жай көзге көрінбейтін тірі организмдер бар. Олар микроорганизмдер деп аталады.
Адамзат ерте кезден бастап-ақ микроорганизмдердің тіршілік әрекетін күнделікті тұрмыста пайдалана білген.
Микроорганизмдердің пішіндері мен әрекеттері ХҮІІ ғасырдың соңында техникалық құралдардың шығуына байланысты дәлелденді. Микроорганизмдердің ашылуы нидерландтық табиғат зерттеуші Антони Ван Левенгуктің есімімен тікелей байланысты. Ол алғаш рет 150-300 есе үлкейтіп көрсететін микроскопты құрастырған.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуы орыс табиғат зерттеушісі М.М.Тереховскийдің жүргізген тәжірибелеріне негізделген. Ол адамның микроорганизмдерді күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Осындай деректі материалдардың негізінде 1775 жылы М.М.Тереховский Страсбург университетінде микроорганизмдер туралы еңбегін қорғады.
Л.Пастердің зерттеулері бойынша, ашу процестері микроорганизмдердің іс-әрекеттеріне тікелей байланысты екендігі дәлелденді. Л.Пастер ашу процестеріне оттектің міндетті түрде қатысатынын, оттексіз ашу процесі жүрмейтінін дәлелдеді. 1861 жылы ол ашудың басқа түрі – май қышқылды ашу процесін тапты және мұндай ашудың оттексіз жүретіндігін анықтады. Сонымен Л.Пастер микроорганизмдердің екі тобын, яғни аэробты және анаэробты топтарын ашты.
Микробиология ғылымының дамуына орыс ғалымы И.И.Мечников зор үлес қосты. Оның иммунитет және бактериология жайындағы еңбегінің практикалық та, теориялық та құндылығы ерекше болды.
Микробиологияның дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі-С.Н.Виноградский. Ол күкіртті бактерияларды зерттеді. Хемосинтез процесін ашты.
Прокариоттарға бактериялар, соның ішінде цианобактериялар немесе көк жасыл балдырлар және архебактериялар жатады.
Құрылысы жөнінен бактерилар өте қарапайым. Олар сыртқы қабықшадан, әр түрлі заттарға толы цитоплазмадан, вакуольден және нуклеарлық заттардан құралған. Жасушаның қабықшасы шырышты заттан тұрады.
Прокариотты организмдердің фототрофты тобы көк жасыл балдырлар деп аталады. Көк жасыл балдырлардың толық жетілген ядросы болмайды. Оның орнына цитоплазманың дәл ортасында орналасқан ДНҚ жіпшесі бар.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Менен сұрақ, сіздерден жауап:
Микроорганизмдер дегеніміз не? (Жай көзге көрінбейтін тірі организмдер)
Адамзат ерте кезден бастап микроорганизмдерді тұрмыста қолдана білгендігін қалай білуімізге болады? (жеміс-жидектерді ашытып шарап, сүтті ашытып: айран, қымыз, шұбат, т.б. дайындағандарынан)
Микроорганизмдердің ашылуы кімнің есімімен тығыз байланысты?(Антони ван Левенгуктің)
С.Н.Виноградский микробиологияның дамуына қандай үлесін қосты? (күкіртті бактерияларды зерттеді)
Тірі организмдер ядросының жетілуіне байланысты қанша топқа бөлінеді? Оларды ата
(2-ге: прокариоттар және эукариоттар)
Прокариоттарға қандай ағзалар жатады? (бактериялар, соның ішінде цианобактериялар немесе көк жасыл балдырлар және археобактериялар)
Прокариоттардың пішіні қандай болады? (әр түрлі)
Прокариотты организмдердің фототрофты тобы қалай аталады?(көк жасыл балдырлар)
Микробиология ғылымының негізін қалауда зор үлес қосқан ғалымдар кімдер? (М.М.Тереховский, Л.Пастер, И.И.Мечников, С.Н.Виноградский)
Прокариоттардан басқа табиғатта тағы бір тіршіліктің жасушасыз түрі? (вирустар)
Білімді тексер: Тест тапсырмасы
Туберкулез қоздырғышы:
А – безгек паразиті В – Бактерия + С – Вирус
Д – Амеба Е – Кірпікшелі кебісше
2. Бактериялар:
А – жасыл өсімдік В – Біржасушалы, ядросы толық қалыптаспаған ағзалар +
С – Жасушаға дейінгі ағзалар Д – Ядросы бар жасуша
Е – Ядросы бар көпжасушалы ағзалар
3. Грекше «таяқша» деген сөзді білдіреді:
А – клостериум В – Бактерия + С – Вирус
Д – Гармогония Е – Хрокакка
4. Бактериялар қай патшалыққа жатады?
А - Өсімдіктер В – Жануарлар С – прокариоттар +
Д – вирустар Е – Эукариоттар
5. Бактерия жасушаларында болмайды:
А – қабықша В – цитоплазма С – ядро +
Д – рибосома Е – Аталғандардың барлығы
6. Күнделікті өмірде біз бактерияны:
А – вирус В – саңырауқұлақ С – микроб +
Д – прокариот Е – көгерген деп атаймыз.
7. Бактериялар көбейеді және тіршілік етеді:
А – топырақта В – азық – түлікте С – тірі ағзада
Д – аталғандардың барлығында +
8. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың өқрылысын, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым:
А – биология В – цитология С – микология
Д – микробиология + Е – эмбриология
9. Хемосинтез процесін ашқан ғалым кім?
