Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
18.04.2014

9 мамыр

Омарханова Салтанат Токтаровна
учитель казахского языка и литературы
Сценарий мероприятия «Ұлы Жеңіс» ко Дню Победы 9 Мая. Цель — воспитание патриотизма, уважения к подвигу предков и истории Казахстана. Материал знакомит учащихся с ключевыми событиями Великой Отечественной войны, героизмом казахстанцев, способствует формированию нравственных ценностей и гордости за свою страну. Подходит для проведения классного часа или торжественного школьного мероприятия.

Содержимое разработки

Тақырыбы:«Ұлы Жеңіс»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу
Мұғалім:

-Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырдабұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 68 жыл мерзім уақыт өтті.

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариалаймыз. 

Мұғалім:

Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді?
-Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б.Момышұлы, И.В. Понфилов. т.б
- Дұрыс айтасыңдар, балалар есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, аналарымызды, тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлерді еске алайық. (1 минут үнсіздік)

Тақтада батырлардың суреттері ілініп тұрады әр огқушы айтып шығады.

Біздің батырларымыз :

Талғат Бегелдинов, М.Мәметова – Диана

Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова – Гүлнұр

И.В. Понфилов – Дина.

Мұғалім: М, Маметова туралы өлең
Диана

Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан
Мәншүк әпке күн түні
Жауға оқты боратқан
мұғалім:Т. Бегелдиев туралы өлең
Диана

Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Елге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі
Мұғалім: Б. Момышұлы туралы өлең

Гүлнұр:

Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын
қорғаған Бауыржан

мұғалім: Ә. Молдағұлова туралы өлең
Гүлнұр:

Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол Жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың

Мұғалім: И.В. Панфилов туралы өлең
Дина

Ал генерал сазарды да бір демде,

- Мен – генерал...

Әскеріме мен бастықпын бұл жерде.

Өзім білем, өзім шешем қайтпекті,

Маған мұнда әмір етпес бір пенде!

.Іс осылай шапты дейсің насырға,

Сөз өтер ме генералдай тасырға.

Жайдың отын төгіп-төгіп жіберген,

Мақтай көзі ұқсап кетті жасынға.

Мұғалім:
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы. Көрініс.

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды.

Дина:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды, 
Жас сәбилер думандатып ойнайды. 
Ардагерлер көздеріне жас алып, 
Ұрпақтардың амандығын ойлайды. 

Диана

Жеңіс келді қалама, 
Жеңіс келді далама. 
Жеңіс келді әке боп 
Жеңіс келді ән болып. 
Жеңіс келді алақай 
Тоя жейтін нан болып. 

Гүлнұр:

Қамықпаған қиындықтың түбіне 
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен. 
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан 
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен! 
Мұғалім:

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, И.В. Панфилов, Талғат Бигелдинов және т.б жауынгерлеріміздің рухына бас иіеміз.

Бұл күннің қадірін біз енді қайтып оралмайтын миллиондардың қанымен қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа салмағы мен салтанатын арттырып жеткізе беретін боламыз. Елбасымыз айтқандай, енді тек ел тыныш болып, тәуелсіздік одан әрі тұғырлана берсің!

Ән: «Сапқа тұр» орындайтын 7/8 сынып оқушылары.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/45568-9-mamyr

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки