- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
12.02.13 ж
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі боп келетін қышқылдар класымен олардың жіктелуімен таныстыру.Зерттеу әдісі арқылы қасиеттерін анықтау, индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс жасау ережесін таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға, оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық:Жаңа сабақты өткен сабақпен ұштастыра отырып оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, зерттеу әдісі, тірек сызбамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: аскарбин, бор, күкірт, тұз қышқылдары, индикаторлар, металдардың кернеу қатары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу
ІІ. Ой шақыру
Сұрақ жауап әдісі.
Біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыстарды қалай атаймыз?
Мысалдар келтіріңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Күнделікті өмірде қолданып жүрген айран, лимон, алма, аскорбинде қышқыл дәм бар.Оларға қышқыл дәм беретін заттарды қышқылдар дейміз. Мысалы жаңбырдың суы таза көрінгенмен, оның құрамында көптеген еріген заттар бар. Олар еріп қышқыл жаңбыр боп жауады. Ол өз кезегінде табиғатқа және адамдарға зиянды.Адам ағзасында да қышқылдар бар, мысалы (асқазанда тұз қышқылы, амин қышқылдары ақуызды түзеді). Егер орманда құмырсқаның илеуінің қасына көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жері көпке дейін удай ашиды. Себебі құмырсқа шағып қана қоймай, жараға безінен бөлінген қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда , консервілегенде лимон мен сірке қышқылын қолданамыз.
Сонымен бүгінгі жаңа сабағымыз «Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері»
Қышқылдар дегеніміз металл атомдарымен орынбасуға бейім сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Оқулықтағы 91 беттегі 10 кестені және тірек сызбаларды қолдана отырып қышқылдарды атап, неге олай аталатынын түсіндіру. HCI, H2SO4, H2S, H3PO4, HCOOH, CH3COOH
(егер қышқылдың құрамында оттек болса, онда ортада тұрған тұздың атымен, ал егер оттексіз болсаонда сутекпен байланысқанатомға сутек сөзі қолданылып оқылады.)
Қышқылдардың формуласын мұқият қараңыздаршы қандай ұқсастық бар? (Н)
Сутекпен байланысқан қалдықты қышқыл қалдығы деп атайды. Олардың валенттілігі байланысқан сутек атомдарының санына байланысты.
Кестемен жұмыс
Оттекті | Оттексіз | Бірнегізді | Екі негізді | Үш негізді |
Сонымен:
Қышқылдардың ұқсастығы неде?
Металдар қышқылдармен әрекеттескенде қандай атомның орнын басады?
Негіздердің химиялық қасиеттері (оқулықпен жұмыс)
Демонстрациялық тәжірибе
Шыны таяқшамен қышқыл тамшысын мақтаға тигіземін. Қышқыл тиген жер тез тесіледі.
H2SO4 құйылған стаканға ұзын ағаш саламын, ағаштың қарайғаны көрінеді. Қорытындыла келе қышқыл матаны, ағашты, теріні күйдіретнін айтамын.
Қышқылдармен жұмыс жасағанда сақ болу керек. Қауіпсіздік ережесі айтылады.
№1 ереже затардың дәмін татып көруге болмайды.
№ 2 Қышқылдың үстіне су құюға болмайды, егер қышқыл қолыңа тамса, су астына, 5% ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.
Зертханалық жұмыс
Оқушыларға ( 1-2 мл шамасында) HCI, H2SO4, бар сынауық беріледі, оқушылар өз беттерінше оның күйімен, түсімен, суға және индикаторға әсерімен танысады. Өздерінің байқағанын кестеге толтырады.
Қышқылдардың қасиеттері
Заттың атауы | Формуласы | Күйі, түсі, иісі | Метилоранжға әсері | Лакмусқа әсері |
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
Есептер шығару
№ 1 5,6 г кальцийдің (ІІ) оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде, кальций хлоридінің қанша массасы түзіледі?
CaO+2 HCI = CaCI2 + H2O х = 11.1
№ 2Теңдеуді аяқта
Na 2CO3 + HCI= NaCI+ CO2+H2O
NaOH+HCI= NaCI+ H2O
Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2
№3 12,6 г натрий сульфиді тұз қышқылымен әрекеттескенде, қанша моль натрий хлроиді түзіледі?
Ү. Қорытындылау
Бүгінгі сабақтан не білдіңіздер?
Не қиын болды?
Не қызық болды?
ҮІ. Үйге тапсырма
№ 47оқу,№ 3-11
ҮІІ.Бағалау
№ 8орта мектеп
Тақырыбы:Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
«Табиғаттың таңғажайып сырлары»
атты апталық
Өткізген: А.П.Даулетова
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/44876-yshyldardy-zhiktelui-alynuy-asietteri
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Обучение дошкольников с использованием игровых пособий (палочки Кюизенера, блоки Дьенеша, круги Луллия, ментальные карты Бьюзена)»
- «Изменения во ФГОС СОО: содержание приказа Минпросвещения России № 732 от 12 августа 2022 года»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя ОБЖ»
- «Современные подходы к преподаванию иностранного языка (немецкого языка) в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Специфика классного руководства в основной школе и старших классах»
- «Техника безопасности в кабинете физики: организация и проведение инструктажа»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания информатики
- Урегулирование споров с помощью процедуры медиации
- Учитель-логопед в образовательной организации. Коррекция речевых нарушений у младших школьников
- Методы и технологии преподавания английского языка в образовательной организации
- Управление процессом реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Содержание и организация деятельности учителя-логопеда в дошкольной образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.