- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы. Су еріткіш
26.02.14ж.
Сабақтың тақырыбы: Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы. Су –еріткіш.
Сабақтың мақсаты:Судың құрамы, қасиеттері мен маңзын түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларды судың еріткіштік қасиетімен таныстырып, бұл құбылысты молекулалық теория негізінен түсіндіре білуге үйрету, оның өнеркәсіптегі, халық шаруашылығындығы алатын орнын көрсету. Суды тазарту әдістері, тиімді пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру.
Су тіршілік көзі екендігіне көз жеткізе отырып, экологиялық тәрбие беру.
Өз бетімен іздену,теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалану білік дағдысын қалыптастырып есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Құрал –жабдықтар. Су, спиртшам,форфор табақшасы, құм, ас тұзы, бөлгіш воронка, цилиндр, сынауықтар.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, электрондық оқулық
Тірек білім мен біліктер. Заттардың агрегаттық күйлері, қоспаларды ажырата және бөле білу біліктері, заттың құрлысы мен құрылымы, суда заттардың еруі, судың белсенді металдар (калий мен натрий) әрекеттесуі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қамтамасыз ету.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушылардың географиядан алған білімдеріне сүйене отырып, бұл сабақты әңгімелесумен бастаған жөн. Әңгіме төмендегі сұрақтар төңірегінде болады.
1.Судың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер?
2.Табиғаттағы судың таралуына, оның тіршіліктегі маңызына мысалдар келтір. Табиғатта кең таралған заттың бірі су. Сусыз жер бетінде тіршілік жоқ. Біздің планетамыздың көгілдір болу себебі оның 2\3 бөлігін су алып жатыр.Кезкелген тіршілік иесінің қалыпты тіршілігі сусыз болмайды.
3.Табиғи суда қандай қоспалар болуы мүмкін? Себебін түсіндір.
4.Суды қандай мақсатта тазарту қажет деп ойлайсыңдар?
Бұл сұрақты талдағанда оқушылар таза судың кеңінен қолданатындығын, оның адам өмірінде, тұрмыста, өнеркәсіпте орны ерекше екендігін түсіндіріледі.
Осыған орай суды қолданылатын мақсатына сәйкес қосымшалардан тазартудың түрлі әдістері болатындығына тоқталып өткен жөн. Ол үшін оқушылардың тірек білімін естеріне түсіреміз. Қоспаларды бөлудің қандай әдістері бар? Фильтрлеу әдісі суды қандай қосымшаларынан тазартуға қолданылады? т.б. сұрақтар қоюға болады. Мұнан кейін оларды тазалаудың басқа әдістерімен де таныстырамыз.
1.Айдау әдісі. Бұл әдіс суды еріген заттардан бөлу үшін қолданылатындықтан айта келіп, зертханада қолданылатын құралдың құрлысымен таныстыру қажет.
Көрнекі көрсету. 1. Ол үшін айдауға арналған құрал құрастырып, суды айдау процесі зертханада көрсетіледі. Зертханалық құралдардың жұмыс істеу принципін негізге ала отырып, өндірісте дистильденген су алуға арналған айдау кубына сипаттама беріледі.
2. Суды ерімейтінтығыздығы әр түрлі сұйық қосымшалардан бөлуге қолданылатын тағы бір зертханалық құрал бөлгіш варонкамен таныстыру. Ол үшін бөлгіш варонкаға су мен жанармай қоспасын құйып, олардың бөлу тәсілін көрсетуге болады. Айтылған әдістердің суды тазартуда кеңінен қолданылатынына тоқтала отырып, бірақ бұл әдістерді қолдану су ресурстарын пайдалану мәселелерін толық шеше алмайтындығына, қазіргі таңда елімізде оны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы заң қабылданып отырғанына баса назар аударылады.
Демонстрациялық тәжірибе:
Суды тұндыру, сүзу, қайта кристалдандыру әдісі арқылы тазарту.
Судың органолептикалық қасиеттерін анықтау.
Судың калий мен натриймен әрекеттесуі.
Бұл сабақта тағы бір ерекше көңіл аударатын мәселе судың еріткіш екендігіне мысалдар арқылы көз жеткізу. Оқушылар судың түрлі заттарды ерітетінін табиғаттану курсынан білетіндігін ескере отырып, негізгі жұмыс "ерітінді" ұғымының мәнін ашуға бағытталады. Ол үшін төмендегі сөйлемдер қандай мағына ұқтыратыны талданады.
1. Тұз, қант және басқа заттар суда ериді.
2. Су көп заттарды ерітеді.
3. Суда заттардың еру құбылысы жүреді.
4. Су –жақсы еріткіш.
5. Ерітінді тұнбай, біркелкі болып тұрады.
Мұнда еріткіш ретінде судың қандай рөл атқаратындығы, заттардың еруі қалай жүретіндігі түсіндіріледі. Сонан соң тотиянның суда еруін көрсету қажет. Тәжірибені жүргізу барысында еруді жылдамдататын жағдай ескеріліп, оқушылар заттың еруі;
а) ерітіндіні араластырғанда:
ә) қыздырғанда;
б) зат пен еріткіш бетінің жанасуын арттырғанда;
в) еритін заттың тығыздығы еріткіштің тығыздығынан артық болғанда тез жүретіндігін қорытындылайды.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Кім зерек?
Аты | Химиялық элемент | Химиялық қоспа | Қосылыс |
Магний | Г | Ж | Д |
Ауа | З | У | Қ |
Су | П | С | Р |
Сынап оксиді | Т | Н | М |
Темір | А | В | Б |
Йод | Г | Н | О |
Мырыш сульфиді | Х | К | И |
Оттегі | Й | М | Л |
Жауабы: Германий
Оқушылардың іздену жұмыстарын талдау.
Деңгейлік тапсырмалар
№ 1 а)Су құрамындағы элементтердің периодтық жүйеден орнын көрсет?
ә)Судың физикалық қасиетіне сипаттама бер.
б) судың қолданыуын айтып бер.
№2
а)Суды тазартудың қандай әдістері бар? Олар қандай жағдайда қолданылатынына мысалдар келтр.
ә)Тұрмыста қолданылатын заттардың судағы ерітіндісіне мысалдар келтір.
б)Судың салыстырмалы молекулалық массасын және оттектің массалық үлесін есепте.
№ 3
а) 0.5моль судың массасы нешеге тең?
ә) массасы 45 г судың зат мөлшерін есепте?
б)9.2 г натрий суда ерігенде түзілетін гидроксидтің және сутектін массасын есепте?
ІҮ. Үйге тапсырма беру: § 36-3
Ү. Бағалау
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/44877-su-adam-mirinde-tabiattay-su-oldanyluy-su
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Учитель физики: современные методы и технологии преподавания предмета по ФГОС ООО и ФГОС СОO»
- «ФГОС СОО с учетом изменений, внесенных приказом Минпросвещения России № 732 от 12 августа 2022 года»
- «Особенности постановки хореографического произведения»
- «Экстренная психологическая помощь при кризисных ситуациях в образовательной организации»
- «Преподавание литературного чтения в соответствии с требованиями ФГОС НОО»
- «Педагогическое воздействие: техники и приёмы управления деятельностью обучающихся на уроке»
- Педагогическое образование: Теория и методика начального образования
- Психолог в сфере образования: организация и ведение психолого-педагогической работы в образовательной организации
- Методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности
- Содержание деятельности по охране труда и обеспечению безопасности условий на рабочих местах
- Деятельность няни в рамках социального обслуживания населения: теоретические и практические основы
- Управленческая деятельность в системе социального обслуживания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.