- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Тұрақты ток заңдары тақырыбына есептер шығару
Күні: 23.І.2014ж
Пәні: физика және астрономия
Сыныбы: 8Б
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток заңдары тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушылардың тұрақты тоқ заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету, тұрақты электр тогы тарауы бойынша алған білімдерін саралау, білімдерін бекіту.
Ә) Дамытушылығы: оқушылардың танымдық ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау; практикалық шеберлігін, белсенділігін, есте сақтау қабілетін арттыру.
Б) Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа; іскерлікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелей отырып ізденісін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың түрі: ойын, жарыс сабақ
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: топтап оқыту, жекелеп, деңгейлеп оқыту
Сабақтың барысы:
Сұрақ-жауап
Кім жүйрік? (деңгейлік тапсырма)
Кім жылдам?
Сызба есептер
Сергіту сәті
Тірек белгілер
Семантикалық картамен жұмыс.
Сәйкесін тап
Қорытынды
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу;
Ә) Оқушыларды түгелдеу;
Б) Оқушыларды 3 топқа бөлу;
І топ- Ток күші; ІІ топ-Кернеу; ІІІ топ-Кедергі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
І топ «Ток күші»
Электр тоғы деген не?
Ток күші деген не?
Ток күшінің өлшем бірлігі?
Ток күшін өлшейтін құрал?
Электр тогының әсерлері?
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
ІІ топ «Кернеу»
Кернеу деген не?
Кернеудің өлшем бірлігі?
Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?
Кернеуді өлшейтін құрал?
Э. К. Қ. Неге тең?
Толық тізбек үшін Ом заңы
ІІІ топ «Кедергі»
Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?
Кедергінің өлшем бірлігі?
Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?
Тізбектегі кедергіні өзгерту үшін қандай құрал қолданылады?
Алғаш рет электр тогы түсінігін физикаға енгізген кім?
Меншікті кедергі
Кім жүйрік? (деңгейлік тапсырма)
І деңгей
1.7 кА, 12 мА, 24 мкА болатын ток күшін ампермен өрнекте.
2.10кВ, 17 мкВ, 12,6кВ болатын кернеуді вольпен өрнекте.
3.0,045 МОм, 78 кОм, 26мкОм болатын кедергіні оммен өрнекте.
ІІ деңгей
1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі кернеуді анықтаңыз.
2. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табыңдар.
ІІІ деңгей
1. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2. Сымның кедергісі неег тең? Ρρ=0,017 Ом*мм2/м. (0,85 Ом)
2. Электр тізбегі ЭҚК-і, ішкі кедергісі 1 Ом ток көзінен және кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
1. Тоқ 32мКа болса, 1сек ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді?
2. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, тоқ күші неге тең?
3. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.
«Кім жылдам?»
«Сызба есептер»
1)
2)
3)
Сергіту сәті
Ертегі.
Ертеде электр деген хан болыпты. Ол кезде электр энергиясы болған жоқ еді. Электр ханның үш баласы болған, үлкені Ампер, ортаншысы Вольт, ал кішісі Ом. Ханның балалары ер жеткен соң әкесі олардың басын қосып, электростанцияның құру жоспары жайында әңгімелеседі. Сонда Ампер мен Вольт жұмысқа бірден кірісті, ал Ом болса олармен келіскен жоқ.. Себебі, электростанция найзағайдың күшін көп тартатын еді. Ом ол халыққа қауіп төндіреді деп қорықты. Ампер мен Вольт Омның сөзін тыңдамай өз істерін істей береді. Электростанция құрылып, елге жылу, тоқ беріледі. Бүкіл ел өздерінің ризалықтарын Ампер мен Вол тке және олардың әкесіне білдірді. Солай бірнеше жыл Ом ағаларына реніште болды. Ампер мен Вольт өз елінде әйгілі болған соң, басқа елдерге тоқ сатумен айналысқылары келеді. Олар енді станцияның найзағайдан алатыр күшті арттырумен болады. Енді Вольт тоқтың күшін бір мөлшерде ұстайтын кернеу құралы арқылы жұмыс істегісі келеді.
Бірақ Ампер өзін үлкен санап, Вольтты тыңдамайды. Солай станцияның найзағайдан алатын күшін арттырады. Олар енді жауынды тосты. Жауын жауған күні найзағай станцияға кіріп, двигательдерді істен шығарады. Осыны көрген Ом кедергі жасап, өкінішке орай өзі апатқа ұшырайды.
Содан бері ел адамдары Амперді- тоқ күші,Вольтті-кернеу, Омды-кедергі деп атап кеткен.
«Оқулықпен жұмыс»
18-жаттығу №6
19-жаттығу №6
«Тірек белгілер»
Оқушыларға тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша шартты белгілерді салу. Түсіндіру.
№ | Е | І | R | r | U |
1 | 10В | 0,1Ом | 0,01 Ом | ||
2 | 5 мА | 5 мОм | 280В | ||
3 | 1 мА | ||||
4 | 5 мВ | 10 Ом | 300 В | ||
5 | 90 В | 2 Ом | 5 мОм | ||
6 | 0,1 А | 100 мОм | 300 В |
Қорытынды
Тест
1.Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?
а. Ампер б. Вольта с. Кулон
2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады
а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель
4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
а. 15В б. 150В с. 6В
5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?
а. 220В б. 120В с.360В
Үйге тапсырма. В.И.Кем. А.В.Кронгарт есептер жинағынан №497. №505
Бағалау
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/44798-traty-tok-zadary-tayrybyna-esepter-shyar
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Основные аспекты деятельности по надзору за режимом в социальном учреждении»
- «Федеральный закон № 223-ФЗ: осуществление, контроль и управление закупками»
- «Специфика профессиональной деятельности педагога-психолога в организации СПО»
- «Ключевые аспекты маркетинга в социальной сфере»
- «Нормативно-правовые и методологические основы начального образования в условиях реализации ФГОС»
- «Оценка социально-психологической адаптации ребёнка в замещающей семье»
- Педагогика и методика преподавания музыки в начальной и основной школе
- Педагогика и методика преподавания биологии
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Социальная педагогика: воспитание и социализация детей в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания английского языка
- Психология и педагогика дошкольного образования

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.