- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Баяндама «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа бағыттау»
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ
Ахмединова Айнұр Бағадатқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,
Білім тұл, тілден шығып есілмесе» деп Ж.Баласағұни айтқандай, адам баласы білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді.
Қазақ тілі мен әдебиеті жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние.
Әдебиет, тіл рух тәрбиесі, Елдікті уағыздау, ерлікті жырлау, адам мен адамның қарым -қатынасын кейіпкерлер арқылы ұғындыру әдебиет пен тілдің бұлтартпас қызметі. Тіл мен әдебиет ой жүйріктігін, тіл шешендігін үйрететін пән.
Қазіргі таңда білім саласында әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін (жобалау, сатылай кешенді талдау, модульдік оқыту) жетілдіріп, оны тиімді қолдану арқылы терең білімді, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту» деп атап көрсетеді.
Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі оқушыны өз әрекетінің иесі деп тану, тілді ұлттық құндылық, ділді қалыптастырудың тіні деп санау секілді жаңа парадигмаларды оқыту үрдісінің негізгі мақсаты баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Психологиялық сөздікте: «Шығармашылық нәтижесінде жаңа материалдық және рухани байлық пайда болатын әрекет. Осының негізінде мәдени тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді».
М.И.Махмутов шығармашылықтың келесі анықтамасын ұсынған: «Шығармашылық эвристикалық қызмет, оның мәнің тез түсінуден, негізгі идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып алудан тұрады. Шығармашылықпен ойлаудың белгісі үйреншікті нәрседен аулақтап, одан дер кезінде қол үзе білу, басқаша емес, солай ғана ойлау әдет күшін жеңе білу».
Л.С.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті» атаған. Ал шығармашылықты терең зерттеген Я.Н.Пономорев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалымы М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау немесе бұрыңғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әр қилы шығармашылық әрекет барысында жүзеге асады. Оқушының шығармашылық әрекеті оның мұғаліммен бірлесе отырып, білім үрдісіндегі материалдық және рухани мәдени обьектілерін жаңаша сапалық тұрғыдан тануға, жасауға, өзгертуге бағытталған әрекеттің өнімді түрі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи- танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси -экономикалық білімділік пен ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналмақ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі оқушыларды сөз өнеріне баулып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен әдемілікті сезіне білумен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Жазушылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады», деген орыс ағартушысы А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел.
Ал шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауын одан әрі дамытудың жолдары қандай? «Сен өлең жаз», «Сен ертегі жаза ғой» деген нұсқаумен оқушыны шығармашылыққа баули аламыз ба? Әрине, жоқ. Ол үшін мұғалім өзі де шығармашылықпен айналысуы қажет. Одан әрі қандай жолдармен шәкірт шығармашылығын қалыптастыруға болады?
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденістің жемісі, білімнің көрінісі. Жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс. Оқушылардың дербес ізденісіне үнемі бағыт-бағдар беріп отырудың маңызы зор.
Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу ол жаңа мазмұн жасау.
Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А.Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой- түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс». Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орны ерекше. Әдеби шығарманы оқып үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бұл жерде жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу.
Бұл жөнінде ғалым А.Жапбаров былай дейді: «Жазба жұмыстарын шын творчестволық жұмыс деп қараған шәкірттің ғана логикалық байымдауы тереңдеп, топшылай, болжай білуі, сөздік қоры молайып, тіл мәдениеті артады». Оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы көркем шығармашылық қабілетін арттыратын жазба жұмыстарының бірі шығарма жаздыру. Ол оқушылардың шығармашылық еңбегі. Шығарма оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, өзіндік дүниетанымдық көзқарасы тұрғысында терең талдап, пайымдауы, әсерлі көркем тілмен жүйелі жеткізе білуін талап етеді. Қандай тақырыпқа болсын шығарма жаздыру мен оны бағалау оқушымен қатар мұғалімге де үлкен сын. Оқушы жүрегін жарып шыққан жыр жолдарының мазмұны мен оның дұрыс жолда келе жатқандығы туралы үнемі ескертіп, шығармашылық шабыттың кез келген адамға қона бермейтінін де айтып отырған жөн. Оқушы қаламынан туған барлық дүниені еш мінсіз деуге болмайды. Оның артық-кемін оқушымен бірлесе отырып өңдеп, көркемдік дәрежеге жеткізу жетекші мұғалімнің міндеті. Әдебиетті әр қырынан тану арқылы оқушылар шығарманы көркемдік-идеялық бірлікте ұғынады. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой-өрісін кеңейтуге машықтандыру. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда шығарманың мынадай негізгі түрлерін жүргізуге болады:
публицистикалық шығармалар /очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер/
шығармашылық бағыттағы шығармалар /әңгіме, инценировка, өлеңдер/
ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар /реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар т.б./
әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар.
