- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау
Инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе мен зерттеулерді жинақтап талдау,қоғамның мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен бірге оқытуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Оқу орындарының өздеріне де маңызды табыс өлшемдерінің бірі болып табылады.[1].
«SCIENCE FOUNDATIONS OF MODERN SCIENCE AND PRACTICE»
Педагогическиенауки
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУ
п.ғ.к., профессор Асенова Назымгул Сабыровна
Павлодар ПедагогикалықУниверситеті
AsenovaNS@mail.ru
Каршиева Гулдона Кахрамонкизи
Павлодар ПедагогикалықУниверситетінің магистранты
dana_24_08@mail.ru
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникацилық технологияларды қолдануға даярлау мәселесінің қазіргі жәйі еліміздегі білім беруді реформалау жағдайында туындап жатқан әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді түсінетін жаңа тұжырымдамалық ойлау жүйесі бар педагогтерді дайындау қажеттілігін жоғары оқу орындары да дер кезінде түсініп, туындаған мәселені шешуге жан-жақты кірісіп жатқаны белгілі.
Инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе мен зерттеулерді жинақтап талдау,қоғамның мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен бірге оқытуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Оқу орындарының өздеріне де маңызды табыс өлшемдерінің бірі болып табылады.[1].
Қазақстанның білім беру жүйесіне ендігі ретте тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік факторларды, әлеуметтену ерекшеліктерімен есепке ала отырып, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға да білім беріп, тәрбиелейтін жоғары білікті мектеп мұғалімдері ауадай қажет. Бұл мәселенің маңыздылығы сонша, бұл туралы халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда ашық та айқын анықталған. «Дүниежүзілік мүгедектік туралы баяндамада» инклюзивті білім беруді дамытуда жалпы білім беретін педагогтің арнайы даярлығы шешуші мәнге ие екендігі айтылған [2]. Аталған құжатта: «Мемлекеттік жалпы мектеп мұғалімдерінің арнайы оқытылуы олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту дағдыларын жақсартуы мүмкін. Инклюзия қағидалары мұғалімдерді дайындау бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру саласында кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін басқа да бастамалармен қосылуы керек»,-деп көрсетілген.
Біздің еліміздегі білім беру саясатының өзекті мәселелеріне: кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту мен жетілдіру, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның маңыздылығын арттыру және қазіргі заман текникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу тағы басқа мәселелер енеді. [3]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «…ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – дене бітімінде және ақыл-есінде кемсітігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда қандай да бір себептермен тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болатын балалардың қажеттіліктері», -делінсе, «инклюзивті білім беру – білім беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылырдың тең қолжетімділігін көздейтін даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге оқыту мен тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау»,-деп көрсетілген болатын.
Дамуында ерекшелігі бар балалардың білім алу бағдарламасының тиімділігі адамның жасы мен денсаулығындағы қиындықтардың бастапқы нүктесін анықтаудан басталады.
Қазақстан Республикасының 2016-2021жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекттік бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда.[4].
Бүгінге дейін орта білім беру ұйымдарындағы балалардың 32 пайызы инклюзивті оқытумен қамтылған. Бұл мекемелерде арнайы жағдайлар жасалып, мүмкіндігі шектулі 25 985 бала (28 пайызы) дені сау қатарластарымен тең дәрежеде білім алуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетуге арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау барысында олардың инклюзивті білім беруді дамытудың негізін қалаған құқықтық реформалар болып табылатыны анықталды. Дүние жүзіне белгілі арнайы мекемелерде әлемге танымал инклюзивті білім беру формалары қолданылып келеді. Ондай білім беру формалары әрбір жекелеген баланың өзінің тұрғылықты мекен-жайында білім алуына мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті оқыту мәселесімен бірге дербес оқу мүмкіндіктері бар балалар туралы мәселеде бір қатарда қарастырылады. Дербес оқу мүмкіндіктері бар балалар жөнінде оқушының дербес мүмкіндіктері дегеніміз- бұл нақты бір адамды басқалардан құрылымдық ерекшеліктері, миының функционалдық ассиметриясының ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша ажырататын психофизиологиялық сипаттама екені көрсетілген. Оқушының психофизиологиялық сипаттамасының өзгешелігі – оның дербес мүмкіндіктері деп танылған.
Қорыта келгенде, инклюзивті білім берудің негізгі басты мәселелерін анықтадық олар мынадай:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлаудың теориялық негіздері айқындалып, жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. «Инклюзия» ұғымының, инклюзивті білім беру жүйесінің, инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың аса маңыздылығы қазақстандық білім беру саласында әлі де кең аяда және жан-жақты зерттелуі керектігі анықталды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуындағы әлеуметтік орта мен оның функциялары анықталды.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері анықталып, ғалымдардың еңбектерін, педагогтердің озық тәжірибелерін талдау барысында дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру ісін әлеуметтік мәселе тұрғысынан қарастырылу керектігі анықталды.
Осындай талдау негізінде инклюзивті білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану құзыреттілігі, оның деңгейі, сипаттамасы анықталды.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар -рухани жаңғыру // Егеменді
Қазақстан газеті –Алматы,2017. - №10(78). - Б. 1-2.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 2010
жылғы 7 желтоқсан№1118// www.nkaoko.kz/documents/ law_of_education/
3. ҚазақстанРеспубликасындабілімберудіжәнеғылымдыдамытудың
2016-2019 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасы//http://edu.gov.kz
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ,
17 қаңтар 2014ж.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/475028-inkljuzivti-bilim-beru-zhadajynda-bolasha-b
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Декоративно-прикладное искусство»
- «Социальная реабилитация лиц, освобождённых из мест лишения свободы»
- «ОГЭ по химии: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- «Педагогические технологии в дополнительном образовании детей»
- «Содержание и методы преподавания общеобразовательной дисциплины «Русский язык» по ФГОС СПО»
- «Основные аспекты социальной работы с семьями, воспитывающими детей с инвалидностью»
- Астрономия: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания информатики
- Дошкольная педагогика: теория и методика обучения и воспитания
- Теория и методика преподавания географии в образовательной организации
- Реализация физического воспитания. Особенности организации адаптивной физической культуры для обучающихся с ОВЗ
- Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.