А – Л.Пастер В – К.Линней С – И.И.Мечников
Д – М.М.Тереховский Е – С.Н.Виноградский +
10. Антони Ван Левенгуктің микробиология ғылымының дамуына қосқан үлесі қандай?
А – күкіртті бактерияларды зерттеді
В – алғаш рет 150-300 есе үлкейтіп көрсететін микроскопты құрастырды +
С – Оттексіз ашу процесі жүрмейтінін анықтады
Д – адамның микроорганизмдерді күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді
Е – Хемосинтез процесін ашты
Микроскоппен жұмыс:
Тапсырма: Микроскоп арқылы бактерияның құрылысын бақылау
Кімнің еңбегі?
Микробиологияны дербес ғылым ретінде дамытуға негіз салған француз ғалымы. 1862 жылдан бастап Париж ғылым академиясының мүшесі. Ол микроорганизмдердің оттекті және оттексіз топтарын ашты. Луи Пастер:
Биологияның әр түрлі саласына үлес қосқан көрнекті орыс ғалымы. Микробиологияға
көптеген жаңалықтар енгізді. Иммунитет және бактериология жайындағы еңбегіның
құндылығы ерекше болды. Ол 1883 жылы фагоцитоз өқбылысыны ашты.
Илья Ильич Мечников
Нидерландтық табиғат зерттеушісі, ол жай көзге көрінбейтін ұсақ организмдерді, тағамдағы зең саңырауқұлақтарын көріп, олардың пішіндерін, қозғалыстарын сипаттап жазды. Ғылыми микроскопияның негізін қалаушылардың бірі. Антони ван Левенгук
Орыс микробиологі, микробиологияның негізін қалаушылардың бірі. 1887 жылы хемоавтотрофты микроорганизмдерді және хемосинтез құбылысын ашты. 1893 жылы ең бірінші топырақтан азот бекітуші бактерияларды бөліп алды.
Сергей Николаевич Виноградский
Кестемен жұмыс:
Құрылымы | Эукариот жасушасы | Прокариот жасушасы |
Хромосомалар Эндоплазмалық тор Рибосомалар Гольджи мүшесі Лизосомалар Митохондриялар Вакуольдер | + + + + + + + | - - + - - + + |
Биологиялық диктант:
1) Табиғаттағы организмдер ------------------------- болып келеді. Олардың ішінде жай көзге көрінбейтін тірі организмдер бар. Олар -------------------------------- деп аталады. Микроорганизмдердің кейбіреулері -----------------------------------, ------------------------------ баға жетпес пайда келтірсе, екінші біреулері --------------------, ---------------------- және ----------------- зиян келтіреді.
2) Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты ---------- топқа бөлінеді. Ядросы толық жетілген жасушалы организмдер - ------------------------, ядросы жетілмеген организмдер ----------------- деп аталады. Прокариоттарға ------------------------------, -------------------------- және ------------------- жатады
3) Бактериялар пішініне қарай -----------, --------------, -------------- болып бөлінеді. Бактериялар жасушасында ------------------ болмайды.
Графикалық диктант:
Тапсырма: Егер төмендегі оқылған сөйлемдер дұрыс болса тұсына “/\” белгісін, ал бұрыс болса “-” белгісін қойыңыздар.
Прокариоттардың фототрофты тобы көк- жасыл балдырлар./\
Көк-жасыл балдырларда толық жетілген ядро болады. -
Л.Пастер ашу процесін дәлелдеді./\
М.М.Тереховский ең алғашқы микроскопты құрастырды.-
С.Н.Виноградский хемосинтез процесін ашты /\
Ядросы толық жетілгендер прокариоттар деп аталады.-
Бактериялар – ашытқы, шіріткіш, паразит болып бөлінеді./\
Құрылысы жөнінен бактериялар өте күрделі.-
Прокариоттар әрбір 22 минут сайын көбеюге қабілетті келеді./\
Антони ван Левенгук микроскопияның негізін қалаушылардың бірі./\
Миға шабуыл:
Виноградский – 1. қай елдің ғалымы?
2. Қандай процесс ашты?
3. Қай жылы?
Прокариоттар – 1. Қандай ағзалар жатады?
2. Пішіні қандай?
3. Құрылысы қандай?
Ү. Қорытынды: Микробиология ғылымының негізін қалауда М.М.Тереховский, Л.Пастер, И.И.Мечников, С.Н.Виноградский және т.б. ғалымдар зор үлес қосты.
ҮІ. Бағалау: (Сабаққа қатысып отырған оқушылар бағаланады)
ҮІІ. Үйге тапсырма: §12. Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар
Мазмұндау
Оқулықпен жұмыс: сұраққа жауап беру
Іздену жұмысы: ауру туғызатын бактериялар түрлері жайында хабарлама жазу
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/42855-arapajym-rylysty-alashy-organizmder-prok
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Управление организацией дополнительного образования детей: специфика деятельности руководителя организации ДОД»
- «Методика преподавания информатики»
- «Сопровождение обучающихся с расстройствами аутистического спектра и ранним детским аутизмом в образовательной организации»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя русского языка и литературы»
- «ОГЭ по географии: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- «Методика преподавания физической культуры в общеобразовательной организации по ФГОС»
- Методическое сопровождение реализации общеобразовательных программ. Организация деятельности учителя-методиста
- Управление специальной (коррекционной) образовательной организацией
- Урегулирование споров с помощью процедуры медиации
- Воспитательная деятельность в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания истории
- Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.