Шығарма жұмысының қай түрі болса да, өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл-ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда, оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауда шығарма жұмысының маңызы зор. Сабақта шығармашылыққа ұмтылдыру үшін танымдық қабілетін арттырып, іздендіру жолына бағыттаған дұрыс. Ой түйінін дәлелдеу үшін тарихи құбылыстарды зерделеумен ұштастырып отырудың берері көп. Оқушының сезімін ояту үшін, шығармаға деген ынтасын арттыру үшін, мұғалім шәкірттердің алдына зерттеп саралайтын мәселе қойып, оны оң шешу мақсатында өздігінен ізденіп, белсенділік танытуын талап еткен жөн. Себебі олардың ізденуінің нәтижесінің сабақ үрдісінде маңызы зор. Аз болсын, көп болсын оқушы іздену арқылы шығармашылық еңбекке жол бастайды. Мұндай іздену бір күннің, не бір жылдың ғана жұмысы емес, белгіленген бағыт- бағдар бойынша ізденістерін жалғастыра бермек.
Бұдан шығатын қорытынды:
-оқушының қызығушылығы, ынтасы артады;
-іздену үстінде көптеген деректерді оқи отыра, білімі ұлғаяды;
-өзінің іздеп тапқан мағлұматын ортаға салуға құлшынады;
-өз іс-әрекетіне деген мақтаныш сезімі мен сенімділігі артады;
-аз істен мол іске қарай ұмтыла түседі;
-іздену барысында оқушылар арасында бәсекелестік пайда болады.
Көркем әдебиет оқушы қиялын, тілін, ой-өрісін кеңейтеді. Әр шәкіртке қолжазба, қойын дәптерін бастату шығармашылыққа бет бұрудың басы болмақ. Ол дәптерге өзіне ұнаған көркем сөз айшығын жазып алып, өз шығармашылығына пайдалануын басты назарда ұстау қажет. Сондай-ақ сөздік дәптері болуын талап еткен жөн. Онда синонимдер қатары, тұрақты тіркестер, нақыл сөздер, афоризмдер жазылынады. Мұның бәрі оқушы шығармашылығын дамытуға өте қажетті әрі үздіксіз жүргізуге тиіс дүниелер.
Алға қойған міндеттерді жауапкершілікпен атқара отырып, ұлы Абайдың «Тұлға іздене келе дамиды» деген ұлағатты сөздерін жадымызда ұстауымыз қажет. Себебі алдымыздағы әр оқушының жан дүниесіне үңіліп, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеру арқылы оның дамуына, ізденуіне жол ашу әр ұстаздың міндеті. Ой азабын кешпей білім бойға дарымайды. Бұл оқушының қойылған проблеманы өзі табу деген сөз. Ізденген оқушы ғана білімді санаға сіңіре алады. Оқығанды өмірге қолданудың арнасы ашылады. Бұл ой еңбегінің күрделі күрмеуін шешудің кілті. Ал үнемі жетектеу, ұзын арқау кең тұсауға салып, әркез жәрдемге келу оқушыны дәрменсіздікке душар етіп, білім саласындағы өз сыбағасынан құр қалдырады.
Оқушыны қабілетті, бойында күш қуаты жеткілікті екендігіне сендіре білу керек. Өйткені сенім жеңіске жеткізетін үлкен күш. Жеңіске жету бала бойындағы қабілеттің артуы. Қабілет әр баланың дара қасиеті. Өзара қасиетті сан алуан қырынан қарастыруға болады. Егер әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қатынас жасалатын болса, оның қабілеттері ашыла түседі.(мадақтау, жігерлендіру, сенім ұялату)
Өскелең ұрпақты халқымыздың ертеңі мен бүгінгісі, оның тарихы,ұлт мәдениетінің жақсы дәстүрін танытып, сөз өнерін қастерлей білуге баулуда қазақ тілінен тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің маңызы зор. Тіл дамытуға арналған сабақтарда әрбір мұғалім өзіндік таным мен шеберлігіне сай дәрежеде өткізуі тиіс. Сабақта үнемі мәнерлеп, дауыстап оқи білуге көңіл бөлген жөн. Оқушы неғұрлым көп оқыса, соғұрлым сауатты жазады. Қазақ тілінен жүргізілетін үйірме жұмыстарының маңызы зор. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға үнемі көмектеседі.
Пән бойынша «Шешендік өнер және мәнерлеп оқу»,«Қаламгер»үйірмесі жүргізіліп, үйірмеге қатысатын оқушылар екі бағытта жұмыс жасайды:
А)қаламгерлер тобы (өз шығармашылығы, шағын әңгіме, очерк, мақала, өлең, мысал өлең құрастырады);
Б)өнерпаз тобы (драмалық шығармалардан үзінді көрсетуге, монологтарды мәнерлеп оқуға бейімделеді);
Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Ол туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» дейді.
Білім беру технологиясы оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етумен қоғамға, адамдарға дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыруын қарастырады.
Қазақ тілін оқытқанда ана тілдің қыр сырын, табиғатын таныта отырып, оқушылардың сөздерді орнымен қолдану, сөйлемдерді оралымды құрау, түсінікті де әдемі етіп жаза білу, сөздерді қиюластырып, үндестіріп айта білу, қатесіз, сауатты әдеби тіл нормалары негізінде жазу дағдыларын қалыптастыру қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық парызын атқаруы тиіс.
Жаңа ғасыр өткенді таразылап, жаңашылдыққа яғни қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне еніп отыр. Сондықтан қоғам да қарқынды түрде алға қарыштауда. Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан жылға оқыту технологияларының жаңа, озық түрлерін ұсынуда.
Елбасының: «Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол білім. Ал білім негізі мектепте» дегендей, жас ұрпаққа терең білім беру, білім сапасының дамуына ат салысатын жаңашыл азамат даярлау, мәдени қазынамызды биік шыңдарда көрсету елдің рухани әлеуетін, кемелділігін әлемге таныту деген сөз.
Оқушы шығармашылығын дамыту білімдік үрдіс субьектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетін қалыптастыруға болады. Адамның дүниетанымының негізі, рухани әлемнің бастауы саналатын ана тілін жаңа уақыт сұранысымен үндестіре оқыту оқушының дара тұлғалық қабілеттерін жан- жақты дамытатын шығармашылық әрекетке келіп саяды.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады», деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан- жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалса, сол құзыреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
2. Психология. Словарь. А.В.Петровский Политиздат,1990ж.
3. М.И.Махмутов Мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру Алматы: Мектеп,1981ж.
4. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері А: Қаз.унив,1991ж.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/43397-bajandama-aza-tili-men-debieti-pnderin-o
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Психолого-педагогические особенности детей раннего и дошкольного возраста»
- «ИКТ-компетентность педагога»
- «Основы формирования финансовой грамотности в образовательной организации»
- «Внеурочная деятельность: методы и технологии организации учебно-воспитательной работы по ФГОС»
- «Преподавание физики и химии по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Развитие естественно-научной грамотности обучающихся на уроках физики»
- Реализация физического воспитания. Особенности организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Библиотечно-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Комплексное обеспечение социальной реабилитации и абилитации детей и взрослых
- Педагогика и методика преподавания физики и астрономии
- Педагогика и методика преподавания технологии
- Педагогика и методика преподавания химии

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.